Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz - Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Қазақстанға ресми сапармен келетін күн белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат осы елдің мемлекеттік ақпарат агенттігіне сілтемемен.
Мәлімет бойынша, Гурбангулы Бердімұхаммедов Министрлер кабинетінің кезекті отырысын өткізген. Жиында мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелер мен бірқатар құжаттар қаралды.
Сондай-ақ, сараланған тақырыптардың бірі Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедовтың 18-19 сәуірге жоспарланған Қазақстан Республикасына ресми сапарына дайындық шаралары болды.
Айта кетейік, Министрлер кабинетінің отырысында ел президенті Түркіменстанның Астанада биыл 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесіне қатысуы туралы Жарлыққа қол қойды.