Алматы. 17 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылдың қазанынан бастап, KLM әуе компаниясы Амстердам - Қазақстан рейсі бойынша маусымдық жұмыс кестесіне көшеді. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Амстердам – Астана/Алматы рейстері сәуірден қарашаға дейін ғана істейтін болады. Ал қысқы уақытта бұл бағытта ұшақ ұшпайды.
Бағдарламадағы бұл өзгеріс компанияның маршруттық желісін оңтайландыру мақсатында жүзеге асты.
Дегенмен, Air France пен KLM әуе компаниясы Air Astana арасындағы код-шерингті келісім бойынша қыс мезгілінде де жұмысын жалғастырады. Ол Шарль Де Голль аэропорты арқылы Астана - Париж рейстерін ұсынады.