2017 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан шетелге 10,6 млн мұнай сатты. Бұл 2016 жылдың аталған айларындағы көрсеткіштен 1,8 пайызға аз. 7kun.kz сіздерге Қазақстанның басты 10 тұтынушысын ұсынады.
Қазақстаннан ең ірі көлемде шикі мұнай сатып алатын - Италия. Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметінше, екі айда бұл елге 3,2 млн тонна мұнай тасымалданды. Алайда, бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда, 10 пайызға аз.
Франция мен Швейцария да Қазақстаннан 1 миллионға жуық шикі мұнай импорттады. Франция аталған уақыттағы импорт көлемін бір жылда 91 пайызға (1,6 млн), ал Швейцария 36 пайызға (1,5 млн) өсірді.
Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Канада, Греция, Португалия, Испания, Қытай, Швеция және Үндістан кіреді. Аталған елдердің ішінде тек Греция мен Испанияда ғана импортталатын мұнай көлемі азайған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024