Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жастарға экономикалық тәрбие беру 

Жастарға экономикалық тәрбие беру 

Адамзат дамуының қай кезеңінде болмасын тәрбиенің тиімділігін жетілдіру ісі жүзеге асырылып келді. Бұл істі жүзеге асыру үрдісі әрбір қоғамдағы мемлекет қажеттігіне бағындырады. Өйткені мемлекет қажеттігінің орындалуы оның экономикалық күш қуаты мен саясатына тәуелді екендігі белгілі. Олай болса тәрбие тиімділігінің ең басты шарты мемелекет мүмкіндігінен туындайтын қажеттікке сай тәрбиенің мақсатын нақты анықтау болып табылады.

Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда тәрбие мақсаты - әрбір тұлғаны әр жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу.

Қоғам дамуының белгілі сатысында педагогикалық, философиялық  ой –пікірлер пайда болып қалыптаса бастады. Тәрбие беру мақсатын анықтау ең басты мәселеге айналды. Осыған орай, балаларға білім мен тәрбие берудің негізгі жолдары белгіленеді, тәрбиелік іс-әрекеттердің мазмұны анықталады, білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады. Тұлғаны жан  - жақты жетілдіріп, дамыту деген ұғымды оқу мен практикалық еңбектің тікелей байланысы, дененің және ақыл-ой дамуының біртұтастығы деп түсінуге болады.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне байланысты. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері – теориялық  білімді еңбекпен , өмірмен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат, тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет. Осыған орай, тәрбиенің негізгі мақсаттары: а) оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру; ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.

Тұлғаны барлық жағынан дамытып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттері мектеп арқылы жүзеге асырылады.

Тәрбиенің жалпы мақсатын жүзеге асыру ең алдымен тәрбие бөліктерін байланыстырып шешуді талап етеді. Тәрбиенің құрамды бөліктері: ақыл-ой тәрбиесі, құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық тәрбие, эстетикалық және дене тәрбиесі т.б.

Тәрбиенің құрамды бөліктерінің бірлігі мен өзара байланысының нәтижелі болуы ең алдымен мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

  1. Экономикалық тәрбие мен білім берудің педагогикалық негізі.

Тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенің түрі экономикалық тәрбие. Экономикалықтәрбиенің негіздері еңбек тәрбиесінде жатыр. Оқушының еңбекті қажетсінуін, еңбексүйгіштігін, қоғамдық еңбектегі белсенділігін, саналы еңбек тәртібін және басқа да моральдық сапаларын қалыптастыру экономикалық тәрбиенің алғышарттары болып табылады.

Экономикалық тәрбие деп оқушыларды экономикалық білімдер негіздерімен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру өндіріс, айырбас, бөлісу және тұтыну шеңберіндегі негізгі экономикалық қатынастарды тәжірибеде меңгерту деп түсінуге болады

Қазақстанның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуібүкіл оқу-тәрбие жүйесіне жаңа талаптар қояды. Республикамызда экономикалық бағдарлама енгізіліп, жастар экономиканы терең игеруге, нарықтық экономика саясатын түсінуге, бағалауға және оған ойдағыдай қатысуға бағыт алуда. Жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдерге «тренинг» семинар ұйымдастырылып, экономика пәнінің мұғалімдері даярланып жатыр. Қолданбалы экономика пәні бойынша семинарда екі мыңнан астам мұғалім білімін жетілдірді.

Жыл сайын 300 мың бала мектеп бітіріп, жолдама алады. Осылардың көпшілігі өз бетінше шешім қабылдап, дербес әрекет етуге дайын емес. Әсіресе қазақ жастарының арасында әрекетсіздік басым. Демек, бұл көзқарас түбегейлі өзгертіліп, нарықтық қатнасқа бейімдеу ісі бастауыш сыныптан бастап жүргізілуі тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларына экономикалық тәрбие беру саласында шетелдерде белгілі бір дәрежеде тәжірибе жинақталған, біз олардың жекелеген жағымды жақтарын өзіміздің теориямыз бен практикамызда қолдану мақсатына тоқталмақпыз.

Дамыған капиталистік елдерде экономикалық тәрбиенің бай тәжірибесі бар екені белгілі. Бастауыш мектептің өзінде бададарды экономикалық білім негіздерімен таныстырып, қазіргі заманғы өндіріс пен мамандықтар туралы түсінік береді./1/

АҚШ-та экономикалық тәрбие беру мәселелеріне ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында айрықша назар аударыла бастады. Американ экономистері, педагогтері мен өкімет ұйымдары өздерінің істерін, бизнесін дұрыс басқару үшін барлық адамдарға өте-мөте қажет негізгі экономикалық түсініктер мен дағдылар өнерін меңгерудің, сондай-ақ азаматтың саясатқа жауаптылықпен қатысуының және қоғамның жалпы игілігін қолданудың зор маңызы бар екенін түсіне отырып, бүкіл халықтың экономикалық сауаттылығын алдыңғы орындардың біріне қойды. Американ мамандарының пікірі бойынша, экономикалық білім беру бастауыш мектептің бірінші

  1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика , Астана – 1998ж.

сыныбынан басталып, балалардың жыныстық және жас, этникалық және мәдени ерекшеліктері ескеріліп,олар мектеп бітіргенге дейін жүргізілуі керек.

Экономикалық білімді тарату үшін қолда бар барлық құралдар: сабақтар, әңгімелесулер, консультациялар, конференциялар, зертханалақ сабақтар, зерттеу әдістемелері қолданылып, экономикалық тәрбие беру жөніндегі журнал шығарылады, мұғалімдерге арналған курстар ұйымдастырылады, әдістемелік материалдар таратылады, теледидар кеңінен пайдалынады. Алайда, негізгі міндет мектепке жүктеледі.

Чехия, Внегрияда, Болгарияда, Германияда балалр еңбекке ерте араласады, олар ата-аналарымен бірге мемлекеттен жалға алған жеке қожалықтарда жұмыс істейді, ол шаруашылықтар бай және жұмыс қолына өте зәру болады. Балалар сөз жүзінде емес, іс жүзінде ерте жастан еңбек етуге тартылады, шаруашылық қамына, экономикаға ден қойып, жұмысты шығын емес, пайда әкелетіндей етіп ұйымдастыруды үйренеді. Егер балар жеке қожалықтарынан басқа жерде еңбек етсе, онда олар істеген жұмысы үшін ақша алады. Тапқан ақшасын өз бетінше жұмсай отырып, өз кірісі мен

 шығынын жоспарлауды, қажеттіліктерін мүмкіндіктерімен үйлестіруді үйренеді. Ерте жастан еңбекке баулу отбасы мен ел экономикасына үлес қосып жүрген балалардың жеке тұлға ретінде дамуына игі ықпал етеді. Бірқатар елдердің әлеуметтік-экономикалық саясатында әркімнің өз еңбегінің түпкі нәтижесіне қызығуына мән береді. Басты нәрсе – адам мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыру, оларды бір-біріне қарсы қойып алмау. Әрбір жеке азаматы дәулетті болған сайын халық шаруашылығы да бай бола түседі деп септеледі.

Германияның жоғары оқу орындарында «Экономикалық педагогика » деп аталатын ғылыми пән оқытылады, ол экономика мен түрлі жас кезеңдеріндегі жекелеген адамдарға тәрбие беру арасындағы байланыс мәселесін, экономиканың тәрбие жүйесіне ықпалын, түрлі дәуірлердегі тәрбие беру мен экономика арасындағы байланыс ерекшеліктерін зерттейді.

Біз қазіргі уақытта әлемдік нарыққа біртіндеп шыға бастадық, бұл орайда мұндай мүмкіндік толық дербестік шеңберінде кәсіпорындар мен кооперативтердің еншісіне тиіп отыр. Дей тұрғанмен, біз әлі де болса көптеген қиыншылықтарға тап боламыз, оны жеңу үшін экономикалық мәдениетімізді көтеруіміз қажет. Шетел педагогтерінің тәжірибесін мұқият бізге өскелең ұрпақты экономикалық сауатты іске дайындауға көмектеседі.

Бұл біздің елімізге дүниежүзілік экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мынадай негізгі мәселелер назар аудартады:

  1. Мектеп экономикалық тәрбие жүйесіндегі басты, бірақ бірден-бір буын емес.
  2. Жас және жыныс ерекшеліктерін ескере отырып, экономикалық тәрбие мен білім мәселелерін шешу.
  3. Экономикалық материалды оқу пәнедері бойынша оқу құралдарына енгізу.
  4. Мұғалімдердің экономикалық даярлық жүйесі.
  5. Экономикалық білім мен тәрбие бойынша ұйымдар құру және түрлі мамандардың: экономистердің , бизнесмендердің, журналистердің, социлогтердің көмегімен және қатысуымен бұл жұмысты үйлестіруге күш салу.
  6. Экономикалық тәрбие бойынша ғылыми және әдістемелік сипатта көптеген кітапша- жинақ , кеңінен танымал оқу құралдарын шығару.
  7. Экономикалық ағарту мақсатында оқу және оқудан тыс жұмыстардың түрлі нысандарын, оның ішінде теледидар мен баспасөзді пайдалану.

Экономикалық тәрбие беру мәселесі А.С. Макаренконың, В.А.

  1. Ә. Құтпанбаев. Жастарға экономикалық білім беру негіздері. Қазақстан мекебі\\ 2001, №10

Сухомлинскийдің  еңбектерінде, А.Ф. Амед, Г.П. Александров, И.А.Малышев, М.П:Мельникованың жұмыстарында, еңбекке баулу және өндіріс жағдайындағы экономикалық білім беру Л.А.Фридман, А.Х.Сатаров, еңбектерінде, мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеріп, экономикалық тәрбие беру мәселесі Т.Е.Сергеева, Н.Б.Кулакова, В.С.Зайцев еңбектерінде қатыстырылған.

Қазақ халқының  ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин мектепте берілетін экономикалық тәрбие мен дағдыны халыққа пайда келтіретін қару ретінде бағалады. Оқу ағарту ісіне Ыбырай енгізген жаңалық – қазақ жастарына кәсіптік мамандаққ беру мәселесінің ғылыми негізін жасау. Ол қазақ халқының экономикалық дамуына қажетті мамандар даярлау ісіне ерекше мән берді: қолөнер, ауыл шаруашылығы училищелерін ұйымдастырды.

Ы.Алтынсарин еңбектің бала тәрбиесіндегі ерекше маңызын көре білді. Оның еңбек тақырыбына жазған әңгімелерінен бала жанын жазбай танитын нәзік психолог екенін аңғаруға болады.

Ағартушының танымдық көзқарасы бойынша, экономикалық табыс, елдің және жеке адамның ырысының мол болуы әр адамның белсенді еңбек етуі арқылы бақытты өмір сүруге ұмтылуына байланысы.

Жастарға нарық экономикасын түсіндіру үшін және еркін кәсіпкерлік жүйесінде өндірісті басқарудың кейбір сарамандық дағдыларын меңгеру үшін экономикалық білім берудің маңызы зор. Бірақ, біз Жастарға бүгінге дейін даяр білімді меңгертумен ғана шектеліп келдік. Сондықтан өмір талап етіп отырғандай, қазіргі өтпелі кезеңде әрбір отбасының күнделікті күн көруіне қажетті табыс көзінің қайдан келетінін үйреткеніміз жөн./3-4/

  1. М.З. Жанбөбекова. Ұлттық мектептерде экономикалық білім беру. А,2000
  2. С.Тұрсынбаева. Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негізі. АбайҚазҰПУ Хабаршысы\\ 2006,№1

Қорытынды

Қазіргі біздің елдегі әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құру білім беру жүйесі мен әдістемелерінің өзгеруін талап етеді. Әр адамның жаңа нарық қатынастарын түсінуге, өмір сүру және қазіргі өмірдегі жағдайлардың өзгеруіне сай әрекет жасау керек.

Нарық қатынастарының өсуі бүкіл өмір өрісіндегі экономикалық сауаттылық деңгейінің өсуіне сәйкес.

Экономикалық тәрбие беру – қоғамдық өндірістің барлық салаларын қамтитын күрделі құбылыс. Ғылыми – техникалық прогрестің даму барысында өндірістің барлық салалары мен қоғам арасындағы қарым – қатынастың қарама – қайшылығы арта түседі. Осы қарама- қайшылық негізінде Қазақстан Конституциясына сәйкес, біз әлеуметтік – нарықтық экономика құрудамыз. Мұның өзі, ең алдымен, егемендік, меншік, еліміздің ұлттық байлығы ресурстарын иелік ету және өндіріс салаларын республика халықтарының саяси - әлеуметтік мүдделеріне бағыттау мәселелеріне қатысты.

Экономикалық білім негіздері пәнін енгізуді, жаңа қоғамның қоғамдық сана мен қоғамдық мұқтаждықтарын енгізуді қажет етеді.

Қазіргі кезеңде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық қоғамдық саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе жас түлектер өмірдің дамуынан қалыспай өзінің Отандық парызын еш уақытта естен шығармауы керек.

Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық экономикаға байланысты Жастарға тәрбие мен білім беру ісін басқару, оны жетілдірудің жолдарын іздестіру және ұтымды қолдану мектеп педагогикалық ұжымдарының төл ісі болмақ.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика , Астана – 1998ж.
  2. Ә. Құтпанбаев. Жастарға экономикалық білім беру негіздері. Қазақстан мекебі\\ 2001, №10
  3. М.З. Жанбөбекова. Ұлттық мектептерде экономикалық білім беру. А,2000
  4. С.Тұрсынбаева. Бастауыш сынып оқушыларының экономикалық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негізі. АбайҚазҰПУ Хабаршысы\\ 2006,№1
  5. Г.Асанова. Экономикалық жүйе түрлері . Қазақстан мектебі\\ 2003,№7
  6. Ә.Құтпанбаев. Жастарға экономикалық білім беру негіздері . Ізденіс 2003
  7. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. А,2004
  8. Педагогика және психологиядан түсіндірме сөздік. А, 2002

Похожие материалы