Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жергілікті қаржы (реферат)

Жергілікті қаржы (реферат)
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы

Жергілікті қаржыақша нысанындағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, белу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды қүрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды жоне басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді*.

Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа үғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне енгізілген 1938 жылдан бастап, жергілікті қаржы дербес категория ретінде езінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.

Бүгінде, жүртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық сая-сатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін артырып отыр.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, эко-номикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблема-ларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады.

Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің өлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру женінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қар-жыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік - түрмыстық инфрақүрылымның сала-лары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бүл, тиісінше, жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр.Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға — жергілікті қаржының бүкіл те-ориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет қүрылысының жалпымемлекеттік қүрылысқа нақты сәйкестігіне бай-ланысты болып келеді.

Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мөні жалпымемлекеттік қаржыға үқсас.

Жергілікті қаржының рөлі, оның қүрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің өкімшілік-аумақтық қүрылысымен жөне оның саяси-экономи-калық бағыттылығымен анықталады.

Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі өрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының қүқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік зандардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары қүзыры-ның дәрежесіне байланысты болады.

Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану процесінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің ай-тарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының көзіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқа-рудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жүмсалынатын шы-ғындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа төртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және өлеуметтік жеңілдікгердің орнына қаржылай жөрдемақы сияқты жаңа үғым-дар өзінің көрінісін тапқан.

"Бюджеттік бөлініс" салықтар мен алымдардың өр түрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей респу-бликалық бюджетке, ал акциздер, жеке түлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалды-рылды. Бүл өкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, өлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы зандарды бүзғаны үшін алынатын айыппүлдар республикалық жөне жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.

Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдары ездерінің қүзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде үмтылады. Бүл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мөдени мүқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.

1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджетер бол-ған еді; 1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орта-лықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер — селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтандырудың дөрежесі едәуір бәсеңсіді.

Аймақтардың шаруашылық қызметінің үлғаюы республика-лық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының про-блемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыланды-рудағы жөне оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дүрыс үйымдастыруға жаңа кәзқарасты талап етеді.

Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік қүқықтарды айқын шектеу жене орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе ай-рықша мөнділікке ие болып отыр.

Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қаты-настардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында түр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.

Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік бас-қару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жау-аптылықты неғүрлым байыпты бөлуді қажет етеді.

 2. Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары

Жергілікті қаржьща билік пен басқарудың жергілікті орган-дарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.

Жергілікті бюджет — бүл үлттық табысты аумақтық түрғы-да қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншікгің барлық ны-сандарындағы макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының көсіпорындары, үйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім қүнының қозғалысын білдіреді.

Жергілікті бюджеттердің экономикалық моні олардың мына-дай арналымында көрінеді:

билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорла-рын қалыптастыру;

бүл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақүрылым салала-ры мен халықтың арасында қайта бөлу.

Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашы-лық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумақтарда оларға инфрақүрылымды дамытуға, аумақтың экономикалық өлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пай-далануға мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық жөне әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда елеулі рел атқарады. Бүл түтынудың қоғамдық қорларын бөлген кезде керінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қара-жаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақүрылымға жүмса-лады.

Дүниежүзілік жөне отандық тарих жергілікті шаруашылық-ты дамытудағы, әкімшілік-аумақтық бөліністерді абаттандыру мен олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ақ әлеуметтік сфера мекемелерін үстаудағы жергілікті (муниципал-ды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдеқашан бо-лған және бүл тенденциялар жиырмасыншы ғасырдың 80-90 жылдары күшейді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті органдарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржы ресурстарының 30-дан 60 % қайта бөледі (Англия, АҚПІ, Жапо-ния, Германияжәне т.б.) және аймақтың өндіргіш күштерін, бүкіл өлеуметтік сферасын дамытуда, нарықтық инфрақүрылым қүрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарады:

олар арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға жүмсала-тын шығындардың үлкен бөлігі өтеді (жергілікті өнеркөсіпті, ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға жүмсалады);

жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, қоғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады;

түтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жүмыс күшін үдайы молайтып отыруға мүмкіндік туғызады.

Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің қүрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қала-ларды қоспағанда) және аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды. Кәзіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын қүрайды. Олар мемлекеттік бюджеттің қүрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге қогамның мемлекеттік бюджетінің жиынтыгын қүрайды.

Қаржы қатынастарын үйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар өмір сүреді:

1) дағдарыстан шығу және түрақтандыру мақсатымен эко-номиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағүрлым ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары қозғалысын басқарудың нысандары мен өдістерінің жүйесін орталықтандыру;

2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсыздандыру.

Екінші тенденция жергілікті органдардың жергілікті жағдайларға жуықтығымен дөлелденеді.

Қаржы қатынастарының окімшілігін жүргізудің қагидаты қар-жының бақылау функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғүрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржы қатынасы немқүрайды бақылауға берілсе, соғүрлым оны орталықсыздан-дырылған реттеуге жатқызған дүрыс.

Дүниежүзілік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жүмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп аймақтық басқару органы бектіліп берілген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы қүрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын қағида үғынылады. Оның атқарылуы басқарудың аймақтық органдарының бүл саласындағы қүқықты анықтайтын республикалық заңнаманың негізінде жүзеге асырылады.

Басқа жағынан аймақтар белгілі бір матасушылықта бола-тын бірыңғай шаруашылық кешеннің бір бөлігі болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Аймақтық үдайы өндірістің мазмүны мен сипаты бүкіл қоғамдық үдайы өндіріс дамуының негізгі зандылықтарымен анықталады.

Сондықтан басқарудағы централизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай-күйімен шарттасылған шектерде қажет етеді. Аймақтардың экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды. Ол әрдайым салыстырмалы жөне аймақ неғүрлым кіші болса, бүл дербестіктің көріну шегі де аз болады, яғни шешімдер қабылдауда орталыққа тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне ай-мақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көзіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптасқан сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі республика жергілікті бюджеттерінің көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақүрылымды халықты елеуметтік игіліктердің кепілдікті минимумымен қам-тамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттар-дың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір өкімшілік-шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бүл деңгейдің критерийі осы аймақтық экономика-лық мүдделерінің ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді.

Аймақтардың экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда аймақтық ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттар-дың кепідцікті көздерін жасау болып табылады.

Аймақтың экономикасын басқарудағы орталықтандырылғ-ан жөне жергілікті негіздердің оңтайлы үйлесуін анықтаудың ортақ қағидаты былайша түжырымдалады: экономикалық даму-дың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік.

Оперативтік-шаруашылық дербестігі жергілікті буында шы-ғыстардың 50% кем емесін жабатын кірістердің оқшауланылған, бектіліп берілген жүйесін жасауды, бюджетке үзақ мерзімге кірістердің қатаң бекітіліп берілуін қажет етеді.

Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде үлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу "фискалдық федерализм" теориясы негізінде жүзеге асырылады.

Теорияның мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік шаруашылық жалпы (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік қүрылымдар) көпдеңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияла-рын деңгейлер арасында бөлу жөне олардың сатылас бойынша занды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударыла-тын мөселелер мыналар:

1) мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің оңтайлы саны;

2) басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлу;

3) әлеуметтік шығыстарды неғүрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;

4) биліктің жергілікті органдарын басқаруға және қаржы-ландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;

5) билік пен басқарудың жергілікті органдарының шығыста-рын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;

6) мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлерінде қара-жаттарды жүмсауға бақылау жасаудың нысаны.

Фискалдық федерализм саясаты басқарудың жергілікті органдарының орталыққа қаржылық төуелділігін азайтуға ба-ғытталған. Бүл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттің де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бүған аймақтардын, салықтық авто-номиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мүраға салынатын салық, түтынуға салынатын салық) белгілеу жөніндегі оларға қүқық беру есебінен жетеді. Бүл орайда жергілікті органдарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынта-ландырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын орталық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.

Басқа елдердегі аумақтық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумақтарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық пробле-маларын шешуде биліктің жергілікті органдарына кең қүқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайы-на Қазақстанға сәйкес фискалдық федерализм үғымның мөні сақталған кезде "фискалдық регионализмге" ауыстырылуы мүмкін.

"Бюджеттік реттеу" аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік салықтар мен кірістерден түсетін түсімдердің бір бөлігін беру жолымен жүргізіледі. Қазақ-станда салықтарды жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты "бекітілген" және "реттеуші" кірістер мен салықтар терминдері пайдаланылмайды дей түрсақта субвенциялар, бюджеттік алынымдар, есеп айыры-су бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер ныса-нындағы бюджеттік реттеу процесі сияқты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.

Қазақстан Республикасында жергілікті бюджеттер коммунал-дық заңи түлғаларға бекітілген; мүлікпен жөне әкімшілік-аумақ-тық бөліністің меншігіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік-аумақтық, экономикалық жөне қаржылық негізін қүрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) есебінен қалыптасатын, Конституциямен, зандармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар белгілейтін жергілііегі бюджеттік бағдарла-маларды қаржыландыруға арналған тиісті мөслихаттың шешімімен бекітілген өкімшілік-аумақтық бөліністердің ақша қорлары бо-лып табылады.

Нарықтық қатынастар, басқарудың жергілікті органдарын реформалау жергілікті бюджеттердің кіріс көздерінің қалыптасу-ына әсер етіп отыр.

Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражат-тардың түсу көлемі мен қүрылымына елдегі экономикалық си-туация: қаржы-бюджет саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның қүрылымы, инфляция қарқыны, бағаның есуі жөне т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

"Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне", "Қазақ-стан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне үқсас және мыналарды кіріктіреді:

1) салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін бас-қа да міндетті төлемдердің түсімдері (кестені қараңыз);

2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін түсімдер; облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала-ның, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жүмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен түсетін түсімдер; жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үйымдастыратын мемлекеттік сатып алу-лар өткізуден түсетін ақша түсімдері; осы мемлекеттік мекеме-лер салатын айыппүлдар, өсімпүлдар, санкциялар, өндіріп алу-лар; жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық емес басқа да түсімдер);3) жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер (жергілікті бюд-жеттерден қаржыландырьшатын мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдер);

4) жергілікті бюджеттерге түсетін ресми трансферттердің түсімдері.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, ком-муналдық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, жергіліісгі атқарушы органның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Дамудың кәзіргі кезеңінде Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумақтағы шаруашы-лық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері (96,7%) қүрап отыр (15.1 кестені қараңыз).

1 кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері кірістерінің көлемі мен құрылымы (2003 ж)

(агымдагы багамен)

Түсімдердің атауы млн. тенге %
ТҮСІМДЕР 486298 100,0
I. K1PICTEP 355676 73,1
Салыктық түсімдер, 343855 96,7
оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы г -
жеке салық 93281 27,1
әлеуметтік салық 157676 45,9
қосылған құн салығы 9177 2,7
акциздер 20967 6,1
Салықтық емес түсімдер 5575 1,6
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер, 6245 1,7
II. АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР 122926 25,3
III. КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ 7696 1,3

Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.

Түсімдердің екінші көзі республикалық бюджеттен берілетін трансферттер болып табылады. Әйтседе, орта есеппен, олар түсімдердің 20% қүрғанмен, бірқатар субвенциялық облыстардың бюджеттеріңце әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерді қаржылан-дырудың қолайлы деңгейіне жету үшін меншікті салықтық жене басқа түсімдердің жетіспейтіндігінен бұл түсім көзі 50 пайызға дейін барады. Бүл мүндай облыстардың салық базасының нашарлығы-мен байланысты. Бүл жағдайда республикалық бюджет арқылы бюджеттік алынымдар мен субвенциялар тетігінің көмегімен түсімдерді қайта бөлу проблемасы көкейтесті больш табьшады, яғни бүл тетік объективті негізделген жетілдіруді қажет етеді.

Жергілікті бюджеттердің проблемасы сондай-ақ олардың меншігін қүрайтын шаруашылық салалары (түрғын үй шаруа-шьшығы, мөдениет жөне шығармашылық мекемелері, коммунал-дық инфрақүрылым — су қүбыры, көлік, тазалау службасы жөне басқалары) бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл за-лалды болып табылады және жергілікті бюджеттер қаражаттары-ның едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Меншікті республикалық және коммуналдық етіп бөлген кезде биліктің жергілікті органдарының басқаруына залалды кәсіпорындар не-месе шамалы кіріс әкелетіңцері берілді.

Жергілікті бюджеттердің шыгыстары да республикалық бюджеттің шығыстары сияқты негізінен мына бағыттар бойын-ша жүзеге асырылады: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету; қорғаныс, қоғамдық тәртіп жөне қауіпсіздік; білім беру, денсаулық сақтау; әлеуметтік көмек жөне өлеуметтік қамсыз-дандыру; түрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; мөдениет, спорт, туризм жөне ақпараттық кеңістік; ауыл, су, орман, балық шаруашылығы жөне қоршаған ортаны қорғау; өнеркәсіп және қүрылыс; көлік және байланыс; экономикалық қызметті реттеу (көсіпкерлік қызметті қолдау); басқа да бағыттар: аудандар (об-лыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін ресми транс-ферттер, республикалық бюджетке берілетін ресми трансферт-тер, жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің шығыстарында денсаулық сақтау, сөулет, қала қүрылысы және қүрылыс қызметі, экономикалық қызметті реттеу бағыттары бойынша жүзеге асы-ру көзделінбейді.

Жергілікті бюджеттерден кадрларды қайта даярлауды жөне мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда, қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етуге, бюджеттік инвести-циялық жобаларға (бағдарламаларға), жергілікті басқару орган-дарының зандарында көзделген озге де функцияларына жүмса-латын шығындар да қыржьшандырылады.

Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарды үстауға арналған шығындар Үкімет бекітетін штат санының жалпы лимиті жөне заттай нормалар негізінде жоспарланады.

Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің қүра-мында қаладағы ауданның, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің қүрамында қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары мынадай бағыттар бойынша көзделеді:

қаладағы ауданның, аудаңдық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауьшдық (селолық) округгің өкімі аппараты-ның жүмыс істеуі; шаруашылықтар бойынша статистикалық есеп-ке алуды жүзеге асыру; азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; мектепке дейінгі төрбие беру мекемелерін материалдық техникалық қамтамасыз ету; ерекше жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дөрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау үйымына жеткізуді үйымдастыру; мүқтаж аза-маттарға үйінде өлеуметтік көмек көрсету; елді мекендердің сани-тариясын қамтамасыз ету; жерлеу орындарын күтіп-үстау жөне туысы жоқ адамдарды жерлеу; елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру; мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқа да бағдарламалар.

Жергілікті бюджеттердің шығыстарында өлеуметтік инфра-қүрылымдарды - білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты өлеуметтік қорғауды қаржыландыру (51,1%), экономикалық са-лалардан - көлікке жөне байланысқа жүмсалған шығыстар ба-сым болып отыр (15.2 кестені қараңыз).

Қорғанысқа жүмсалатын шығыстардың функциялық тобы азаматтық қорғаныс (төтенше уақиғалар кезінде) пен өскери комисариаттардың шығындарын қаржыландыруды білдіреді.

Ресми трансферттерде - жоғарғы бюджетке (бүл жерде рес-публикалық бюджетке) беру үшін жергілікті бюджеттерден қара-жаттарды алуға жүмсалынған шығыстардың үлес салмағы айтар-лықтай жоғары.

Бюджеттік алынымдар дамудың анағүрлым жоғары эконо-микалық дәрежесіне байланысты немесе табиғи жағдайы бой-ынша орта есеппен еддегіден жоғары салық базасы және тиісінше, салық түсімдерінің жоғары деңгейі бар облыстарда болады. Суб-венциялар да, сондай-ақ алынымдар да әкімшілік-аумақтық беліністердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін теңестіру үшін пайдаланылады.

2 кесте. Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының колемі мен құрылымы (2003 ж)   

Шыгыстардың функциялық топтарының атауы млн. тенге %
II. ШЫҒЫСТАР 479992 100,1
ШЫҒЫНДАР 472831 98,5
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік кызметтер
Көрсету 21220 4,4
2. Қорғаныс 7153 1,5
3. Қоғамдық тортіп жоне қауіпсіздік 17771 3,7
4. Білім беру 130976 27,3
5. Денсаулық сақтау 74112 15,4
6. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік
Көмек 40145 8,4
7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 34544 7,2
8. Мәдениет, спорт, туризм жоне ақпараттық
кеңістік 20910 4,4
9. Отын-энергетика кешені жоне жер қойнауын
пайдалану 783 0,2
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы жоне
қоршаған ортаны қорғау 7036 1,5
11. Онеркосіп жоне кұрылыс 2501 0,5
12. Колік жоне байланыс 25887 5,4
13. Басқалар 30973 6,4
14. Борышқа қызмет корсету 1170 0,2
15. Ресми трансферттер 57650 12,0
КРЕДИТТЕР 7162 1,5

Жеке функциялық топтар бойынша мемлекеттік бюджет шығыстарындағы жергілікті бюджеттер шығыстарының үлесінде өлеуметтік-түрмыстық инфрақүрылымды қаржыландыру бағыт-тары бойынша ол басым орын алады.

Жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жүмсалымының қүрамы мен қүрылымы әкімшілік-аумақтық бөліністердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайтын мынадай факторларға байланысты: өндірістік объектілердің болуы, табиғи ресурстар, әлеуметтік жөне түрмыстық инфрақүрылым объектілері, бөлініс мәртебесі, халықтың жиілігі, табиғат-кли-мат жағдайлары жөне т.с.с.

Бюджеттерді қалыптастыру жергілікті өкілетті органдар өзірлейтін жергілікті бюджеттік багдарламалар негізінде жүзе асырылады. Жергілікті бюджеттік бағдарамаларды қаржылық негіздеу және іске асыру - жергілікті бюджеттік бағдараламалар-дың әкімшілеріне - жергілікті атқарушы органдар мен оларға бағынышты мемлекеттік мекемелерге жүктелген.

Жергілікті атқарушы оргаңцардың заңи жөне жеке түлғалар-дың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінен (республи-калық бюджеттен кредит алу жолымен) үкіметпен келісілген ай-мақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін қарыз қаражаттарын алуға қүқығы бар. Қарыз алу жергілікті ат-қарушы органдардың бағалы қағаздарын шығару немесе қарыз алу нысанында жүзеге асырылады; олардың тәртібін Үкімет анық-тайды.

Бюджеттік бағдарламаларға кіріктірілетін мемлекеттік меке-мелер шығыстарының сметаларын жергілікті атқарушы орган-дардың қаржыяық рухсаттарына сәйкес осы мекемелердің бас-шылары атқарады.

Бюджеттік шешімдер қабылдауды оңтайландыру сметалар-ды нөлдік негізде жасау және бюджеттерді жоспарлау, бағдарла-малау (БЖБ) жүйесін пайдалану едісі арқылы мүмкін.

Бюджеттерді нөлдік негізде жасау әдісі мынада: жыл сай-ын жаңа смета жасалынады, ал бюджеттік мекеме өзінің бағ-дарламасын толық негіздеуі жене басымдықтарды анықтауы міндетті.

БЖБ әдісі үйымдық шаралар мен өр түрлі мекемелер ара-сында ресурстарды бөлудің қандай үштастырылуы нөтижеліктің ең жақсы көрсеткіштеріне жетуге ең жоғары дәрежеде жәрдемдесетінін анықтау үшін бюджеттік бағдарламалардың өлшеуге еретін нәтижелерін қаржыландыру үшін пайдаланыла-ды. Бүл әдісте шығыстардың нормалары пайдаланьшуы мүмкін. Сөйтіп, жергілікті буындағы бюджет рөсімі тиімділік өлшеміне негізделуі мүмкін.

3. Арнаулы экономикалық аймақтардың қаржысы

Нарықтық экономикада әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарында экономикалық және әлеуметтік қызметті неғүрлым кең ырықтандыру арқылы оларды дамытудың өзіндік үйымдық-экономикалық едістері кең тараған. Бүл әдістер еркін немесе ар-наулы экономикалық аймақтар түрінде экономиканы дамытудың нарықтық жолын тандап алған елдерде кеңінен дамыған. Эко-номикалық қызмет еркіндігінің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан атауларда: еркін сауда аймағы, еркін кеден аймағы, қосалқы аймақ және т.с.с нүсқалар болуы мүмкін; экономикалық ырықтандырудың шекті нүсқасы оффшорлық аймақ неме-се аумақ болып табылады.

Арнаулы (еркін) экономикалық аймақ (АЭА) дегеніміз аймақ аумағының әлеуметтік-экономикалық дамуын тездету үшін шетелдік капиталды, үдемелі (прогрессивті) шетелдік техноло-гия мен басқару тәжірибесін тарту мақсатында қүрылған белгілі бір екімшілік шекаралары жөне айрықша қүқықтық режімі бар арнайы түрде бөлінген аумақ.

АЭА-ны қүру аймақ экономикасын сауықтыруға, маңыз-ды микроэкономикалық міндеттерді шешуге - өндірісті түрақ-тандыруға жөне оны үлғайтуға, шаруашылықты жаңғыртуға, ішкі рынокты жоғары сапалы тауарлармен толықтыруға ба-ғытталған. Қосымша шетелдік капитал мен озық технология-ны тарта отырып, халықтың жүмыспен қамтылуын кеңейтуға, жергілікті жүмыс күшінің біліктілігін арттыруға, маркетинг және менеджмент саласындағы тәжірибені сатып алуға мүмкіндік туады.

АЭА аумағында отандық жөне шетелдік заңи түлғалар мен азаматтардың шаруашылық, қаржы жене өзге қызметінің кез келген түріне (заңнамамен тиым салынған түрлерінен басқасы) рүхсат етіледі. Отандық заңи түлғалар (энергетикалық және көлік жүйелеріне жататаныдарынан басқасы) аймақта дербес және ве-домстволық бағыныштығына қарамастан төуелсіз үйымдар бо-лып табылады. Аймақтан тыс орналасқан заңи түлғалар аймақ аумағында өздерінің филиалдары мен жаңа кәсіпорындарын қүра алады.

Қазақстанда АЭА жүмысының тәжірибесі бар: тіпті 1992ж. ер түрлі облыстарда бірнеше аймақтар қүрылған болатын, бірақ олардың жүмыс істеуі тауар-ақша ауқымының қозғалысына толық бақылаудың жоғалуы жөне әкімшілік-аумақтық бөліністердің экономикалық дербестігін алуы түрғысынан орталық билікті қанағаттандырмады — аймақтар таратылды.

1996 жылдан АЭА-ның (Қызылорда, Ақмола, Лисаков) іс-өрекетін жаңғырту аймақты дамытудың бүл тиімді жолының жүмыс істеу тетіктерін жақсартуға мүмкіндік берді, бірақ 1998 жыддың аяғынан бастап басқару мен қаржыны орталықтанды-руға белгіленген бет бүрыс бүл аймақтардың өмір сүруін алдын ала шешті. Қазіргі уақытта Қазақстанда екі АЭА — Ақтауда жөне Астанада жүмыс істейді, олар қысқа мерзім ішінде бірқатар жаңа өндірістер қүруға мүмкіндік берді. Астана қаласында оның мем-лекет астанасы ретіндегі айрықша мөртебесіне байланысты са-лықтарды бөлу, өндірістік-техникалық арналым заттары мен тауарлары импортының жеңілдетілген төрпштемесі сақталынған. Елде ақпараттық технологиялардың жаңа экспортқа бағдарлан-ған және импорт алмастырушы саласын қүру мен Қазақстан Рес-публикасының ғылыми-техникалық және инновациялық әлуетін неғүрлым толық пайдалану мақсатында 2013 жылғы қазанньщ 1-іне дейінгі кезеңге "Ақпараттық тенологиялар" паркі арнаулы экономикалық аймағы қүрылған.

Бүл мысалдардан арнаулы экономикалық аймақтардағы ша-руашылық жүргізуді экономикалық-қүқықтық реттеу төртібін бақылап отыруға болады.

Арнаулы экономикалық аймақ орталық атқарушы биліктің жергілікті екілетті жөне атқарушы органдарының үсынытарына негізделген шешімдері бойынша қүрылады. Басқару үшін билік пен басқарудың республикалық және жергілікті органдарының, АЭА аймағында тіркелген отандық және шетелдік көсіпорындар мен үйымдардың өкілдерінен Әкімшілік кеңес қүрылады, кеңесті төраға басқарады, оны Президент тағайындайды және қызметінен босатады. Аймақ-тың Әкімшілік кеңесі егер кәсіпорындар мен үйымдардың оперативтік шаруашылық - қаржы қызметі аймақты белгіленген қүқықытық тәртіптемеге қайшы келмесе оған араласпайды. Жалпы аймақтың Әкімшілік кеңесіне шетелдік капиталды тарту, ағымдағы жөне келешек кезеңге арналған аймақты дамытудың бағдарламаларын өзірлеу және іске асыру жөнінде кең өкілеттіктер берілген; ол аймақтағы қаржы, кре-дит, кеден саясатын анықтайды; тауарларды, қызметтер көрсетуді, табиғи ресурстардың экспорты мен импортын ли-цензиялау мен үлестеуді жүзеге асырады; салықтар мен бас-қа телемдерді өндіріп алады, бағалы қағаздар шығарады; жерді, жер қойнауын, басқа табиғи ресурстарды, негізгі ка-питалдарды жалға береді; қаржы рыногы мен оның инфра-қүрылымын үйымдастырады.

Аймақтың отандық және шетелдік заңи түлғаларының ай-мақтың аумағынан тыс әріптестерімен кредит-есеп айырысу опе-рациялары корреспонденттік шоттар жүйесі арқылы үлттық ва-лютада жүзеге асырылады.

Әкімшілік кеңестің салық службасы аймақ аумағындағы салық операцияларының барлық түрлерін жүзеге асырады.

АЭА Әкімшілік кеңесі қаржы қорын, ал аймақ шекаралары-ның әкімшілік-аумақтық беліністер шекарасымен тоқайласқан жағдайда бюджетті қалыптастырады, ол сонымен бірге әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджеті болып табылады. Қор (бюджет) аймақ аумағында тіркелген заңи және жеке түлғалардан алына-тын салықтар, алымдар жөне басқа міндетті төлемдер есебінен қүрылады. Арнаулы қорларға түсетін түсімдер АЭА қаржы қорын (бюджетін) қалыптастырудың көзі бола алмайды.

Қаржы қорының (бюджеттің) жоғарғы бюджетпен өзара қарым-қатынасы АЭА-ның қаржы қорына (бюджетіне) түсетін кірістердің жалпы сомасынан аударылатын аударымдардың үзақ мерзімді түрлаулы нормативі арқылы анықталады.

Аймақтың Әкімшілік кеңесі мақсатты қаржы қорларын, соның ішінде АЭА-ның экономикалық және өлеуметтік қорын қүра алады, сонымен бірге бос бюджет қаражаттары, салықтық емес сипаттағы аударымдар мен алымдар есебінен оларды қалып-тастырудың көздерін анықтай алады.

Аймақ аумағында салық салу елдің салық заңнамасына сәй-кес жүзеге асырылады. АЭА аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асырушы заңи үйымдардан алынатын корпорациялық табыс салығының мөлшерлемесі кәдуілгі мөлшерлемеден төмен белгіленеді.

АЭА аумағында еркін кеден аумагының режімі іс-әрекет етеді.

Егер АЭА-ның қүқықтық режімі өзгерсе немесе ол мезгілінен бүрын таратылса, онда аймақ аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асырып жатқан шаруашылық жүргізуші субьектілерге мүндай қызметті инвестициялар салынған мезетке сай келетін жағдайда жалғастыра беру қүқығы кепілдендіріледі. Мүндай қүқық АЕА қүрылған мерзімінің аяғына дейін іс-өрекет етеді, бірақ ол 10 жылдан аспауы тиіс, мерзім айтылған қүқықтық режімді жою немесе өзгерту күнінен есептеледі.

Сейтіп, АЭА-да бизнестің барлық сфераларындағы саналу-ан кәсіпкерлік қызметті күшету үшін қолайлы жағдайлар жаса-лады.

Басқа мемлекеттердегі АЭА-ның жүмыс істеу практикасы дүниежүзілік экономикадағы болып жатқан өзгерістерді белсенді қабылдай отырып, аймақтардың қүрылымы өздігінше дамуға қабілетті екенін жөне өз кезегінде өз мемлекетінің экономика-сына оңтайлы өсер ететінін көрсетіп отыр. Бірлескен кесіпорындар жүмысының тәжірбиесі бар, жоғарғы дайындық-тың жобалары бар, инфрақүрылым мен көлік жүйелері дамыған, шет мемлекеттермен шекарасы бар аймақтар неғүрлым тиімдірек болады.

Похожие материалы