Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инфляцияға экономика жағынан түсініктеме беру (курстық жұмыс)

Инфляцияға экономика жағынан түсініктеме беру (курстық жұмыс)

Инфляция термині латын сөзі inflatio – ( вздутие) – қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1860 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХΙХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік  соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономиклық әдебиеттерінде 20- жылдардың орта кезінде көрінді.

Инфляцияның жалпы әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен  тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауарбағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляцияға тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол ақшаға ғана тән "ғажайып  құбылыс" емес. Ол- күрделі  әлеументтік экономикалық құбылыс, оны тұтынушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы  ұдайы  өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі болып табылады.

Ақша тауарларды  сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды  бұрынғыша жалпылама эквиволент деп  қарастыруда. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногінде сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бүзылуы әлі инфляция емес. Инфлятция елдегі баға денгеиінің өсуі. (1)

Инфляция – қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағананың өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай – ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфлияцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.

Дүниежүзілік  қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар.Алайда бұл құблыстың қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.

Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақша жатпайтын және ақшалай – монетарлық факторларды бөлуге болады.

Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың  циклдық  дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеументтік – саяси сипаттағы ерекшк жағдайлар және басқалары.

Ақшалай факторларға – мемлекттік қаржының дағдарысы – бюджет тапшылығы,мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай – ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.

Курстық жұмысымның  мақсаты – инфляцияның мәні, мазмұнына, және түрлеріне толық мінездеме беру, қазіргі кезеңде оның ерекшелігіне экономикалық әлеументтік салдарына толық тоқталып кету және инфляцияға қарсы саясаттың қолдануын зерттеу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • инфляцияның себептерін қарастыру;
  • инфляцияның тежеу шаралары мен әдістерін анықтау;
  • Қазақстандағы инфляцияның ерекшеліктеріне көңіл бөлу;

Осы курстық жұмыс негізінен 4 тараудан тұрады.Курстық жұмысты жазу барысында, қаржы, оқулық II-бөлімІлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Алматы – 2003  жыл. Ақша, несие, банктер және валюта қатынастары, Көшенова Б. Алматы – 2000  жыл. Ақша, несие, банктер, жалпы редакцияын басқарған  э.ғ.д., професор ҚР ҰҒА – ның корреспондент – мүшесі, Сейітқасымов Ғ.С. Алматы, экономика – 2001 жыл, әдебиеттер қолданылады.(2)

1     ИНФЛЯЦИЯНЫҢ МӘНІ, ТҮРІ ЖӘНЕ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ.

1.1   Инфляцияға экономика жағынан түсініктеме беру.

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуы қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын тілінен – қабыну, ісіну, көтерілу деген мағына береді. Инфляция -бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан, тауарлар және қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді. Инфляция бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Шынында да қауырт жағдайларда, мысалы, соғыс, революция және сол сияқты кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт “көтеріліп”, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соғады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан көруге болады. Тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдары Азамат соғысы кезінде “инфляция” термині пайда болды. Оның соңғы екі жылында доллардың сатып алу мүмкіндігі 60% дейін төмендеген; XIX ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы; 1789-1791ж.ж. Француз революциясы; әсіресе дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті. Осы келтірілген мәселелер инфляцияның бұрыннан келе жатқан айрықша құбылыс екенін дәлелдейді. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция-дүниежүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Инфляция сұраныс пен ұсыныс баланссыздығын, бағаның өсуінде көрінетін басқа да ұлттық шаруашылық пропорцияларын түсіндіреді. Бірақ инфляция кезінде барлық бағалар өседі деп айтуға болмайды. Бір тауарлардың бағасы өсуі мүмкін, басқа тауарлардың бағалары тұрақты болып қалуы мүмкін, бір тауарлар мен қызметтердің бағалары басқаларына қарағанда тез өсуі мүмкін. Осы пропорция негіздерінде сұраныс пен ұсыныс арасында әртүрлі арақатынас пен әртүрлі икемділік жатыр.(3)

Инфляцияның мазмұнын әр автор әр түрлі жазып жүр. Мысалы, “Ақша, несие, банктер” деген, 1998 жылы, Мәскеуден шыққан көлемді оқулықта (орыс тілінде),: “инфляция, бағаның  жоғарлағанын, тауардың жетіспеушілігінен жәнен тауармен көрсетілген қызметтің сапасыздығынан шыққан ақшаның  құнсыздануы, оның сатып алу  мүмкін-шілігінің төмендеуі болып көрінеді” делінген.

Бұл анықтаманың басты кемшілігі, айналымдағы ақша белгілерінің  аса көбейіп кетуінің инф-ляцияға  тигізетін әсері көрінбейді.

1999 жылы, Алматыда шыққан “Толық экономикалық орысша-қазақша сөздікте” инфляция былай сипатталады: “Ақшалай табыстың  тауарлар-мен көрсетілетін қызметтерден асып түсуі, рынокта қаржы активтерінің  көбеюі салдарынан  тауарлармен көрсетілетін қызметтер бағасының өсуі”.

Мұндай анықтамадан байқайтынымыз, ең басты мәселе табыстың өсуінде сияқты. Соның салдарынан айналымда ақша көбейіп кетеді деген ой туады. Бірақ, бұл да теріс түсінік. Әңгіме табыста емес. Ол өскен жоқ, ал тауарлар мен қызмет жетпегендіктен, олардың сапалары төмен болған-дықтан, ұсыным азайып,  сұраным көбейгеннен кейін, айналымда ақша көбейген сияқты болып көрінеді.

Осының бәрін еске алып, инфляция дегенді былай анықтаған жөн дейміз: Айналым арнала-рының, артық ақша белгілерімен аса толып кетуінің, тауарлар мен қызметтердің жетіспеуші-лігінің және олардың  сапасыздығының  салдары-нан,  ақшаның құнсыздануы, тауармен көрсетілетін қызметтердің бағасының өсуі, сөйтіп  халықтың нақты табысының төмендетілуі”.(4)

1.2    Инфляцияның туу себептері

Бағаның өсуі және ақшаның шамадан көп шығуы бұл тек инфляцияның сыртқы көрінісі ғана: Ұлттық шаруашылық пропорциясының бұзылуы, жалпы    тепе-теңдіктің бұзылуы инфляцияның терең себептері. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде инфляцияны және ұлттық шаруашылықты баланс-сыздыққа алып келетін 3 негізгі күші бөліп көрсетеді.

- қағаз ақша эмиссиясына мемлекеттік монополия, сыртқы сауда өндіріссіздігі, әскери және басқа шығындар, қазіргі мемлекеттің функцияларымен байланысты;

- жалақының деңгейіне және мөлшеріне кәсіподақ-тардың монополиясы;

- жеке шығындар мен белгілі бір бағаларға ірі фирмалардың монополизмі.

Осы үш себептер бір-бірімен байланысты және әрқайсысы баланстарды бұзып, ұсыныс пен сұраныстың өсуіне немесе төмендеуіне алып келуі мүмкін. Инфляцияға қарсы нақты шара қолдану үшін инфляцияның қайнар көзін білу керек.

Нарықтық экономикаға тән көптеген басқа көріністер сияқты инфляция бір мағыналық болып бағаланбайды. Инфляцияның негативті зардаптары біздің елімізде белгілі. Инфляцияның экономика-лық өсуге себепкер болатыны бізге онша мәлім емес. Сондықтан инфляцияны жалпы жаман деп, басу, жою керек деп қарауға болмайды. Ол экономиканы дамыту үшін мемлекеттің қолданатын құралы болуы мүмкін. Инфляция пайда мөлшері мен бағаның өсуіне әсер етеді, алдымен конъюнктураны өмірге әкелетін фактор ретінде болады, бірақ мемлекеттегі экономикалық тұрақсыздықты күшейте-тін тежеушіге айналады.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жылжымалы инфляция экономикалық өсудің қалыпты факторы ретінде қаралады. Себебі олар үлкен әлемдік экономикалық шығынды алып келеді. Инфля-цияға қарсы күрес ол макроэкономикалық мәселе болып табылады. Мемлекет алдында мынадай негізгі мәселелер тұрады: радикалды шара арқылы инфляцияны жою немесе оған бейімделу. Әр елдер осы дилемманы өздерінше шешеді. Мәселен, АҚШ және Ұлыбритания инфляциямен активті түрде күресуде, ал басқа мемлекеттер болса комплексті бейімделетін мемлекеттік шаралар құруда.

XX ғасыр ортасындағы өнеркәсібі дамыған елдерге инфляциялық тенденция тән. Оған негізгі екі фактор әсер етті: қаржы және ақша-несие жүйесінің ауытқымай қайта құрылуы және экономи-када олигополиялық құрылымның қалыптасуы.

Кәсіпкердің бағаны көтеру  арқылы табыстың артынан қууы ерікті бәсекені шектеді. Ақша айналымы мен бағаның құрылуының тұрақтылығын алтын монеталы стандарт анықтады. Банкнотты алтынға еркін айырбастау ақшаның құнсыздануына әкелмейді делінді. Сонымен қатар қатаң сәйкес-тікте орналасқан  алтын қорлары бар банктер айналымға белгілі бір мөлшерде банкнот шығаруы мүмкін  болды.

Экономикалық дамудың жаңа кезеңге өтуі баға қозғалысының бағытын өзгертті. Ақша айналымында қағаз ақша келуімен алтын шеттетілді, мемлекет-тік шығынның тұрақты өсуі мен мемлекеттік    бюджеттің тұрақты тапшылығы нәтижесінде несиелік-ақша механизмі ақша массасының ісінуіне жақсы жағдай жасады.(5)

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында барлық нарықтық экономика елдерінде бағаның өсуі бай-қалды. Осы инфляциялық процесстердің негізі екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өндірістің бұзылуы болды. Өндірістегі өзгеріс қаржы мен ақша салаларына әсерін тигізбей  қоймады: бюджет тапшылығының өсуі, мемлекет қарыздарының өсуі, қағаз ақшаларының эмиссиясы байқалды. Соғыстан кейін бағаның өсуінің жалпы тенденциясы сақта-лынды. Экономикалық дағдарыс кездің өзінде де барлық елдерде ылғи бағалар өсті. Бірақ бағаның  өсуінің қарқындылығы барлық уақытта бірдей болмады: 50-60 жылдардағы бірқалыпты өсуден   70-80 жылдары қарқынды өсуге дейін жетті.

1970 жылдары инфляцияның өсуінің негізгі факторы өнеркәсіптің өсу қарқынының тұрақты төмен тенденциясы болды, ол негізінде дағдарыс құрылымдарының әсерінен еді. Инфляцияның өсуіне сол жылдары сыртқы факторлар – доллардың девальвациясы мен дүниежүзілік нарықта шикізат бағасының өсуі де әсер етті.

Ақша тауарларды  сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни  ақшаның  алтынға қатысыты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша  ақша сияқты  жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың  оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.  Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің  бұзылуы әлі  инфляция емес. Инфляция елдегі  баға деңгейінің өсуі.  Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикаылқ  жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы  энергетикалық дағдарыс  тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес,  басқа да тауар мен қызмет көрсету  бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы  бағаның деңгейі  7-%-ке, 1979 жылы-9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының  өзгеруі еңбек  өнімділігінің артуы-на, циклдық және маусымдық  толқуларға, ұдайы өндірістегі  құрылымдық өзгерістерге,  бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге,  салықтың жаңа ставкаларын енгізуге,  ақша өлшемінің  девальвациялануы  мен ревальвациялануына, рынок конъюктурасының  өзгеруі мен  сыртқы экономикалық байланыстарының  ықпалына және т.б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.

Конъюктураның  циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX-XX ғасырдың бас кезіне тән “классикалық түрі”) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады.  Аласапыранның  бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында  төмендеп,  жандану кезінде  баға тағы да  көтеріледі.  Еңбек өнімділігін арттыру  бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың  тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек  өнімділігінен артып кетуінде.  Мұндай құбылыс шығынның  инфляциясы деп  аталады, ол өз кезегінде  баға деңгейінің  жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да  бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен  аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс  материалдарын  шығаратын  өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты  толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.

Сонымен, баға өсуінің  инфляциялық себепте-ріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздік-термен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық.(6)

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің  тепе-теңдігінің  бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің  тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда “ақша станогы” белсенді пайдаланылса, онда айналыста  ақша массасы көбейеді. Айыр-бастың сандық теңдігін MV=PO еске түсірсек, M мен P көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру  жүргізілген жағдайда  да бағаның  инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты  инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери  мақсатқа пайдалану, өндірістік емес  шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа  етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша  төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына  және мемлекеттік қарыздың  ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі  қазіргі рыноктық  экономиканың  ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі  рынокта көптеген өндірушілер  болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы  оңай уақытқа  мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде  бағаны билейді. Олигополиялар бағаны  өсіруді  бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес  бағаның жоғары  деңгейін  ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит  жасауға тырысады. Өздері билік  жүргізетін  рынокта бағаның  төмендеуін  болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады.  Салаға жаңа өндірушілердің  келуін тежеу үшін  олигополистерге  жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының  ашық болуы  оның бірте-бірте  әлемдік шаруашылық байланыс-тарға тартылуы барысында “импорттық” инфляцияның  қаупі туады. Жоғарыда талған 1979 жылғы энергияға  бағаның шарықтануы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін  мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша  басқа тауарлар бағасының  қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу  мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау  ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы  мұнай импортын  арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта  бәсекелестік  қабілетті төмендетеді.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі  дем беретін сипат алады, ол “инфляцияны күту”  нәтижесінде орын алады.  Батыс елдерінің көптеген экономис-тері  және біздің елімізде  де осы  факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту  себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.(7)

1.3    Инфляцияның түрлері

Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:

-   экономикадағы қамтитын аумағына байланысты-жергілікті және әлемдік инфляция;

-  жүру қарқынына байланысты – біркелкі ( баға үнемі төмен қарқынмен өседі), үздіксіз және сатылы инфляция;

-   даму қарқынына байланысты – жылжымалы инфляция – онда бағаның өсу қарқыны жылына орташа 5-10 проценттен аспайды; қарқынды инфляция - онда бағаның өсуі жылына орташа 10 проценттен 50 процентке дейін (ал кейде 100 процентке) жетеді; ұшқыр инфляция - онда бағаның өсуі жылына 100 проценттен асады; Халықаралық валюта қоры баға айына 50 процентке өссе, оны ұшқыр инфляцияның ішіндегі аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп аталады. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштаса оны стагфляция деп атайды;

-  әсер ететін факторлар бойынша – сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы.

Сұраныс инфляциясы ақшалы факторларға байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы “көтеріліп”, соның салдарынан төлем қабілеті бар сұраныста жоғары болады. Ал сол кездегі бірқалыпты баға жағдайында өндірістің оралымсыздығы сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс экономиканың өндірістік мүмкіндіктерінен жоғарылап, бағаның көтерілуіне соқтырады.(17)

Ақша массасының “көтерілуі” себептерінің ең негізгісі - әскери шығындардың өсуі, яғни шыға-рылған әскери техника күнбе-күнгі өмірде қолдануға жарамайтындықтан оның ақшалы экви-валенті бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықты жою үшін айналымға қосымша ақша массасы шығарылады, немесе ақша нарығына мемлекеттік зайымдар орналастырылады. Бюджет тапшылығын жоюдың бірінші жолы өркендеген мемлекеттерге тән. Айналысқа қосымша ақша массасын шығарудың алғашқы сатысында өндірістің дамуы, жұмыссыздықтың азаюы және бағаның төмендеуі тепе-теңдік орнайды. Сондықтан аз мөлшерлі инфляция пайдалы деген қорытынды шығады, себебі ондай инфляция артық өндіру дағдарысынан және жұмыс орындарының қысқаруынан сақтандырады. Одан әрі бүкіл экономикада бос жұмыс орны болмаған және дамыған сұранысқа өнімді қосымша шығара алмаған жағдайда баға өседі. Осыдан кейін өндірістің құлдырауына, оның тиімділігінің төмендеуіне және инфляцияның қарқындауына себепші факторлар әсер ете бастайды.

Сөйтіп, сұраныс инфляциясы кезінде шектелуі ұсыныспен салыстырғанда айналыста артық ақша массасының болуы бағаларды жоғарылатады және ақшаны құнсыздандырады.

Шығын инфляциясы өндіріс шығынының көбеюіне байланысты әсіресе еңбек ақының көбеюіне байланысты бағаның өсуі. Бұл жағдай көрсетілген өнімге баға белгілеуде әсер ететін ақшасыз факторларға байланысты туындайды. Ол - ең алдымен жалақы төлеуге шығындардың өсуі.

Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп, жалақыны қайта индекстеу қажеттігін талап етеді. Жалақының өсуі өз  кезегінде өнімді өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмен-деуіне, қолданып жүрген баға бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына әкеп соқтырады. Пайданы сақтап қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде   инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады: бағаның көтерілуі  жалақының өсуін  талап етсе,  жалақының өсуі  бағаны көтереді.  Бұл жалақы мен бағаның “инфляциялық серіппе” теориясы деп аталады.

Шығын инфляциясы  өнімнің әрбір  өлшемінің шығыны  көтеріліп,  соған байланысты  баға өскенде  ғана пайда болады.  Алайда жалақы  бағаны құрайтын  элементтердің  тек біреуі ғана.  Сонымен қатар,  тауар өндірісі  шикізат,  энергия көздерін алу,  транспорт қызметін  төлеу  шығындары көтерілуіне  байланысты да  қымбаттайды.  Шикізат пен энергия  ресурстарының  және оларды  тасымалдаудың  қымбаттауы, яғни материалдық   шығындардың өсуі – бүкіл әлемде  болатын заңды  процесс. Оған қарсы  тұратын фактор - өнімнің әрбір өлшемінің шығындарын  төмендететін жаңа технологияны пайдалану.(8)

Шығын инфляциясы мен  сұраныс инфляциясы  бірімен-бірі тығыз байланысты. Оны мынандай жүйеліктен байқауға болады: Қазіргі  кез келген экономика  жүйесін  инфляцияға ұшырататын – немесе сұраныс инфляциясына  немесе шығын инфляциясына  әсер ететін факторлар.

Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын  бірқалыпты  ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің  жобалауынша  инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін.  Ал дамушы мемлекеттерде  қарқынды  және ұшқыр инфляция басымдау болады.  Инфляцияға әсер ететін  факторлар, оның түрлері және инфляцияның  әлеуметтік-экономикалық  зардаптарын жою шара-лары да әр елдің  экономикалық өсуінің  ерекшеліктеріне  байланысты болады.  Дамушы елдерді  инфляцияның даму  жағдайлары  мен оған әсер ететін факторларға  байланысты төмендегідей  жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының  дамушы  мемлекеттері  жатады,  оларда 80-жылдар-дың аяғы–90-жылдардың  бас кезінде  экономикалық  тепе-теңдіктің  жоқтығы,  мемлекет  бюджетінің  тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта  ақша шығару станогы  мен үнемі индекстеу  механизмінің  қолданылуы байқалып,  ал сыртқы экономикалық ортада  жүйелі түрде  ұлттық валютаның  курсы төмендеді.  Никарагуада, мысалы, 1990 ж. ақшаның құнсыздануы 8500 процентке, Перуде-8291,5 процентке жетті.

Екінші топқа  Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили  елдері кіреді,  оларда да  экономикалық тепе-теңдіктің  жоқтығы  байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспанссияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция (бағаның жылдық орташа өсуі 20-40% шамасында) сақталып, бірен-саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер – Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Арабтар Әміршілігі, Катар, Сауд Аравиясы, Бахрейн – жеткілікті деңгейде  экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция    (1-5%) сақталуда, бағаға қатаң бақылау енгізілген. Экономикасы дамыған нарық жағдайында жұмыс істеуде. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқарды, жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді (ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және т.б.). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы-бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі, инфляция факторлары, біріншіден, мемле-кеттік бюджеттің бұрыннан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселелерінде анықталады; екіншіден, құрылым факторлары, мысалы, тез қай-тарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауыр өсуі; үшіншіден, “баға қай-шысы” деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесім-сіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.

Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды, бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекеттерде көп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.

Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляциялардың нышаны - ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монеталар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың “әкетілуіне” соқтырады.(9)

2       ИНФЛЯЦИЯНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУ ШАРАЛАРЫ ҚР-ДАҒЫ  ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ

2.1    Инфляцияның әлеументік экономикалық әсері және оның азайтуына қолданатын шаралар

Инфляцияның зардаптары  күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі  баға мен пайда  нормасын жоғарылатып, уақытша  конъюктураны  жандандырады. Процестің  у шығуы  барысында инфляция  ұдацйы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және  әлеуметтік  шиеленістерді  тереңдетеді.  Инфляция аттың  текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей  шаруашылықтың  шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты  жүргізуге  жол бермейді.  Бағаның әр түрлі өсуі экономика  салаларының арасындағы  сәйкестілікті  бұзып,  тұтынушылар сұранысын  бүркемелеп,  ішкі рынокта  тауарлар өткізуді қиындатады.  Мұндай инфляция  тұтынушының ақшадан  тауарға ауысуын  күшейтіп,  бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып,  тауарға тапшылық тудырып,  ақша қорлануына  ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің  қызметін бұзады.  Бұдан басқа халықтың  жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің  интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып,  номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының  күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.

Кейбір экономистер инфляцияның онша жоғары емес деңгейі экономикалық конъюпктураны жандандырады дейді. Тәжірибеде инфляцияның келесі негізгі әлеуметтік-экономикалық салдарлары орын алады.Инфляция табыс пен байлықты қайта бөледі. Осылай несие берушілердің арқасында қарызы бар адамдар байиды. Барлық жағдайларда дебиторлар ұтады; себебі ссуда ақшаның белгілі бір сатып алу қабілеті бар кезінде алынады да, ол сомаға аз сатып алу қабілеті бар кезінде қайтарылады. Сонымен қарызы бар кәсіпорындар инфляциядан ұтады және  мемлекеттің қарызы бар үкімет те ұтады. Себебі инфляция оған қарыздарын сатып алу қабілеті болатын теңгемен төлеу мүмкіндігін береді.

Бағалар бір-біріне күтпеген уақытта, тез және баланссыз өсетін болса, онда бұл жағдай нарықтық экономикадағы кейбір субъектер үшін пайдалы, ал басқалары үшін зиянды болады. Мысалы, бағаның бірден тез өсуін жоспарламай кәсіпкер мен кәсіподақ арасында коллективті шарт жасалса, баға өскен жағдайда жалданбалы жұмысшылар ұтылуы мүмкін. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағалары өскен жағдайда кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін. Сонымен инфляция табыс пен байлықты төлемді кейінге қалдырғандар пайдасына, ал номиналды және ұзақ уақытқа, белгіленген шарт негізінде (несиеге процент ставкасы, жалақы) ақша беретіндердің зиянына бөледі. Осындай қайта бөлуді инфляцияның жылдамдығы, кездейсоқтық пен баланссыздығын күшейтеді.(10)

Инфляция жылжымайтын мүлік құнын жоғарылатады. Сондықтан иеліктерінде жылжымайтын мүліктері бар жанұялар мен фирмалар бай болады.

Инфляция барлық ақша табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Номиналды табыс-бұл адамның жалақы, рента, пайда немесе пайыз түрінде алынатын ақша құралы болса, нақты табыс- номиналды табыс сомасына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады. Егер номиналды табыс тұрақты болса немесе инфляция қарқынына қарағанда баяу өссе, онда нақты табыс төмендейді. Сондықтан инфляцияда белгілі табысы бар адамдар көп зардап шегеді. Егер табыстың өсуі инфляция қарқынының алдында болса, онда жанұя, фирманың қаржы жағдайы жақсарады. Егер сұраныстың икемсіз жағдайында фирма өз өнімінің бағасын инфляция өсуіне  дейін тезірек көтерсе, онда ол инфляциядан зардап шекпейді. Бірақ көп фирмалардың ондай мүмкіндіктері жоқ, демек инфляция кезінде олардың қаржылық жағдайы нашарлайды.

Инфляция кезінде нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық құндылықтардың бағасы өседі. Сондықтан халық пен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданатын ақша қаражаттарын пайдалануға асығады, нәтижесінде де халық пен кәсіпорындар-дың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі пайда болады. Заттардың көп сатып алынуының нәтижесі сұраныс инфляциясының нығаюына әкеледі. Оның алдын алу үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты керек.

Инфляцияда ұзақ мерзімді инвестиция жасау ешкімге пайдалы емес, себебі инвестицияға белгілі бір ақша салынады да, инвестициядан табысты басқа ақшамен алады. Инвестицияның өсу қарқынынан жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін инвестиция ақылға қонымды болады. (15)

Инвестиция мерзімі ұзақ болған сайын құнсыздану көп болады. Мәселен, бір жоба үшін 200 мың теңге инвестиция керек болсын. Бірінші жылдың соңында 100 мың теңге табыс, екінші жылдың соңында 200 мың теңге, ал үшінші жылдың соңында 50 мың теңге табыс табылады деп жоспарлансын. Бірақ инвестицияны қазір шығару керек, ал табыс біраз уақыттан соң ғана түседі. Болашақтағы ақша табысын уақытша бағалау үшін дисконттау операциясы қолданылады. Егер инфляция қарқыны 15% деп болжалса, онда инвестициядан бірінші жылдың соңында табыс мынаны құрайды.  100 мың теңге/(1+0,15)=87 мың теңге. 2-жылдың аяғында 200 мың алынады деп күтілуде. Бірақ уақыт факторын есепке алғанда олар мынадай болады: 200 мың теңге/(1+0,15)²=151,5 мың теңге. 3-жылдың соңында инвестициядан табыс: 50 мың теңге/(1+0,15)³=33,3 мың теңге құрайды.87+151,5+33,3=271,8 мың теңге.         Байқағанымыздай бұл жоба инфляцияны есептесек те пайдалы болып табылады.

Инфляция сонымен қатар фирманың амортизациялық қорының құнсыздануына әкеледі, ол ұдайы өндірістің қалыпты процесін қиындатады. Инфляция   жинақтардың нақты құндылықтарын да, бұл банктегі салым, облигация, сақтандыру немесе қолма-қол ақшасын да төмендетеді. Адамдар жинақ жасамауға тырысады. Фирмалар пайдасының жартысын ағымдағы тұтынуға бағыттайды, бұл да қоғамның қаржы қорының азаюына, өнеркәсіптің бәсеңдеуіне әкеледі.

Инфляция салық арқылы халық пен кәсіпорындардың қаржыларын жасырын конфиске-леуіне алып келеді. Номиналды табысы өскен салық төлеуші бірден салықты салық салудың жоғары тобынан (жоғары проценпен)төлейді. Осылайша, халық пен кәсіпорындардың пайдасы деп есептелінбейтін және ағымдағы шығындарға кететін табыстарының бір бөлігі алынып қойылады. Мұндай жағдай тудырмас үшін дамыған Батыс елдері инфляция қарқынын есепке ала отырып, салық ставкасына индексация жүргізеді. Өкінішке орай, мұндай индексацияның  тиімділігі аз болады, себебі баланстанбаған баға өсу кезінде байлықты қайта бөлуіне әкеп соқтырады, номиналды табыстың нақтыдан ажырауының күшеюі және бұл да әртүрлі топтарда, әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен күшейеді. Бірыңғай индексация осындай нәзік айырылымдарды қамти алмайды, ол барлық табыстарды заңды түрде бағалайды. Сонымен қатар инфляциядан мемлекет те зардап шегеді, себебі салықтар мемлекеттік қазынаға түскен уақытқа дейін олар құнсызданады.(11)

Ұлттық шаруашылықты басқарудың нашарлауының бірі-инфляцияның тұрақсыздығы және өзгермелі-лігі. Инфляция кезінде бағалар тез өзгеріп тұрады, ол тұтынушының дұрыс таңдауын қиындатады. Болашақтағы табыстарға деген сенім-ділік төмендейді, шығындар мен пайданы болжау қиынға соғады. Осылардың барлығы кәсіпкерлікке деген ынтаны, экономикалық активтілікті төмен-детеді.

Біз инфляцияның үй тұрмысына, фирмалар мен мемлекетке тигізетін салдарын қарап шықтық. Осы талдаулардан байқағанымыз, инфляция қатты жоғары емес қарқында өндірісті өсіру стимулы болуы мүмкін, бірақ экономикалық процестің одан да көп бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде инфляция қарқыны өседі де қоғамда гиперинфляция болу қаупі төнеді. Ол да өзімен бірге экономикалық қирауға дейін баратын күйретуші салдарлар алып  келеді. Гиперинфляцияның ең қауіпті салдары, бұл - өндірістік қызметтің тиімсіздігінен делдалдық қызметке ауысудың болуы. Фирмалардың болашақта баға өседі деп шикізаттар мен дайын өнімдерін жинап отыруы инфляциялық қысымды күшейтеді. Өндірістің жалпы бәсеңдеуі басталады.

Осындай жағдайда қалыпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпкерлер тауарларына қандай баға қоюды, ал тұтынушылар қанша төлеуді білмейді. Өнім беруші фирма ақшасын тез арада алғысы келеді, өйткені ақша тез уақытта құнсызданып кетеді. Несиелік қатынас бұзылады. Бюджет тапшылығы мен мемлекет қарызы өседі. Ақшалар шындығында өз қызметтерін атқаруын қояды. Нәти-жесінде де қаржы-ақша сферасында кризис болады. Өнеркәсіп пен айырбас тоқтауға айналады және соңында экономикалық, әлеуметтік және саяси бей-берекеттік болуы да мүмкін.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардапта-ры төмендегі жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жинағының, шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануынан; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалануынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтаруынан және с.с. көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.(12)

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі әдістері-ақша реформасын жүргізу және инфляцияға қарсы басқа да саясаттар жүргізу.

Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар:

-   бірінші, жаңа ақша жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, сонымен қатар мемлекеттік құрылым өзгергенде, яғни отаршылық жүйе құлап, оның орнына отаршылықтан арылған саяси тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда және 90-жылдардың басында КСРО-ның орнына ТМД елдері құрылғанда бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән жаңа ақша жүйесі пайда болды;

-  екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, яғни жаңа ақша өлшемін енгізу, баға масштабын, ақша түрлерін және т.с.с. өзгерту.

Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көртеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалпына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді қолданады? Нуллификация, реставрация (ревальвация), девальвация және деноминация.

Нуллификацияол құнсызданған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысалы, 20-жылдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 ж. енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Сөй-тіп құнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда, Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі 1925-1928 жылдардағы ақша реформасы кезінде фунт стерлингтің алтын құрамы соғысқа дейін қалпына келтірілді. Ал Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін реставрация-ревальвация ретінде доллармен салыстырғанда ұлттық валютаның ресми курсын көтеру арқылы жүргізілді. Содан кейін Халықаралық валюта қоры ақша өлшемінің алтын құрамын тіркеуден өткізді. Мысалы, ГФР үш ревальвация (1961,1969,1971 жж.) өткізді, яғни марканың курсы осы он жылдың ішінде үш рет жоғарылады.

Девальвация ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ долларына алтын құрамын да төмендету. Долларды екі рет девальвациялау нәтижесінде оның алтын құрамы 1971 ж. желтоқсанында 7,89%-ке, ал 1973 ж. ақпанында 10%-ке төмендетілді. 1973ж. “өзгермелі” валюта курсын енгізген соң, девальвация Еуропа валюта жүйесінде - “реттелетін валюта курсы” топтастығында жүргізілді.

Деноминация – ол “нольдерді сызу” әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 1961 жылдың 1 қаңтарынан бастап баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 1961 ж. шыққан жаңа 1 рубль ескі 10 рубльге тең алмастырылды. 1988 ж. Бразилияда енгізген жаңа ақша өлшемі-нокрузадо бұрынғы құнсызданған 1000 крузадоға эквивалентті болды. 1998 ж. Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргізілді.

Көптеген елдердің экономикаында кейде мынадай жағдай қалыптасады: бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің  қысқаруымен бір мезгілде болады.Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды.Стагфляцияның барынша айқын себебі нарықтық құрлымдық жетілмегендігімен, ең алдымен бәсекенің тиістідеңгейінің болмауымен түсіндіріледі .

Батыс елдерінде инфляцияны жиынтық сұранымның жыл сайынғы өсу қарқынның өнім өндіру қарқыннан асып кетпеуімен түсіндіріледі. Оны толық жұмыспен қамтумен байланыстырады, себебі ол ақша ұсынымын көбейтеді, ал ақшаның көп болуы экономикалық өсудің шектейді ( басқаша айтқанда жалақы мөлшерінің көп брлуы материалдық мүдделікті төмендетеді, ол өндірістің даму қарқыны баяулатады ).Американ ғалым Мильтон Фридмен ( 1912 жылы туған), инфляция “ өніміді шығаруға қарағанда ақшаның артықшылығымен шақырылатын ақша феномені” болып табылады деп көрсетеді.

Қорыта айтқанда, инфляциямен күрес әдістері-мемлекеттің экономиканы реттеудегі жүргізетін іс-әрекеттерінің жиынтығы.

Бұнда U – инфляция деңгейі.

Pa – ағымдағы мерзім бағасы.

Рө - өткен мерзімдегі баға.

Инфляция деңгейі, әдетте, бір жылғы есеппен шығарылады.Тіпті,егер ол бір ай үшін есептелсе де, онда алынған шаманы жылма-жылғы деңгейге дейін жеткізу керек.Мысалы,1994 жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 105.5% құрады делік, осы шаманы 12-ге  көбейтсек, онда бір жыл ішіндегі инфляция деңгейінің 1269.6% құрайтынын көреміз.(13)

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯ ПРОЦЕСІ

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемелекеттік - монополиянған жүйеден нарықты қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляциясы болыуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тәң деген үзілдік-кесілді түжырымдар айтылды.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейіңгі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцяның тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы шаруашылықты басқарудың жоспарлы болу жүйесі.Ол шаруашылықтың шығынды механизімді қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды - ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шекксіз. Әсіресе, үлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізеді;

Құрал - жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында; мемелекеттік баға белгілеу жүйесінде; мемелекеттік- бюджеттің кірісі мен шығынында;

Несиелік және қаржылық ресурстардын қалыптастыруда байқалды.

Қазіргі инфляцияның бір көрінісі тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда оның түпкі себептері.

Біріншіден, КСРО -ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрыңғы нарықтың құрылымдарды жоя бастауы;

Екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесізімдік қалыптасты, яғни бір жағынан тұтыну қүралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жай дамыды. Ол салалар - ауыл шаруашылығы,тамақ жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж-39,5% , 1940 ж-61%, 1960 ж-72,5% болды.

Үшіншіден, бұрынғы КСРО -ның үлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемелекеттерде ол- 15-25 процент болды.

Төртіншіден, бұрынғы КСРО-ның үлттық жиынтық өнімнің (ҰЖО-ның) 25-30 процнеті ғана тұтыну қорын қүраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды . Жалақыда өте төмен, яғни ол үлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

Сөйтіп біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында дерективалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын түрақты қалыпты қылып ұстауға мүмкіндік берді.

Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сүраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалпына немесе төмен деңгейде ұстап түру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда элдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бүл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыныу қасиетін, оларға сүраныс пен үсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ал әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.

Сөйтіп тауардың көтерме, сатылу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жэрдем қаржы) беріліп отырды. Бүл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген үмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж-39,5% , 1940 ж-61%, 1960 ж-72,5% болды.

Үшіншіден, бұрынғы КСРО -ның үлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемелекеттерде ол- 15-25 процент болды.

Төртіншіден, бұрынғы КСРО-ның үлттық жиынтық өнімнің (¥ЖО-ның) 25-30 процнеті ғана тұтыну қорын қүраса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды . Жалақыда өте төмен, яғни ол үлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

Сөйтіп біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы - әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында дерективалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын түрақты қалыпты қылып үхтауға мүмкіндік берді.

Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сүраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалпына немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құнымен салыстырғанда элдеқайда көп ауытқуына (деформация) әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бүл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыныу қасиетін, оларға сүраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ал әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.

Сөйтіп тауардың көтерме, сатылу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімсіздік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация (жэрдем қаржы) беріліп отырды. Бүл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген үмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығынажәне кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына экеп соқтырды.

Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмайды. Нэтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауар кем бағамен (ученка) сатылып, немесе шығынға жазылыи (списагше) отырды (жылма-жыл 1,5-2 млрд. сом) осының бэрі «жабық» (скрытая) инфляцияның айғақ белгілері.

Қазақстанда 1992 ж. бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 жыл айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті, 1992 жыл ақша массасы меи нифляция қарқыны эрқайсысы 845 және 125 процентке өсті, осы көрсеткіштер 1945 жыл 216 және 160 процент болды. Ал 1996 жыл ақша массасының осу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендетуіп байқатты.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін бағасының индіксі (ТБИ) көрсетеді.

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына монополды құрылымдардың өніміне және транспорт қызметтеріне баға белгілеуді, сондай-ақ, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.

3.1.  Қазақстан Республикасындағы  инфляция процесі даму барысы оны шешудің түрлі жолдары

Қазақстанның 1993 жылдың Қазанына дейін Ресейдің рубльдік аймағында болып келгені белгілі. Сондықтан Ресейдің экономикасында болып жатқан дағдарыс пен инфляцияны күшейтуші жағдайлар Қазақстанның экономикасына тікелей таралды. Оның үстіне, көрші елдердің Ұлттық валюталарын енгізгендері, Ресейдің 1961-1992 жылдарда шығарылған ақшасын жаңа, 1993 жылғы ақша белгілеріне айырбастауының салдарынан Қазақстанға жан-жақтан миллиардтаған ескі, айналымда жоқ, Кеңес және Ресей ақша белгілері құйыла бастайды.

Ресей үкіметі мен рубльдік аймақты қайта құру жөніндегі жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. Олардың қойған шарттарын қабылдаған күнде, Қазақстан іс жүзінде өзінің егемендігін жоғалтатын болды. Осындай қиын жағдайдан шығу үшін Қазақстан Үкіметі ұлттық ақша – теңгені айналымға шығаруды жөн деп тапты. Шынында да бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы еді. Бір жақсысы, үкімет ұлттық ақша шығаруға алдын ала дайындалған болатын. Ең маңыздысы жеткілікті мөлшерде теңге басылып, әкелініп, енді айналымға шығуға дайын болатын. Сөйтіп қазақстанның ұлттық ақшасы – теңге дүниеге келді. Әрине бұл инфляцияны жүгендеуде шешуші орын алды. Бірақ, осы кезге дейін, нарықтық баға, бұрын болып көрмеген деңгейге жеткен болатын. Мысалы, 10 дана жұмыртқа үшін 15000 рубль, 1 кг. ет үшін 40000 рубль, 1 шыны шампан шарабы үшін 150000 рубль төлеу керек болды. 1993 жылдың өткен 9 айы бойынша орташа инфляция 784,1 процентке өсті, ал бағаның бір айлық орташа өсу қарқыны 87 процентке жетті.

Осындай жағдайда тұрлаулы бағамды ұлттық ақшаның шығуы инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге үлкен әсер етті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі қаулысымен әдейі ұлттық ақша енгізудің жағдайында бағаны шектеудің төтенше шараларын бекітті. Оның ішінде, көптеген тұтынуға қажет тауарлардың бағасына шек белгіленді. Осының нәтижесінде, аз уақыт ішінде болса да, баға мен инфляцияның өсуі тоқтатылды.

Бірақ кең өріс алып кеткен өндірістің құлдырауы ауыл шаруашылық өнімдеріне және энергия қуатының көздеріне бағаны босату, бюджеттің өскелең жетіспеушілігі, экономиканы долларландыру, т.с.с. жағымсыз жағдайлар, үкіметтің инфляцияға қарсы қолданған шараларын жоққа шығарды.

1994 жылдың 1 тоқсанында-ақ инфляцияның орташа өсу қарқыны 32,2 процент болды, ал теңгенің бағамы 4 есеге жақын төмендеп, сол жылдың көкек айында 1-доллар, 19 теңге 94 тиынға теңелді. (11-202 бет)

Кейінірек Үкімет пен Ұлттық банкінің қатал монетарлық саясат жүргізгенінің, қоғамдық меншікті жекешелендірудің және басқа елдерден инвестиция жұмылдырудың нәтижесінде инфляцияның деңгейі едәуір төмендетілді. Оған әсер еткен себептердің ішінде қатал монетарлық саясаттың маңызы көбірек. Олай дейтініміз сол кезеңде айналымдағы ақша жинағы 7,4 процентке, оның ішінде қолма-қол ақша 12 процентке кеміді, ал жалпы ішкі өнімнің өсуіне сәйкес көбеюдің орнына азайып кетті. Осының салдарынан айналымның ақша жиыны мен қамтамасыз етілуі сол тұста 9,5 %-ақ болды.

Ақшаның айналымдағы саны азайса бір жағынан, оның бағамын бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіншілік туады (ол жақсы), ал екінші жағынан, ел ішінде төлем қабілеті бар сұраным кемиді (бұл жаман). Қолда ақша болмаса, сатып алуға мүмкіншілік жоқ. Ұсынымның көбеюі бағаны өсірмейді, ал кей жағдайда, тіпті төмендетеді. Сондықтан, Үкімет орындарының инфляцияны бағалайтын көрсеткіші болып табылатын, тұтыну қоржынының жиынтық индексі баға мен инфляцияның төмендегенін көрсетеді. Осыған байланысты кейбір ресми көрсеткіштердің дұрыстығына күмәндануға болады.

Инфляцияның Қазақстандағы ең төменгі шегі 1998 жыл болды, бұл жылы инфляцияның орташа өсуі 1,9%  болды. 1999 жылы тағы да жоғарылап 17,8 %-ке жетті, ал 2000 жылы 9,8% болды.(14)

Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.

Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы-шаруашылықты басқарудың жоспарлы – бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін  қалыптастыруға, халық шаруашылығында  материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:

- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;

-   құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;

-   мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;

-   мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;

-   несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.

Қазіргі инфляцияның бір көрінісі – тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:

біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;

екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни  бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар  шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар – ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж.-39,5%, 1940ж.-61%,  1960 ж.-72,5% болды;

үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол – 15-25 процент болды;

төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің 25-30 проценті ғана тұтыну қорын қараса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.

Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында да директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен деңгейде  ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құныменсалыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыну қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың  арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.

Сөйтіп тауардың көтерме,  сатып алу  бағасы  мен бөлшек  саудадағы  бағалары арасындағы  үйлесімділік  жылдан-жылға  тереңдей түсті. Оған мемлекеттік  бюджеттен  дотация ( жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бұл тауар өндірушілердің  көтерме және дара бағаларды  көтере белгілеуге  деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен  кейбір тауарлардың  тапшылығына және  кейбіреулерінің  сауда орындары мен  өнеркәсіпте  жиналып қалуына  әкеп соқтырды.

Өндірушілердің  өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын  төмендетуге  ынтасы болмады. Нәтижесінде жылма-жыл  сауда орындарында  тауарлар кем бағамен (уценка) сақталып, немесе шығынға жазылып отырды (жылма-жыл 1,5-2 млрд. сом). Осының бәрі “жабық” инфляцияның айғақ белгілері.(15)

Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе өсті; 1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 % өсті; осы көрсеткіштер 1995 жылы 216 және 160 процент болды. Ал 1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.

Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі көрсетеді. Ол үй шаруашылығының “тұтыну қоржының” үлес салмағын есептеу негізінде  бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991 жылы белгіленді. “Тұтыну қоржынына” біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да әлсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996 жылы шілдеден бастап “тұтыну қоржынының” төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік – 62,6 процент (бұрынғысы 58,2), азық-түлік емес тауарлар – 23,2 процент (бұрынғысы 30), көрсетілетін ақылы қызмет – 14,2 процент (11,8) құрайды [24;48].

Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өніміне және транспорт қызмет-теріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.(16)

1-кесте. 2006 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының инфляция 0.7% құрады

2006 жылдың қазаны 2006 ж  қаңтар-қазаны 2005 ж қаңтар-қазаны
2006 ж қыркүйегінде 2005 ж желтоқсанында 2005 ж қазанына
Барлық тауарлар мен қызметтер 0,7 6,6 8,2 8,6
Азық-түлік тауарлар 0,5 4,9 7,6 8,9
Азық-түлік  емес тауарлар 0,6 6,0 6,1 6,7
Ақылы қызметтер 1,2 10,2 11,0 10,1

Азық-түлік тауарлар рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы – 6,9%-ға, сүт өнімдерінің бағасы - 2%-ға, ет және ет өнімдерінің бағасы 0,5%-ға өсті.Нан өнімдері мен жарама өнімдерінің бағасы 0,4%-ға, жармалар бағасы-0,8%-ға, нан мен күріш -0,6%-ға өсті.Жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы 0,1%-ға өсті.Қант бағасының деңгейі 1,7%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес таурлар тобына киім және аяқкиімнің бағасы 0,7%-ға, құрылыс материалдарының, кітаптар мен газеттердің бағасы-0,6%дан өсті.Кеңсе тауарларының және үй тұрмысында пайдаланылатын заттар бағасының өсімі-0,3%-дан, аудиовизуалдық жабдық және жеке гигиена тауарлар бағасының өсімі-0,2%-дан құрады.Бензин мен көмір 2,3%-ға, дизель отыны 0,8%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер саласында жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы 1,6%-ға автомобиль көлігінде-2,1%-ға, әуе көлігінде-0,6%-ға, электр көлігінде-0,4%-ға, темір жол көлігінде-0,2%-ға қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1,5%-ға өсті, ыстық сумен жабдықтау-2,9%-ға, электр энергиясының және газ жабдықтау тарифтері-0,9%-дан өсті. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері 0,9%-ға, білім беру-0,6%-ға, мәдениет қызметтері-0,4%-ға қымбаттады. Мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтерінің бағасы 0,6%-ға өсті.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруі көрсетеді.Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 508 позиция кіреді.Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағ сауда және қызметкөрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының нақты шеңберінде жүргізіледі.Біріктіру үшін пайдаланатын салмақ жүйесі олардың  шығыстары бөлшегінде өткен жылғы үй  шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.

1-сурет. 2006 жылдағы  қазақстан  республикасындағы барлық тауарлар мен қызметтер көлемі 0,7% құрады бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 0,4%-ке көп екенін көреміз.(18)

2-кесте. 2007 жылы қаңтарында Қазақстан Республикасынндағы инфляция 1,1%құрады.

2006 жылдың қаңтары
2006 жылдың желтоқсанына 2006 жылдың қаңтарына 2005 жылдың желтоқсанына
Барлық тауарлар мен қызметтер 1,1 8,5 9,5
Азық-түлік тауарлар 1,6 7,6 9,0
Азық-түлік емес тауарлар 0,3 7,0 7,4
Ақылы қызметтер 1,1 12,0 12,8

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөніс бағасы 5,2%-ға жұмыртқаның бағасы 5,1%-ға өсті.Нан мен жарама өнімдерінің бағасы өсімі 1,9% құрады (нан бағасының өсімі – 3,3%, күріш –2,5%).Сүт өнімдерінің бағасы 1,5%-ға өсті (жаңа сауылған сүт – 2,3%-ға, ашыған сүт өнімдері –1,3%-ға, ірімшік мен сүзбе-0,8%-ға, сары май-0,7%-ға).Балық бағасының деңгейі 0,9%-ға, ет және ет өнімдер бағасының денгейі – 0,8 % - ға өсті , ал қант бағасының денгейі – 0,4 % -ға төмендеді.

Азық-түлік тауарлар тобына үйтұрмысында пайдаланылатын заттар, киім аяқкиімнің бағасы-0,7%-дан, жеке гигена таурларының бағасы0,6%-ға, аудиовизуалдық жабдық бағасы-0,5%-ға өсті.Кітаптар мен газеттердің бағасының өсімі 1,2%, құрылыс материалдарының бағасының өсімі-0,8%-құрады.Көмір отын бағасының деңгейі 1,2%-ға, дизель отыны бағасының деңгейі-1%-ға өсті, ал бензин бағасының деңгейі-3,1%-ға төмендеді.

Азық қызметтер саласында тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1,3 % -ға өсті. Қоқыс жинау тарифтері 10,5 % -ға, электрэнегияның бағасы – 2,6 % -ға , газ тарифтері – 1,5 % - ға өсті, орталықтан жылыту жүйесі тарифтері – 0,7 % - ға өсті, ал кәріз және сумен жабдықтау тарифтері – 0,6 % - дан төмендейді. Жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы - 1,1% -ға өсті.Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері - 1,9  % - ға , мәдениет қызметтері – 0,9 % -ға , білім беру қызметтері – 0,6 % -ға қымбаттады.

2-сурет. 2007 жылдың қаңтарындағы Қазақстан Республикасындағы барлық тауарлар мен қызметтер көлемі 1,1% құрады бұл көрсеткіш алдынғы жылмен салыстырғанда 0,4% -ке көтерілгендігін көреміз.(19)

3-кесте. 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасының инфляция 0,8% құрады

2007 ж ақпаны 2007 ж қаңтар-ақпан 2006 ж қаңтар-ақпанына
2007 ж қаңтарына 2006 ж желтоқсанына 2006 ж ақпанына
Барлық тауарлар мен қызметтер 0,8 1,9 7,9 8,2
Азық-түлік тауарлары 1,0 2,6 6,1 6,8
Азық-түлік емес тауарлар 0,2 0,5 6,9 7,0
Ақылы қызметтер 1,1 2,2 12,0 12,0

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы 4,1%-ға жұмыртқаның бағасы-1%-ға өсті.Сүт өнімдері бағасының өсімі 0,7% құрады (жаңа сауылған сүт, ірімшік пен сүзбе-0,9%-дан, ашық сүт өнімдері мен сары май-0,3%-дан). Нан мен жарама өнімдерінің бағасы 0,6%-ға өсті, ал ұнның бағасы-1,4%-ға, нан-0,8%-ға өсті.Балық бағасының деңгейі 1,6%-ға, ет және ет өнімдерінің бағасының деңгейі -0,8%-ға өсті, ал қант бағасының деңгейі-1,9%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобына киім және аяқкиімнің бағасы-0,6%-ға, жеке гигиена тауарларының бағасы 0,7%-ға өсті. Кітаптар мен газеттер бағасының өсімі-1%, үй тұрмысында пайдаланатын заттар және құрылыс материалдары бағасының өсімі- 0,5%-дан, аудиовизуалдық жабдық бағасының өсімі 0,1%-құрады. Көмір отыны 1,2%-ға қымбаттады, ал бензин-3,2%-ға, дизель отыны 1,2%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы 2%-ға өсті. Денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері-1,8%-ға, мәдениет қызметтері-0,7%-ға, білім беру қызметтері 0,3%-ға қымбаттады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1%-ға өсті. Электр энергиясының бағасы-3,6%-ға, газ тарифтері 1%-ға өсті. Орталықтан жылыту жүйесі және жылу сумен жабдықтау тарифтері 0,1%-дан өсті, ал кәріз және суық сумен жабдықтау тарифтері 0,2%-дан төмендеді.(20)

Ағымдағы жылдың инфляциясы деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

*100%                                              (1)

4 – сурет. 2007 жылдың ақпанындағы Қазақстан Республикасындағы барлық тауарлар мен қызметтер көлемі 0,8% құрады бұл көрсеткіш алдыңғы аймен салыстырғанда  0,3% көлемін төмендегендігін көреміз.(21) 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда қазіргі инфляция саны қилы, көп факторлы күрделі  процесс, ол белгілі бір дәрежеде дарлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіреді. Инфляция көп факторлы құбылыс, бірақ оның мынандай негізгі себептері бар:

  • шектен тыс әскери және инвестициялық шығындар
  • қоғамдық байлық өсуіне
  • тауар өндірісі шығынының өсуі
  • мелекеттік қаржы ділгерлігі мен қарыздың өсуі
  • ақша белгілерінің шамадан тыс өндірілуі

- Несие экспанциясынң, яғни, шектен тыс экономикалық пайдасыз несиелеу. Алғашында фирмалардың есебіне пайда болып, олар бірт–бірте қолма–қол ақшаға айналып, экономиканы бос ақшамен толтырып жібереді.

-   Монополист – кәсіпорынның өз өніміне бағаны көтеруі.

-   Жалақының пайдасыз көтерілуі.

Инфляцияның негізгні салалары:

-    адамдардың көпшілігінің материалдық жағынан жақсаруы

-  ұлттық табысты кәсіпорын–монополистердің, мемлекеттің экономика пайдасына бағаны өсіру және тұрғын халықтың таза пайдасын төмендету арқылы бұру.

-   бағаның өсуінде пайда тапқан өндірістердің өсуі .

- шаруашылық байланыстың бұзылуы, саудагерлік пен "көлеңкелі экономиканың өсуі".(5)

Сонғы кезде инфляцияның дамуында жаңа құбылыстар пайда болды: бұрынғыға қарағанда , ол экономиканы тіпті дағдарыс кезеңдерінде де бұзады.

Курстық жұмысты қорытындылай келе I – тарауда жалпы инфляцияның мәні мағанасы жайлы және оның себептері, түрлері экономикаға тигізетін әсері жайлы болды. II–тарауда инфляцияны бәсеңдету шаралары және қазіргі кездегі Қазақстандағы ерекшеліктері, осы ерекшеліктеріне сәйкес Қазақстан Республикасы агенттігінің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2003 жылдың қаңтар айы көрсеткіштеріне сүйенсек 1.0% құраған, 2002 жылдың қаңтар айы бойынша 0.7%.Қазақстандағы жылдық көрсеткіш 2001 жылы 6.4%, 2002 жылы-6,6%, 2003 жылы-6%  құрайды  деп болжануда. Яғни бұл жерден біз инфляцияны өткен жылдармен салыстырғанда азайғанын көріп отырмыз. Ақша – несие саясаты 2003 – 2005 жылдарға арналған негізгі болжам көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ инфляция 2002 жылы – 6.6%, 2003 жылы - 4-6%, 2004 жылы – 4-6%, 2005 жылы – 3-5% құрайды деп болжануда. Ал 2006 жылы бұл көрсеткіш 0,7% құрады.Ал 2007 жылдың қаңтар-ақпанына сүйенсек 1.1%-0.8% құрады. Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізуі қажет. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты: экономикны тұрақтандыру, баға мен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатаң бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі.Ал аса төтенше жағдайда ақша-реформасын жасуы қажет.

Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі.Ол бір мезгілде материалдық қаржылық сәйкессіздіктің әрі салдары, әрі себептері ретінде яғни егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асуын қиындататын болса экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін.Қазақстанда өндірісті дамытуда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы қарсы саясатты құру мүмкін емес.

Инфляциға қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі-қаржыны сауықтыру және халық шаруашылық тұрақтандыру, шығыны көп және табыстылығы төмен шаруашылық субъектілеріне қысқарту болып табылады.

Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес, өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Бір сөзбен айтқанда, инфляция халықтың әл-ауқатының деңгейіне теріс әсер ететін нәтижелерді азайту керек.(9)

ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ:

  1. Жатқанбаев Е.Б. Күренкеева Г.Т. Бимендиева Л.А. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы.Каз ГНУ им. Аль-Фараби.-Алматы, 2006 жыл.(249-252 бет)
  2. Ілясов. Қ.Қ, Құлпыбаев.С. Қаржы, оқулық ΙΙ-бөлім, Алматы: 2003 жыл. (359-375 бет)
  3. Мақыш С.Б. Ақша және ақша айналысы.(147-189 бет)
  4. Көшенова Б. Ақша, несие, бактер.(58-79 бет)
  5. Әубәкіров Я.Ә. Экономикс.Оқу құралы. Алматы: Экономика, 1995.(135-146 бет)
  6. 6. Гордиевич Т.И. Инфляционные процессы в переходной экономике: Генезис и роблемы регулирования:(На примере Республики Казахстан): /Университет “Туран”.-Алматы, 1997.(189-204 бет)
  7. Макроэкономика: Учебное пособие/Под ред. И. П. Николаевой. - Москва: Финстатинформ, 2000.(245-257 бет)
  8. Жүнісов Б.Ж. Нарықтық экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. 1994.(158-176 бет)
  9. Саниев М.С. Ақша, Несие, Банктер. Оқу құралы-Алматы: Алматы экономика және статистика институты, 2001.(178-189 бет)
  10. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер Оқулық-Алматы: Экономика, 2001.(69-77 бет)
  11. Стоянова Е.С. Финансовый менеджмент в условиях инфляции.-Москва: Преспектива, 1994(197-203 бет)
  12. Сембиева Л.М. Социальные аспекты инфляции:/ КазГНУ им. Аль-Фараби.-Алматы, 1995.(167-168 бет)
  13. Селищев А. С. Макроэкономика. - Москва: Питер, 2001.(176-184 бет)
  14. Көшенова Б.А. Ақша.Несие.Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/-Алматы: Экономика, 2000.(146-157 бет)
  15. Экономикалық теория негіздері. Оқулық.-Алматы, “Санат”, 1998 (158-176 бет)
  16. 16. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ Университеті.2000.(193-205 бет)
  17. Усов В.В. Деньги Москва:Банки и биржи, 1999. Денежное обращение. Инфляция: Учебное пособие.-.(186-191 бет)

Газет және журналдар:

  1. Казахстанская правда-27.02.2001. 2000-жылдың көрсеткіші.№ 12.
  2. Банки Казахстана: ежемесячный финансовый журнал №1 (67) 2003 год.
  3. Банки Казакстана: ежемесячный финансовый журнал №2 (68) 2003 год.

Похожие материалы