Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инфляцияның экономикадағы мәні

Инфляцияның экономикадағы мәні

Қазіргі  кездегі  ауқымды  өзгерістер  кезеңі  қоғам  өмірінің  барлық  саласын  жан-жақты  қамтуда экономика  мен  экономикалық  теория  бүгінгі  күндерде  қоғамды  дамытудың  басты  пәрменді  күші  болып  отыр. Экономикалық  құрылымы  өте  күрделі  және  экономика  ғылымы  эволюциялық жолмен  дамып , болжамдарды  жалғастырып  келеді. Экономика соныменқатар  қоғам  өмірінің  көптеген  мәселелерін  қамтиды. Әсіресе  ,  соның  ішінде  баға , табыс , жұмыссыздық  және  тағы  басқа  құбылыстардың  өзгерісімен тығыз  байланысты . Қазіргі  күндері  экономиканы  біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын  түсіндіру  және  жазу  үшін , екіншіден – экономикалық  тәртіпті  негіздеу  үшін  қолданылады.

Экономиканың  өзін  макроэкономика және  микроэкономика  деп  екі  салада  қарастырамыз. Бұл екі  сала  өзара  бір – бірімен  тығыз  байланысты  болады. Міне, осы  макроэкономика  саласының  күрделі  мәселелерінің  бірі - инфляция  болып  табылады.

Инфляция  адамзат  тарихында  жаңа  құбылыс  емес. Оның  бай  тарихы  бар 1775 – 1783  жылдары  Солтүстік  Америкада  тәуелсіздік  үшін  болған  соғыс  доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқтырды. Франция  1789 – 1794  жылдары  революция  кезінде  ендірілген  қағаз  ақшалар  7  жылда  883  есе   құнсызданды.

Алғашқы  рет  ″ инфляция ″  деген  ұғым  ақша  айналымына  қатысты  АҚШ – та  Азамат  соғысы  кезінде  / 1851 – 1865 ж.ж / орасан  зор  гривналар  /ақша  орнына  қолданылған  күміс  кесек  450  млн  доллар / шығарылуына байланысты  қолданыла  бастады, ал оның  төлем  қабілеті 2  жылдың  ішінде  60 %  -ке дейін  төмендеді.

Инфляция  тек  қағаз  ақшаға  тән  және  ол  экономиканың  кез  келген  үлгісінде  орын  алады,  көбінесе  инфляция  айналымдағы  ақшаның   көбеюімен  бейнеленеді. Бірақ  кейде, инфляциялық  ахуал, айналымдағы  ақшаның  саны  бір  қалыпта  қалған  күнде – де  туады. Мысалы, егер  елде  тауар  өнімінің  көлемі  азайып  кетсе, онымен  тікелей  байланысты  тауар  айналымының  да  көлемі  азаяды. Олай  болса , оларға  жұмыс  жасайтын  ақшаның  да  саны  азаяды. Сөйтіп , дәл  осы  кезде  айналымда  жүрген  ақшаның  кейбір  бөлігі   артық  болып  шығуы  мүмкін . Тап  осындай  жағдай  ақша  айналымы  жеделдетілсе де  туады. Ақша  айналымын  жеделдету , басқа  жағдайлары  бірдей  болғанда, айналымға  қосымша  ақша  шығарғанмен  бірдей.

Сонымен   инфляциялық  ахуал  көптеген  себептердің  әсерінен  тууы  мүмкін. Осы  себептерді  екі  топқа   бөлуге  болады :

  1. Ақша айналымымен тікелей  байланысты  себептер  
  • Айналымға бюджеттің тапшылығын  жабу  үшін , тауарлық  ресурстармен  қамтамасыз  етілмеген  тым  көп  қолма – қол  ақша  шығару;
  • Айналымға қолма – қол  емес  ақша  шығарумен  байланысты , шаруашылыққа  шамадан  тыс  көп  несие  беру;
  • Ұлттық валютаның  бағамын   бір  деңгейде  ұстау  үшін  Ұлттық  банктің , басқа  елдердің, еркін  айырбасталымды валюталарын   сатып  алу  немесе  сату.
  • Ақша айналымы  мен  жанама  байланысты  себептер 
  • Шаруашылықтың үйлесімді  өркендеуінің  бұзылуы ;
  • Шаруашылықтың шығынды  тетігі ;
  • Салық саясаты ;
  • Баға саясаты ;
  • Мемлекеттің сыртқы  экономикалық  қызметі

Бір  қарағанда   екінші  топта   келтірілген  себептер инфляциямен  байланысы  жоқ  сияқты   болып  көрінеді , бірақ  бұдардың  әрқайсысы  айналымдағы  ақшаның  жинағының  өзгеруіне  әсер  ете  алады , сөйтіп   инфляциялық  ахуал  туғыза  алады. Мысалы , шектен  тыс  жоғары   салықты  өндіріс  пен  тауар  айналымының  өсуін  ынтымақтандырмайды , керісінше , инвестицияның  белсенділігі  төмендейді , соның  нәтижесінде  өндіріс   көлемі  де , тауар  айналымы да  азайып , айналымда  артық  ақша  пайда  болады.

Макроэкономикалық   құбылыстарға  басты  себептер   ұлттардың  табысқа  жету – жетпеуіне  байланысты  болады.

Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы шығындар, салықтар, ақша  айналысындағы  өзгерістеріне  экономикалық  саясат   арқылы  әсер  етеді.

Өсудің  тенденциясын   анықтау  көрсеткіші  үшін  өндірістің  потенциалдық  көлемін, яғни  оның  мүмкіндігінің  минимумын  алады.

Өндірістің  потенциалдық   көлеміне  жету – жұмыспен  қамтамасыз  етуге , инфляцияның  ұлғаюына  байланысты, жұмыссыздық  көбейген  кезде  инфляция  төмендейді. Сонымен  қатар, соңғы  уақытқа  дейін  біздің  санамызда  ″ инфляция ″  ұғымы  капитализмнің  келелі  ретінде  орнықты. Құн  заңы  әрекетімен  анықталатын   тауар  ақша  қатынастарының  болуы  инфляциялық  процесстерді  тудырады. Инфляцияның  себебі, әрекет  ету  механизмі, көрінуі  және  оның  зардаптарымен  күресу  жолдары  бұрын  соңды  біздің  елде  зерттелмеген.

Қазіргі  кезде  ол  барлық  жұмысшы   күштерінің  6%-тін  қамтиды.

Сонымен  инфляция  дегеніміз - /латын  сөзінен  алғанда  inflatio/ қағаз  ақшаның  құнсыздануына  байланысты  болатын   әлеуметтік – экономикалық   құбылыстар   жиынтығы, басқаша  айтқанда  айналыстағы  ақша   өлшемдері  қосындысынан  артып  кетіп , осының   нәтижесінде  тауарлармен  қамтамасыз  етілмеген  ақшаның  пайда  болуы  инфляцияны  білдіреді. Оның  мәнін  түсіну  үшін  10 млрд  алтын   доллар  керек  екен , ал  қағаз  ақша  20 млрд  доллар  шамасында  шығарылды  делік. Мұның  өзі  қағаз  доллардың  екі  есе  құнсыздануына  әкеліп  соқтырады. Инфляция жұмысшылардың   жағдайына  зардапты  ықпалын   тигізеді. Себебі , тауар  бағасы  бірнеше  есе  өседі, ал  мемлекет жалақыны  бұрынғы  дәрезесінен  арттырмауға  тырысады. Ақшаның  құнсыздануы , халықтың  әл – ауқатының  дәрежесін  төмендетуге  әкеп  соқтырады.

Инфляциядан  өндірісте  біраз  зардап  шегеді. Инфляцияның  деңгейінің  көтерілуіне  байланысты  еңбекке  деген  ынта  да  бұзылады. Инфляция  тауар  тапшылығының  басты  себебі  бола  тұрып  таур  азық – түлікті  белгіленген  норма  бойынша  бөлуге  мәжбүр  етеді.

Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен   салыстырғанда   құнының  төмендеп   кетуінен  туады  да,  товар  бағасының  көтерілуіне  әкеліп   соғады.

Егер  қағаз  ақшалар  товар  айналысына  қажетті   мөлшерде  шығарылатын  болса, онда  бұл  ақшалардың  нақтылы   сатып  алу  қабілеттілігі  олардың  мазмұнына  сәйкес  келетін  болады.Осылардың   нәтижесінде  девальвация  және   ревальвация  деген  ұғым  бар.

Девальвация   дегеніміз – қағаз  ақшаның  ресми  құнының  өзіне  тұрақты  қалпына  келтіру. Ол  үшін  бағасы  төмендеп  ақшаларды  айналыстан  шығарып  оның   орнына  толық  құнды  кредит  билеттерін  шығару / яғни  бұл  ашық  девальвация /. Айналыстағы  қағаз   ақшаның  ресми  құнының  төмендету  бұны  бүркемелі  девальвация  мақсатымен  ақша  реформасын  жүргізу. Ұлттық  ақша  өлшемінің   алтындық мазмұнын  кеміту  және  шет  ел  валюталарымен  қатынас  курсын  төмендету.

Ревальвация  дегеніміз – ақша  курсын  көтеру. Алтын  немесе  шет  ел  валютасымен  салыстырғанда  мемлекеттік  қағаз  ақша  курсның   өсуі. Ревальвация – ақшаны  тұрақтандыру , бағаның  инфляциялық  өсуіне  қарсы  ықпал  етудің   белгілі  бір   әдісі.

Шет  ел  мамандары   инфляцияның  өсу  қарқынына  байланысты  оны  3 түрге  бөледі :

  1. Баяу және сұлама  инфляция
  2. Қарқынды инфляция
  3. Ұшқыр инфляция

Баяу  инфляция  кезінде  баға  жай  өседі  де / жылына 10 %-тен аз /  ақша  негізінде  өз  құнын  сақтап  қалады. Мұндай кезде халық  та, мемлекет те төтенше  жағдайда  тап  болмайды.

Қарқынды инфляция  кезінде  баға  жылына 10 – 20 –дан 200 % - ке  дейін  өседі. Соның  салдарынан  жалақы  өсіп, ол  одан  әрі  өсуіне  әкеп  соқтырады.

Ал  ұшқыр  инфляция кезінде  ақшаның саны  мен  баға  астрономиялық  қарқынмен  / 1000 % -тен  жоғары / өседі. Баға  мен  жалақының  арасы  алшақтап , бай  адамдардың  да  тұрмыс  жағдайы, тіршілігі  қиындай  бастайды.

Шет ел  нарықта  болатын  инфляциялық  тепе – теңдік формаларына  байланысты   инфляцияны  ашық  және  басылыңқы  деп  бөледі. Еркін  баға  белгілеу  экономикасына тән  ашық  инфляция  бағаның  тауарлар  мен  қызметтерге  созылмалы  артуы  түрінде   көрінеді. Ашық  инфляция  кейбір  тауар  нарығындағы  бағаның  оқтын – оқтын  төмендеуімен  немесе  оның  өсуінің    баяулауымен  сыйса  береді.Ал  ол  ашық  инфляцияның нарық  механизмін  едәуір  бұрмалағанымен   әйтсе  де  оны  толық   бүлдіре  алмайтын   көрсетеді.

Жасырын  инфляция  деп  аталаын  басылыңқы   инфляция   реттелмелі  бағалар  қолданылатын  экономикаға  тән , ол  тауар  тапшылығында , өнімніңсапасының  нашарлауында, амалсыздан  ақша  жинақтауда  астыртын  экономикада  көрінеді. Егер біздің  осы  уақытқа  дейінгі экономикамызды  алсақ, онда  ұзақ  жылдар  бойы  басылыңқы  инфляция  жағдайында  болды. Және  болашақ  экономика  үшін  бұл   қауіпті  емес, одан әлі  де  болса  құтылуға  болады / 1993 ж  дейінгі / .

Сұраным  мен  ұсынымға  байланысты   инфляцияны екі  типке  бөлуге  болады :

 1.Сұраным  инфляцияциясы

  1. Ұсыным инфляцияциясы

Сұраным  инфляцияциясы – нарықтық  байланыстарда  монополизм  мен  әкімшілдік  - әміршілдік  басқару  жүйесінің  ұзақ  үстемдігі  болған  жағдайда  да  орын  алады.

Ұсыным инфляцияциясы - өндіріс  шығындарының  өсуінің  немесе  жиынтық  ұсынымның   нәтижесінде  болады. Тағы  ұсыным  инфляцияциясы  ұсыным  мен шығындарды  өзгерту  нәтижесінде  болуы  мүмкін.

Ұсыным  инфляцияциясының  екі  түрі  бар:

1) Жалақының  өсуі  әсерінен  болатын  инфляция

2) Ұсыным  экономикасы  механизмінің  бұзылуы  нәтижесінде  пайда  болатын  инфляция

Инфляцияның  сипаты   қоғамдық  ұдайы  өндірісті   дамыту  барысында  елеулі  түрде  өзгереді. Осыған  байланысты  инфляцияны  кейбір  елдерде  орын  алатын  жергілікті   инфляция, барлық  елдерді  қамтитын  бүкіл  әлемдік  инфляция, елде  бір  ішкі  экономикалық  факторлардың  әсерінен  болатын  индуцироланған  инфляция , мөлшерден  тыс  несие  экономикасынан  туындайтын  несие  инфляциясы , сыртқы  себептерден  туындайтын  сырттан  әкелінген  және  сыртқа  шығарылатын  инфляция, инфляциялық  процестің  бір  қалыптылығы  еместігімен  байланысты  болатын  сатылы  инфляция  деп  ерекшеленеді.

Инфляцияны  бағалау   және   өлшеу  үшін  бағалар  индексінің  көрсеткіші  пайдаланады. Бағалар  индексі  тұтыну  тауарлары  мен  қызметтердің  белгілі  бір  жиынтығының  сатып  алу  бағасы  мен  базалық  кезеңнің  бағасы  арасындағы  арақатынасты  өлшейді. Ағымдағы  жылдың, бағалары   индексінен  өткен  жылдың  бағалары   индексі  шегеріліп, өткен  жылдың  бағалары   индексіне  бөлінеді, сонан  соң  жүзге  көбейтіледі :

Инфляция  қарқыны = Iб1 – Iб0 ⁄  Iб0 *100

Қазақстанда  тұтыну  тауарларының  бағасы  мен   қызметтер көрсетудің  тарифтері  өткен  жылға  қарағанда  былайша  өсіп  отырады ( есе ) :

1990 – 1; 1992 – 2,5 ; 1993 – 30,6 ; 1994 – 22,7 ; 1995 – 1,60 ; 1996 – 1,39 ; 1997 – 1,17 ; 1998 – 1,07 ; 1999 – 1,18 ; 2000 – 1,13.

Инфляциялық  процестің  қуаттылығын  бағалауды  және  инфляцияның  түрлерін  мынадай  критерийлер  ажыратылады  бағалар  өсуінің  қарқыны  бойынша  :

  • Баяу – бұл кезде  ақшаның  номиналдық  құны  сақталады, кәсіпкерлік  тәуекел  болмайды.
  • Өршімелі – баға 100  пайыз  шегінде  өскенде, ақшаның  затталынуы  өседі.
  • Әсіре – баға жүздеген пайызға  өскенде, баға  мен  табыстардың  арасындағы  алшақтық  ұлғая  бастайды.

Бағалар  өсуінің  теңгерімділік  дәрежесі  бойынша  теңдестірілген  және   теңдестірілмеген  инфляция.

Теңдестірілген инфляция  кезінде  әртүрлі  тауарлардың  бағасы  бір – біріне қатысты өзгерусіз  қалады, теңдестірілмеген  инфляция  кезінде  олардың   бір – біріне  арақатысы  өнбойы өзгеріп  отырады, оның  үстіне  әр  түрлі  үйлесімде.

Болжаулық  (болжап айтушылық ) дәрежесіне  байланысты  :

Күтілген , болжамды  және  күтілмеген  шығу  немесе  пайда  болу  орнына  қарай : импортталынған  және  экспортталынған;

Сондай – ақ дпмудың  әркелкілігімен  сипатталатын  сатылы , баға  шамалы  өскен  немесе  өзгерусіз  қалған , бірақ  тауар тапшылығы  күшейген  кезде  тұқыртылған  инфляцияны ажыратады.

Нақты  экономикалық  өмірде инфляцияның  бұл  түрлері  және  оларға  ілеспелі  салдар  тығыз  тоқайласады, өзін  өзара  толықтырады, бұл  инфляциялық шиыршық  деп  аталынатынды  тудырады , бұл  кезде  өндірістің  тұтынылатын   компоненттері  баға  мен  еңбекке  ақы  төлеудің  өсу  нәтижесінде   шығындардың  көбеюі   шығарылатын  өнім  құнының  артуына  соқтырады, мұнда  өнімді   тұтыну  жалақының  және   экономиканың  шектес  секторларында  материалдық   шығындардың  қосымша  өсуін  талап  етеді  және  осылайша  шексіздікке  кете  береді.

Импортталынған  инфляция  - ол  шетелдік  валютаның  шамадан  тыс  түсімінен    және   импорттық  бағалардың   жоғарлауынан  туады.

Экспортталынған  инфляция – тауарлар  мен  қызметтер  көрсетуге  экспорттық  бағаның  көтерілуінен  туады , бұл  тұтынушы – елдерде , соның  ішінде  дамып  келе  жатқан  елдерде  бағаның  өсуіне  соқтырады.

Инфляция  елдің  әлеуметтік – экономикалық  жағдайына  көп  зардабын  тигізеді. Олар:

  • ақшаның құнсыздануына  сәйкес  халықтың, шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  және  мемлекеттің  барлық  қор  жинақтары   құнсызданады.
  • құнсызданған ақшадан ″ қашу ″ басталады. Ел қолда  бар  ақшасын  тауарға  немесе  еркін  айырбасталатын  валютаға  ауыстыруға  тырысады. Ал, осындай жағдай, бұрынғы  қалыптасқан  тұтыну  сұрамдылығының  құрылысын   бұзады , тауардың  жетіспеушілігі  пайда  болады.
  • инвестициялық белсенділік  төмендейді  .Ешкім  капиталын  өндірісті  дамытуға  салғысы  келмейді. Өндірістің  көлемі  азаяды,соның  салдарынан  жұмыссыздық  көбйеді.
  • табысын салық  салудан   жасыратын  бұқпантайшы экономика  дамиды
  • халықтың  арасында   бұрын  болып  көрмеген  байлар  мен  кедейлер  тобына жіктелу  пайда  болады, ал бұл, өз кезегінде  әлеуметтік  қайшылықтар  туғызуы  мүмкін .

Сондықтан, кез – келген  үкімет, инфляцияға  қарсы  тиісті  шаралар   қолдануы  керек. Оның  ішінде, бірінші  қатардағы  міндет, өндірістің , оның  ішінде жоғары  және  орташа  табыскерліктің, дамуын  қамтамасыз ету, олардың  өндірген  тауарларының  сапасын  жоғарлатып , бәсекеге  жарамдылығын  арттыру   болып  табылады.Әсіресе, қолда  бар  заттай ,не  ақшалай   байлықтарды  үнемдеу, оның  тиімділігін  арттыру  қажет.

Инфляция  кезінде  өндіріс  қарқыны    төмендейді, экономикалық   өсудің  пропорциясы  бұзылады . Ақша, несие , қаржы  және  валюта  механизмі  бүлінеді.

Елде  әлеуметтік  экономикалық   тұрақсыздық  күшейеді.Инфляция   халықаралық   экономикалық  қарым – қатынастарды  жұмыс  күшін  ұдайы  өндіру  шарттарын  бұзады, капиталды  экономиканың  ең  пайдалы  салаларына салуды  ынталандырады,  экономикалық  қылмыстар  мен  астыртын  экономиканың  дамуын  жедел  етеді.

Инфляция  мен  жұмыссыздықтың   бірінен  - екіншісінің  туындап  отыратын, әдетте  бір – бірімен  тығыз  байланысты  процесті  - стагфляция  деп  атаймыз.

Толық  жұмыспен  қамтамасыз  етілген  қоғамда  өндіріс  циклі  болмай, сұранысқа  уақытылы  жауап  бермей  немесе  сұраныстың   өсуі  тұрақты   және  ұзақ  уақытқа  бағаның  қымбаттауына  әкеледі. Мұнымен  бірге  толық  жұмыспен  қамтамасыз  ету  жағдайында  өндіріушілер   жұмыс   күші  үшін  өзара  бәсекеге  түсіп, ал  бұл  номналды  жалақыны өсіреді, ең соңында  инфляция – қымбаттылықты  күшейтеді.

Өз  кезеңінде  инфляцияның  күшеюі  жалақыны  өсіріп еңбек  нарығының  тепе – теңдігін   бұзып  тез  арада  жоғары  жұмыссыздықты  тудырады.

Жұмыспен  қамтамасыз  ету  нарығында  қиын  жағдай  қажетті  шаралардың  қабылдануын  талап  етеді. Оның  ішінде  ең  бастысы  қоғамдық  еңбекті  дұрыс  ұйымдастыру, уақытша  жұмыс  орындарын  ашып, кадрларды  қайта  оқытып, жаңа  мамандар  әзірлеу, жұмыспен  қамтамасыз  ету  қорларының  нормативін  көбейту керек.

Көптеген  елдер  экономикасында  кейде  мынадай  жағдайлар  қалыптасады: бағаның  жалпы  деңгейінің  өсуі  өндіріс  көлемінің  қысқаруымен  бір  мезгілде  болады. Экономиканың  бұл  жағдайын   стагфляция  деп  атайды.

Стагфляцияның  барынша  айқын  себебі: жиынтық  ұсынымның  азаюы, яғни  өндіріс шығындар   инфляциясы. Стагфляцияның болу  себебін   инфляцияның  күтумен  байланыстырады. Дағдарыстан  шығу  үшін  ақша  бірлігінің  балансы  мен  тұрақтылығы,  оған  деген  сенімді  нығайту  керек. Баға  деңгейі  және инфляцияға  келсек, баға  мен инфляцияның  өсуін  бірдей  қараймыз, теңдестіреміз.Бірақ  арасында  өзгешеліктер  бар.Бағаны   шектейтін  мемлекеттік  саясат  инфляцияны  тежейді, бірақ  шығындар  азайса, осы  кезде  де  инфляция  өседі. Өндіріс  көлемінің  өсуін  тежеу  арқылы  мемлекет  инфляцияны  тоқтата  алмайды. Өйткені  баға  деңгейі  бұрынғыдан  жоғары  болады.

Инфляцияны  ауыздықтаудың   дәстүрлі  жолы  ақша  ұсынысы  мен  мемлекттік  шығындардың  өсуін  тоқтату.

Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру  мақсатымен  мемлекет  инфляцияға  қарсы  саясат  жүргізеді. Мемлекеттің  инфляцияға  қарсы  саясатын  экономиканы  тұрақтандыру, баға  мен  жалақыны реттеу  қаржыны   сауықтандыру, несие  экономикасын   тежеу, ақшаны  эмиссиялауды  қатал  бақылауға  алу  сияқты  жалпы  экономикалық  шараларды  іске  асыру  арқылы  жүргізеді. Ал аса  төтенше  жағдайда  ақша  реформасы  жасалады. Инфляция ″ экономикалық  аурудың ″  ерекше  түрі болып  саналады. Ол  бір  мезгілде  материалдық  қаржылық   сәйкессіздіктің  әрі  салдары, әрі  себептері  ретінде  көрінеді. Оны  бүкіл  шаруашылық  механизмімен  емдемей  жеңуге  болмайды, яғни  егер    инфляциялық  вирус  инфляцияға  қарсы  саясаттың   жүзеге асуын  қиындататын  болса, экономиканы  сауықтыру  нәтижесіз  болуы  мүмкін.

Ақша  реформасын  жүргізудің  екі  формасы  бар  бірінші, жаңа  ақша  жүйесін  құру – ол  алғашқыда  металл  ақша  жүйесін  құрғанда, сонымен   қатар   мемлекеттік  құрылым  өзгергенде, яғни  отаршылық   жүйе  құлап, оның  орнына  отаршылықтан  арылған   саяси  тәуелсіз  мемлекеттер  пайда  болғанда  және  90  жылдардың  басында  КСРО – ның орнына  ТМД  елдері  құрылғанда бұл  елдердің  даму  ерекшеліктеріне  байланысты  өзіне  тән  жаңа  ақша  жүйесі  пайда  болды.

Екінші, ақша  жүйесінің  кейбір  элементтерін  өзгерту, яғни  жаңа  ақша өлшемін    енгізу, баға  масштабының , ақша  түрлерін  өзгерту.

Соғыс  және  революциядан  кейінгі  жылдары  көптеген  мемлекеттер  ақша  айналысын  тұрақтандыру  мен  экономиканы  қалпына  келтірудің  ең  бір  қажетті  жолы  ретінде  мына  әдістерді  қолданады: нуллификация, рестврация (ревальвация), девальвация  және  деноминация.

  • Нуллификация –ол құнсызданған  ақшаны  жойып, орнына  жаңа  валютаны  енгізу  әдісі.
  • Реставрация- ол ақша  өлшемінің  бұрынғы   алтын  ақша  өлшемінің  бұрынғы  алтын құрамын  қалпына  келтіру  әдісі.
  • Девальвация- ол ақша  өлшемінің  алтын  құрамын  төмендтету.
  • Деноминация- ол ″ нольдерді сызу ″ әдісі, яғни  баға  масштабын  ірілендіру.

Қазақстанда  өндірісті  дамытуға  бағытталған  экономикадағы  сәйкәссіздіктерді  біртіндеп  жоймай  инфляцияға  қарсы  саясатты  құру  мүмкін  емес, осылай  инфляцияны  бәсеңдетуге  болады.

Инфляция   кезінде  баға  мен  жалақы  қозғалысы  бірдей  қарқын   алмағандықтан

  1. түрлі талаптардың арасында  табыс  пен  байлық  қайта  бөлінеді:
  2. бүкіл экономика  деңгейінде  баға  мен  түрлі  тауарларды   шығару  көлемі  және  жұмыспен  қамту  қозғалысы  әр  түрлі  бағытта  жүреді .

Инфляция  бекітілген  номиналды  деңгейінде болған  кезде, процент  иелерінің  актив   табыстарын  бермек  төлемдері  үшін  бекітілген  номиналды  процент  ставкасы  бойынша  қайта  бөлуде   немесе  бөледі.Мұны  мысалы – тұрғын  үй  құрылысына  арнаған  процент  дефляция  жағдайында  төлемділік  болады.

Инфляцияны  1%  төмендету  үшін  жұмыссыздық  жыл  бойына  өзінің  табиғи  деңгейінен  2 %  жоғары  болуы  керек.

Инфляцияны  жұмыссыздықтың  есебінен  төмендету  әр  түрлі  шешіледі.

Инфляцияны  тауар  тапшылығының  басты  себебі  бола  тұрып  тауар  мен  азық – түлікті  белгіленген  норма  бойынша  бөлуге  мәжбүр  етеді.

Инфляция  кешенді  себептердің  негізінде  пайда  болады  және  оның  маңыздылары  ьолып: мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығы.Оны  азайту  мақсатында  мемлекеттік   бағалы   қағаздар  немесе  жай  қағаз   ақшалар  шығарылады.

Инфляциямен  күрестің  басты  құралы – табыс туралы  мемлекеттік  саясат  енгізу  және  соны саналы  түрде жүргізу. Ол  бағаның  тұрақтылығымен  жұмыспен  қамтамасыз  ету, арасындағы  иілінушіліктің  жағымсыз  салдарынан   жұмсартады.

Әлемдік  практикада   инфляциямен  күрес  тек  қана  ақша  бюджеті  және  ақша – несие  саясатынан  күшті  әсер  бере  алмады. Сонымен  қатар  табыс  саясатына  да  қажетті  және  тиісті  еңбек  төлемінің   өсуімен  кәсіпкерліктің  барлық  түрінен  асыруға  болмайды.

Ақша – несие саясаты  инфляцияның  төмендеу  деңгейінің  бағыты  және  курстық    айырбастау  стабилизациясы  деңгейі  1994  жылдың  1 – ші  жарты  жылдығында  күтімді  нәтиже   бермеді.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  статистикалық  комитеті  қаңтар – шілде  айларына  инфляция индексін 534,5 %- ден  құрды. Сонда  тұтыну  тауарлары  6 есе  қымбаттады. Ақша  несие  саясаты  Қазақстан  Республикасның

Орталық  банкі  2-ші  жарты  жылдықта , жалпы    республикада  бірінші  рет инфляцияның  қарқыны  113,3 %  -тен  тамыздан  қыркүйекке  дейін  109 %  -ке  түсті.Көптеген  елдерде  тауарлар  мен  өндірістік  емес  тауарлар   бағасы    бір   деңгейде   қалды, ал  кейбірінің  бағасы  түсті.

Қазақстанның  табыс  саясаты  анық  емес  түрде, табыстың  шектелу  түрінде  жүрді. Мысалы  1996  жылы  жұмысшылар  мен  қызметкерлердің  еңбек  ақысы  4,7  есе  өсті, 1997  жылы  қаңтарда  92 %  шамасында  қолма – қол  ақша  көлемі  болды.

Табыс  саясатындағы  өндірістік  шығын  еңбек  ақының  өсуімен  инфляция  шығынына  әкеліп  соғады.

Экономикалық   саясаттың   негізгі  реттеушісі  болып   инфляциялық  факторлар  Қазақстанда  олар  инфляциялық  шығынды  анықтайды. Мұны  1992 – 1995  жылғы   өндірістің   құлдырауы   дәлелдейді.

Инфляция – ақша  жүйесінің  дағдарысты  жай – күйі.Ақшаның  құнсыздануына  мына  факторлар  әсер  себепші  болады :

  • айналысқа артық  ақшаның  шығарылуы
  • қолайсыз  төлем  балансы
  • үкіметке  сенімнің  жоғалуы

Инфляция  әлемнің  көптеген  елдеріндей  экономиканың  қазіргі  дамуының  ең  өткір  проблемаларының    бірі болып  есептелді.

Инфляцияның  көріну  нысандары :

  -   тауарлар   мен  қызметтерге  бағаның  өсуі,оның  үстіне  бірқалыпты  емес  өсуі, мұның  өзі  ақшаның  құнсыздануына,оның   сатып  алу  жарамдылығының  төмендеуіне  ұрындырады;

  -   ұлттық  ақша  бірлігінің  шетелдік  ақша  бірлігіне  қатысты  бағамының  төмендеуі;

  -  ұлттық  ақша  бірлігінде  көрінетін  алтынның  бағамының  көтерілуі.

Инфляцияның  ішкі  және  сыртқы  факторларын (себептерін) айыра  білу  қажет. Ішкі  факторлардың   арасында  ақшаға  жатпайтын  және  ақшалай – монетарлық  факторларды  бөлуге  болады. Ақшаға  жатпайтындары – бұл  шаруашылық  сәйкестігінің  бұзылуы; экономикалық  циклдің  дамуы, өндірістің  монополизациялануы , инвестициялардың  теңгерімсіздігі. Ақшалай  факторларға  мемлекеттік  қаржының  дағдарысы – бюджет  тапшылығы, мемлекеттік  борыштың  өсуі, ақша  эмиссиясы, кредит  жүйесінің  кеңеюі.

Дүниежүзілік  құрылымдық  дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта  дағдарыстары), басқа  елдерге  инфляцияны  экспортқа  шығаруға  бағытталған  мемлекеттік валюта  саясаты, алтында, валютаны   жасырын   экспортқа  шығару  инфляцияның  сыртқы  факторлары  болып  табылады.

Инфляция  кезінде  мемлекет  іс- қимылын екі  нұсқасы  болады:

  1. Бейімделу саясатын жүргізу  немесе  инфляцияға  бейімделу, бұл  кезде  салықтарды , жалақыны , пайыздық  мөлшерлемелерді, инвестицияларды  индекстеу  жөнінде  шаралар  қолданылады, компаниялар  мен  фирмалар  қысқа  мерзімді  жобаларды  өткізеді, жеке  тұлғалар  табыстың  қосымша  көздерін  іздестіреді  және  тағы  сол  сияқты ;
  2. Инфляцияны төмендету  немесе  басу  жөнінде инфляцияға  қарсы  шаралардың  кешенін  жүргізу. Инфляцияға  қарсы  саясат – инфляциямен  күреске  бағытталған  экономиканы  мемлекеттік  реттеу   жөніндегі  шаралар  кешені. Мұндай  саясаттың  екі  негізгі  жалпы  белгіленген : дефляциялық  саясат  және  кірістер  саясаты.

Дефляциялық  саясат – мемлекеттің  шығындарды   азайту, кредит  үшін  пайыздық  мөлшерлемелерді  арттыру, салық  ауыртпалығын  күшейту, ақша  массасын  шектеу  жолымен ақша – кредит және  салық  механизмі  арқылы  ақша  сұранымын   реттеуді  қарастырады.Бұл  саясат  экономиканың  өсуін  тежейді.

Кірістер  саясаты – бағаға  және  жалақыға  оларды  толықтай    матау  немесе  олардың  өсу  шегін  белгілеу  жолымен  параллельді  бақылау  жүргізуді  қажет  етеді.Оны  жүзеге  асыру  әлеуметтік  қайшылықтарды  қоздыруы  мүмкін.

Салық  саясаты  инфляция  жағдайында  екі  өзара  байланысты,бірақ  қайшылықты  міндеттерді  шешуі  тиіс :

Біріншіде, мемлекеттік  бюджеттің  теңдестігіне  жету  және  тапшылығын  жою  үшін  оның  кірістерінің  деңгейін  көтеру  керек;

Екіншіден, экономиканың  бастапқы  буындарында - өндіріспен  айырбас  сферасында  экономикалық  белсенділікті  жандандыру  қажет.

Өршімелі  инфляция  кезінде  бірқатар  елдер  пайдаланған  инфляциямен  күрестің  айырықша   нысаны – естен  тандыру  терапиясы. Оның  мәні – нарықтық  қатынастарды   дамытуды  көтермелеуде, еркін  бағаларды  белгілеуде, бағаларды  реттеуден  бас  тартуда  және  осылардың  нәтижесі  ретінде – халықтың  тұрмыс  дәрежесінің  төмендеуінде  болады.

КСРО  құлағаннан  кейін  Қазақстан  және  де  басқа  тәуелсіздік  алған  мемлекеттерде  қаржы  жүйесі  сақталынып  қалды. Реформа  бөліктеп  либерализациядан  басталды . өндірістік  бағаларға  90 –шы  жылдардың  аяғында, ал әмбебаптық  өндіріске  1991  жылдың  сәурінен  басталған  болатын. Бекітілген  бағалардың  саны  тез  қысқарды, еркін  бағалаулы  баға  енгізілді, яғни  мұнда  максималды   түрде  пайда  алу  көзделді.

Қазақстанның  1993  жылдың  қазанына  дейін  Ресейдің  рубльдік  аймағында  болып  келгені  белгілі. Сондықтан  Ресейдің  экономикасында  болып  жатқан  дағдарыспен  инфляцияны күшейтуші  жағдайлар  Қазақстанның  экономикасына  тікелей  баралды. Оның  үстіне, көрші  елдердің  Ұлттық  валюталарын  енгізгендері, Ресейдің  1961 – 1992  жылдарда  шығарылған  ақшасын   жаңа, 1993  жылғы  ақша  белгілеріне  айырбасталуының  салдарынан  Қазақстанға  жан – жақты  миллиардтаған   ескі, айналымда  жоқ, Кеңес  және  Ресей  ақша  белгілері  құйыла  бастады.

Ресей  үкіметі  мен  рублдік  аймақты  қайта  құру  жөніндегі  жүргізілген  келіссөздер  ешқандай  нәтиже  бермеді. Олардың  қойған  шарттарын  қабылдаған  күнде  Қазақстан  іс  жүзінде, өзінің  егемендігін    жоғалтатын  болды. Осындай  қиын  жағдайдан  шығу  үшін Қазақстан  Үкіметі  ұлттық  ақша – теңгені  айналымға   шығаруды  жөн  деп  тапты. Шынында  да  бұл  қиындықтан  шығудың  бірден – бір  жолы  еді. Бір жақсысы  үкімет  ұлттық  ақша  шығаруға  алдын  ала  дайындалған  болатын. Ең  маңыздысы  жеткілікті  мөлшерде  теңге  басылып, әкелініп, енді  айналымға  шығуға  дайын  болатын. Сөйтіп, Қазақстанның  ұлттық  ақшасы (валютасы) – теңге  дүниеге  келді.

Ұлттық  валюта  енгізу - әр  елдің тарихында  бір – ақ  рет  болатын  оқиға. Қазақстанда  осындай  есте  қаларлық  қуанышты  сәтті  бұдан  11  жыл  бұрын  1993  жылы  15  қарашада  бастан  өткерді. Ұлттық  валютаның  теңгенің  енгізілуі  мен  Қазақстан  мемлекетінің  қалыптасуы  мен  дамуының  жаңа  шын  мәніндегі  өзгерістер  кезеңі  басталды .

Мемлекеттік  маңызды  теңге  шығару  тапсырысы  барынша  қысқа  мерзімде  және  жоғары  полиграфиялық  деңгейде   орындалды. Теңгенің  алғашқы  банкноттарын  полиграфиялық  дайындауды " Харрисон және  ұлдары"  фирмасы  жоғары  деңгейде  жүзеге  асырды.

Көрсетілген  диаграммада  Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  осы  күндерге  дейінгі  инфляцияның  қозғалысы  көрсетілген.

Мұндағы  Ряд 1   1991  жылғы  инфляция  деңгейі   көрсетілген. Бұл  жылы  инфляция  247,1 % -ті  құраған. Ряд 2 1992  жылғы  инфляция  деңгейі  3061 % , Ряд 3  1993  жыл инфляция  2265%  құраған. Бұдан  байқайтынымыз  теңге  шықаннан   кейінгі  тұрақсыздық.

Жалпы  теңгенің  тарихын  мынадай  кезеңдерге  бөлуге  болады :

  1. – кезең. Инфляцияны ауыздықтау,  ұлттық  валютаның  және  қаржы  рыноктарының    қалыптасуы ( 1993 – 1996 жылдар)  1995  жылдың  аяғында  8,2  %  болған  ЖІӨ  өсу  қарқыны  төмендеуінің   сақталуына  қарамастан, осы  кезеңнің   аяғында  инфляцияның  деңгейін 60,3 %-ға  дейін   төмендетуге   қол  жетті. /1994 ж ( Р4) -1258 % /
  2. –кезең.Экономиканы тұрақтандыруға  қол  жеткізу  және  банк  жүйесін  жедел  түрде  реформалау  / 1997 – 1999/.Экономикалық  реформаларды   жалғастыру   нәтижесі  1999  жылы  ЖІӨ - нің  2,7 %  өсуі, инфляция  деңгейінің  17,8 % -ке  төмендеуі  және  нақты  жалақының  индексінің  13,1 %   жоғарлауы  болды. / Р6  1996 – 28,7; Р7  1997 – 11,2 %, р8  1998 -1,7% /.
  3. –кезең. Экономиканың тұрақты  өсуі, қаржы  секторын  қарқынды  дамыту  және  барлық  қаржы  секторының  халықаралық  стандарттарға    көше  бастауы ( 2000  жылдан  бастап ).

ЖІӨ-нің  жиынтық  өсуі   соңғы  3  жылда  33%-ға  жуық  болды, бұл  Қазақстанның  экономикалық  даму  қарқыны  жағынан  әлемдік  лидерлердің  бірі  болуына    мүмкіндік  жасады. 2000  жылдың  9  айында экономикалық  өсу  8,6 %  болды. / Р10  2000  жылы  инфляция  9,8 %, Р11  2001  жыл – 5,5 %, Р12  2002  жыл – 3,25 %, Р13  2003   жыл  - 2,1 %  болды /.

"Ұлттық  валютаның″  ішкі  тұрақтылығы  инфляция  қарқынының  төмен  болуының сақталуымен, ал  сыртқы тұрақтылық – айырбас  бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі  макроэкономикалық  тұрақтылыққа  қол  жеткізеді  және  сол  арқылы  экономикалық  өсуге  жағдай  жасайды.

Айырбас  бағамының  тұрақтылығы  инфляциялық  күтулерге  және  ішкі  қаржы  рыноктарының   тұрақтылығына  оң  ықпалын  тигізеді.

Экономикада  ақша  ұсынысының    сұраныстан  едәуір  артуы  бағалардың  өсуіне, яғни  инфляцияны  тездетуге  әсер  етеді. Сондықтан  Ұлттық  банк  ақша – кредит  саясатының  құралдарын  пайдалана  отырып, экономикаға  ақшаның  түсуін  реттейді. Мысалы, ақша  шамадан  тыс  көп  түскен  кезеңдерде

Ұлттық  банк  портфеліндегі  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  бір  бөлігін  сатып, ақша  ұсынысын  азайтады. Ақша  жеткіліксіз  көлемде  түскен  кезеңдерде   қайталама  рынокта   айналыста  жүрген  мемлекеттік  бағалы  қағаздардың  бір  бөлігін  сатып  алып, ақша  ұсынысын  ұлғайтады.

Қазіргі  кезде  инфляцияның    экономикаға  әсері  2  бағыт  бойынша  жүреді :

  1. Жалпы өндіріс көлемінен (макроэкономикалық  тиімділік)

II.Ресурстарды орналастырудың  экономикалық  тиімділігінен  көрінеді.

Бірінші  бағытқа  тән  сипат, инфляция  жұмыспен  қамту  және  өндіріс  көлемі  жоғары  дәрежеде  болған  кезде  күшейеді  және  керісінше, инфляцияның  төмендеуі  өндірістің  құлдырауымен  жұмыссыздықтың  өсуіне  ілесе  жүреді. Алайда қазіргі макроэкономика мынаны куәландырады инфляция мен өндіріс көлемі, жұмыссыздың деңгейі арасындағы тікелей байланыс жоқ.

Инфляцияның зардаптарына қарағанда болу инфляция ауыр экономикалық зияндар келтірмейді. Әрбір ұлттың экономикасының өзінің өз проценті

1) Марченко  А.Г  Егемен  Қазақстан  2003  15 қараша  инфляциясы  және  өзінің  өсу  қарқыны  болады.Сол  сияқты  жақын  және  алыс  шет  елдермен, Қазақстанды  механикалық  ауыстыруға  болмайды, көптеген  елдердің  өзінің  спецификалық  қиындықтары  экономикалық  бірлігі  және  әлеуметтік  өкіметі  бар.

Инфляция  зардаптарын  бейтараптандыру  мен  мақсатымен  мемлекет  инфляцияға  қарсы  саясат жүргізеді. Инфляцияға  қарсы саясатта  экономиканы  тұрақтандыру,сонымен  қатар  экономиканы  қадағалау  керек.

Антиинфляциялық  саясаттың  маңызды  элементтерінің  бірі  қаржыны  сауықтыру  және  халық  шаруашылығын  тұрақтандыру, шығыны  көп  және  рентабельділігі  төмен  шаруашылық  субъектілерін  қысқарту   болып  табылады. Бұған  халық  тұтынатын  тауарларға  бағаны   өсіру  арқылы  емес,өндірістің  тиімділігін  арттыру  негізінде  жетуге  болады.Сондай – ақ  шет  елдік несиелерді  пайдалануда  маңызды.

Бірсыпыра   шет  ел  мамандарының  пікірінше   Қазақстанда  жеңіл  өнеркәсіп  және  туризмді  дамытуда  инфляция  салдарын  баяулатуға  болады.Сондықтан  бұл  салалардың   дамуына  айырықша  көңіл  бөлінуі  керек. Сыртқы  сауда  мен  айналысатын  кәсіпорындарды  толық   өзін - өзі   валюталық  ақтауға  кешіру, ұлттық  ақша  теңгені  ендіру  толық  қажет .Сонымен  инфляцияның  халықтың  әл – ауқатының  деңгейіне  теріс  әсер  ететін  нәтижелерін  азайту  керек.

″Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкі  туралы" Заңға  енгізілген  және  1 қаңтардан  басатп  күшіне  енген  соңғы  өзгерістерге  сәйкес, Ұлттық  банктің  негізгі  мақсаты  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  болып  табылады. Сондықтан  қазіргі  уақытта  Ұлттық  банк  инфляция  бойынша  бағдарларды  белгілейді.Тиісінше,Ұлттық  банк  теңгенің  айырбас  бағамы  бойынша  бағдарларды  белгілемейді  және  ішкі  валюта  рыногында  теңгенің  айырбас  бағамының  алыпсатарлық  секірістерінің  алдын  алу  қажет  болғанда  ғана  барынша  аз  қатысатыны  болмаса, оны  қалыптастыруға  араласпайды.

Адам  өмірі  өне  бойы  қозғалыста  болғандықтан, ондағы  қоғамдық  қатынастар  өзгеріп, жаңарып  отырады.

Инфляция  қағаз  ақшалардың  алтынмен  салыстырғанда  құнының  төмендеп  кетуімен  туады  да, товарлар  бағасының  көтерілуіне  әкеп  соғады.Экономика  ілімінің  дүниеге  келуі  адамзат  қоғамының  аяқтан  тұруымен  қатар жүрді.

Республикада  осы  өтпелі  кезеңде  ауыр  да  қарама-қайшы  процестер  болып  отыр.Соның  бірі  инфляция  болып  отыр.

Бүгінде  адамзат  өмірі  қай  жағынан  алып  қарасаңыз  да  әр  түрлі  мәселелермен  бетпе – бет  келіп  отыр,оның  бірі  экономиикалық  жағдайлар.Қазірде  жер  бетінде  сол  сауалдар  мен  жағдайлар  көп  ескерілуде.

Шынын  айтсақ, ұлттық  валюта  енгізілгеннен  кейін  алғашқы  екі  жыл  біздің  еліміз  үшін  өте  қиын  жылдар  болды.Жалпы  экономикалық  сипаттағы  объективті  қиындықтар  ( бағларды  ырықтандыруға  және  өндірістің  құлдырауына  байланысты  инфляцияның  жоғарғы  деңгейі, импорт  тауарларының  қанағаттандырмайтын  сұраныстың  едәуір )  шет  ел  валютасына  сұраныстың  өсуіне, ал  ізінше, бағамның  өсуіне  әкеп  соқты.Теңгені  енгізуге  қатысты  есеп  айырысу  жүргізген  кезде  ұлттық  валютаның  тұрақтылығына  ықпал  ете  алатын  барлық  негізгі  факторлар  есепке  алынған. Алғашқы  кезде  теңге  бағамы  төмендейді деп  күтілген  болатын.Алайда ,мысалы  1994  жылы  кәсіпорындардың  сәтсіз  жүргізілген  өзара  шаруашылық  есеп  беруі  сияқты  өтінішті   экономикалық  жаңсақтықтар   алғашқы  айларда   теңге  айналысының  жағдайын   біршама  қиындатты. Енгізіген  кезден  бастап  алғашқы  жеті  айда  8  есе  құнсызданды.

Ия, шынында  теңгені  енгізгеннен  кейінгі  екі  үш  жылда  оның  бағамы  тұрақсыз  болды, инфляция  қарқыны  көбейгендігі  белгілі. Мұны  теңге  енгізілген  кезде  болжамдаған  болатын. Бірақ, міне  біз  өзіміз  көріп  отырғанымыздай  теңге  нарықта  тұрақтанды. Мүмкін  оның  алғашқыда  құлдырау  себебі,  біздің  елде  КСРО  құлағаннан  кейінгі  қаржы  жүйесінің  біршама  сақталынуы  және  өз  ұлттық  валютамызды  бірінші  рет  нарық  сахнасына енгізуінде, теңгеге  нарықтың  әсері  болуы  шығар. Алайда,енді  біз  сеніммен  теңгенің    аяғына  тік  тұрып   тұрақтанғанын

Қазіргі  кезде  біздің  елде  қаржы  саясаты   тұрақтанды  деп  айтуға  болады. Жоғарыда  айтылғандай  ұлттық  банк  бағдарды  инфляция  бойынша  ғана  белгілейтін   болады. Тағы  да  осы  тақырып  бойынша  айтатын  жаңалық  ол  2004  жылы  27   қаңтарда  Президентіміздің  ұлттық  банк  төрағасы  етіп  Сайденов А.Г  мырзаны   тағайындауы. Ол  ұлттық  банк  қызметінің  тікелей  ауысуына  байланысты  болар.Ендігі  кезде  бүкіл   халық, Президентіміз  жаңа  ұлттық  банк  төрағасына  сеніп ,әрі  қарай  еліміздің  экономикасына  тұрақтандыруға  сенуде.Халқымыз  үмітпен  " Іске сәт ″ демек.

Қолданылған  әдебиеттер   тізімі:

  1. Әубәкіров " Экономикалық теория  негіздері " Алматы  1994 ж.
  2. Мәдешев Б " Нарықтық экономика  теориясына  кіріспе " Алматы  1995 ж.
  3. Эдвин.Дж. Доллан " Макроэкономика" Москва 1995 ж
  4. Мельников В.Д " Экономика Казахстана "   Алматы 1995 ж
  5. Тобаяқов Б "Егемен  елдің  экономикасы " Алматы  1995 ж.
  6. Қаржы  - қаражат   1999  № 1
  7. Қаржы  - қаражат   2000  № 9
  8. Қаржы  - қаражат   2002  №3
  9. Егемен  Қазақстан  2003 № 15 қараша
  10. Казахстан в  цифрах  2003, 20004
  11. Статистикалық бюллетень 2004
  12. Аль – Пари 2002  №3,4

Похожие материалы