Өткен аптадағы КАSЕ-нің таңертеңгі сессиясындағы көрсеткіштермен (19 сәуірде 1 доллар 311,47 теңге болған еді) салыстырғанда сарапшылар ұлттық валютаның төмендеу тенденциясын байқаған. Орташа көрсеткішке сәйкес теңге 1,07 пайызға арзандады және әлі де құнсызданып жатыр. Осыған орай сарапшылар теңгенің алдағы уақытта қалай құбылатындығына қатысты болжамдарымен бөлісті.
Себептері мен салдары
Өзге валюталарға қатысты теңге бағамы мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді екендігі түсінікті жайт. Егер теңге бағамының құлдырауы мен шарықтауына сараптама жасап көрсек, онда мұндай құбылудың мұнай бағасымен байланысты екендігін байқауға болады. Қазіргі уақытта да қара алтынның құны төмендеп жатыр.
Мұнай құнының құлдырауына АҚШ Энергетика министрлігінің соңғы есебі себеп болғаны анық. Шетелдік сарапшылардың пайымынша, АҚШ әлемдік экономиканың таяу аралықта отын бағасының көтерілуіне деген иненің саңылауындай да үміт қалдырмады.
Ал бұған аталған есепте тақтатас мұнайын өндіру көлемінің арттырылуы мен АҚШ-тың ішкі нарығындағы дайын өнім көлемінің шамадан тыс артылуы туралы мәліметтердің түрткі болғаны анық. Өйткені, дәл осы ақпарат таралысымен қара алтынның шекті бағасы соңғы айдағы ең төменгі баға шегіне де құлады.
Жанармай бағасы да 3,6-3,8 пайызға арзандады. Баға белгілеудегі мұндай құлдырау соңғы 6 жылдың ішінде ең жоғарғы көрсеткіші болып тұр. Не күтеміз? «Альпари» компаниясының сарапшылары таяу болашақта теңгенің долларға қатысына мұнай фьючерсінің баға белгілеуі әсер ететін болады.
Ал Дүниежүзілік банктің нақтылай түсуіне қарағанда, таяу аралықта мұнайдың бағасы қайтадан көтерілуі ықтимал. Дүниежүзілік банк өкілдерінің айтуынша, 2018 жылы мұнайдың 1 баррелінің орташа бағасы 60 АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бірақ, ол үшін қара алтынды өндіру көлемін қысқарту қажет.
Ал ағымдағы жылы әлемдік нарықтағы мұнайдың орташа бағасы барреліне 55 долларды құрауы тиіс. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары.
«Қазақстандық валюта бағамының күшеюі мұнай бағасына тәуелді болады. Егер Brent маркасының баррелі 50 долларға дейін төмендейтін болса, онда түзетулер барынша ұзаққа созылып, 1 долларға 312-314 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бірақ, қазіргі уақытта мұнай бағасы тұрақты болып отыр әрі барреліне 55-57 доллар дәлізінде тұр. Сондықтан теңгенің долларға қатысты күрт арзандауы күтілмейді», - деді «Альпари» компаниясы Сараптама департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова.
Осы орайда 7 мамыр күні Францияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өткізілетіндігін де естен шығармаған абзал. Сайлауда Ле Пен жеңіске жететін болса, еуро АҚШ долларымен теңесіп қалуы мүмкін. Нәтижесніде алтынның баға белгілеуі көтеріліп, доллар нығая түседі.
Ал теңгенің рубльге қатысты болжамы бұлыңғыр. Бір анығы теңгеге қарағанда ресейлік валюта біршама тұрақты. Осыған орай мамандар рубльге қатысты теңге бағамының одан әрі нығаятындығын болжап отыр.
«Теңгенің долларға қатысты бағамы бойынша біз 1 доллардың 311-313 теңге төңірегінде, 1 еуроның 338-343 теңге болатындығын күтудеміз», - деп атап өтті «Альпари» компаниясы Сараптама департаменті директорының орынбасары Наталья Мильчакова.
Автор: Марлан Жиембай Дереккөз: Қазақпарат
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024