Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Зақаш Камалиденов 80 жасында дүниеден озды

Зақаш Камалиденов 80 жасында дүниеден озды

Аламаты. 8 мамыр. 7kun.kz - Бұрынғы Қазақ КСР ҰМҚ төрағасы Зақаш Камалиденов 7 мамыр күні Алматыда қайтыс болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Ол 80  жасында дүниеден озды.

Зақаш Қамали­де­нов Гуреев облысында (Атырау облысы) 1936 жылғы 10 маусымда туған. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын аяқтаған.

Қауіпсіздік ор­ган­да­рындағы қызметімен қатар, Қа­зақ КСР-і Жоғарғы ке­ңе­сі­нің депу­таты, 1988 жылы Қа­­­­зақ КСР-і Жо­ғарғы кеңесі Пре­­­з­идиумының Төрағасы, Қазақ КСР-і Комму­нистік пар­тиясы Орталық комитеті бю­росы­ның мүшесі болған.

«Заветам Лени­на верны» (1974), «Верный помощ­ник партии» (1978) кітаптарының авторы. Әскери атағы - генерал-майор. 1988 жылы зейнетке шық­қан.

Қызмет еткен жылдары Ленин орденімен (1985),  Октябрьская революция ордені (1981),  үш рет  - Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаталған. Мемлекет қайраткерімен қоштасу кеші 10 мамырда өтеді.

Мемлекет қайраткерімен қоштасу 10 мамырда өтеді.

Похожие материалы