Алматы. 19 мамыр. 7kun.kz – Әр апта сайын елімізде маңызды оқиғалар болады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. Сонымен, 15—19 мамыр қандай жаңалықтарымен есте қалды?
Дүйсенбі, 15 мамыр.
Мұнай бағасы өсе бастады.
Brent-тің баррелі 2 мамырдан бері бірінші рет 52 доллардан сатыла бастады.
Астана полицейлері айыппұлды планшеттің көмегімен рәсімдеуге көшті.
«Өткен бейсенбіден бастап Астанада полицейлермен бірге жолдарда Е-айыппұл жүйесін тестілеуден өткізіп жатырмыз. Комитет тарапынан дайындалған жүйе полиция қызметкерлерін қағазбастылықтан босатуға негізделген. Комитет прокурорлары полицейлермен бірге қаланы аралап планшеттердің жұмысын бақылап жүр. Осы орайда жүйенің жұмысы егжей-тегжейлі тексеріліп жатыр», — деп жазды Б. Мусин.
Қазақстанда төлем картасын қолдану артты.
Қазақстандықтар сауда жасауда төлем картасын жиі қолдана бастады.
Қазақстандықтар қолма қол емес төлем тәсіліне көшіп жатыр. 2017 жылдың алғашқы үш айында карта қолданушылары 2016 жылға қарағанда 57,7 пайызға көп тауар сатып алынды. 2017 жылдың бірінші тоқсанында жасалған операциялар 36,2 миллионды құрады.
Сейсенбі, 16 мамыр.
Джек Ма Қытайдағы ең бай адам атанды.
Электрондық коммерциямен айналысатын әлемдегі ірі компанияның бірі Alibaba Group-тың негізін салушы Джек Ма Forbes журналының бағалауы бойынша Қытайдағы ең бай адам атанды.
Шаяхметова Қазком Халық банкінің еншілесі болуы мүмкін екендігін айтты.
«Біз бұл процессті жалғастырудамыз. Бірақ әлі де соңғы параметрлерге жеткен жоқпыз, тіпті нақты келісімге қол қойылған жоқ (…) Процедура жалғасуда және Қазкоммерцбанктің due diligence өткізу транзакциясы саралануда. Бізде жалпы негізгі процесс — due diligence, оның басым бөлігін өткіздік. Қазір бізде өте күрделі процесс, көп еңбекті қажетсінетін жұмыс жүргізілуде. Бұл өте үлкен мәміле. Мемлекеттік ресурстар, сыртқы кеңесшілер тартылуда. Олар заңгерлер, аудиторлар, банкирлер. Бұл мәмілеге Ұлттық банк те қатысады», — деп түсіндірді Шаяхметова.
Фридом Финанс Асыл-Инвестті 1,5 млрд теңгеге сатып алатыны белгілі болды.
«Фридом финанс» инвестициялық тобы жыл соңына дейін «Асыл-Инвест» брокерлік компаниясының 100 пайыз акциясын сатып алады.
Сәрсенбі, 17 мамыр.
Перуашев БЖЗҚ туралы халықтың ақшасын желге ұшырып жатыр деп айтты.
«Ақ жол» фракциясының мүшесі Азат Перуашев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевқа сауал жолдады. Онда БЖЗҚ қаржысына құны 78 миллион теңге болатын Халықаралық Әзірбайжан банкінің облигациялары сатып алынғаны жазылды. Бұл туралы партияға тәуелсіз сарапшы Рахым Ошақбаев жеткізген.
Қайрат Балықбаев ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды.
ҚР Үкіметі Қаулысымен Балықбаев Қайрат Тәкірұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.
Ұлттық банк қаржы пирамидаларын қалай анықтау керектігі туралы хабарлады.
Қаржы пирамидасын алыстан жазбай танып, айналып өту үшін мына кеңестерді назарға ұстауыңызды сұраймыз. Біз емес Қазақстанның Ұлттық банкі осылай ескертеді.
Бейсенбі, 18 мамыр.
7kun 18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай Әрбір алматылық баруы тиіс 7 музей туралы ақпарат ұсынды.
Алматы еліміздің мәдени астанасы деп есептеледі. Бірақ шындығына келсек, қонақтар түгілі жергілікті тұрғындардың өзі де алматылық музейлердің есігін аша бермейді. Бірақ бұл «онда қызық жоқ» деген сөз емес. Демалыс күндері даңғазасы таусылмай абыр-сабыр боп жататын сауда орталықтарынан гөрі жаныңа тыныштық, рухыңа дем беретін музейге барған әлдеқайда пайдалы.
Қысқасын айтқанда, 7күн сізді мектеп кезіндегі экскурсиялардан кейін қайтып аяқ баспаған музейлерге шақырады. 18 мамыр — Халықаралық мүзей күні қарсаңында оқырмандарымызға Алматының ең қызықты 7 мүзейі туралы деректер ұсынамыз.
Қазинвестбанкте БЖЗҚ-ның 1,5 млрд теңгеге жуық қаржысы бар екені хабарланды.
Осыдан бірнеше ай бұрын лицензиясынан айырылған Қазинвестбанкте зейнетақы қорының әлі де 1 млрд 449 млн теңгесі бар.
Нью-Йорк биржасындағы акциялардың құны төмендеп кетті.
17 мамырда Нью-Йорк қор биржасында акциялар құны кәдімгідей түсті. Нью-Йорк биржасында мұндай ірі құлдырау былтырғы қыркүйектен бері болмаған.
Жұма, 19 мамыр.
Ертең Алматыда The Spirit of Tengri музыкалық этнофестивалі өтеді.
Ертең Алматыда қалалық әкімдіктің қолдауымен бесінші жыл қатарынан The Spirit of Tengri музыкалық этнофестивалі өтеді.
БАҚ-та зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәлімет жариялауға тыйым салынады.
БАҚ-та зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалар туралы мәлімет жариялауға тыйым салынбақ. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «басылымдардың біріне берген сұхбатында хабарлады.
Абаев Қазақстанда зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілі бар екенін айтты.
«Қазіргі уақытта тексеріс жүріп жатыр, мәселенің мән-жайы барлығына айтылады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарының мемлекеттік кепілі бар, бұл жүйені ешкім алып тастаған жоқ. Сондықтан зейнетақыларын салған адамдардың барлығы ақшасын алатын болады. Мұнда еш күмән болмасын, ешкім уайымдамасын», — деді ведомство басшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024