Бұның ең басты себебі - өмір сапасының төмендігі. Сарапшылар азаматтардың елден кетуіне тағы да қандай себептер бар екенін айтып берді.
Саясаттанушы Болат Сұлтанов Қазақстаннан кетіп жатқандардың саны жыл сайын артып келе жатқанын айтты. Өз сөзін дәлелдеу үшін ол статистика комитетінің ресми деректеріне тоқталып өтті. Былтыр, яғни 2016 жылы Қазақстаннан кеткендердің саны 32930 адам болған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға көп. Көпшлігі Ресейге кетіп жатыр. Оған Ресейдегі отандастарға арналған көші-қон бағдарламасы әсер етті. 2015 жылы 32 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 38 мыңды кұраған. Қазір
Ресейге келуші мигранттардың 11 пайызы қазақстандықтар
болып есептеледі.
Болат Сұлтанов "білім миграциясын" ерекше атап көрсетті. Оның сөзіне сенсек, 70 мың қазақстандық Ресей университеттері мен олардың еліміздегі бөлімшелерінде білім алып жатыр. Себебі ондағы білім сапасы жақсы, әрі оқу ақысы біздің ЖОО-мен салыстырғанда төмен. Сонымен бірге, оқу бітірген соң Ресейде жұмыс істеуге мүмкіндік туады.
— Қазақстандық сарапшы Зиябек Қабылиновтың айтуынша, бұл мәселе
жоғарыда айтып өткен қазақстандық азаматтарды потенциалды эмигранттар
қатарына жатқызуға мүмкіндік береді.
Ал жыл сацын Ресейге оқуға кетуші азаматтардың саны азаяр емес. Ал сарапшылар бітіріп үйлеріне оралғандарды да потенциалды эмигранттардың тізімінен шығаруға асықпайды.
Ғалымдар эмиграциясы
Нәтижесінде Қазақстан үшін тағы бір проблема пайда болды, яғни елден білімді немесе білім алып жатқан азаматтар кетіп жатыр.
— ҚР Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаеваның ойынша,
Қазақстаннан ғалымдардың кетуін бұрын қауіп деп есептесек, қазір ол шындыққа айналған.
Тек қана шетелде білім алатын мамандар ғана емес, сонымен бірге Қазақстанда оқығандар да әртүрлі экономикалық және әлеуметтік-саяси қиындықтарға байланысты елден көшуде. Бізден ақылдылар кетіп, оның орнына қара жұмысшылар келіп жатыр, - деді Сұлтанов.
Бір қызығы бұл пікірмен белгілі саясаттанушы Айдос Сарым да келіседі. Оның айтуынша Қазақстаннан көбіне белгілі-бір мамандықты меңгерген азаматтар кеткен.
Сұлтанов миграцияның бастау алуына әлеуметтік-экономикалық жағдай себеп деп есептейді.
Қорқыныш пен арандатушылық
Қосымша факторлардың арасында тілдік проблемалар да бар.
Орыс тілі өз позициясынан тайқып жатыр. Елден көшуге итермелейтін факторларды айтқанда, қазақ тілді БАҚ-та жарияланып жатқан Қазақстан 10-20 жылда таза қазақ тілді мемлекет болады деген жайттарды есімізге аламыз, - дейді саясаттанушы. - Мүмкін шынында солай болар, мүмкін үш тілді мемлекет болар, бірақ Қазақстанның мультиэтникалық мемлекет болатынына еш шүбәм жоқ.
Одан әрі Сұлтанов факторлардың алғашқы ондығына кіретін "билік ауысса не болады" деген қорқынышты атап өтті. Дәлелдерінде ол әлеуметтанушы Гүлмира Ілеуованың "этникалық орыстар Нұрсұлтан Назарбаевтың биліктен кетуінен қорқады" деген пікірін келтірді. Ілеуова сайлау компанияларында қазіргі президентті қолдағандардың көпшілігі елдің орыс этникасы болды деп есептейді.
Саясаткер Айдос Сарым "Қазақстан баяғыдай тартымды мемлекет емес" деп есептейді, оның көкжиегі айқын. Соңғы уақытта болған террорлық актілер мен девальвация ертеңгі күнге деген сенімсіздікті одан әрі күшейте түсіп, олардың эмиграцияға итермелейтін фактордың бірі болды, - деді Болат Сұлтанов.
Айдос Сарымның пікірінше, соңғы жылдары көптеген қазақстандықтар ешқандай қиындық туамаса кетпейміз, егер бір жағдай болып жатса кетіп те қалармыз деген ойда жүр. Сондықтан ол Қазақстандағы орыс тілді халықтың 60 пайызы потенциалды мигранттар деп есептейді.
Олардың жартысы - бүгін болмаса ертең кетемін деп буынып-түйініп дайын отырғандар. Ал қалғандары екі ойлы күйде.
Кедейлік шарасыздық емес, елден кетудің амалы
Ал Болат Сұлтановтың пікірінше, қарқын алып келе жатқан миграцияның негізгі себептерінің бірі -
өмір сүру сапасының нашарлауы
және экономикалық жағдай. Өз сөздерін саясаттанушы статистикалық мәліметтермен дәлелдеді. Мысалы, ең төменгі зейнетақы мөлшері 2016 жылы 25824 теңге, орташа айлық мөлшері 42476 теңге.
— Қазақстанда мұғалімнің орташа жалақысы 84 мың теңге, дәрігердің 133 мың теңге, бірақ екі жерде жұмыс істесе ғана. Жан басына шаққандағы орташа табыс 2016 жылдың 4 тоқсанында 80741 теңге болды. Оның ішінде ең аз көрсеткіш ОҚО-да - 42795 теңге, - деді Болат Сұлтанов.
Оның айтуынша 2017 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша елдегі жұмыссыздардың саны 473 мың адам болған, бірақ 2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар деп тіркелген.
Сұлтанов Денсаулық сақтау саласы да көңіл көншітпейтінін айтады.
Көптеген сарапшылардың пікірінше,
Қазақстан орташа жас мөлшері жағынан Конго мен Бангладештің аралығында тұр.
Рас өтірігін қайдам, бірақ біздегі орташа жас мөлшері - 64 жас. Ал зейнетке 63 жасында шығады. Яғни, адам зейнетке шыққан соң бір жылдан кейін дүние салуы мүмкін, - деп ащы әзілдеді саясаттанушы.
Әсіресе жастарға қиын. Мысалы көптеген жас отбасылар баспанаға зәрі. Алматыда жаңа үйдің шаршы метрі 341,5 мың теңге. Ал мұндай бағаны дәл сол мұғалімдердің қалтасы көтермейді.
-Мұның барлығы соңғы кездері халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп кеткенін білдіреді және
Қазақстанда эмиграцияның екінші толқынының басталуына себеп болады
— деді Болат Сұлтанов. — Біріншісі Кеңес одағы құлғаннан кейін болған. Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығында тағы да сол қиындыққа тап болып отырмыз.
Ал саясаттанушы Мұхит Асанбаевтың пікірінше, миграцияның өсуінің негізігі себептері мыналар:
- Теңгенің девальвациясы және соның әсерінен халықтың кедейлене түсуі.
- Өсім мүмкіндігінің төмендеуі.
- Әлеуметтік лифттің болмауы
- Белгісіздік
- Медқызмет сапасының төмендеуі.
- Білім сапасының төмендеуі.
Орнына кім келеді?
кетіп жатқандарды сапа жағынан ғана емес, сан жағынан да алмастыратын ешкім жоқ. Соңғы жылдары Қазақстанның азаматтығын алуға өтініш берушілердің саны азайып келеді. 2015 жыл 75 мың адам азаматтық алған рекордты жыл болатын. Ал 2014 жылы елге келушілердің саны күрт азайып, 14 мың адамға дейін төмендеген. Ал 2015 жылы 13 мың адам азаматтық алған. Көбіне адамдар елімізге Өзбекстаннан келеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024