
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдегім келеді. Алайда статистиканы білгім келеді. Бүгінге дейін неше адам осы бағдарлама аясында ипотека рәсімдеді?
Әуез, АлматыданЖауап: Қазақстан Ұлттық банкінің берген мәліметі бойынша «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде 2018 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша қарыз алуға 26,7 млрд теңге сомасына 2 255 өтініш қабылданды. Оның ішінде 18 млрд теңге сомасына қарыз беруге 1 514 өтініш мақұлданған.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека рәсімдегіңіз келсе, сондай-ақ сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.