Алматы. 14 маусым. 7kun.kz - «7-20-25» бағдарламасының жобасы әзірленді және ол жақында Қазақстан Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылады.
Айта кетейік жаңа ипотекалық бағдарламаның операторы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ.
«Бұл компания облигациялар шығарып, тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», - дейді ҚР ҰБ төрағасы Д.Ақышев.