Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасының қатысушысы болды. Қазақстанның орнықтылық қоры мен "Фридом Финанс Қазақстан Банкі" АҚ арасында тиісті келісімге қол қойылды.
Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасын өзінің цифрлық ипотекасы негізінде іске асырмақ. Осылайша, азаматтар "7-20-25" бағдарламасының жеңіл шарттарын пайдалана отырып, онлайн режимде құрылыс компаниясынан пәтер таңдап, ипотеканы рәсімдей алатын болды.
"Freedom Finance Bank "7-20-25" бағдарламасының мүмкіндіктері мен ауқымын кеңейтеді. Тұрғын үй бағдарламасының жеңілдіктері мен банктің цифрлық технологиялары азаматтардың қолайлығын, жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді ", – деді "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдыков.
"7-20-25" бағдарламасының артықшылықтары оның атауында көрсетілген. Қарыздар төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша – жылдық 7%, 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бұл ретте бастапқы жарна сатып алынатын тұрғын үй құнының 20 пайызын құрайды. Несиелеу объектісі - бастапқы жылжымайтын мүлік. Сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін 25 млн теңге, Қарағанды үшін 20 млн теңге, қалған өңірлер үшін 15 млн теңге. Қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгені құрайды. 2022 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша 471 млрд теңге сомасына 38 052 қарыз беріледі.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024