Астана. 30 қыркүйек. 7kun.kz – 7 мың ресейлік Қазақстанға жұмыс іздеп келді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазіргі таңда Қазақстанға 353 мың Ресей азаматы келген. Олардың тек 7 мыңы ғана жұмысқа орналасу үшін келген. Оларға арнайы жағдай жасалмайды», – деді вице-министр.
Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың айтуынша, соңғы күндері Қазақстанға келген ресейліктердің саны азайған. ҰҚК Шекара қызметінің дерегінше, 21–29 қыркүйек аралығында Қазақстанға жалпы саны 245 468 Ресей азаматы кірген, оның 96 481-і елден кеткен. Олардың 368-іне ғана Қазақстанда тұрақты тұру ықтиярхаты берілген. 23 қыркүйекте – 25 349 ресейлік, 24 қыркүйекте– 30 168, 25 қыркүйекте – 32 089, 26 қыркүйекте – 35 121, 27 қыркүйекте – 36 848 ресейлік Қазақстанға келген. Ал 28 қыркүйекте – 32 277, 29 қыркүйекте – 22 526 адамға дейін азайды.
Айта кетейік, 21 қыркүйек Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация туралы құжатқа қол қойды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024