70 млн тг пайда тапқан: «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғалары ұсталды
Астана. 30 желтоқсан. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР жүк вагон паркінің ірі операторы саналатын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірлік филиалдардың лауазымды тұлғалары жүк вагондарының тапшылығын пайдалана отырып, кейбір жағдайда тапшылықты қолдан жасап, заңсыз әрекеттерге жол берген.
«Проблемаларды шешудің орнына, осы жағдайды өздерінің пайдакүнемдік мақсатына пайдаланып, яғни жүк вагондарын кедергісіз және жеделдетіп бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алғаны анықталды», – делінген хабарламада.
Ақша қаражаттары лауазымды тұлғалардың немесе олардың сенімді адамдарының, оның ішінде жақын туыстарының карт-шоттарына аударылып отырған.
Ведомство мәліметінше, акционерлік қоғамның Ақмола филиалының бір ғана басшысы 2020 жылдан бастап 70 миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алып, оның басым бөлігін Щучье-Бурабай курорттық аймағының ойын мекемелеріне жұмсаған.
Қоғамның Қарағанды филиалының бұрынғы және қазіргі басшылары да осындай қылмыстар жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды.
«Бұл адамдардың барлығы ұсталып, тергеу сотының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Сондай-ақ ақшалай қаражатты заңсыз алуда Қызылорда филиалының басшысы мен акционерлік қоғамның орталық аппаратының бірқатар қызметкері әшкереленді», – делінген хабарламада.
Агенттік осы қылмыс бойынша басқа лауазымды тұлғалар тексеріліп жатқанын хабарлады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024