IT, Технология
Астанада Smartflower атты күн энергиясына арналған қондырғы орнатылды
Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Smartflower жүйесі күн шуағын электр қуатына айналдыруға мүмкіндік береді. Қондырғы елорда подстанцяларындағы ауыртпашылықты әлдеқайда азайтады. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.
Әзірге Астанада осындай екі қондырғы гүл пішінінде орнатылған, олар Ұлы дала даңғылы мен әуежайдан шыға берісте тұр. Жобаны құрастырушылардың айтуына қарағанда, құрылғы Австрия технологиясы бойынша орындалған.
Ноу-хауды орнату үшін қалалық бюджеттен қаржы қажет болмаған. Баламалы энергия көздері инвесторлардың қаражатына жасалған.
«Бұл қондырғы екі есе кВт энергия өндіре алады және ол энергияны қала желісіне жібереді. Осыдан энергияның электр қуатын үнемдейміз. Қала желісіндегі жүктемені жеңілдетеміз, қала қазынасы да үнемделеді», - деп атап өтті жоба жетекшісі Рүстем Қадыров.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024