Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Ұлттық банк болжамына сәйкес Қазақстанда 2017 жылы жылдық инфляция 6-8 пайыздық дәліз шегінде болады, ал 2018 жылы 5-7 пайыздық дәлізге бірте-бірте кіре бастайды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
"Жаз айларында ішкі нарықтағы азық-түлік тауарларының ұсынысы артады. Бұл 2017 жылғы 3-тоқсанның соңына дейінгі кезеңде жылдық инфляцияның бұдан әрі баяулауына ықпал етеді. Оған қоса, жыл соңына қарай жылдық инфляцияның шамасы көтерілуі мүмкін, алайда бұл қысқа мерзімді болады. Ал 2018 жылы Ұлттық Банктің бағалауы бойынша жылдық инфляцияның төмендеуі жалғасады", - делінген хабарламада.
Бірақ қаржы реттеуішіндегілер мұнай бағасы баррельі үшін 40 АҚШ долларға дейін төмендесе, жылдық инфляция нысаналы дәлізден асады деген тәуекел ұлғаятынын айтады.
Ал "экономикалық өсу қарқыны 2017 жылы 2,8%-ға дейін (алдыңғы болжамдық раунд 2,2%) және 2018 жылы 3,6%-ға дейін жеделдетіледі" деп болжады қаржы реттеуші.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024