Астана. 9 маусым. 7kun.kz - Бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтіп жатыр. Ауқымды шараға қатысу үшін бірқатар мемлекет басшылары мен үкімет мүшелері, министрлер Астанаға арнайы келді.
Кешеден бері Астанаға әлем назары ауып отыр. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін мемлекет басшылары, үкімет мүшелері бірінен соң бірі келді. Осы саммитте Үндістан мен Пәкістан ұйымға қабылданғалы отыр. Бүгін қос мемлекетке мүше елдің мәртебесін беру мәселесі қаралады. Егер екі ел де мүшелікке ие болса, ШЫҰ 40 пайызын құрайтын алып нарыққа айналмақ.
Сонымен ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының 17-кеңесінде жалпы алғанда 11 құжатқа қол қойылады деп жоспарлғанған. Бүгін келіссөздер кеңейтілген және жеке құрамда өтеді деп жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан және Қырғызстан мен Өзбекстанның көшбасшылары бірігіп, ұйымның негізін қалаған болатын. Бүгінде бұл құрылым дәрежесі бойынша БҰҰ-дан кейінгі екінші орынға ие.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024