Экономика
Выбор редактора
Сағынтаев өзін-өзі ақтамайтын мемлекеттік мекемелерді жабуға тапсырма берді
Астана. 15 маусым. 7kun.kz - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмысы тиімсіз және жекешелендірілмеген мемлекеттік мекемелерді жабуға тапсырма берді.
"90-жылдардан бері пайдасыз мекемелер жинақтала берген, олардан құтылу керек. Бұл оңай шаруа емес. Экономиканы модернизациялау барысында барлығына тік қарауымыз керек: егер ол мекеменің болашағы жоқ болса, онда адамдардың жұмыс істеп жатқанына қарамастан, жабу керек (...). Бізге қайдағы бір түсініксіз компанияларды қайта-қайта субсидиялаудан не пайда, бәрібір олардың өнімдері ешкімге қажет емес", - деді ол Астанада өткен "Атамекен" ҰКП IV съезінде.
Сонымен бірге, премьер-министр бұл мекемелердегі жұмыссыз қалғандарды жұмысқа орналастыру қажеттігін де айтты.
"Бұл адамдарға айлықтарын кешіктірмейтін, жалақысы төмен емес және қандай да бір дау-дамай туындамайтын жерден жұмыс тауып беру үшін ең біріншіден база жасақтау қажет. Олар жұмыс істеп, отбасын асырайтын болады", - деді Б.Сағынтаев.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024