Выбор редактора
Назарбаев атындағы: Президент есімін беру ұсынылған объектілер
Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтің есімі берілді. Бұл идеяны 8 жыл бұрын қазіргі сенат депутаты Дархан Қалетаев ұсынған болатын. 2009 жылы 13 мамырда "Астана" арнасының тікелей эфирінде ол: «Біз барлығымыз "Қазақстан" мен "Назарбаев" брендтері егіз ұғым екенін білеміз. Қазіргі уақытта бұл бір ұғым десек те болады. Ұлт көшбасшыларының есімдерімен аталған әуежайлар халықаралық тәжірибеде бар». Қысқа уақыт аралығында бұл шешім мақұлданып, қазіргі уақытта Астана әуежайы қонақтарды жаңа есіммен қарсы алады.
Сонымен, мемлекет басшысының есімін беру ұсынылған тағы қандай объектілер бар? Соларға тоқтала кетейік.
Президенттің Қазақстанның құрылуына қосқан үлесін ескере отырып Астананың өзін бірнеше рет Нұрсұлтан Назарбаевтің есімімен атау туралы ұсыныс жасалды. Бұл ұсынысты 2013 жылы депутат Бақытгүл Хаменова жасаған болатын.
[caption id="attachment_72275" align="alignnone" width="715"]
Фото: kazpravda.kz[/caption]
Бірақ уақытта кейін мәжілісмен Қуаныш Сұлтанов ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларация мәтінін оқу брысында былай деді: "Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгілік болуы керек және мемлекет астанасына бірінші президенттің есімі берілуі тиіс. Ол Нұрсұлтан немесе Назарбаев деп аталуы қажет".
2013 жылы америкалық экономист Джереми Рифкин ЭКСПО-2017 көрмесінің бір объектісін және Астанадағы биосфера орталығын Нұрсұлтан Назарбаевтің құрметіне атау керек деді. Джереми Рифкин өз ұсыныстарын Астанада мемлекеттік органдар , ұлттық компаниялар жетекшілерінің семинарында айтты. Өз кезегінде қазақстандық архитектор Сағындық Жамболатов америкалық қонақтың ұсынысына жауап ретінде өз нұсқасын айтты. Ол "Елбасы биосфералық орталығы" деп атауды ұсынды.
[caption id="attachment_72303" align="alignnone" width="680"]
Фото: voxpopuli.kz[/caption]
2014 жылы Astana Group басшысы Нұрлан Смағұлов EXPO-2017 көрмесіне орай салынып жатқан сауда орталығына "Нұр Плаза" деген атау бермек болды. Ол Назарбаевқа халықаралық көрме кешенінің құрылысын талқылау кезінде орталықтың негізгі атауы "Мега Плаза" екенін, бірақ "Нұр Плаза" деген нұсқаның да бар екенін айтты. Құрылыс нысанын салушының бұл ұсынысына президент бірнеше ескерту жасады. Нәтижесінде сауда орталығының атауы MEGA Astana болды.
[caption id="attachment_72292" align="alignnone" width="1216"]
MEGA Astana сауда орталығы. Фото bazis.kz сайтынан алынды.[/caption]
Нәтижесінде президенттің құрметіне ЭКСПО-орталықта ерекше объектілердің бірі сфералық павильон "Нұр-Әлем" деп аталды. Сфераның айналасында халықаралық павильондардың 14 ғимарат орналасқан.
"Нұр-Әлем" - диаметрі 80 метр болатын әлемдегі шар тәріздес жалғыз ғимарат.
[caption id="attachment_72294" align="alignnone" width="810"]
"Нұр-Әлем" сфералық павильоны. Фото voxpopuli.kz сайтынан алынды.[/caption]
Президенттің құрметіне салынып жатқан жаңа жоба - Нұркент қаласын да атап өтейік. Ол Қазақстан - Қытай шекарасында Панфилов ауданында орналасқан. Нұркент «Хоргос-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрамына енеді.
[caption id="attachment_72306" align="alignnone" width="705"]
Нұркент қаласы жобасының макеті. Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]
Бұл ауданы 300 гектарлық заманауи қала болады. Халық саны шамамен 100 мың адамды құрайды. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Содан кейін шекаралық зона жаңа Жібек жолының негізгі нүктелерінің біріне айналады.
Енді оңтүстік Астанаға тоқталайық. Алматыда (Ақтөбе қаласында да бар) Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саябағы бар. Ол 2010 жылы ашылған. Сонымен қатар,
ҚР тұңғыш Президентінің қоры да бар - Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен коммерциялық емес ұйым. Қор 2000 жылы құрылған. Ал болашақта Алматыда Назарбаев атындағы көше де пайда болуы мүмкін. Тәуелсіз дереккөздерге сүйенсек, Фурманов көшесіне Назарбаев есімі берілуі мүмкін.
Айта кетейік,
Президент есімімен аталған көше Татарстанның астанасы Қазанда бар. Ол қаладағы орталық көшелердің бірі. 2015 жылы
Түркияда да Адана қаласының орталық көшелерінің бірі біздің мемлекет басшысының есімімен аталған. Сонымен қатар, 201о жылы
Иордания астанасы Амманда Нзарбаев даңғылы бар. Ал 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі
Шешенстанда ашылды. Бұл халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынасты бекітуге үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының Президентіне деген құрметтің белгісі.
[caption id="attachment_72314" align="alignnone" width="900"]
Түркияның Адана қаласындағы Назарбаев көшесі. Фото khabar.kz сайтынан алынды.[/caption]
[caption id="attachment_72315" align="alignnone" width="968"]
Татарстанның Қазан қаласындағы Назарбаев көшесі. Фото khabar.kz сайтынан алынды.[/caption]
Назарбаевтің есімімен Қазақстанда көптеген оқу орындары аталған. 2009 жылы Президенттің бастамасымен «Назарбаев университеті» құрылды. Мемлекеттің барлық қалаларында «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ашылған. 2014 жылы «Назарбаев Орталығының» базасында Тұңғыш Президент кітапханасы ашылды.
[caption id="attachment_72324" align="alignnone" width="680"]
Назарбаев университеті. Фото millioner.kz сайтынан алынды.[/caption]
[caption id="attachment_72320" align="alignnone" width="800"]
Назарбаев зияткерлік мектебі. Фото millioner.kz сайтынан алынды.[/caption]
Одан бөлек, Нидерландыда «Президент Назарбаев» деп аталатын қызғалдақтын жаңа сұрпы өсірілді. Ал Жапонияда дәл осындай атаумен хризантемалар пайда болды.
[caption id="attachment_72326" align="alignnone" width="680"]
Фото: zakon.kz[/caption]
Назарбаев шыңы - Іле Алатауының жотасында Тянь-Шаньның солтүстігінде орналасқан. 2011 жылы ашылған минерал да президенттің құрметіне «Нурназен» деп аталды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіштер
[caption id="attachment_72329" align="alignnone" width="679"]
Түркияның астанасы Анкара қаласындағы Нұрсұтан назарбаевтің ескерткіші. Фото abai.kz сайтынан алынды.[/caption]
2010 жыл. Түркия Анкара. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтқа «Түркі жұртына сіңірген еңбегі үшін» құйылған ескерткіш.
[caption id="attachment_72330" align="alignnone" width="1023"]
Назарбаевтің Қырғызстандағы ескерткіші. Фото rus.azattyq.org сайтынан алынды.[/caption]
2005 жыл. Қырғызстан. Чолпон ата. Ыстық көл жағалауында «Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда» кешенінде салынды.
[caption id="attachment_72333" align="alignnone" width="1000"]
Назарбаевтің Украинадағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
1960 жыл. Украина. Днепродзержинск. Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған Днепродзержинск техникалық училищесінде қойылған мүсін-бюст. Аталған оқу орнының жеке мұрағатына тиесілі туынды.
[caption id="attachment_72334" align="alignnone" width="681"]
Назарбаевтің Молдовадағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2012 жылы. Молдова. Гагаузия. Молдова мемлекетінің Гагаузия автономиясында ҚР Президентінің құрметіне қойылған ескерткіш.
[caption id="attachment_72336" align="alignnone" width="688"]
Астана қаласы. «Қазақ елі» монументі. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2009 жыл. Қазақстан. Астана. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар. Ал монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр.
[caption id="attachment_72337" align="alignnone" width="640"]
Назарбаевтің Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президенті саябағындағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2011 жыл. Қазақстан. Алматы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ашылды.
[caption id="attachment_72339" align="alignnone" width="700"]
Назарбаевтің Талдықорғандағы ескеркіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2016 жыл. Қазақстан. Талдықорған. Нұрсұлтан Назарбаевтің ескертіші Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылды.