Астана халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтің есімі берілді. Бұл идеяны 8 жыл бұрын қазіргі сенат депутаты Дархан Қалетаев ұсынған болатын. 2009 жылы 13 мамырда "Астана" арнасының тікелей эфирінде ол: «Біз барлығымыз "Қазақстан" мен "Назарбаев" брендтері егіз ұғым екенін білеміз. Қазіргі уақытта бұл бір ұғым десек те болады. Ұлт көшбасшыларының есімдерімен аталған әуежайлар халықаралық тәжірибеде бар». Қысқа уақыт аралығында бұл шешім мақұлданып, қазіргі уақытта Астана әуежайы қонақтарды жаңа есіммен қарсы алады.
Сонымен, мемлекет басшысының есімін беру ұсынылған тағы қандай объектілер бар? Соларға тоқтала кетейік.
Фото: kazpravda.kz[/caption]
Фото: voxpopuli.kz[/caption]
MEGA Astana сауда орталығы. Фото bazis.kz сайтынан алынды.[/caption]
"Нұр-Әлем" сфералық павильоны. Фото voxpopuli.kz сайтынан алынды.[/caption]
Президенттің құрметіне салынып жатқан жаңа жоба - Нұркент қаласын да атап өтейік. Ол Қазақстан - Қытай шекарасында Панфилов ауданында орналасқан. Нұркент «Хоргос-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының құрамына енеді.
Нұркент қаласы жобасының макеті. Сурет tengrinews.kz сайтынан алынды[/caption]
Бұл ауданы 300 гектарлық заманауи қала болады. Халық саны шамамен 100 мың адамды құрайды. Арнайы экономикалық аймақтың құрылысы 2020 жылы аяқталуы тиіс. Содан кейін шекаралық зона жаңа Жібек жолының негізгі нүктелерінің біріне айналады.
Енді оңтүстік Астанаға тоқталайық. Алматыда (Ақтөбе қаласында да бар) Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің саябағы бар. Ол 2010 жылы ашылған. Сонымен қатар, ҚР тұңғыш Президентінің қоры да бар - Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен коммерциялық емес ұйым. Қор 2000 жылы құрылған. Ал болашақта Алматыда Назарбаев атындағы көше де пайда болуы мүмкін. Тәуелсіз дереккөздерге сүйенсек, Фурманов көшесіне Назарбаев есімі берілуі мүмкін.
Айта кетейік, Президент есімімен аталған көше Татарстанның астанасы Қазанда бар. Ол қаладағы орталық көшелердің бірі. 2015 жылы Түркияда да Адана қаласының орталық көшелерінің бірі біздің мемлекет басшысының есімімен аталған. Сонымен қатар, 201о жылы Иордания астанасы Амманда Нзарбаев даңғылы бар. Ал 2007 жылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі Шешенстанда ашылды. Бұл халықтар арасындағы бауырластық қарым-қатынасты бекітуге үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының Президентіне деген құрметтің белгісі.
[caption id="attachment_72314" align="alignnone" width="900"]
Түркияның Адана қаласындағы Назарбаев көшесі. Фото khabar.kz сайтынан алынды.[/caption]
[caption id="attachment_72315" align="alignnone" width="968"]
Татарстанның Қазан қаласындағы Назарбаев көшесі. Фото khabar.kz сайтынан алынды.[/caption]
Назарбаев университеті. Фото millioner.kz сайтынан алынды.[/caption]
Назарбаев зияткерлік мектебі. Фото millioner.kz сайтынан алынды.[/caption]
Фото: zakon.kz[/caption]
Түркияның астанасы Анкара қаласындағы Нұрсұтан назарбаевтің ескерткіші. Фото abai.kz сайтынан алынды.[/caption]
2010 жыл. Түркия Анкара. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтқа «Түркі жұртына сіңірген еңбегі үшін» құйылған ескерткіш.
[caption id="attachment_72330" align="alignnone" width="1023"]
Назарбаевтің Қырғызстандағы ескерткіші. Фото rus.azattyq.org сайтынан алынды.[/caption]
2005 жыл. Қырғызстан. Чолпон ата. Ыстық көл жағалауында «Шыңғыс Айтматов атындағы Рух-Орда» кешенінде салынды.
[caption id="attachment_72333" align="alignnone" width="1000"]
Назарбаевтің Украинадағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
1960 жыл. Украина. Днепродзержинск. Нұрсұлтан Әбішұлы оқыған Днепродзержинск техникалық училищесінде қойылған мүсін-бюст. Аталған оқу орнының жеке мұрағатына тиесілі туынды.
[caption id="attachment_72334" align="alignnone" width="681"]
Назарбаевтің Молдовадағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2012 жылы. Молдова. Гагаузия. Молдова мемлекетінің Гагаузия автономиясында ҚР Президентінің құрметіне қойылған ескерткіш.
[caption id="attachment_72336" align="alignnone" width="688"]
Астана қаласы. «Қазақ елі» монументі. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2009 жыл. Қазақстан. Астана. Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы 5,2 гектар. Ал монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр.
[caption id="attachment_72337" align="alignnone" width="640"]
Назарбаевтің Алматыдағы Қазақстанның тұңғыш президенті саябағындағы ескерткіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2011 жыл. Қазақстан. Алматы. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында ашылды.
[caption id="attachment_72339" align="alignnone" width="700"]
Назарбаевтің Талдықорғандағы ескеркіші. Фото leila-khrapunova.com сайтынан алынды.[/caption]
2016 жыл. Қазақстан. Талдықорған. Нұрсұлтан Назарбаевтің ескертіші Тұңғыш Президент күні қарсаңында ашылды.





