Алматы. 23 маусым. 7kun.kz - Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Сирияға қазақстандық әскерлер барған жағдайда не болуы мүмкін екенін айтып берді. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
"(...) Күндердің бір күнінде бізге әскерилерімізді Сирияға жіберу туралы ой келсе, Қазақстан басшылығына Ақорда осы уақытқа дейін негізін қалаған модератор мен делдалдың имиджімен қош айтысуға тура келеді. Сириядағы қақтығыста олар бізді Ресейдің әскери одақтасы ретінде қабылдап қана емес, сондай-ақ, бізді мұсылман әлеміне, батыс елдеріне қарсы қояды. Бір сөзбен айтқанда мұнда кемшіліктер көп", - деп жазды Сәтбаев.
Ал екінші саясаттанушы әрі сарапшы Ерлан Қарин бұл мәселеге былай деп пікір білдірді. "Мына соңғы хабарға байланысты айтарым, мынадай жағдайда тек қана қазақстандық ресми ақпарат көздеріне жүгінген дұрыс. Кезінде Еуразиялық парламент тақырыбы төңірегінде де солай болған. Ұсынылды, талқыланды деді, ал шын мәнісінде біздің тараптан ондай тақырып мүлдем қарастырылмады. Сондықтан, әртүрлі ресми емес акпаратқа сене берудің керегi жоқ".
Ал Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев "Саясат" порталына берген сұхбатында қазақстандық әскерилер теориялық тұрғыда Сирияға жіберілетін болса, олар қандай да бір тарапты қолдамайды".
Еске салсақ, бұған дейін түрік және ресейлік БАҚ-тар Ресейдің Қазақстан әскерлерін Сирияға жіберу туралы ұсыныс айтқанын хабарлаған болатын. Ресейдің Қорғаныс жөнідегі комитетінің басшысы Владимир Шаманов Мәскеудің Қазақстанмен және Ресеймен әскерилерді Сирияға жіберу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Сондай-ақ, ол әзірше шешімнің қабылданбағанын айтып өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024