Бүгінде, қазақстандық банк секторы соңғы он жылдағы ең маңызды реформалардан өтіп жатыр. Жасырын мәселелер, коммерциялық банктердің акционерлеріне деген талаптарды күшейту мен реттеуге әкеліп отыр. Мұның барлығы бірлесу мен сатып алу бойынша келісімдерге себеп болып отыр. 2017 жылдың екінші жартысында, нарықта қандай трендтер байқалатынын Ulagat Consulting компаниясының директоры Марат Қайырленов баяндап берді.
Баланстарды тазарту
Экономистің айтуынша, екінші жартыжылдықта баланстардың тазартылуын күту керек. Бір жағынан, осыған қатысты мемлекеттік бағдарлама жұмысын бастаса, екінші жағынан, қосылу мен сіңіру жоспарына сәйкес, банктер "тазартылып" отырады. Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев та бағалау жұмысы жүретіні туралы айтқан болатын. "Реттеуші банк активтерінің сапасын бағалау жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл банктердің шын мәніндегі оқиғаларын көру үшін жасалады. Шын мәліметтер есепте көрсетілгеннен әлде қайда төмен болуы мүмкін", - дейді Данияр Ақышев.
Қосылу мен бірігу процесі жалғасады
Жылдың соңында, нарықта қосылған ойыншылар пайда болуы мүмкін. Осының алдында Bank RBK-ның төрағасы Игорь Мажинов, Qazaq Banki және Bank RBK 2017 жылдың соңына дейін қосылуды жоспарлап отыр деген ақпарат берген. Қазақстанда банк секторының концентрациялану процесі тез жандандырылып жатыр, 2016 жылдың соңы - 2017 жылдың басында, 33 жұмыс істеп отырған банктердің алтауы қосылуы мүмкін екенін айтты. Ranking.kz сарапшыларының есебі бойынша, нарықтың жартысы бір бірімен қосылғаннан кейін, барлығын екі "супербанк" қадағалап отырады.
Секторды қалпына келтіру бағдарламасы іске қосылады және мемлекет пен акционерлер қаржысы арқасында банктердің капитализация деңгейі өседі
Марат Қайырленовтың есебі бойынша, нарыққа 2,6 трлн теңге қажет. Реттеуші Қазкомды қолдауға 2,4 трлн теңге бөлінгенін айтқан. Жалпы секторға қанша қаражат керегін реттеуші әлі айтқан жоқ.
"Банк акционерлері капиталға мол қаржы құю керек деген мәселе туындап отыр. Қазіргі таңда бұндай мол қаражат құюға экономикада акционерлердің де, басқа банк иелерінің де қауқары жетпейтінін түсініп отырмыз", - дейді Данияр Ақышев. Оның айтуынша, секторды қалпына келтіру жобасы Ұлттық банктің басқа банктерге қолдау жасай алатынын, бірақ орнына акционерлердің қатысуын талап ететіндігін болжап отыр.
Банктер ішкі мәселелерін шешіп жатқанда, несие нарығы қысымға тап болады
"Қазақстан экономикасының қарқыны өсіп келе жатқанына қарамастан, банктердің өтімділігі бар, ол әлі күнге қымбат, тұрақсыз және қысқамерзімді. Алайда Ұлттық банктің статистикасында біз несие алудың төмендеуін көрмеуіміз мүмкін, өйткені банктер жарамсыз қарыздарға қайта қаржыландыру жасауға мәжбүр болады. Бірақ бұл қаржы институттарының жалпы көрсеткішіне ықпал етпейді", - дейді экономист.
Несие нарығының басты драйвері - тұтынушылық несие болады
"Біздің банктерге қалып отырғаны - тұтынушылық несие беру, өйткені ол қысқа әрі көп пайда алып келетін қаржыландыру. Депозит арқылы қаржыландыру - біздің банк жүйесінің астында тұрған үлкен бомба екенін 2010 жылдан бері айтып келе жатырмыз. Біз 2014 жылдағы СМС-шабуылды, жеке банктердің депозитін алып қоюды және бұның кез келген банкке жағымсыз әсер ететінін ұмытқан жоқпыз", - дейді Марат Қайырленов. Экономист, қаржыландыруды тұрақтандыру құралы ретінде қолдануға болатын депозиттік сертификаттарды еңгізу жұмысын тездету керектігін де, айтып өтті.
Айтпақшы, салым туралы айтатын болсақ, мұнда қарама-қайшы тренд байқалуы мүмкін
Бір жағынан зейнетақы мен жәрдемақы өсуіне байланысты банктің салым базасы өседі. Екінші жағынан үлкен ағынды күтудің қажеті жоқ, өйткені бизнес пен халық нарықтағы жағдайды бақылап, қаражатын сақтау үшін банкті мұқият таңдайды.
Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемелерінің түсуіне байланысты, жеке тұлғаларға арналған салымдардың пайыздық мөлшерлемелері де төмендейді
Пайыздық мөлшерлемелерді 10%-ға дейін түсіру керек деген әңгіме нарықта айтылып жүр. Сондықтан, менің ойымша, күзде болмаса желтоқсан айында, пайыздық мөлшерлемелер 0,5-1%-ға дейін түсуі керек.
Ипотекалық нарық өсімін бірқатар факторлар ұстап тұрады
Марат Каирленовтың айтуынша, оның ішінде халық күтіп жүрген, жылжымайтын мүліктің құны төмендеуі және рубль курсы мен мұнай бағасы әсер етіп жатқан теңгенің тұрақсыз жағдайы. Бұл факторлар сатып алу және сату мәмілелері мен ипотекалық нарыққа өз әсерін тигізеді. Әрине, маусым айында басталған "Нұрлы жол" бағдарламасы ипотекалық нарыққа қолдау көрсетеді, бірақ жалпы трендты кері қайтару қиын болады.
Банктер назарларын қашықтан қызмет көрсетудің дамуына қояды
Ойыншылар заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға арналған мобильді банкинг пен ғаламторды белсенді дамытады. Бұнымен қатар, кейбір банктер өзіне-өзі қызмет жүйесіне сеніп, қызметкерлерсіз жасайтын бөлімдер құрып жатыр немесе құруды жоспарлап отыр. Алайда, инновацияға мол қаржы құйылады деп сенудің қажеті жоқ, өйткені акционерлер бизнесте қалатындықтарына сенімсіз.
Ойыншылар қаржыландырудың басқа көздерін іздейді
Мысалы, жақында Астана банкі қарапайым акцияларды IPO жасау арқылы әр қағаз құнын 1150 теңге қылып, KASE-ге салуды жоспарлап отырғанын жариялады. Мүмкін, Ұлттық банктің зейнетақы активтерін басқаруды реформалау жайлы жоспарына сүйеніп, басқа банктер де осы нұсқаны қарастыратын шығар.
Міне, шамамен алғанда, жылдың екінші жартыжылдығында банк секторының жағдайы осындай болады. Кез келген тренд мемлекеттің экономикалық жағдайы, реттеушінің қатаңдатылуы мен қалпына келтіру бағдарламасының іске қосылғанының салдарынан туындайды. Қандай жағдай болса да, бұл мемлекет экономикасының тұрақталуына алып келу керек.
Айза Аблаким Дереккөз: Капитал