Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Қытай экономикасы дамып келе жатқан елдердің Bank of America жасаған рейтингінде алғашқы орынға шықты. Екінші және үшінші орын Ресей мен Оңтүстік Кореяға тиді, деп жазды vestifinance.ru.
Индонезия төртінші орынға шықса, одан кейінгі позиция Индияға бұйырған. Рейтингте елдің қаржылық тұрықтылығы, экономикалық өсім, инфляция мен бюджеттің осыал тұстары ескеріледі.
Bank of America сарапшыларының айтуынша, дамушы нарықтың негізіг көрсеткіштері жақсарып келеді. Егер өткен жылдың желтоқсанында жарияланған рейтингпен салыстырар болсақ, қазіргі статистика анағұрлым жақсарған.
"Біздің 68 дамушы елдер қамтылған жартыжылдық рейтингімізде Қытай мен Ресейдің көш бастап келе жатқанын көреміз. Дамушы нарық елдерінің негізігі көрсеткіштері, оның ішінде экономикалық өсім мен сальдо өткен жылдың желтоқсандағы рейтингімен салыстырғанда едәуір жақсарған", - деді банк өкілдері.
Bank of America-ның бұған дейінгі рейтингінде Оңтүстік Корея бірінші орында, Ресей екінші, ал Қытай үшінші орында болған еді.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024