Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үш қазақстандық банкке кибершабуыл жасалған

Үш қазақстандық банкке кибершабуыл жасалған

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Вирустық бағдарламалар арқылы хакерлер үш қазақстандық банктің ақпараттық жүйесіне шабуыл жасаған, деп хабарлады  Tengrinews.kz.

"Ішкі істер органдарында биыл вирусты бағдарламаларды пайдалану арқылы банк шоттарындағы қаражатты ұрлау фактілері тіркелді. Екінші деңгейлі үш банктің ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізілген. Хакерлер вирусты бағдарламалар арқылы қаражатты алыстан басқару мүмкіндігіне ие болған", - деп хабарлады ҚР ІІД.

Қазір полицейлер бұл киберқылмысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. ҚР ІІД берген жауабында "Алматыда қазір қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оған ІІД орталық аппаратының қызметкерлері де жұмылдырылған. Қазір ҚР ҚПК-тің 1 тарау, 201-бабы бойынша жария етілмейтін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр",  - делінген.

Бұған дейін "Нұрбанк" пен "ЦентрКредит Банкіне" киберқылмыскерлер шабуыл жасағанын хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Кибершабуылдан қалай қорғануға болады?

Похожие материалы