Алматы. 4 маусым. 7kun.kz - 2017 жылдың 3 маусымынан бастап Qazkom-ның басқарма төрағасы болып Ульф Вокурка тағайындалды. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша банктің бұрынғы төрағасы Марк Хольцман өз қызметін тоқтатты. Одан бөлек, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Абай Ескендіров және басқарушы директорлар Рашида Амирова, Асқар Дәрменов, Сергей Ельцов, Мұхит Инебеков, Миржан Караулов, Ерұлан Құсаинов, Давид Машури және Мұрат Селейменов жұмыстарын аяқтады.
«"Қазкоммерцбанк" АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша, жаңа тағайындаулар келесідей: Ульф Вокурка – басқарма төрағасы; Байжанов Ұлан Сапарұлы – басқарма төрағасының орынбасары; Зданович Лариса Петровна – басқарма төрағасының орынбасары; Сатыбалдина Жаннат Сағындыққызы – басқарма төрағасының орынбасары», - деп жазылған хабарламада.
Жаңа басқарма мүшелерін сайлау ҚР Ұлттық банкінің келісімімен заңнама талаптарына сай жүзеге асты.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024