НЬЮ-ЙОРК – Тарихтың соңғы беттерінде бұрын-соңды басшылықтың өзгеруі, Дональд Трамптың АҚШ президенті болғанындай көп назар алып және алыпсатарлықтың артуына апармаған. Бұл қандай өзгерісті білдіретінін түсіну үшін үш құпияны ақтару қажет, себебі Трамптың үш нұсқасы бар.
Бірінші Трамп, Ресей президенті Владимир Путиннің досы. Путинға Трамптың көрсеткен ынта-жігері оның риторикасының ең дәйекті бөлігі болып табылады. Қытай, Мексика, Иран, Еуропалық Одақ тәрізді шетелдік державалардың құрбаны ретінде Америка Құрама Штаттарына қатысты көзқарасқа қарамастан, Трамптың Путинға деген қызығушылығы жарқын болып тұр.
Кімнің көзқарасы болғанына байланысты, Трамп Путин тәрізді мықты адамның аңқау табынушысы немесе орыс барлау қызметінің ұзақ уақыт бойы қолданған құралы сияқты көрсетіледі. Мұнда, кейбір қауесет расталған болса, Трамп әкімшілігінің жойылуына апаратын әрине бір кіріспе әңгіменің бар екені рас болар. Біз қазір бұрынғы британдық барлау қызметкері жинаған Путин мен Трамптың қатынастары туралы атышулы «құжаттамасының» кейбір негізгі даталары мен ақпараттың тексерілгенін білеміз.
Артып жатқан жанама дәлелдемелер Трамптың ондаған жылдар бойы Ресей ақшасымен сүйемелденіп келген деп болжайды. Ресей олигархтары Трампты жеке банкроттықтан сақтап қалуы мүмкін, және солардың бірі Трамптың сайлау науқанының бірқатар жеріне саяхат жасапғ бәлкім оның Кремль арасындағы дәнекері ретінде жүрді деп хабарланады. Ал Трамп командасының көптеген жоғарғы лауазымды мүшелері, оның ішінде бірінші науқан менеджері Пол Манафорт; жақында қуылған Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майкл Флинн; бұрынғы ExxonMobil бас директоры және қазір Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон; хедж-қор магнаты және сауда министрі Уилбур Росс - барлықтары Ресей немесе орыс олигархтарымен айтарлықтай іскерлік қарым-қатынас жасаған.
Трамптың екінші нұсқасы - ашкөз бизнесмен тұлғасы. Трамп президенттік төрағалықты жеке байлықтың басқа көзіне айналдыруды ниет еткендей көрінеді. Адамдардың көпшілігі үшін, қолма-қол ақша таппай-ақ, төрағалықтың өзі сыйдай көрінер еді (кем дегенде, кеңседегі мерзімі барысында). Трамп үшін бұл басқаша. Барлық алдыңғы нормаларға қайшы, және Үкімет этика басқармасының белгілеген стандарттарын бұза отырып, Трамп өз бизнес империясын сақтап отыр, ал оның отбасы мүшелері бүкіл әлем бойынша жаңа инвестицияларды Трамптың аты арқылы монетизациялап жатыр.
Үшінші Трамп популист және демагог болып табылады. Трамп БАҚ жасаған сөзсіз түзетулерді «жалған жаңалықтар» деп айыптаған, өтіріктің тоқтаусыз көзі болып жатыр. Қазіргі американдық тарихта алғаш рет, президент агрессивті түрде медианы жамандап отыр. Өткен аптада, Ақ үйдің баспасөз хатшысы жасаған жаңалықтар брифингіне New York Times, CNN, Politico, and the Los Angeles Times қатысуына тыйым салынды.
Кейбір түсіндірмелер бойынша, Трамптың бос сөзі оның бас стратегі Стивен Бэнноның ісі болып тұр, ал ол болса алдағы өркениеттердің соғысы туралы қараңғы көзқарасты қолдайды. Ең жоғары ықтимал деңгейге қорқыныш сезімін көтеру арқылы, Трамп күштеп Америка бірінші орында деген ұлтшылдық құруға бет бұрған. Герман Геринг Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Нюрнберг түрме камерасында отырған кезде ондай формуланы былай деп түсіндірді: «Қашанда адамдар басшылардың сөзін сөйлеуі мүмкін. Бұл оңай. Сізге бар керегі оларға шабуыл жасалып жатқанын айтып, және пацифистерді оларда патриотизм жоқ болып, олар елді қауіпке салып жатыр деп айыптау керек. Бұл кез келген елде бірдей жұмыс істейді».
Басқа теория бойынша Путинның досы болу, байлық қу, және демагог - бір Трамптың бойынан табылады, яғни кәсіпкер Трампты ұзақ уақыт бойы орыстар қолдап, оны заңсыз түрде табылған ақшаның ізін жасыру үшін қолданған. Олар бәсті ұтып, джекпот алды деп айтуға болады, себебі олар күтпеген жерден өздері қолдаған адамы сайлауда жеңіске жетті. Бұл пікір бойынша, баспасөз, барлау органдары, сондай-ақ ФТБ-ға Трамптың жасаған шабуылдары олардың Трамп-Ресей қарым-қатынасына қатысты қырларын ашып қоймаю үшін арнайы алдын ала олардың беделін түсіру үшін жасалынып отыр.
Уотергейт естерінде барлар, Ричард Никсонды жауапкершілікке тарту қаншалықты қиын болғанын біледі. Құпия Ақ үй таспалары табылмағанда, Никсон импичменттен құтылып, өз мерзімін атқарар еді. Сол сияқты, Флинн де өз лауазымын алмаудан бұрын ресейлік елшісімен байланысы туралы жұртшылыққа, және вице-президент Майкл Пенске қайта өтірік айтқан. Дегенмен, Никсон сияқты, ол жалған сөздерін, бұл жолы АҚШ барлау агенттіктерінің тіркеуі арқылы ұсталып қалды.
Флинның өтірігі шыққан кезде, Трамп реакциясы, өзіне тән болды, ол айыпты адамға емес, ақпарат көзіне шабуыл жасады. Шынында да, жалпы күшті саясаткерлер мен Вашингтонтан алынған сабақ ол өтіріктің соңғы емес, басты құралға айналуында болар.
Конгрессте жеткілікті адал мүшелері бар болса, республикашылдар республикашылдарды тергемейтінін түсінген көпшілік, Трамптың Ресеймен байланыстарының тәуелсіз тергеуін талап ететін болады. Республикалық партиядан Сенатор Рэнд Пол республикашылдарды тергеу республикашыл үшін «ешқандай мағынасы жоқ» деп мәлімдеп, осы тұрғыдан айқын болды. Трамп қорғану үшін ФТБ, барлау агенттіктері, соттар, және БАҚ-қа қысым көрсетуді жалғастырмақ тәріздес.
Демагогтар сараңдық, ұлтшылдық, патриотизм, нәсілшілдік, қорқыныш тәрізді ұғымдарға шағымдануы арқылы мемлекеттік қолдауды алғандықтан жалғасын табуда. Олар өз жақтастарын қоғамдық борышты асырып, болашақ ұрпақ үшін қарызды қалдырып жатқан салық қысқартулары және табыс трансферттері түрінде, қысқа ғұмырлы қолма-қол ақшамен тойдырып жатыр. Трамп осы күнге дейін қолжетімді салық қысқарту уәделері арқылы Американың плутократтарын бақытты қылып, заңсыз көшіп келгендерді депортациялауға, халқының көпшілігі мұсылман болған елдерге келуге тыйым салуға атқарушы бұйрықтар арқылы өз ақ нәсілді жұмысшы класс ізбасарларын қуантып алды.
Бұның ешқайсысы Трампты өте танымал етпеді. Оның 40% болған қолдау рейтингтері жаңа президент үшін тарихи төмен, және респонденттердің шамамен 55% -ы оны қолдамайды. Атқарушылық iс-әрекеттерге туындаған сот қиындықтары, бұқаралық ақпарат құралдарымен соғыс, өскелең бюджет тапшылығынан шыққан қысым, және Трамп пен Ресейге қатысты жаңалықтар шиеленісті жалғастыра берері анық - және Трамптың қоғамдық қолдауының бітуі мүмкін.
Бұл жағдайда, Республикалық партия басшылары Трампқа тап беруі мүмкін. Бірақ ешкім ешқашан демагогтың өз күшін сақтап қалу үшін қорқыныш пен зорлық-зомбылықты, тіпті соғысты да пайдалануға дайын екенін ұмытпауы тиіс. Путин шын мәнінде оның қолдаушысы және әріптесі болса,Трамптың азғырулары одан да күшті болады.
Автор туралы: Джеффри Д. Сакс - Колумбия университетінде тұрақты даму мәселелері профессоры, денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының профессоры, және Тұрақты Даму орталығының директоры болып табылады. Ол сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдер желілерінің директоры болып қызмет атқарады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024