Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инфляция мәні, себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Инфляция мәні, себептері және әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Инфляция – осы күндері бүкіл дүние жүзін  толғандырып отырған  кең ауқымды мәселе, сонымен қатар ол Қазақстанның экономикалық  тұрақтылығын, өндірісті, қаржы мен баға жүйелерін  бұзып отыр.  Инфляция бұл күрделі де көп факторлы құрылыс;  осы қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән  және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өндірісіндегі ең өткір мәселелердің бірі болғандықтан әлем экономистері осы мәселені  терең зерттеп, одан шығу жолдарын іздестірген. Бұл процесс біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін байқалса, ал басқа шет елдерде бұл мәселе ХІХ ғасырдың орта шенінен белгілі. Осы мәселені ең алғаш терең зерттеген шет елдің ғалымдары болды. Олар: ағылшын экономисі О. Филлипс, Р.Липси, кейіннен американ экономисттері: Р. Солоу және П.Самуэльсон, М.  Фридмен швед экономист ғалымдары:  Еста Рен және Рудельф  Майднерлер және т.б. дүние жүзінің ғалымдары болды. Олар инфляцияның пайда болу себептерін, әлеуметтік және экономикалық зардаптарын зерттеп аңғара білді. Олар инфляцияны бәсеңдету шараларын іздестірді. Алдымен экономисттер ең басты сұраққа жауап іздейді. Әр елдің ғалымдары  әр түрлі пікірлер айтып, әр түрлі шешімдер қабылдады.

Ал біздің елде бұл процесті зерттеу тек оншақты жыл бұрын ғана қолға алынған. Оны зерттеуге еліміздең  Я. А. Әубәкіров, Б.А.Жүнісов, С.С. Сахариев, О.Қ. Шеденов, К.Н. Кәрібаев, Д.Қ.Қабдиев сынды  экономист-ғалымдарымыз ат салысуда. Олар  Қазақстан жағдайындағы  инфляцияның ерекшеліктерін көрсетіп,  оған нақты баға берді.

I  Инфляцияның мәні, мазмұны және оның  әлеуметтік, экономикалық зардаптары

1.1 Инфляция мәні, пайда болу себептері  және түрлері

Соңғы уақытқа дейін  біздің санамызда «инфляция»  деген ұғым капитализмнің  кеселі ретінде орнықты. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю  деген мағына береді. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынастарының болуы инфляциялық процестерді тудырады. Инфляция себебі, әрекет ету механизімі, көрінуі және оның зардаптары мен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген. Инфляцияның басты ерекшелігі қоғамдық ұдайы өндірістің барлық  факторларына қатысты сан алуан себептерден турады. Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашлық механизімінің қызметінен туындайды.

Инфляция азамат  тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар. 1775-1783 жылдары  Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін  болған соғыс доллардың  құнсыздануына әкеліп  соқты. Франция 1789-1794 жылдары революция кезінде  өндірілген қағаз асигнаттар 7 жылда 883 есе құнсызданды.

Алғашқы рет «инфляция»  деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ-та азамат соғысы кезінде (1851-1865 ж.)  орасан зор гривналар ақша орнына  қолданылған күміс кесек (450 млн. доллар)  шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ол оның төлем  қабілеті екі жылдың ішінде 60 %  дейін төмендеді.

Қоғамдық ұдайы өндірістің  прапорциясын  стихиялық реттеу, соның ішінде ақшанаң қазына жинау құралы қызметі механизмін атқару кезінде қалыптасқан айналым саласында, алтын монометаллизмі  жағдайында инфляцияның созылмалы ауру ретінде дамуына кедергі жасалды. Еркін бәсеке кезеңіндегі капитализм жағдайында инфляцияны соғыс, дағдарыстар, стихиялық апаттар кезінде болатын несие ақшаларының алтынға айырбасталуының тоқтауы кезінде  пайда болды.  Капитализмнің жалпы дағдарысы кезінде инфляция жалпы созылмалы сипат алып, мазмұнды әлеуметтік-экономикалық проблемалардың  біріне айналды.

Енді инфляция дегеніміз не,  осы сөздің басын ашып алайық. Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбіне тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни,  инфляция бүкіл жалпы ұсыныс  пен сұраныста қалыптасқан сәйкессіздік. Жеке тауар рыногында  сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға  баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген  нарық сәйкессіздігі  инфляцияны қалыптастырмайды.

Инфляция – бұл рыноктардың көбіне сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты  пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі [1.  34-35 б.б.].

АҚШ  сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтық манополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдайятына (конъюктурасына),  сытқы экономикалық  жағдайға, мемлекеттін реттеуге және басқада себептерге  байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни, бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады.  Бірақ бағаның кез келген  өсуі де инфляция емес.  Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптас-тыратындарын анықтап алу қажет.

Айталық экономиканың  конъюктуралық ауытқуына байланысты бағалардың өсуін  инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек өнімділігі  өскенде баға деңгейі төмендейді. Бірақ егер негізгі өндіріс  салаларында еңбек ақы  деңгейі еңбек өнімділігінен тез өскен болса, онда ұлттық шаруашлықта «шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі өседі.

Сонымен, баға өсуінің  инфляциялық себептеріне нені, қандай жағдайларды жатқызуға болады.

Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі  диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып  көрелік. Біріншіден, бұл  мемлекеттік шығындар мен  табыстар арасында  қалыптасқан диспропорция немесе  тепе-теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің  тапшылығы ретінде көрінеді. Егер тапшылық орталық  банктің несиесі, яғни айналымға қосымша  ақша шығару  арқылы қаржыланған болса,  онда бұл айналымдағы  ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін. Екіншіден, егер инвестицияларды қаржыландыру,  жоғарыда айтылған әдіспен, яғни орталық банктің несие беруімен жүргізілген болса, түптеп келгенде, бұл да  инфляцияның себебіне айналуы мүмкін. Үшіншіден,  осы күнге экономикалық теория бағалардың  жалпы өсуін ХХ  ғасырда нарық құрлымының  өзгеруімен түсіндірді.  Бүгінге нарық ХІХ ғасырдағы нарық  түріне тіпті ұқсамайды. ХХ ғасырдағы  нарықты негізінен өзара  толық бәсекелі тауарлар сатылатын.  Бұл тауарларды көптеген өндірушілір өзара еркін бәсеке негізінде өндіріп сататын, салалық және салааралық  бәсеке жағдайы болған,  капитал кедергісіз бір саладан екінші салаға ауысатын еді.  Қазіргі рынок – көбіне алигопия түрінде қалыптасқан. Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер, ұсынушылар)  белгілі бір деңгейде нарық бағасына ықпал жасап,  өз өніміне бағаны  өзі белгілей алады. Фирма-алигополия  бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі. Бағаның төмендеуімен өз рыногындағы жағдайы «бұзып алмау»  мақсатында ірі фирмалар ұсыным икемділігінің артуына кедергі жасауға тырысады. Қалыптасқан өндіріс түріне  жаңа фирмалардың  келуіне шек қою арқылы алигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным  арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Төртіншіден,  ұлттық экономикалардың «атына» түсуіне,  олардың дүние жүзілік шаруашылық қатыстары  жүйесіне  тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысу қаупі артады. «Импортталған инфляциямен»  күресі мүмкіндіктері де  шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның  бағасын арттырып импортты арзандатуға болады, бірақ бұл жағдайда импорт қымбаттап, ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі кемиді. Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайға байланысты инфляциялық процесс өзін өзі қолдап жалғаса береді, Батыс елдерде көптеген экономисттердең пікірінше, «инфляцияны тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.

«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар ұзақ уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың болашақта төмендеуінен күдер үзеді де, жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы  үмітке талап қояды. Еңбек ақының өсуі тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра түседі [2.  102-110б.б.].

Өндірушілер де шиказат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап, өздерінің өнімдеріне бағаны арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Нәтижесінде, бағалар сұраным көлемі анықтайтын деңгейден артып, «инфляцияны тосу» деңгейіне көтеріледі.

Инфляция қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері мөлшерінің тауарлар бағаларының қосындысынан артып кетіп, осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін мынандай мысал келтірейік. Айталық, тауар айналымы үшін 10 млрд алтын доллар керек екен, ол қағаз ақша  20 млрд. доллар  шамасында шығарылады делік.  Мұның өзі қағаз ақшаны екі есе құнсыздануына әкеп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың  тұрмыс жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі тауар бағасы бірнеше есе өседі,  ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрежесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы  халықтың әл-ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.

Инфляция өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады.  Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып тауар мен азық-түлікті  белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.

Инфляция кешенді себептердің негізінде пайда болады және оның маңыздылары болып мыналар саналады: мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, оны азайту мақсатында мемлекеттік бағалы қағаздар  немесе жай қағаз ақшалар шығарылады. Тұтыну игіліктерінің  көбейуіне айналмайтын, адамзат еңбегінің мақсатынсыз шығындарына  жол беретін мемлекеттік өндірістік емес шығындары (әсіресе әскери шығындар).

Сұранымды ұсынымнан  алшақтататын тауар тапшылығы және соның негізінде бағаның өсуі, бірқатар өндірушіліердің өз өнімдеріне,  олардың тұтыну сапасын  арттырмай-ақ жоғары баға қою және негізінен қымбат тұратын өнім шығаруға мүмкіндік беретін монополиялық үстемдік жағдайы, жалақының өсуінің еңбек өнімділігінің  өсуіне  алшақтауы және басқа себептер. Бұл себептер мемлекеттік бюджетінің тапшылығының тұрақты ұдайы  өндірілуіне және жиі-жиі  артық ақша эмиссиясына (эмиссия --  айналысқа ақша және бағалы қағаздар шығару) жағдай жасайды.

Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың  белгілі бір  комбинациясы (құрамасы) қалыптасады.  Айталық, ІІ дүниужүзілік соғыстан кейін Батыс Еуропа  елдерінде тапшылыққа байланысты өте күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы  жылдары Батыс  Елдерінде инфляцияның негізгі  себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға-еңбекақы»,  «инфляциялық тосу», «инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары болды. Бұрынғы Кеңес одағы инфляцияның негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды айтуға болады.

Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы; соғыс кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын қаржылындыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы екі-үш жылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінің тұрақты факторына айналады.

Шет ел мамандары өту қарқынына байланысты оны үш түрге бөледі:

  • баяу немесе сұрама инфляция
  • қарқынды инфляция
  • ұшқыр инфляция

Экономика теориясында, жеке алғанда осы күнгі Кейнсті жақтаушы экономисттер  инфляцияның баяу түрін  өндірістің  дамуына  қосымша оңды әсер  ететін  фактор ретінде қарастырады.  Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мумкіндік береді.  Баяу инфляция  кезінде баға жай өседі де (жылына 10-20%-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халықта да, мемлекетте төтенше жағдайда тап болмайды. Нарықтың экономикада инфляция 2-3% деңгейінде  қалыпты құбылыс деп есептеледі. Мысалы; 1992 жылы инфляция Францияда -2,7%,  Германия мен АҚШ-та – 3,8% құрады.

Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10-20% дан 200-300%-ға  дейін өседі.  Қарқынды инфляция -  экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі  қарқынды инфляцияны  алдын ала ескеріп,  оған  икемделе береді. Қарқынды  инфляция кезінде  жалақы  өсіп ол бағаның одан әрі өсуіне әкеп соқтырады.

Гипер инфляцияда, яғни ұшқыр инфляция кезінде  ақшаның саны мен баға  астрономиялық қарқынмен (500-1000 %-дан жоғары) өседі. Ұшқыр инфляцияда  бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған  процентке артқан  жағдаймен сипатталады.  Гиперинфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны  айналымға шығарылған ақша төлемінің  өсуінен көп есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың өсу қарқыны соншалық, тиісті ақша шығаратын фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс істегенде де айналымға қажетті ақша  көлемін шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен. Экономикалық тарих ұшқыр инфляцияның  таңкаларлық мысалын келтіреді.  Инфляция 1985  жылы Боливияда -- 3400%, 1990 жылы Аргентинада -- 2000% құрады. Ал Венгриядағы ұшқыр инфляция  бұрынғы барша белгілі ркордтардан асып түсті. 1946 жылы  тамызда құнсызданған 829 актильон (22 нөлі бар единица)  форинттар соғысқа дейінгі бір форинттің бағасына теңесті. Америка  доллары 3*1022  (22 нөлі бар) з форинке бағаланды.  1947 жылы мапамдықтардың балықшылыра мен фермерлері  санап әуре болмау үшін валюталар мен ұсақ тиындарды таразыға тартып есептеген болатын – 1938 жыл мен 1948 жыл  аралығында  бұл елдегі баға 116 есе көтерілді, германиядағы инфляция да апаттық ауыр сипат алды. Германияның Вейшарлық Республикасы - әлсіз үкіметтің бұзылған қаржылық инфляциямен шамалы уақыт қана тұра алғандығына көрнекі мысал бола алады, 1921 жылы 27 сәүірде неміс үкіметіне оны соғыста жеңген одақтас елдер естен тандырарлықтай – 132 млрд.  алтын марка көлемінде репарациялық төлем төлеуге  жықты. Бұл  Ваймар  республикасының салық  төлеушілірден  жинауға болатын сомасынан анағұрлым асып кетті. Өте үлкен  бюджеттік шығынға ұшыраған Вайнар өкіметі өз қарыздарын төлеу үшін  амалсыздан ақша жасайтын  станоктарын барынша   іске қосқан болатын. 1922 жылы Германияда баға деңгейі 5470% көтерілді. 1923 жылы жағдай одан да нашарлады: баға деңгейі 1 300 000 000 000 есеге өсті.  1923 жылы, Германиядан Құрама штатқа хат жіберу үшін 200 мың марка төлеуге тура келді. Майдың фунты 1,5 млн. марка,   ет – 2 млн, батон 200 мың марка, бір жұмыртқа  60 мың марка тұрды.  Бағаның тез өскендігі соншалық, даяшылар ертеңгі тамақты беріп жатып дастархан мәзіріндегі тағамдардың бағасын бірнеше рет өзгертіп жатты, мейрамханаға кірген қонақтар түскі тағамдар жеп болып берген тапсырыстарын екі есе көп ақша төлеуге дейін барады.

Никарагуада азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % -ке дейіе жетті. Ақша айналым заңын сипаттайтын теңдікті – МV=PQ  қолдана отырып  осыны қалай  түсіндіруге болады?  Егер М-n есе өскен болса,  баға деңгейі соншаға есеге өсуі  қажет сияқты. Бірақ бұл  жерде V-көрсеткішін  де есепке алу қажет.  Шаруашылық  субъектілері  ұлттық валютаға сенімдерін толық жойған жағдайда  қолындағы құнсыз валютадан тез құтылуға ұмтылады. Нәтижесінде ақшаның айналым жылдамдығы (V) күрт өседі,  ал бұл айналымға қажетті ақша  көлемінің күрт өсуімен бірдей.  Сондықтан бағаның  өсу қарқыны  айналымға ақша массасының  өсуінен сан есе артады. Сонымен,  инфляцияны тосу  факторын қарқынды  инфляцияның гиперинфляцияға ауысып  асқындап кетудің  негізгі бір себебі ретінде қарастыруға болады.  Гиперинфляция жағдайында халық үлкен зиян шегеді,  тіпті  қоғамның ауқатты тобына да қиын болады.  Ұлттық шаруашлық бүлінеді.  Гиперинфляцияны басынан өткізген  бірқатар елдерде,  бағалардың өсу қарқыны  айналымдағы ақша мөлшерінің  өсу қарқынына  әлдеқайда жоғары болады.  Шаруашлық субъктілері ұлттық  валютаға деген сенім  жоғалған кезде,  қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның санының  көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.

Шет ел нарықта болатын инфляциялық тепе-теңдік нысандарына  байланысты инфляцияны ашық   және басылыңқы  деп бөлінеді. Жоғарыда сөз болғандар  инфляцияның ашық түріне жатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады. Еркін баға  экономикасына тән ашық инфляция бағаның тауарлар мен  қызметтерге созылмалы артуы түрінде көрінедішық инфляция кейбір тауар  нарығындағы бағаның  ақтын-ақтын  төмендеуімен немесе оның өсуінің  баяулауымен  сиыса береді.  Ал ол ашық инфляцияның нарық механизімін едәуір бұрмалағанмен, әйтсе де оны  толық бүлдіре алмайтынын көрсетеді. Бірақ, бағалардың деңгейі ресми түрде өспеген болса да құнсыздану (инфляция) жағдайы қалыптасуы мүмкін. Инфляцияның бұл түрі тауар ташылығынан көрінеді. Тауардың тапшылығына байланысты оларды ақшаға сатып алу қиындайды, яғни ақша (табыс) құнсызданады.

Жасырын инфляция деп аталатын басылыңқы инфляция реттелмелі бағалар қолданылатын экономикаға тән, ол тауар тапшылығында, өнімнің сапасының нашарлауында, амалсыздан ақша жинақтауда астынтын экономикада, бартерлік айырбастың дамуында көрінеді.  Басылыңқы инфляция, ақшаның жалпылама төлем қабілеті бар құрал және тауарлар мен қызметтерді бөлу өлшемі қызметін атқара алмаған жағдайда тауар бағасын сұраным мен ұсынымның тепе-теңдік бағасынан төмен ұстап отыруды мемлекетпен қолдану нәтижесінде пайда болады. Мұндай жағдай ұзақ уақыттан бері біздің экономикамызға тән болып отыр.

Басылыңқы инфляция  өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраным мен ұсыным тепе-теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен тұрады, онда ақшалар жалпы төлем құрамы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады. Егер біздің осы уақытқа дейінгі экономиканы алсақ, ол ұзақ жылдар бойы басылыңқы инфляция жағдайында болды және болашақ экономика үшін бұл қауіпті емес, одан әлі де болса құтылуға болады.

Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін, яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі. Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне сәйкес процент көлемі (ставкасы) да өседі. Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады.

Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке тауар топтарына баға бір қалыпты емес, әртүрлі қарқынмен өседі.

Сонымен  тосылған инфляцияны тосын инфляциядан айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны алдын ала болжауға болады немесе оны үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды». Тосын инфляция бағалардың кенеттен және тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша айналымын және салық жүйесін бұзады. Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан нарықта қалыптасқан жағдай бұзылады, сұраныммен баға бұрынғыдан да тез өсетін болады. Сонымен бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі тұрғындардың «инфляциялық тосу психологиясын» туғызады.  Егер тосын   инфляция (бағаның кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде пайда болса, ол нарық жағдайына қатты әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да қуатты елде тұрғандар бағаның уақытша ауытқуынан қорықпайды және бағаның өсуі қанша тез болса, соншама оның құлдырап түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді, сондықтан олар бағаның түсуіне күтіп үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады. Нарықтық сұранымның қысқаруы баға деңгейіне әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды, олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына келеді.

Бұл жерде бір қалыпты қызмет атқаратын нарықтық шаруашылық жағдайында пайда болатыны белгілі Италия экономисті есімімен аталатын «Пигу әсері», немесе «нақты кассалық қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе, «Пигу әсері» икемді бағалармен икемді процент жағдайында және инфляциялық тосу болмағанда ғана қалыптасады екен. Бірақ Батыс экономистерінің пікірінше, «Пигу әсері» экономикада нақты болатын жағдайды емес, тек теориялық болжамды білдіреді.

Шетелдік экономистер сұраным мен ұсынымға байланысты инфляцияны екі типке бөледі: а) сұраным инфляциясы; б) өндіріс шығындарының өсуінің немесе жиынтық ұсынымның азаюының нәтижесінде болатын инфляция – ұсыным инфляциясы. Сұраным инфляциясының мәнін бір сөзбен былай деп сипаттауға болады: «тым көп ақшалар тым аз тауарларды аулайды». Сұраным инфляциясы артық байланыстарды монополизм мен әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесінің  ұсақ үстемдігі болған жағдай да орын алады. Олар өзіндік айрықша нысан сипатында болады. Мысал ретінде біздің экономиканы алсақ, онда ұзақ жылдар бойы жасанды түрде төмен жұмыссыздық деңгейі сақталады. Оған табыссыз жұмыс жасайтын  бірталай кәсіпорындардың санын және артық жұмыс орнын, ең көп еңбек шығынын қажет ететін өндірісті сақтау арқылы қол жетті, ал ол еңбек өнімділігіне кері әсер етті. Ал жалақының еңбексіз табылған табысқа айналуы, оны сұраным инфляциясына айландырады, бағаны өсіреді.

Жалпы сұраным инфляциясы ол сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарының толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға деңгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық  қамтылған жағдайда айналымға артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастыраты.

Жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (АD1 – АD2)  және экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық үзіндісінде болса,  бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2) яғни, инфляция қылыптасады. [3.  230-239 б.б.].

Ұсыным инфляциясы ұсыным мен шығындырды өзгерту нәтижесінде болады. Бұл инфляцияны  басқаша шығындар инфляциясы деп те атайды. Шығындар инфляциясы, өндіріс шығындардың өсуінен туындаған бағалардың жаппай өсуін білдіреді. Өндіріс шығындарының өсуі монополиялық немесе алигополиялық бағалардың қалыптасуынан, мемлекеттің қаржы саясатынан, шикізатпен энергия ресурстарына бағаның өсуінен және басқа себептерден болады. Ұсыным инфляциясының екі түрі бар: а) жалақының өсу әсерінен болатын инфляция; б) ұсыным экономикасы механизімінің  бұзылуы нәтижесінде пайда болатын инфляция.

Айтылған есептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай жылжиды (АS2 – АS1 ) баға деңгейі өседі (Р1 – Р2) , өндіріс көлемі қысқарады (Q1 – Q2), яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.

Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбек ақыны номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Бағалардың жаппай өсуі табыстарды индексациялауға мәжбүрлейді, бұл өндіріс шығындарын арттырады, яғни инфляцияның одан да жоғары көтерілуіне себеп болады.  Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр-түрлі салалары үшін бірдей болуы мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

Инфляция философиясы мынада: бірте-бірте  тереңдеуіне байланысты экономиканың уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналды.

Инфляция кезінде өндіріс қарқыны төмендейді, экономикалық өсудің пропорциясы бұзылады, ақша-несие, қаржы және валюта механизімі бүлінеді елде әлеуметтік-экономикалық қарым қатнастарды, жұмыс күшін ұдайы өндіру шарттарын бұзады, капиталды экономиканың ең пайдалы салаларына салуды ынталандырады, экономикалық құбылыстар мен астыртын экономиканың дамуын жеделдетеді.

Инфляция баға индексі (екі әр-түрлі уақыт кезіндегі тауарлар мен қызметтердің ара қатысын білдіретін көрсеткіш) арқылы өлшенеді. Ағымдағы жолдың инфляция деңгейі төмендегі формуламен анықталады:

                            И=Pа –Pө * 100%

                                    Pө

бұндағы И-инфляция деңгейі

               Pаағымдағы мерзім бағасы

               Рө - өткен мерзімдегі баға

Инфляция деңгейі, әдетте, бір жылға есептеп шығарылады. Тіпті егер ол бір ай үшін есептелсе де, онда алынған шаманы жылма-жылға дейінге дейін жеткізу керек.

Мысалы, 1999 жылдың қаңтар айында инфляция деңгейі 105,8 % құрады делік, осы шаманы 12-ге көбейтсек, онда  бір жыл ішіндегі инфляция деңгейінің 1269,6 % құрайтынын көреміз. Инфляцияның әр-түрін оның басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбек ақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.

ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы бағалардық ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырады, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың құлдырау жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «Стагфляция» деп аталады.

1.2  Инфляцияның  экономикалық және әлеуметтік зардаптары.

Инфляцияның зардаптары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың (коннъюктураның) уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт  артып инфляция тереңдегенде ол ұдай өндірістің кедергісіне айналады, қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық жағдай  қиындайды.

Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларғада, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелдік (риск) жоғарылайды,  іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әр-түрлі өсуі экономикадағы сала аралық сәйкессіздіктерді (диспропорцияларды) ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін – нарықтық объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.

Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айрбастау  (бартер) туындап кеңейді.

Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де  теріс әсер етеді, экономикада «Ганзи-Оливер әсері» деп алатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-ы жылдары Латын Амикасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (квартал) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда Гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер және банктер шығын шегеді.

Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге аусуына  мүмкінді береді, бұл халық аралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.

Инфляцияның  әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты,  бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысты шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады [5. 138-139 б.б.].

Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. Сондықтан 1958 жылы Ағылшын экономисті А. Филлипс оның  ықпалын көрсететін «сұраныс инфляциясы» деген үлгісін ұсынды:

Ол 1861-1956 жылдар аралығындағы Ұлыбритания статистика мәліметтерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруімен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық сызығы арқылы көрсетті. Филлипстің айтуынша, Англияда жұмыссыздықтың  2,5-3% -тен артық өсу бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы бағамен еңбек ақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығарады. Басқаша айтқанда, ұлттық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады. Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен Американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша үлгісін жасап берген. Олар Филлипс моделіне еңбекақы көлемін (ставкасын)  тауар бағаларын өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. Х- сызығында жұмыссыздық деңгейі (проценттен), Y-сызығында тауар бағаларының өсу қарқыны (проценттен) көрсетілген (3-сутер). Филлипс қисығы осы көрсеткіштердің ара қатынасын белгілейді.

Филлипс қисығы. Қисық сызықтың жылжуы стагфиациалық жағдайды көрсетеді.

Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, И1 (Р1-инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында  белгілі ақша-несие және қаржы-бюджет іс шараларының жүргізілуі қажет болады.

Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады.  ЖҰӨ-нің өсуі жалпы  сұранымның  өсуіне байланысты жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық  бағаларының деңгейі  өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі,  түптеп келген де, ЖҚӨ өседі. Ұллтық өндірістің  өсуі өндіріс факторларына, оның оның ішінде еңбекке қосымша сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы И2 –ге  дейін қысқарған болса,  онда инфляция қарқыны Р2 –ге   дейін көтеріледі. Бұл экономиканың «қызуын» арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін.  Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, «қымбат»  ақша-несие саясатын іске асырады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны  Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық    сәл өседі, оның деңгейі И3 –ке жетеді [6. 144-149 б.б.].

Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филлипс қисығы қысқа  мерзімділік  экономика жағдайында қолдануға болады, ол ұзақ мерзімде (5-10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.

Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында  жүргізген іс-әрекеті қысқа мерзімдік, уақытша ғана  нәтиже береді екен.

Айталық, номеналды   еңбекақының өсуіне  байланысты еңбек ұсынысы артады. Сонда Филлипс қисығы  концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі  жұмыссыздықты қысқартуы мүмкін.  Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның өсуіне байланысты жүреді. Бірақ уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны номиналды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек ұсынысы  өспейтін болады.

Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкер де еңбек факторына қосымша сұранысты қысқартады.  Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер  қосымша жұмысшылырды жұмысқа алуды тоқтатады,  ал белгілі жағдайларда олар жұмыс орнын қысқартып, жұмыссыздықты арттырады.  Бұл мәселеге 60-шы жылдары  американ экономисті М.Фридмен ерекше назар аударғаны еді. Оның айтуынша,  жұмысыздық пен  инфляция  арқылы күресу  тиімсіз, керек десеңіз, қауіпті  іс-әркет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің  номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне  сәйкес еместігі анықталған соң инфляциямен бірге жұмыссыздық өсетін болады,  яғни стагфляция басталуы мүмкін.

Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге, яғни Филлипс қисығының солдан-оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады (3-сурет). Филлипс қисығы оңға жылжығанда  бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.

Филлипс қисығы жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70-ші жылдары энергия ресурстары бағаның тосын кезіндегідей) бағалардың күрт өсуін  жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп  жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық  заңдылықты көрсетпейді.

Негізінен инфляция елдегі  баға деңгейінің  өсуімен байланысты,  оған экономикалық жағдайлар әсер етеді.

Өндірушілер  өз өнімдерін  өте жоғары бағаға белгілейді, сойтіп қысқа мерзімде шикізат, материал,  қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында (қаңтар-сәүір 1991 ж.)  инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында  өндірушілер өздерін  жабдықтаушылырдың  бағаны көтеру мүмкіндігін сақтап, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатады. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар ұсыныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден  де асып түсті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляцияның сан түрлі себептері бар.

Қоғамдық мүдде тұрғысынан үлкен зиян келтірді, яғни жұмыссыздықты өсіріп,  өндірісті құлдыратады.  Кейбір есептер бойынша, инфляцияны 1%-ке  төмендету жұмыссыздықты жыл бойындағы өзінің табиғи деңгейінен 2%-ке   жоғарлатады, ол нақты ЖҰӨ-ді 4%-ке   кемітеді. Филлипс қисығының орнына  1979 жылдан бастап АҚШ-та  және Англияда «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі»  деп аталатын теория қолданылатын болған. Бұл теорияның мәні мынадай:  ұзақ мерзімде жұмыссыздықтың  деңгейі оның табиғи деңгейінен атпаса ғана қоғамда  баяу инфляция  қалыптасады, ал баяу инфляция экономиканың өсуіне, қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.

Инфляцияның өсу қарқыны %-пен  өлшенетін белгілі бір мерзімде баға деңгейінің өсуі.  Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады. Өндірістер тоқтайды,  сол себептен баға өседі, баға өсуімен байланысты ақша құнсызданады да жұмыссыздар саны көбейеді.

Нарықтық жағдай да да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының  бәрі осы нарық заманында  жұмыспен қамтамасыз ету мүмкін емес. Қоғамдағы жұмыссыздық деңгейі оның фрикциондық және құрылымдық түрлерін құраған болса,  жұмыссыздықтың табиғи (тепе-тең) деңгейі еңбек нарығының  құрылымы мен анықталады.

Фрикциондық – бұл жұмыссыздықтың жұмыс күшінің өзгеруімен объективті түрде жылжумен байланысты. Жұмысын ауыстыруда, мекен-жайын өзгертуде, көшіп-қонып жүруіне сұранысының,  ұсынысының өзгеруінде. Мелекетке тек қана фрикционды және құрылымды  жұмыссыздық болса, онда  мұндай жағдай  жаман емес.  Ол жұмыссыздарды қамтамасыз етеді.  Ал нағыз жұмыссыздық циклы  жұмыссыздық дағдарыс кезінде туады.

Бірақ жұмыссыздықтың табиғи деңгейін сақтап,  инфляцияның өсу  қарқынын төмендетуге арналған  экономикалық саясат әрқашан  оңды нәтиже бере бермейді.  Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып,  мынадай бір мәселені білген дұрыс: жұмыссыздық өзінің  табиғи деңгейіне төмендегенде де бағалардың өсуі бірден  тоқтамайды екен, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса соңғы онжылдықта Батыс елдерінің көбінде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі 60- жылдары 4 %-ке тең болса, 80-жылдардың екінші жартысында 6-7%-ке   дейін өскен екен.

Батыс елдерінде жұмыссыздық деңгейі мен инфляция деңгейінің арасындағы өзара байланысты талдау негізінде  жиынтық сұранымды  реттеудің экономикалық саясатымен  оларды азайтудың шаралары жүйесі ( салықтар нарқы және  басқа тұтқалар) жасалып шығарылды. Швед экономист-ғалымдары - Еста Рен (1913 ж. туған) Рудольф Мейднер (1914 ж. туған) 50- жылдары жұмыссыздыққа қарсы әрекет ету мен  инфляцияны ұстаудың экономикалық моделін ұсынады. Ол тарихта «Сен-Мейднер моделі» деген  атпен белгілі. Бірақ Филлипс  қисық сызығында қалыптасқан экономикалық байланыстар жағдайында, барынша көп еңбекке қамтуға қол жеткізуге инфляциясыз мүмкін емес.

ІІ  Қазақстан Республикасындағы және  әлемдегі инфляцияның қалыптасу ерекшеліктері

 

2.1  Қазақстандағы инфляциялық процесстердің дамуы

Осы күндегі Қазақстанда қалыптасып отырған инфляцияның ерекшеліктерін және  негізгі себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи-экономикалық  даму процесінде  қалыптасқан өндіріс,  қаржы және баға жүйелерінің құрылымдық диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болды.

Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға жүйелерін  анықтайды. өндірісте диспропорциялар қалыптасса,  қаржы мен баға  жүйелерінде де  сәйкессіздіктер пайда болды.

Кеңес экономикасының 70-ші жылдың даму  кезеңдерінде  қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар әр бесжылдық  ойын тоқтаусыз ұлғайып тереңдеп  отырған.  Кеңес экономикасында  тарихи түрде  қалыптасқан  диспропорцияларды  бірнеше топқа   бөлім анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашлығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер өндірісің арасындағы дмспропорциялар;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық өндіріс арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес өндіріс арасындағы диспропорция т.б.

Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде бағалардың инфляциялық өсуін  тұрақты түрде  қалыптастырып  келеді. Кеңес шаруашылық жүйесінде әрбір 10-15 жылда бір  рет жүргізіліп келген  бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер өнімдер арасындағы диспропорция,  тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға  қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның экономикасы негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін  шикізат өнімдерінің 90-95 %  шетелдерге жіберіліп отыран, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну тауарлардың  60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезден Қазақстанда тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі. Бірақ КСРО халық шаруашлығындағы  инфляцияның барлығын  көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция тек капитализмге тән, ал социализм  жағдайындағы экономикада, яғни жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған себеп болды.  Шындығында да,  дерективті түрде баға белгілеу барысы, қалықтың күнделікті  қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты деңгейде ұстап  отыруға мүмкіндік береді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана  инфляцияны өлшейтін  құрал болып табылмайды.  Инфляция, сондай - ақ  өнеркәсіптегі және  ауыл шаруашлығындағы көтерме сауда бағасының  деңгейімен, ЖҰӨ дефляторымен де  сипатталуы мүмкін.

Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі  секторларындағы табыстарды мемлекет тарапынан қайта бөлу есебінен кейбір тауарлардың шеңберіне бөлшек сауда бағасы тұрақты  болып отырады.  Сонымен қатар  тауарлардың тапшылығына  байланысты арзан  тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың  бөлшек саудада  болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды. Мұның барлығы жабық инфляцияның  болғандығы туралы айтуға мүмкіндік  берері сөзсіз.

Қазақстандағы және басқада ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептетіне 30- жылдардан  басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары өндірісінің  дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығындар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің өндіру салалары мен ауыл шаруашлығының  дамуына салынған  капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі;  баға белгіленудегі  қателіктер және бағаның өзіндік  құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы.  Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол береді.

Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индексі (ТБИ).  жатады. Ол үй шаруашылығының  «тұтыну қоржынынан»  жататын  жекелеген тарауларға,  қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып, бағаның өсуі индексі негізінде анықталады.  ТБИ Қазақстанда 1991 жылдан бастап анықталады.

 «Тұтыну қоржыны» 275 тауармен қызметтер түрін қамтиды.  Бағаның құрылымы қайта қаралып, өзгеріп отырды. 1996 жылы шілдеден бастап, 1995 жылғы  әрбір жанұя бюджеттен зерттеу нәтижесінен келіп, «тұтыну қоржынындағы»  тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталды:  тамақ өнімі 62,6 % (бұрынғысы-58,2 %),  азық-түлік емес тауарлар 23,2% (30%);  ақылы қызмет – 14,2% (11,8%). Тұтыну бағалары 1992 жылы - 3006% -ды, 1993 жылы -- 2266%-ды құрады. Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының  индексі 1997 жылы – 11,2%, 1998 жылы – 1,9%; 1999 жылы – 17,8%; 2000 жылы – 9,8%; 2001 жылы – 6,4% ды құрады [8. 123-125 б.б.].

1991-1993 жылдары Ресейден  тауарлар алу үшін  алынған несие көлемі бір жарым млрд доллардан артып кеткен болатын.

Көп уақыт бойы  айналыстағы ақша  массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік  эмокомист-матералистердің назарында болды,  солардың ішінде танымал  Милтон Фридмэн де бар.  Манетаристер ақша массасындағы  өзгеріс инфляциясының негізгі факторы болады деп санайды.

Инфляциялық процестің Қазақстандағы дамуы да осы  көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша  массасының өсу қарқыны бағаның үнемі өсуін ынталандырады. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы шен инфляциясының өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125 %; 1995 жылы -- 216% және 160% құрады.  1996 жылы ақша массасының  өсуі баяулап,  инфляцияның біршама төмендеуіне жол берілді. 1993-1996 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшалардың құнсыздануы 2000%-тен 20%-ке дейін төмендейді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты, тек өзіміздің ұлттық валютаны (теңгені)  енгізгеннен кейін ғана,  Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе  төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның мақроэкономикалық деңгейіндегі айтарлықтай жетістігі болды. Бірақ Қазақстан  үшін бұл жеңіс тегіннен тегін келген жоқ,  оның нәтижесінде ұлттық өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп мен машина жасау көлемі 90 %-ке,  ауылшаруашлық пен азық-түлік өндірісі 50-60%-ке қысқарды.

1994 жылы сегіз ай мерзімінде инфляция деңгейі 1993 жылы  осы мерзімнен салыстырғанда 608%-дан 759%-ға көтерілді. Оның себебі 1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың «егемендіктер парадының» басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтардың болмауы Қазақстанда өте ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайға әкеп соқты. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құрылады. Мұның бәрі тоқырақтау инфляциясымен қатарласа жүріп, 1994 жылы жазында  гиперинфляция өсіп жетті. Саяси және экономикалық себептер  1993 жылы қараша айында республиканы жедел  түрде ұллтық  валюта-теңгені  ендіруге мәжбүр етті, оның өзі алғашқы тоғыз ай ішінді аса тездікпен  салмағын «жоғалтып» жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса қатаң  монетарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

Монетарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 жылы инфляция 11,7% болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.

2001 жылдың инфляция  болжамды деңгейден жоғары болмайды деген ойын талай рет бүкпесіз айтқанды.  Бірақ осы жыл аяғындағы жағдай бұдан сәл басқаша болып шықты. Ұллтық банкте өткен  баспасөз  мәслихатында  жылдық инфляция  деңгейі 9,8 % құраған болатын. Бұл 2000 жылға белгіленген  индикативтік  көрсеткіштен 0,3 пунктке жоғары.

2001 жылы 9,5%  мөлшерінде жоспарланған инфляция деңгейіне  қол жетпеуіне  бірқатар азық-түлік тауарларының  тым қымбаттап кетуі әсерін тигізген.  Атап айтқанда, жыл ішінде  қанттың бағасы 40%-ға, жеміс пен көкеніс - 30%-дан астам, жұмыртқа төртінші  тоқсанның өзінді 43%-ға қымбаттаған.  Ұлттық банк төрағасының пікірінше,  аталған тауарлар бағасының жылдық өсімі өзге тауарлардікіндей 10%-дың төңірегінде болса, онда жылдық инфляцияның деңгейі 8,4% шамасында болған болар еді.  Осыған байланысты Марченко мырза қанттың бағасына қатысты жағдай монополияға қарсы комитет тарапынан назар аударуға тұрарлық дегенді аңғартты. Сондай-ақ,  ауылшаруашлық өнімдерін өткізуде қиындықтар бола тұрып, жеміс пен көкеніс бағасының қымбаттауы да ойлантты. Ал жұмыртқаның  қымбаттағаны Үкіметтің ішкі рынокты қорғау жөніндегі қабылдаған  шешімімен байланысты.  Бұл арада ұлттық тауар  өндірушілер мен тұтынушылар мүддесінің  қабыспай жатқандығы көрініп тұр.

Жалпы алғанда 1999 жылдың екінші жартысында басталған оң үрдістер күшейе түсті. Инфляция 1999 жылғы деңгейден екі есеге жуық төмендеді. Төлем балансы сальдосы жақсарды, елдің алтын-валюта резерві біршама өсті. Ұлттық банк Халықаралық валюта қоры алдында өз міндеттемелерін  мерзімінен бұрын толық өтеді.

Ұлттық Банк теңгенің  еркін өзгермелі айырбас бағамы саясатын ұстаныпкелді. Ол 1999 жылдың аяғында  ұлттық валютамыздың доллармен алғандағы бағамы 145,40 теңге болды. Теңгенің жыл бойы құнсыөдануы 5,2% құраған.

2001 жылғы мемлекеттік құнды қағаздар рыногындағы ахуал да тәуір деуге тұрады.  Айланыс мерзімі 12 айдан және одан да көбірек уақытқа шығарылған құнды  қағаздардың  үлесі 44%-ға дейін өсті. Банктердегі депозиттер ұлғайып келеді.

2000  жылдың 11 айында халықтың  банктердегі салымдары55%-ға алтып, 85,4 млрд теңгеге жеткен (593 млн АҚШ долларына тең).  Мерзімдік салымдардың ұлғаюы нәтижесінде нақты секторға несие беру де ұлғая түскен.

2004 жылы инфляция 6,9% құрады (2003 жылы – 6,8%, 2002 жылы – 6,6%).  Инфляцияның пайда болуына мұнайға деген  бағаның жоғары болуы,  импорт инфляциясы және монетарлық факторлар. Өндіріс тауарларының бағасы 23,8% өсті.

Біздің болжам бойынша өндіріс тауарларының бағасы 2005 жылы - 10%, 200 жылы – 9,3%, 2007 жылы – 5,5% өспек.

2004 жылы тұтыну нарығында баға тарифы 6,7% өсті. Ең  үлкен өсім 2004 жылдың төртінші тоқсанында болған. Ол  2,8% құрады. 2004 жылғы инфляциясының пайда болуына  төмендегілер әсер еткен:

         - маусымдық көкеніс, ет өнімдерінің және жұмыртқаның қымбаттауы;

         - ақылы қызметтердің тарифінің өсуі;

         -  өндіріс тауарларының  бағасының жоғарлауы;

         -2003 жылғы астық көлемінің қымбаттауы;

2004 жылы  сүт тағамдарының  бағасы 1,8% өсті, нан  өнімдері және күріш өнімдеріне баға деңгейінің өсуі  байқалмады, ол 0,7%  төмендеген; жұмыртқаның бағасы төмендеді;

Тауарлардың тұтыну бағаларына әсері (%) кестесі

  2004 жыл 2004 ж. І тоқ 2005 ж. І тоқ
  Тұтыну бағасының индексі өсім салым өсім салым өсім салым
  6,7     1,5   1,52   1,9   1,89
Салыстырмалы тауарллар 7,4 3,68 2,6 1,28 2,7 1,32
Нан және нан өнімдері 8,5 1,07 5,1 0,64 0,7 0,07
Ет және ет өнімдері 12,3 1,25 1,7 0,17 3,1 0,35
Сүт және сүт өнімдері 10,0 0,59 -1,0 -0,05 -0,6 -0,03
Көкеністер 5,9 0,25 9,3 0,43 16,6 0,74
Бензин 14,1 0,27 -9,5 -0,17 -12,0 -0,21
Төлем қызметтері 5,9 1,53 0,7 0,18 1,8 0,49
Тұрғын үй комуналды қызмет 3,0 0,44 0,3 0,04 2,0 0,29
Білім 10,7 0,22 1,9 0,04 1,2 0,03

Инфляцияның себебіне 2004 жылдың І тоқсанындағы төлем қызметтерінің тарифінің көтерілуі болды. Ол 1,1% көтерілді. Оған себеп төмендегілер тарифтерінің көтерілуі:

  • теміржол көлігі 6,7 % өсті
  • коммуналды қызмет 2% өсті [9.  154-155 б.б.].

Ұлттық банкте 2005 жылдың алдын ала қорытындылары мен үстіміздегі жылғы  қаңтар-ақпандағы қаржы нарығындағы ахуалға арналып өткізілген баспасөз маслихатында инфляция деңгейі көбірек сөз болды. Бұлай болатын да жөні бар. 2005  жылы жылдық  инфляция өткен жылдарғы біршама төмен  тұрақты деңгейінен (6,6%-6,8%) асып түсіп,7,5%-ға жетті.

Тұтынушы бағаларының өсуі негізінен, азық-түлік тауарларының  (8,1%) және халыққы ақылы қызмет көрсетудің (8,0%)  қымбаттауыны байланысты болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,9% қымбаттады.  Азық-түлік тауарлары құрылымында жеміс пен көкеніске, күрішке, ет пен ет өнімдеріне, қантқа бағаның көбірек көтерілуі тіркелді.

Халыққа ақылы қызмет көрсетуқұрылымында газбен жабдықтауға, тұрғын үйді ұстауға бағаның өсуі  нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық саланың қызмет көрсетуі 7,4%-ға қымбаттады.

Орташа жылдық инфляция 2005 жылға  мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6%-ды құрады. Ұлттық Банк төрағасы Әнуар Сәйденовтың айтуынша, «бұл көрсеткіш инфляция бақылауда ұсталынып отыр деп айтуға мүмкіндік береді». Дегенмен,  үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында инфляция деңгейі 2,4 %-ды құрау алаңдатушылық туғызбай қоймайды. Ақпан айындағы инфляция 1,5%-ға жетті.  Бұл 2003 жылғы желтоқсаннан бергі  ең жоғары айлық деңгейі болып табылады. Қаңтар-ақпан айларында бағаның негізгі өсімі азық-түлік тауарларының тобы бойынша болды. Олардың  құрылымында қант (23,3%), жеміс пен көкеніс (14,0%), темекі өнімдері (6,8%), сүт және сүт өнімдерінің (3,1%) бағасы едәүір дәрежеде көтерілді.

Ақпан айында инфляция жылдық көрсетуге 8,7%-ға жетті (қаңтар айында -7,7%). Жылдық инфляцияның  осындай жоғары деңгейі 2001 жылғы масым айынан бері байқалмапты. Ә. Сәйденов инфляция деңгейі жыл басынан жоғары болып отырғанына  қарамастан, биылғы жылғы ең жоғры шегі 7,3% шамасында белгіленге болжамды деңгей әзірге қайта қаралмайтынын жеткізді. Шынымен де, инфляцияға қарсы пәрменді шаралар қолданбай, болжамды деңгейді өсіргеннен мәселе шешіле қоймасы анық.

Өткен  жылдың қорытындыларына  қайта оралар болсақ 2005 жылы тауарлар мен қвзмет  көрсетудің сыртқы сауда айналымы 2004 жылмен салыстырғанда 33,8%-ға,55,4 млрд долларға дейін өскен. Мұның 30,4 млрд доллары – экспорттың, 25,0 млрд доллары импорттың үлесінде.

Теңгені нақты тиімді айрбас бағамының индексі (НТАБ) бір жылда 6,3% өсті. Теңгенің АҚШ долларына және евраға қатысы бойынша нақты нығаюы тиесінше 1,5 %  және 15,9 % болды. Ресей рубліне қатынасы бойынша теңге нақты көрсетуде 2,6 % әлсіреді.

Елге шетел валютасының  көп ағынына қараматсан, Ұлттық Банктің   2005 жылғы таза халықаралық резервтері 23,8%-ға 7,1 млрд долларға дейін төмендеді. Бұған үкіметтің  сыртқы борышына қызмет көрсету, Ұлттвқ қор активтерін толықтыру, сондай-ақ шетел валютасын ішкі нарықта сату себеп болды.  Бірақ жалпы алғанда  елдің халықаралық резервтері 15,1 млрд долларға дейін  өсті (4,7%). Оның ішінде Ұлттық  қордың  ақшасы алдын ала  деректер бойынша, бір жыл ішінде 56,2 % көбейіп, 8,0 млрд  долларға жетті. Ұлттық қордың қаржысын орналастырудан 194 млн доллар инвестициялық кіріс аланған. Қордың жинақтаушы және тұрақтандырушы  портфельдері бойынша жалпы кірістілік 4% шамасында.

Өткен жылы   қаржы  нарығы айтарлықтай  тұрақты дамыды деуге болады. Банктердің экономикаға несиелердің көлемі  74,7% -ға  2592,1 млрд теңгеге дейін көбейді, яғни жалпы ішкі  өнімге қатынасы  бойынша 26,8% -дан 34,8% -ға дейін өсті. Халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымдары 596,8 млрд теңгеге жетті.

2005  жылы валюта нарығындағы  ахуал теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нақты әлсіреу үрдісімен сипатталды. Жалпы алғанада ол Америка валютасының  елеулі нығайуымен  сипатталған әлемдік валюта  нарығының конъюктурасына сәйкес келеді. Биржалық бағам 2005 жылдың аяғында 1 доллар үшін 133,77 теңге болды. Жыл басынан  бері теңге нақтылы көрсетуде АҚШ долларына 2,9 % құнсызданған.

Қаржы министірлігі өткен жылы 122,8 млрд теңге  сомасында мемлекеттік  бағалы қағаздарды  орналастыруды  жүзеге  асырады, бұл оның алдындағы  жылмен салыстырғанда 2,7% аз.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Ұлттық Банктің  таза халық аралық  резервтері өткен жылы 7,1 млрд долларға дейін  төмендеген болса, қазір ол жедел  қарқынмен өсіп  келеді. Үстіміздегі жылдың алғашқы екі айында  ағымдағы бағамен  9068,3 млн долларға дейін ұлғаяды.

Елдің халақаралық резервтері тұтастай алғанда,  яғни  Ұлттық қордың  ақшасын қосқанда (8156,5 млн доллар) 17,2 млрд доллар болды.

Қаңтар-ақпан айларында  теңгенің АҚШ долларына  қатысты бағамының өсу үрдісі байқалды.  Бұл әлемдік валюта  нарығындағы ахуал, сондай-ақ ішкі валюта  нарығында шетел валютасындағы ұсыныстың сұраныстан  асып түсуіне байланысты болып отыр. Теңгенің АҚШ долларына бағамы қаңтар айында 1 доллар үшін 132,05 теңге – 133,85 теңге аралығында, ақпан айында 130,30 теңге – 132,37 теңге арасында өзгерді [10. 38-51 б.б.].

2.2  Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат

Инфляция зардаптарын  бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.  Мемлекеттің инфляцияға  қарсы саясатын  экономиканы тұрақтандыру,  бағамен жалақыны реттеу,  қаржыны сауықтандыру,  несие экспансиясын тежеу,  ақшаны эмиссиялауды  қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі.

Айтарлықтай дәрежеде  мүмкіндінеше инфляцияны  тез ауздықтау Қазақсатнда  жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шаралардың  белгіленуімен байланысты болды. Республикамыз ТМД  аумағында алғашқылырдың  бірі болып мынадай  маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң, «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  жаңа Заң, «Бюджеттік жүйежәне басқалары туралы» Заң [11.  55 б.б.].

Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк неисе беру процентін және  міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық (ақша-қаржы) саясатының  нәтижесінде инфляция ауыздықталды, сонымен бірге  ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қаоды,  жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен  сыртқа өнім шығаратын  шикізат өндіру  салаларын жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жолдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан өндірісаралық  диспропорциялар қысқарғанының орнына арта түсті.

Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік  стратегиялық және күнделікті жүргізіліп  отыратын ағымды,  тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен күнделікті жүргізіліп  отыратын,  айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне айналуы заңды да, бірақ, жалпы алғанда, дамыған Батыс елдерінің  тәжерибесі көрсеткендей,  күнделікті тактикалық, ақша –несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда 2001-2003 жылдар аралығында Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасын бекітті.  Жақында  Қазақстан Үкіметі 2001-2005  жылдарға арналған қысқа  мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын  қолдау бағдарламасын бекітті. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық әкімшілік- экономикалық аймақтардың (облыстардың) экономикалық-әлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның барлығын стратегиялық саясаттың құрамы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-қаржы саясаты Ұзақ және Орта мерзімдік  реалды  экономиканы қолдау және дамыту  бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болды.

Үкімет «Стратегия-2030» сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында  болуына ұмтылыпотыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін Үкімет:

  • ақшалай-несиелік және бюджеттік саясаты қаталдандырылды;
  • ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизмді дамытады;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін  қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады;
  • бюджеттік жетіспеушілікті қаржылардыруға құнсызданбайтын  көздерді пайдаланды;
  • мемлекеттік құнды қағаздардың айналым мерзімін ұзартады және т.б.

Қазақстан республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің экономикалық саясатының басты міндеті 2006 жылы елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты  сақтау болады, бұл қолайлы сыртқы экономикалық факторлармен қатар экономикалық өсудің жоғары қарқынын ұстап тұруға ықпал етті.

2003-2005 жылдары жалпы  ішкі өнімнің өсу мөлшері 7-7,5%  болсын деп белгіленген.  Бірақ теңестірілген экономикалық саясат пен реформаларды серпінді жүргізудің арқасында 2003-2005 жылдар  кезеңінде ІЖӨ өсуінің орташа жылдық қарқыны 9,4% болды. Алдын-ала деректерге қарағанда,  2005 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ жан басына шаққанда 3620 АҚШ долларына жетіп отыр. Тұтас алғанда, 2003-2005 жылдары ІЖӨ 1,3 есеге өсті.

Макроэкономикалық ахуал жалпы алғанда тұрақты болып,  экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекетік бюджеттің тапшылығы белгіленген  өлшемдер шегінде болды. Ұлттық қорға қаражат жинақтау жөніндегі саясат жалғасты.  Сөйтіп оның активтері үстемсіздігі жылдың басында 8 млрд АҚШ долларынан асты.  Алайда келеңсіз тұстары да бар. 2003-2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды.  Белгіленген меже-  2005 жылы 3,5%, 2006 жылы 4,5% дейін төмендету болатын. Бірақ 2005 жылы ол 7,6%-ға дейін ұлғайды. Оның бірқатар объективті себептері-шетелдік валюта ағыны, бюджеттің шығыс бөлігінің  ұлғайғаны, сондай-ақ халық кірісінің өскені, т.б. бар.

2006 жылы  жалпы  ішкі өнімнің  нақты өсуі 8,3% -ды  құрайды, инфляция 5,7-7,3% аралығында болады деп күтілуде.

Инфляциялық процесстерді реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияның монетарлық та,  монетарлық емес те жақтарын  ықпал ету шараларын қабылдайды.

Инфляциялық процестерді реттеу шеңберінде Қазақстан Республикасында  инфляциялық процестерді реттеу жөніндегі 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар сәйкес жалғасатын болды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің  инфляцияға қарсы кешенді саясаты:

  • негізінен еңбек өнімділігін арттыру есебінен елде экономикалық өсуді ынталандыруға;
  • халықтың нақты кірісінің өсуімен саластырғанда еңбек өнімділігінің  басып өзара өсуін ынталандыруға;
  • монополист-кәсіпорындардың өз тауарлары мен қызметтеріне бағалардың өсуінің бекітілетін шекті мәндерін сақтауына;
  • елдің ішкі нарықтарында, атап айтқанда мұнай өнімдері, астық, элекрт энергиясы, көлік және байланыс қызметтері нарықтарында  бәсекелестіктің  дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасауға;
  • мемлекетік бюджет тапшылығының белгіленген деңгейін ақтауға;
  • инфляция бойынша белгіленген өлшемдер және экономиканың өсуімен сиысымды ақшалай ұсыныс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталатын болады; [12. 178-181 б.б.].

Мұнай өнімдері,  астық сияқты стратегиялық  маңызды тауарлар нарықтағы бағаларды тұрақтандыру мақсатында  оларды  міндетті түрде түрде тауар биржалары арқылы сату тетігі енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі баға жөнінде сөз  байласудың жолын кесу, теріс пиғылды  бәсекелестікті,  нарық субъктілерінің өздерінің үстем  жағдайын асыра пайдаланушылығын айқындау және  оның жолын кесу жөніндегі  іс-шараларды, сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда желілерін құруға жәрдемдесу, тауар нарықтарында сауда инфрақұрылымын және бәсекелі ортаны  дамыту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.

Бұдан басқа, Қазақстан республикасының Үкіметі табиғи монополиялар субъектілерінің тауарлары мен қызметтерінің  бағалары өсуінің шекті мәнін айқындайды.

Ақша-несие саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты  бағалар тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Инфляция бойынша алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 2006 жылы ақша-несие саясатын жүргізіп,  төлем жүйелерінің жұмыс  істеуін қамтамасыз  ету,  валюталық реттеумен валюталық бақылыауды жүзеге асыру, қаржы жүйесінің тұрақты  жұмыс істеуіне  жәрдемдесу жөніндегі  міндеттерді іске асыру жалғастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақшалай ұсыныс  мөлшеріне банк  жүйесінің өтімділігін  реттеу арқылы ықпал етуді ниет етіп отыр. Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттерді қаржы нарығындағы кірістілікті реттеудің, сондай-ақ банктердің шамадан тыс өтімділігін стерильдеудің негізгі құралдары болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  оларды арту көлеміне шек қоймайды, алайда олар бойынша  ставкаларды реттейтін болады. 2006 жыл сақталып отырған жоғары  жоғары инфляциялық қысым 2005 жылы басталған ақша-несие  саясатын қатаңдату жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттілігіне әкеп соғады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша-несие  саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын  күшейтеді және өзінің негізгі ставкаларының  реттеуші рөлін одан әрі  жоғарылатуға ықпал ететін болады.

Қайта қаржыландырудың ресми ставкасының реттеуші   мүмкіндіктерін күшейту үшін оны тоқсан сайын қайта қарау   практикасы  жалғасады.

Ақша-несие  саясатының  инфляциялық процестерге ықпал етуін күшейту үшін 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  ақша-кредит саясатының құралдары мен  операциялық негізін одан  әрі   жетілдірумен  айналысатын  болады.  Бұл шаралардың  түпкі мақсаты тарту және орналастыру жөніндегі ресми  ставкалардың  көмегімен нарықтық  ставкалардың ең көп және ең аз  деңгейін белгілеу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нарықтық пайыздық ставкалар дәлізін бақылауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  қаржы нарығының  қысқа мерзімде операциялар бойынша кірістілікті реттеу  екінші деңгейдегі банктердің неғұрлым ұзақ мерзімді операциялар, оның ішінде несиелер бойынша ставкаларына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі «Бірыңғай ставка» саясатын жетілдіруді ниет етіп отыр. Қазіргі уақытта біріңғай ставка «дәлізі»  кең күйінде қалып отыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  шаралары көрсетілген дәліз шектерін  жинақтауға және  қайта қаржыландыру ставкасымен  дипозиттік ставкаларды  өзара, оның  ішінде қайтарылуына  Қазақстанның депозиттерге кепілдік  беру қоры кепілдік беретін  жеке тұлғалардың  тартылатын салымдары  бойынша шикті  сияқты ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру тетігін ескере отырып байланыстыруға бағытталатын болады.

Қысқа мерзімді  ноталар шығару  қысқа мерзімді  құралдар бойынша «табыстылық аутқымасы» деп аталатын кестеге  сәйкес жүзеге асырылатын болады. Ноталар, бойынша кірістілік  аукционында аңықталады да, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі орналастыратын ноталар көлемін ғана белгілейді.  Бұл ретте ноталарды  орналастыру көлемі оларды өтеу көлемінен аспайды.

Валюталық режимге қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қандайда бір белгіленген ұзақ мерзімді  дәлізді айқындамай,  валюталық бағамды  қалымтастыруға валюталық бағамның қысқа мерзімді  және алып сатарлық  ауытқуларының  салдарын азайту мақсатында ғана араласуды  жүзеге асыра отырып,  құбылмалы айырбас  бағамы саясатын  жүргізуді жалғастырады.

Өтімділікті шектеу жөнінде  көздеген шараларды  ескере отырып,  ақша агрегатарының өсуі қазіргі экономикалық өсу қарқынының сақталуын қамтамасыз етеді.

Сақталып отырған жоғары өтімділік жағдайларында  инфляцияны реттеу жөніндегі міндет Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  оны стерильдеуді  жүргізуге арналған  шығыстарын ұлғайтады.  Сондықтан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі мемлекеттік бағалы  қағаздар шығару саласындағы бірлескен іс-қимылды күшейтеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің инфляцияны болдырмау және оның бәсеке қабілеттілігін арттыру жөніндегі саясаты:

  • мұнаймен газ өндірудің оңтайлы қарқынын айқындауға; ақша агрегаттарының өсуін бақылауды күшейтуге, пайыздық ставкаларды өзгерту арқылы ақша нарығындағы тиімділікті жоғарылатуға;
  • екінші деңгейдегі банктердің  сыртқы қарыз  алуының өсуін бақылауды күшейтуге;
  • неғұрлым ұстамды, мемлекеттік бюджет  шығыстарының номиналды өсу  қарқынының  номиналды жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынын асып түсуін көздейтін  фискалдық саясат жүргізуге;

2006-2008 жылдарға арналған инфляцияға қарсы бағдарламаның мақсаттары мынадай. ІЖӨ-нің  орташа жылдық өсімі 8,5%  болады. Бұл экономиканың  жалпы өсімін осы үш жылда 27,7%-ға арттырады.  Орташа жылдық инфляция 5-7,3% шегінде қалып, еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3-7% -ға өсіру көзделді. Сөйтіп ІЖӨ-нің  жан басына шаққандағы үлесі 2008 жылы 5450  АҚШ долларына жетпек,  бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есе  артық. Осы жағдайда макроэкономикалық саясат инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге, теңгенің айырбас бағамына қатысты икемді саясат жүргізуге, мемлекеттік шығыстар саясатын шектеуге және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын төмендетуге, бизнесті дамытуды салықтық ынталандыруға бағытталуға тиіс [13. 148-149 б.б.].

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып,  уақытша коньюктураты жандандырады. Процестің ушығуы  барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп,  қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция «аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегі»  шаруашылықтың шырқын  бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,  экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі  экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп,  ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшаны тауарға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып,  ақша қорлануына ынтаны жойып,  ақша-несие жүйесінің  қызметін бұзады.  Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы  инфляцияның бір елден екіншісіне аударады,  халықаралық валюта және  қатынастары күрделенеді.

Инфляцияның  әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып,  номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын  қызметтермен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін құлдырады.  Инфляциямен күрестегі арнаулы саясат нарықтың стратегиядан гөрі әкімшілікке көбірек бағыт ұстанғандықтан  туындайды және  ол  қойған мақсатқа әрдайым  жете бермейді. Қайшылықты проблемаларды шешуде түрлі экономикалық реттеуді тиімсіз етеді.

Соңғы жылдары инфляция  бұрынғы КСРО  елдеріндегі ең қиын халық шаруашылығы проблемасына айналды. Әміршіл-әкімшіл     жағдайында инфляция «қысыңқы»,  «басыңқы», «жабыңқы» күйде болып,  көптеген тапшылықтар болуымен өнім сапасының  үнемі төмендеуі  түрінде көрініп келеді. Рыноктың құрала бастауы инфляциялық процестерді едәуір дәрежеде өршітті. Инфляцияны бәсеңдету үшін баға мен табысқа түгелдей  әкімшілік бақылауды күшейту нарық қатынастарының дамуына теріс әсер етті. 1992 жылға дейін бұрығы КССРО елдерінде инфляцияға қарсы жан-жақты  ойластырылған шаралар жүргізілген жоқ. Мысалы, Ресей Федерациясындағы, Қазақстандағы жағдайлардың күрделі инфляцияға қарсы саясаты тек жанама экономикалық әдістер арқылы жүргізуге болмайтынын көрсетті.  Халық шаруашлығы пропорциясын бірте-бірте мемлекеттің  тиімді құрылымдық  саясаты арқылы қалпына келтіруге болады. Ол үшін  әскери өндіріс пен әскери шығындарды қысқарту,  өндірісті бюджеттік қаржыландырудан гөрі кәсіпорындардың  акционерлік капиталын  пайдалануға көшу және  экономикадағы монопольді құрылымдарды жою қажет.  Бұлардың өзі ақша массасын азайту, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою, елдің валюта курсын  тұрақтандыру және  экономикада бәсекені  күшейту сияқты қосымша шаралармен  толықтырылуы тиіс.

Қорыта айтқанда  қазіргі инфляция сан қилы, көп факторлы күрделі процесс, ол белгілі бір дәрежеде барлық елдерді қамтиды. Инфляцияның жоғары қарқыны елдің, халықтың экономикалық дамуына көптеген зиян келтіріді.

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік  шаруашылықта инфляция, әдетте төтенше жағдайларға пайда болатын еді.  Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер ақшаларды шығаруға мәжбүр болды.  Соңғы жылдары бірқатар  елдердің экономикасы  үшін ол айықпас ауруға  ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

50-60-жылдарда көптеген әлем елдерінде инфляция орташа, бір қалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70-жылы ол  бақылаудан шыға бастады,  ұдайы өндірістің қалыпты жүрісін бұзды,  қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды.  Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70-шы жылдардың екінші жартысы. Мысалы,  бөлшек сауда бағасының  жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылы 1,7%,  1966-1974 жылы 51%, 1975-1980 жылдары 9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1;6,0 және 17,9%,  Францияда 5,0;5,9 және 10,9%. 80-жылдардың соңына  қарай  бағаның өсуі қарқынды төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары құнсызданудың, яғни инфляцияның жағымсыз әлуметтік  және экономикалық  салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр  етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына  сұрақтардың жауабын  табуға ұмтылады:  күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе?  Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы  трақтандыру, баға мен жалақыны реттеу,  қаржыны сауықтандыру,  несие экспансиясымен  тежеу,  ақшаны эмиссиялауды қатаң бақылауға лау сияқты  жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізіледі. Ал аса төтенше жағдайда ақша  реформасы жасалады.  Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі. Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық  сәйкессіздіктің  әрі салдары, әрі себептері ретінде көрінеді. Оны бүкіл шаруашылық механизімін  емдемей жеңуге болмайды, яғни егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы  саясаттың жүзеге асыруын  қиындататын болса, экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін.  Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы сәйкессіздіктерді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.

Бұл екі үшты мәселе  әртүрлі елдерде ерекше  жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда  инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу  іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.).

Инфляцияға қарсы саясаттың маңызды элементтерінің бірі  қаржыны сауықтыру және халық шаруашлығын тұрақтандыру, шығыны көп жеке табыстылығы (рентабельдігі) төмен шаруашылық субъектілірін қысқарту болып табылады. Бұған халық тұтынатын тауарларға бағаны өсіру арқылы емес,  өндірістің тиімділігін арттыру негізінде жетуге болады. Сондай-ақ шет елдік  несиелерді пайдалану да маңызды.

Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда, екі әдістемені бөліп айтуға болады.  Бірінші әдістеме шеңберінде (оны осы күнге Кейнс теориясының өкілдері зерттейді)  белсенді бюджет саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жaғдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының  нәтижесінде  сұраным қысқарады,  инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады.

Батыс елдеріндегі  инфляцияға қарсы іс-шаралар жиынтығы келесі схема түрінде сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты,  біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін  жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез-келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп,  тұрғандардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралар негізінде (өндірісті ынталандыру,  монополиямен күресу,т.б.)  нарықтың тиімді қызмет  атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылырдың сана-сезіміне  қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешімін  қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды артырып,  бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізілді. Бюджет тапшылығын  Орталық Банк несиесімен қаржылындыру  инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың  әсерінен әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржылындыру үшін  сырттан алынған қысқа мерзімдік қағаздардың  экономикаға жасайтын  инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болды.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталған. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін  жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді;  қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әр түрлі жеңілдіктер береді;  акцияларды сату арқылы  инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да  ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

Күнделікті сұранымды қысқарту арқылы  да инфляцияға  қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға  төленетін  процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну  шығындары қысқарады.

Инфляцияға қарсы саясатқа  байланысты инфляциямен күресу шығындары туралы мәселе туындайды.  Инфляцияға қарсы күрес  жұмыссыздықты арртырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1 % төмендету  үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 %-ке  арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4 %-ке төмет қалыптасады.

Инфляцияны ауыздықтау үшін елдер үкіметтері 60-шы жылдардан бастап табыс пен бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен күресудің нарықтық емес, әкімшілік әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе берген. АҚШ тәжерибесі көрсеткендей, табысты тежеу саясаты,  түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген. 1971-1974  жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу  тәртібін қолданған екен. 70 жылдардың  сонында табыс пен  бағаны тікелей реттеу тәртібі жойылып,  оның орнына  орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы ретінде  сақталған болатын. Ал 80- жылдардың басында президент Р.Рейганның әкімшілігі бұл мәселемен айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген.

Көптеген  елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады.:  бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың бұндай жағдайын стагфляция деп атайды.   Стагфляцияның  барынша айқын  себебі жиынтық ұсынымның азаюы, яғни өндіріс шығындарының  инфляциясы. Бірсыпыра ғалым-экономистер стагфляцияның себептерін  нарықтық құрылымдық  жетілмегендігі мен, ең алды мен бәсекенің  тиісті деңгейінің  болмауымен түсіндіріледі.  Шындығында жоғары бәсеке жағдайында  бір тауарлардың  қымбаттауы басқа  тауардың  арзандауына әкеліп соқтырады.  Жалпы бұл тұрақты  макроэкономикалық баға деңгейін қамтамсыз етеді.  Ал егер бәсеке  жеткілікті дәрежеде болмаса,  онда бағаның,  оның төмендеуіне деген «қаттылығын» көреміз, яғни бір тауарға  бағаның өсуі  басқа тауарларға барабар бағаның  төмендеуіне әкеліп, соқтырмайды.  Нәтижесінде тауарларға және өндіріс  факторланына қойылған  бағалардың жалпы деңгейі ұдайы көтеріле бастайды.

Мұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің  теңгермелілігі (балансы) мен  тұрақтылығы оған  деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе  халықаралық айланыс құралы қабілеті бар валюталармен (СКВ) ығыстырылады, ал рубльді ондай валютаға айландыру өте күрделі мәселе. Яғни, қазіргі  таңда жаңа ақша бірлігін  ұлттық валютасын  енгізу аса маңызды экономикалық қажеттілікке айналып  отыр.

Қорытынды

Қорыта келгенде,  инфляция  - бұл  күрделі де көп факторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.

Инфляция ең алдымен  тауар бағаларының  өсуі және  шетел валюталарының  қымбаттауы ретінде  көрінеді.

Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол кезде  құндылықтың  белгісі емес нақты құндылықтың  өзі болған;  қажетті ақша көлемі  алтын-күміс қорымен  реттелген. Қағаз ақша айналымында  жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша  байлықтың тек белгісі ғана.  Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды.  Қор сақтау  үшін  үшін адамдар ақшасын  құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады,  айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі.  Артық пқша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезінде,  бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жіберді.

Батыс елдерде 10%-ке  дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Ал біздің елде  бұндай инфляция алаңдатушылық туғызады. Кейде, белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар  тауарды көбірек  сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа  түсетінін біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты  арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға  бірқалыпты өспейді. Сондықтан инфляция  экономикада қалыптасқан  диспропорцияларды түзетуге және нарық шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде  бағалар еңбек ақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.

Бірақ, 10%-тен асқанда инфляция қауіпті.  Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде кезінде тез күйрейді. Гиперинфляция кезінде  бағалар бірнеше процентке емес, бірнеше ретке өседі,  ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция  жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа сауда  сферасына ауысады. Сауданың пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып сату түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің өсуіне ықпал жасамайды, керісінше,  өндіріс тоқырауға ұшырайды. Инфляциядан нарықтың оңды әсері толық жойылып, нарық механизімі енді экономикаға теріс әсер етеді:

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейін) даму стратегиясы –Алматы, 1997 [34-35 б.б.].
  2. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б., Экономикалық теория негіздері /оқулық – Алматы: ҚазМҰУ, 1998 [102-110 б.б.].
  3. Жүнісов Б.А., Мәмбетов Ү.Е., Байжомартов Ұ.С., Нарық экономика негіздері /Оқу құралы.- Алматы Республика баспа кабинеті, 1984 ж.[230-239 б.б.].
  4. С.С. Сахариев, А.С. Сахариев, Жаңа кезең – экономикалық теориясы / Оқулық.- Алматы: Дәнекер, 2004 [144-147 б.б.].
  5. Д.Қ. Қабдиев, Т.Қ. Оралтаев, Ә.Е. Ескендіров,  Экономикалық саясат / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002 [138-139 б.б.].
  6. Я. Ә. Әубәкіров, Б.Б. Байжұманов, Ф.Н. Жақыпов, Т.П. Табеев, Экономикалық теория, – Алматы: Қазақ университеті, 1999 [144-149 б.б.].
  7. С.С. Сахариев, А.С. Сахариев, Әлем экономикасы / Оқулық.- Алматы: Дәнекер, 2003 [165-168 б.б.].
  8. Н.Қ Мамыров, А.О. Мұса, Е.Қ. Құдайбергенов, Ж.Ш. Әбиев, І.М.Төлегенов. Орыс-қазақ қазіргі экономикалық терминдердің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Экономика, 1998 [123-125 б.б.].
  9. Е.М. Баяділов, Б.Ж. Ермекбаев, С.Қ.Құлпыбаев – Алматы: Экономика, 1999. Қаржы-несие терминдерінің қысқаша түсініктеме сөздігі [154-155 б.б.].
  10. Ө.Қ. Шеденов, Б.А. Жүнусов, У.С. Бажомартов, Б.И. Колягин. Жалпы экономикалық теория / Оқулық- Алматы: Ақтөбе, 2001 [38-51 б.б.].
  11. В. Крымова. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы:Аркаим, 2003 [55 б.б.].
  12. Г.М. Осипова. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002 [178-181 б.б.].
  13. Байжомартов К.С, Аукенов Р.А. Экономикалық теорияның негіздері. Алматы: 2003. [148-149 б.б.].
  1. Сейтқасымов Г.С. Ақша, несие, банктер. Экономика. Алматы. ҚазГАУ. 1999ж. [116-119 б.б.].
  2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Маркет. Алматы – 2004ж. [15. 156-167 б.б.].

Похожие материалы