Халық банкі мен Қазкоммерцбанктің «бірігуі» клинеттерге әсер ете ма? Халық банк Қазкомды сатып алды. Жақында банкоматтарын біріктірді деген ақпарат тарады. Мен Қазкомның клиенті едім, енді Халық банкінің клиенті боламын ба? Қазком деген бренд қала ма? Әлде Халықпен біріккен соң жабыла ма?
Әділет, әлеуметтік желі арқылы жолданды
Жауап:
Әділет, дәл қазір осы сұраққа халықтың басым бөлігі жауап іздеп отырғаны түсінікті. Алаңдауыңыз орынды. Бірақ, Халық банктің Қазкомды сатып алуы бірігіп бір банк болуды білдірмейді. Бүгін БАҚ-та Ұлттық банк екі банктің жеке банк ретінде жұмыс істей беретінін, Қазком бренді сақталатынын хабарлаған. Халық банк басқарма төрағасының орынбасары Марат Әлменовтың БАҚ-қа айтуынша Қазкоммерцбанк Халық банкінің еншілесі болады. Дәл қазіргі кезде екі брендті біріктіріп, бір бренд ретінде дамыту мақсаты жоқ. Яғни, Сіз Қазкомның клиенті болып қала бересіз. Қолыңыздағы картаңызды немесе депозитіңізді ауыстыру, оған алаңдауға негіз жоқ. Банкоматтың бірігуіне келсек, банкомат желісі біріктіріліп, комиссияны алып тастады. Бірақ, бұл алаңдауға негіз емес. Онлайн банкинг қызметі деп бұрынғыдай қала береді. Homebank пен myhalyk жеке дара жұмыс істейді. Кредитіңіз бойынша да алаңдауға негіз жоқ. Өйткені ол да бұрынғыдай қала береді.
Құрметті оқырман! Егер банктерге (несие, проблемалық несие, несие картасы, депозит, банктер туралы, жалпы банк, қаржы саласына қатысты) сұрақтарыңыз болса, бізге жолдаңыз, біз банк мамандарын қатыстыра отырып, жауап береміз. Үлкен мәселе болса Журналистік зерттеу жүргізуге дайынбыз. Сұрақтарыңызды info@7kun.kz почтасына немесе WhatsApp арқылы +7 707 768 21 44 телефон нөміріне жолдауды сұраймыз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024