Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері

Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. "Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.

Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.

Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.

Қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәлімдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес. АҚШ өзінің шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді. Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты.

Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын  қаржылық міндеттемелердің жинақталуы.

Объективті себеп біреу – ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан құрылымдық жүйенің дағдарысы.  Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы қоғамын қалыптастыру болып табылады.

Дағдарысты бастаушы болып бай мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы мемлекеттерде капитал толық тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық қаржылық дағдарыстан қорғану үшін мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ айтсақ, экономика салаларын ұлттық базаға көшіру керек дейді.

Курсық жұмыстың мақсаты бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылысқа қарсы шараларды түбегейлі қарастырып, бұндағы мемлекеттің рөлін айқындау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың шығу тарихы
  2. Дамыған шет елдердегі қазіргі әлемдік дағдырыстың шығу себептері
  3. Дағдарыс жағдайында әлемдік және ұлттық валютаның бағамының болжамы
  4. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау)
  5. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері
  6. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары және оны жүзеге асыру барысы
  7. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының алдына қойған міндеттері.

Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдайы және дағдарыстың әсерлерін жетік қарастыру. Шетелдегі әлемдік дағдарыстың жағдайы. Елбасының дағдарысты алдын алу шараларын және дағдарысқа қарсы бағдарламалардың мәнін  қарастыру.

1 тарау.  Экономикалық дағдарыстың теориялық негіздері

1.1. Дағдарыс түсінігі, экономикалық дағдарыстың  шығу тарихы

Қазіргі күнгі әдебиеттерде, әлеуметтік - экономикалық жүйенің дамуындағы ортақ дағдарыс түсінігі қалыптаспаған. Тұрмыстағы көзкарас бойынша, дағдарыс тек капиталистік өндіріс тәсілінде ғана тән құбылыс және социалистік өндірісте болмауы тиіс.

Тіпті бұрьндары социализмде дағдарыс жоқ, тек "өсім қиындықтары" деген теория қалыптасқан болатын. Көп жылдары біздің елімізде бұл түсінік, өндіріс дамуындағы экономикалық саясатты қалыптастырудың нақты факторы емес, тек идеологиялық тұрғыда болды.

Кейбіреулердің айтуынша, бұл тек макроэкономикалық даму процесіне қатысты, ал кәсіпорын немесе фирма масштабында, мысалға, басқарудағы қателіктермен немесе басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігінен туындайтын үлкен немесе кішігірім өткір мәселелердің болуы. Бұндай мәселелер дағдарыс дамуын көрсетпейді, олар объективті тенденциялардан туындамаған, бірақта кейбір сыртқы әсерлерге байланысты.

"Дағдарыс" түсінігі "тәуекел" түсінігімен тығыз байланысты, ол өз кезегінде барлық басқару шешімдерін жасау методологиясына әсер етеді. Бұдан дағдарыс күтімін алып тастасаңыз, тәуекелдік өткірлігі жоғалады да дағдарыс жағдайы күрделене түседі.

Дағдарыс тек жұмыс пен даму қайшылықтарынан туындамайды, ол жұмыс процесі кезінде де туындалуы мүмкін.

Дағдарыс - бұл қоршаған ортадағы қауіпті қайшылықтарының шиеленсуінің шегі.

Дағдарыс себептері әртүрлі болуы мүмкін. Олар объективтіге, жаңғыртулық циклдық тұтыну және қайта құрылымдарға байланысты, және субъективті басқарудағы қателіктер, сонымен қатар табиғи, яғни климат өзгеруі, жер сілкіну, тағы басқа. [1]

Дағдарыс себептері сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Біріншісі макроэкономикалық дамудағы стратегиямен және тенденциялармен немесе тіпті әлемдік экономиканың дамуымен, бәсекелестікпен, елдегі саяси жағдайларменде байланысты, екіншісі - маркетинг стратегиясының тәуекелдігімен, ішкі қақтығыстар өндірісті ұйымдастырудың жетіспеушілігі инновациялық және инвестициялық саясатты басқарудың жетілдірілмеуі.

Егер дағдарысты осындай жағдайда түсінетін болсақ, онда дағдарыс қаупі әрқашан болатындығы және оны алдын ала көре білу және болжау керектігі айқын.

Дағдарыс түсінігінде, тек себептері ғана үлкен мәнде емес, сонымен қатар оның әр-түрлі салдары: жаңару немесе қирауы, жандануы немесе жаңа дағдарыстың пайда болуы. Дағдарыстан шығу, әрқашан позитивті жағдайларға байланысты емес. Жаңа дағдарыс кезеңіне өту, одан сайын терең және ұзаққа созылуын жоққа шығармауымыз керек. Дағдарыс жағдайларын ұзақ мерзімге тоқтатып қою мүмкіндігі бар.

Ол белгілі   бір   саяси себептермен 1-суретте  түсіндіріледі. Негізгі дағдарыс салдары тығыз екі    факторға   байланысты.   Оның   себептері   және   дағдарыстың    даму процестерінің басқару мүмкіндігі.

Дағдарыс салдары тез өзгерістерге немесе жұмсақ ұзақ және жүйелі шығу. Және дамуындағы дағдарыстан кейінгі өзгеріс, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, сапалы және сандық, қайта қалпына келу немесе келмеу [2].

Дағдарыстың әр түрлі салдары тек оның мінезімен ғана анықталмайды, сонымен қатар дағдарысқа қарсы басқарумен де, ол дағдарысты жұмсартып немесе оны өршітуі мүмкін.

Бұл қатынастарды басқару мүмкіндігі мақсатқа, кәсіпқойлыққа, басқару өнеріне, мотивация мінезіне, себеп-салдарын түсіну, жауапкершілікке байланысты (2-сурет).

Тәжірибе көрсеткендей, дағдарыс, себеп - салдарымен де мінезімен де бірдей емес. Дағдарыстарды тармақтап жіктеу қажеттілігі, құралдарды дифференциациалап және оларды басқару әдістеріне байланысты. Егер дағдарыс     типтілігі  және  дағдарыс  мінезі  белгілі   болса,   онда  оның өткірлігін   төмендету   уақытын   қысқарту   және   ауыртпалықсыз   өтуімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.

Дағдарыстың ортақ және локальды түрлері бар. Ортақ барлық әлеуметтік-экономикалық жүйені қамтиды, локальды - тек оның бір бөлігін қамтиды. Бұл дағдарыстарды бөлудің масштабты корінісі. Нақты дағдарыс жағдайларын талдау кезінде әлеуметтік-экономикалық жүйенің шекарасын, оның құрылымын және қызмет ету ортасын ескеру керек.

Дағдарыс мәселелеріне қарай макро және микро деп бөлуге болады. Макродағдарыс едәуір үлкен көлемдегі және масштабты мәселелерге тән. Микродағдарыс тек жекелей мәселені немесе топтық мәселені қамтиды /8/.

Экономикалық дағдарыс тобынан қаржы дағдарысын бөлек алып қарауға болады. Ол қаржы жүйесі жағдайын немесе қаржылық мүмкіндігінің қайшылықтарын сипаттайды. Бұл экономикалық процестердегі дағдарыстың ақшалай көрінісі.

Әлеуметтік дағдарыс әр түрлі әлеуметтік топтардың қақтығысы немесе қайшылықтардың өршуінен туьшдайды: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен кәсіпкерлер, әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар, персонал және менеджерлер және т.б. Көбінесе әлеуметтік дағдарыс, экономикалық дағдарысты толықтырушы немесе жалғастырушы болып табылады, кей жағдайда өздері де туындайды, мысалы басқару стилінде, еңбек талаптарымен келіспеген жағдайда, экологиялық мәселелер қатынасында, патриоттық сезімде.

Дағдарыс құбылыстарының пайда болу мәні мен себептеріне, әр түрлі теориялық мектеп өкілдерінің көзқарастарын талдай отырып, әр түрлі түсініктерді шығаруға болады – таза субъективтіден, яғни сұраныс пен ұсыныстың психологиялық концепциясының өзгеруімен, өндірушілер мен тұтынушылардың пессимистік немесе оптимистік көңіл-күйде болуынан, қатаң, барлық экономикалық дағдарыстардың ішінен ең бірішні себеп-ка-питалистік өндіріс жүйесіндегі таптық келіспес қайшылықтар мүддесіне дейін. Жеке тәуелсіз зерттеушілердің теориялық жағьшан айырмашылығы, өздерін ешқандай экономикалшық мектепке қатысы жоқтығын айта отырып, кең ауқымды ғылыми позицияның барын айтуда.

Енді, экономикалык дағдарыстардың заңдылықтарын, мәнін және пайда болу себептерін теориялық түрғыдан қарастырсақ:

Бірінші себеп, яғни экономикалық дағдарыстардың пайда болуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілу немесе ажырау болып табылады. Натуралды шаруашылық шеңберінде өндіріс пен тұтыну арасында тікелей байланыс болды да, экономикалық дағдарыстардың пайда болуына мүмкіндік болмады. Олардың пайда болуы мен кең етек жаюына, тауар өндірісі мен айналысының дамуы себеп болды. Еңбек бөлінісі, маманданудың және кооперацияның дамуы, өндіріс пен тұтыну арасындағы үзілісті едәуір алшақтатты. Бірақ та жәй тауар өндірісінде дагдарыс ықтималдығының қажеттілігі болмады. Онда тауарлар негізінен жергілікті нарықтарда сатылып, оларды өткізу қиындығы локальды мінезде болып, қоғамдагы өткізу процестерінің бұзылуы байқалмады.

Капиталистікке дейінгі өндіріс әдісінде, материалдық игіліктер жеткіліксіз өндірілді. Капитализм кезінде ғана бірінші рет артық өндіріс туындады. Неліктен бұлай болды? Экономиканың дамуы, өндірістің қоғамдық мінезде екендігін, ал иемдену формасы еңбек нәтижесі негізінде жекеменшіктің сақталуьша әкелді. Бұл қоғамдық мінездегі өндіріс пен иемденудің меншік формасы арасындағы шиеленістің өршуіне әкелді. Мұндай шиеленістердің әр елде әр түрлі тарихи кезеңдерде болуы, өзіндік спецификаны көрсетеді, ол   дағдарыстар мінезіне де едәуір әсер етеді. Экономикалық дағдарыстың мәні, тауарды артық өндірудің төлемқабілетті сұраныс жиынтығы қатынасындағы, үдайы өндіріс жағдайындағы қоғамдық капитал процесінің бұзылуынан, фирмалардың жаппай тоқырауынан, жұмыссыздықтың өсуі және басқада әлеуметтік-экономикалық күйзелісте көрініс табады [3]. Экономикалық циклдарды оқу кезінде, артық өндіріс дамуындағы, өндірістің қүлдырауы және көтерілуін сипаттайтын заңдылықтар көрініс табады. Бұл мәселені К.Маркс терең және тыңғылықты зерттеген. Ол дағдарыс себептерінің стихия және анархиялық өндіріс кезінде болмай қоймайтындығын дәлелдеп ашқан. Белгілі экономист В. Леонтьевтің айтуынша: «Іскерлік цикл теориясы Маркстік саяси экономия алдында айқын қарыздар» [6]. Цикл   кезеңінің    кезекті   қысқарулары,    қазіргі әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс әсерінен, негізгі капиталдьң жаңару мерзімінің жылдамдығымен байланысты.

Неоклассикалық және либеральды мектеп өкілдері, экономикалық дағдарыстарды капитализм табиғатьшен байланыстырмай басқа да себептерін ұсынды. Олардың көбінің ойынша дағдарыс себептері артық өндірісті туғызатын халықтың жеткіліксіз тұтынуы. Жеткіліксіз тұтыну теориясының жалғастырушы өкілі, сол жақ кейнсиандық жетекшісі Джоан Робинсон болды. Дағдарыс дәрісі ретінде тұтынуды ынталандыру болып есептелді. Бірақ тұтынудың жетіспеупгілігінің (төлем қабілеттіліктің) туындауы, дағдарыс себебінен гөрі оның салдары болды. Маркстік позицияға жақынырақ экономистердің есептеуінше, дағдарыс себептері үйлеспеушіліктен, немесе «теңсіздіктен». Теңсіздік теориясы, саяси, демографиялық, табиғи сыртқы жағдайдан туындаған басқа да кең тараған дағдарыс көзқарастарымен үйлеседі. Нарықтық бостандықты жақтаушы және мемлекеттің араласуына қарсылас Ф. Фон Хайектің ойынша артық өндіріс дағдарысының пайда болуы мемлекеттің артық қаржыландыруынан (арзан несиелер, сұранысты ынталандыру) туындайды.

Дағдарыстың психологиялық теориясы да бар. Дағдарыс жағдайындағы дүрбелең мен ала-ауыздық капитал салымының түрып қалуына әкеледі. «Ауыспалы жағдай» инвестициялық циклдың бір қалыптылығын қамтамасыз етеді. Экономикалық циклдың фазалары берілген, 3- суретте көрсетілген [7].

Бірінші фаза – дағдарыс (құлдырау). Бұл кезде өндіріс көлемі және іскерлік белсенділік қысқарады, бағарың түсуі байқалады, тауардың қалуы, жұмыссыздар саны және тоқырау саны күрт өседі. Бұл жағдайда экономиканың дағдарыстардың жекелей салаларға жағымсыз әсер дәрежесінің айырмашылығын айта кеткен жөн. Күнделікті қолданыстағы заттарды жеткізуші салаларда өндіріс көлемі салыстырмалы масштабта аз қысқарады. Бұл уақытта тұтынушыларда бүндай жағымсыз экономикалық жағдайда құрал жабдықпен тұрмыстық техниканы сатып алуды мүлдем тоқтатып жақсы күндерді күтеді. Қарапайым түсіндіргенде, монополия өзінің экономикалық билігіне сүйеніп, дағдарысты аз шығынмен өткізеді.

Екінші - депрессия (стагнация). Бұл фаза (ұзақтылығы - жарты жылдан үш айға дейін) шаруашылық өмірдегі жаңа жағдайлар мен сұранымдарға бейімделу, жаңа тепе-теңдік алу фазасы. Бұл фазадағы тән қасиеттер сенімсіздік, ретсіз іс-әрекеттер. Кәсіпкерлердің конъюктураға деген сенімділігі еңбекпен қалпына келеді, шаруашылық жағдайдағы баға тұрақтылығына қарамастан, олар бизнеске едәуір көлемде қаржы салуды байыппен қарап, тәуекелділікке бармайды. Бұл фаза көп жағдайда пайыз нормасының түсуімен сипатталады.

Үшінші - жандану. Бұл қалыпқа келу фазасы. Капитал салымдары басталып, баға өсіп, өндіріс және пайыздық мөлшері өседі. Жандану ең алдымен өндіріс құралдарын жеткізуші салаларды қамтиды. Басқалардың жетістіктерінен жаңа өндірістер қүралады. Былайша айтқанда, жандану дағдарыс алдындағы макроэкономикалық көрсеткіштер деңгейіне жетумен аяқталады. Бұдан кейін жаңа, жоғары көтерулер басталады.

Төртінші – көтерілу (бум). Бұл жаңа тауарлар және жаңа өндірістердің пайда болуы, капитал салымдарының едәуір өсуі, акциялар бағамы және басқада бағалы қағаздар пайыздық мөлшерінің өсуі, баға және еңбек ақының өсуі сияқты бірқатар жаңа енгізулердің арқасынада экономикалық дамуды жылдамдататын фаза. Және дәл осы уақытта банктің баланс қуаты дамып, тауар қоры молаяды.

Жаңа кезекті дағдарыстың алғашқы «серпілісі» (себебі) жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Қайтадан өндіріс төмендейді, табы-стың   азаюы,   шығындар   мен   сүраныс   қысқарады.    Алғашқы   жиынтық сұраныстың қысқаруын тудыратын факторлар әрқилы болуы мүмкін: тозған құралдарды ауыстыру, жекелей өнімдерге сұраныс түседі, салық және несие пайыздары өседі, ақша айналым заңдарының бұзылуы, әртүрлі саяси жағдайлардың туындауы, көрінбеген жағдайлар және тағы басқалар. Бұның бәрі қалыптасқан нарық теңдігін бұзып, кезекті экономикалық дағдарысқа серпін беруі мүмкін.

Екі ғасыр бойы көптеген мемлекеттердің экономикасында және әлемдік индустриалдық қоғамның дамуында, қалыптасу кезінде дағдарыс болып тұрады, яғни өндірістің төмендеуі және құлдырауы, нарықта қалыптаспаған тауардың көбеюі, бағаның түсуі, өзара есеп айырысу жүйесінің, банктік жүйенің, сауда фирмаларының құлдырауы, жұмыссыздықтың көбеюі болды. Көптеген әдебитеттерде экономикалық дағдарысты тауар мен қыметке сұраныс пен ұсыныстың арасындағы теңдіктің өзгеруі, бұзылуы деп мінездейді. Бастапқы кезде дағдарыс ауылшаруашылық өнімнің жеткілікті дұрыс өндірілмеуінен, ал ХІХ ғасырдың ортасында төлемқабілетті сұраныс пен өндірістік өнеркәсіптің арасындағы теңдіктің бұзылуынан болды.

ХХ ғасырға дейін экономикалық дағдарыс бір, екі немесе үш мемлекетті қамтып, сонан соң халықаралық сипатқа ие болатын. Соңғы он жылда экономикалық дағдарысты болдырмау бойынша механизмдерді қалыптастырса да әлемде  дағдарысты ешкім алдын ала болжай алмайды  және одан қашып құтылуға болмайды.

Еуразия және америкада екі ғасыр ішінде жиырмаға жуық экономикалық дағдарыс болған.

Бірінші әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-тың, Германияның, Англияның және Францияның халық шаруашылық жәнеқоғамдық өміріне соққы берді. 1857 жылдары дағдарыс АҚШ-тан басталды. Теміржол компаниялары мен акция нарығында жаппай құлдырау себеп болды.Осы жылы дағдарыс Англияны, сонан соң Еуропаны жаулап алды. Дағдарыс кезінде АҚШ-тың шойын өндірісі 20 пайызға, ал мақта өнімін тұтыну 27 пайызға азайды. Германияда шойын тұтынымы 25 пайызға, Францияда мақта тұтыну 13 пайызға төмендеді. Ал Ресейде шойынды еріту және мақта-қағаз мата шығару 14 пайызға азайды.

1914 жылы бірінші әлемдік соғыс салдарынан халықаралық қаржылық дағдарыс болды. Себебі, әскери іс-әрекетті қаржыландыру үшін АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия басқармасы шетелге эмитент қағаздарын  жеңілдікпен сатты. Бұл  дағдарыс басқа дағдарыстарға қарағанда  бірнеше елдерде бір мезгілде басталып, соғысып жатқан жақтар шетелдік активтерді ликвидтендірді. [8].

Келесі дағдарыс соғыстан кейінгі дефляциямен байланысты. Бұл құбылыс Данияда, Испанияда, Норвегияда, АҚШ-та және Ұлыбританияда банктік және валюталық дағдарыспен байланысты болды. Бұл дағдарыс 1920-1922жж. болды. Ал 1929-1933 жылдары Нью-Йорктік қор биржасында акцияның тез түсуі үлкен  экономикалық дағдарысқа әкеп соқты. Бағалы қағаздар құны 60-70 пайызға түсті және негізгі әлемдік валюта үшін алтын стандарты жұмысын тоқтаты.  Акция ұстаушылар 15 млрд долларларынан айырылды. 1929 жылдың аяғында бағалы қағаздар құны 40 млрд. долларға дейін жетті. Зауыттар мен фирмалар, банктер жабылып, жұмыссыздық көбейді. 1933 жылы 32 дамыған  елдерде жұмыссыздардың саны 30 млнды құрады.

1973 жылы  АҚШ-та экономикалық дағдарыс басталды. Дағдарыс кезінде АҚШ-тың өндірістік өнеркәсібі 13 пайызға, ал Жапонияда 20 пайызға, Францияда 13 пайызға, Италияда 14 пайызға азайды. Акцияның құны 1973 жылы желтоқсан айынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін  АҚШ-та 33 пайызға, Жапонияда 17 пайызға және Францияда 33 пайызға, Италияда 28 пайызға түсті. 1974 жылы мұнай бағасы 12 долларды құрады.

1998 жылы Ресей дағдарысы. Ресей тарихындағы ең қиын, үлкен дағдарыс болды. Ресейдің  үлкен соммадағы мемлекеттік қарызы, шикізатқа әлемдік бағаның төмендігі және мемлекеттің қысқа мерзімді облигацияларының пирамидалылығы себеп болды. 1998 жылы рубльдің долларға шаққандағы бағамы 3 есе түсті.

Мемлекеттік жұмыскерлер мен ғалымдар әлемдік экономикалық қаржылық  дағдарыстың пайда болуын әртүрлі себептер себеп болды деді. АҚШ-тың экспрезидентті Джордж Буш қазіргі дағдарысқа себеп болған несие алғандар мен берушілер және қаржылық фирмалар, үкімет және органдарды тәуелсіз реттеушілердің құлдырауынан болған деп мәләмдеді. Бірақ бостандықтағы кәсіпкерлік жүйесінің құлдырауын туындатқан қызғанышпен салыстыруға болмайды. Дағдарыс нарықтың бостандық жүйесінің құлдырауының құбылысы емес.

Ресей федерациясының премьер-министрі Владимир Путин АҚШ өзінің шығындарын қаржыландыру үшін ақша шығару станоктарын еркін қолданды деді. Сонымен осы жағдай элемдік экономикалық қаржылық дағдарысты туындатты. Ресей өзінің экономикалық және қаржылық әсер ету шеңберін қалыптастыру керек. Путиннің әдісі доларлық зонаның біржақты қалыптасуынан бас тарту ғана емес,  АҚШ-тың әлемдік экономикаға әсерін шектеу болып табылады.

  • Дамыған елдердегі қазіргі әлемдік дағдырыстың шығу себептері

Белгілі қаржыгер Джордж Сорос 1929ж., 1987ж,. 2008ж. дағдарыстың ұқсастығын көрсетті. 1929 жылы Құрама Штаттар Ұлыбританияның алдыңғы экономикалы әлемдік державасының  құрамында болды. 1987 жылы билік Құрама Штаттардан экономикасы өте ықпалды держава Жапонияға көшті. 1987 жылы дағдарыс бұл процестің белгісін жаңалық ретінде, сонымен қатар халықаралық қаржылық тәртіптің өзгеруіне хабаршы ретінде есте қалды. Ол біріншіқаржылық жүйеге сай келмейтін дамудың куәсін, АҚШ негізгі долларын құнсызданған және тұрақсыз валюта резервтерінің негізін көрсетіп берді. Ал 2008 жылы экономикалық биліктің жартысы Қытайға, Индияға, Бразилияға көшті.

Нарықтық қордағы төңкеріс жаппай дамып келе жатқан долларға сіңді, сонымен ликвидностьтің қысқаруы алдын ала дағдарыстың дамуына себеп болды. Осы қатынастар 1987 жылы және 2008 жылдар 1929 жылды еске алады.

Экономикалық қаржылық дағдарыстың объективті және субъективті себептерін бөліп қарастыруға болады. Субъективті себеп екеу. Біріншіден, қаржылық пирамида принципі бойынша жүргізілген бақылаусыз долларды эмиссиялау. Ал екіншіден, жалпы соммасы 300 трлнды құрайтын  қаржылық міндеттемелердің жинақталуы  [9].

Объективті себеп біреу – ол 40-50 жыл сайын болатын, 3-5 жылға созылатын және технологиялық жаңарумен аяқталатын, экономикасы дамып келе жатқан құрылымдық жүйенің дағдарысы.  Әлеуметтік ойдың жақтастары бұл жағдайдан капиталдық өндірістік қарым-қатынастық жүйесіне кіреді. Өндірістік капиталдық әдісінің негізгі мақсаты- максималды табыс табу және тұтынушы қоғамын қалыптастыру болып табылады. К.Маркстің ұғымынша табысты 10 пайыздық шектеуде капитал белсенді жұмыс істейді, ал табысты 300 пайызға шектеуде капитал әр түрлі жағдайларға (қылмысқа) барады. Ақшаға құнығу және өнімді және қызметті қайта өңдеу экономикалық дағдарысқа әкеп соғады.

Ал мемлекеттік реттеу жақтастары дағдарысты бастаушы болып бай мемлекеттер табылады деп мәлімдеуде. Осы мемлекеттерде капитал толық тәуелсіз болып кеткен. Олар экономикалық қаржылық дағдарыстан қорғану үшін мемлекеттік капитализмге көшу, толығырақ айтсақ, экономика салаларын ұлттық базаға көшіру керек дейді.

Себептерін әдістемелеу. ХХІ ғасырда экономикалық дағдарыс тауарларды қайта өндіру дағдарысынан әлде қайда  айырмашылығы бар. Бұл дағдарыс- экономикада ақшанның көптігі, ал бәсекелес шаруашылық субъектілерінде есеп-айырысуды жүзеге асыруға қолма-қол қаражаттың жоқтығы.

Тауарлар мен қызметтердің тұтынылуын халықпен қамтамасыз ете алмау әдісі. Дағдарыс алдындағы жағдай. Қалада көпшілігі үй және дача салуда. Қалалықтардың үйлерін қамтамасыз ете алатын ірі ағаш дайындау кәсіпорынын құру керек. Ал бай қалалықтар үй салып алған. Олардың артық ақшалары бар. Олар ақшаларын банкке салады. Ал банк жағдай халыққа несие береді. Үй салу қарқыны жоғарылайды. Бұндай қарқын құрылыс материалдарына және құрылыс жұмысына сұраныс көбейтетін, баға көтеріледі. Табыс нормасы және еңбекақы жоғарылайды. Құрылыс компанияларының акциясының құны жоғарылайды. Қосымша пайда табу үшін адамдар жоғарғы бағамен акция сатып алады. Бәрі жақсы. Мемлекеттің экономикасын даму барысында.

Дағдарыс жағдайы. Әрқашанда өз міндеттері бойынша есеп-айырыса алмайтын жеке және заңды тұлғалар болады. Қандайда бір себеппен көпшілік халық несеині және банкпен қарым-қатынасын үзетін болады. Сондықтан, банктер шығынданады. Құрылыс саласына несиелер тез арада шектеледі. Құрылысшыларда объектіні аяқтауға қаражаты жоқ. Құрылыс материалдарына сұраныс азаяды. Заңдылық бойынша құрылыс материалдырының бағасы арзандайды. Көптеген кәсіпорындар шығынға батады. Бұл акцияның құнының төмендеуіне әкеп соғады. Халық банктегі салымдары алуға бет бұрады. Ал банкте қолма-қол ақша жоқ. Банктерге мемлекет қаржылайкөмек  көрсетеді  немесе банкрот болады. Жоғарыдағы жағдай АҚШ-та ипотекалық нарықта құлдырау болды және үкімет ипотекалық корпорациялардың акциясын сатып алуға тура келеді [10].

Қаржылық өзменшілік әдісі. Дағдарыстың алдындағы жағдай. Мысалы: 2005 жылға дейін (N- қандайда бір кәсәпорын) кәсіпорын дамыған және сұранысқа ие өнім шығаратын болған. 2004 жылдың басында бизнес – жоспарын жүзеге асыру үшін банкпен несиелік келісім-шартқа қол қойды. Алғашқы несие 14 пайызға берліген.

Дағдарыстық жағдай. Банк өз қойылымдарын 18 пайызға жоғарылату туралы (N) кәсіпорынға хат жолдайды. 2005 жылы қаңтарда банк несиені қарағаны үшін айына 0,4 (4,8) пайыз көлемінде қалыптастырды.  Арықарай, қайта қаржыландыру аясанда несиені төлеу қойылымы 25 пайызды құрады. Жаңа қойлым мынадай себептермен: банк табысының көлемі жоспардағыдан әлде қайда төмен деуімен;  резерв құру  бойынша шығындар болуы мүмкіндігімен, банктер материалдық-техникалық базасын тұрақтандыру және дамуымен байланысты операциондық шығындардың өсуімен түсіндірілді. Осының салдарынан (N) кәсіпорын банкротқа ұшырайды. Банк өз тәуекелін қарыз алушға артқан кезде дағдарыс жағдайы туындайды. Бір уақытта төлем қабілетсіз клиенттердің үлесі артады. Дағдарыс кезінде, тәуекелді қайта бөлісу жағдайы құлдырайды. Ресейде 2008 жылы тұрмыс құралдары несиесін алған төлемеушілердің көлемі төрт есеге өсті. Бұндай қарыз алушылар санаты аудан бойынша төлем қабілетсіздер 12-37 пайызды құрады. Банктер активтерін жоғалтады және жоғалту  үлесінің жоғарылауын жоспарлайды.

Тұтынуды мемлекетпен қамтамасыз ете алмау. Дағдарысқа дейінгі жағдай. 2007 жылы АҚШ-та бюджеттің дефициті 163 млрд. долларды құрады. Соңғы жылдары бюджет дефициті біртіндеп қысқара берді. АҚШ-та соңғы бес жыл ішінде бюджет дефициті ең төменгі деңгейге жетті. Бұл жағдай салық салу төмендігімен түсіндіріліп, экономиканың өсуіне ықпал етті.

Дағдарыс жағдайы. 2008 жылы АҚШ-та бюджет  дефициті  250 млрд. долларды немесе  федералдық бюджет шығындарын 8,62 пайызға жоспарланды. Төлем балансы дефициті біруақытта сауда балансын қалыптастырады және ел экономикасы «денсаулығы» нашарлайды. Ипотекалық нарық дағдарысы басқа экономиканың салаларына да жетіп, әлемдік қаржылық дағдарыс  деңгейін қалыптастырды.

Дағдарысты әдістемелеу жоғарыда айтылған  пайда болу себептері орын алды. Осыған сәйкес жүйелік түрде қарау керек және оны жеңу шараларын нақтылап ойластырған дұрыс.

Әлемдік экономикалық-қаржылық дағдарыстың көрінісі әр түрлі мемлекеттер үшін әртүрлі. Дағдарыстың дағы. Дағдарыс өндіріс көлемінің түсуі мен сипатталады және әлемдік ірі қалаларда көрініс тапты. 2008 жылы АҚШ-та өндірістік өнеркәсіп көлемі 4,1 пайызға төмендеді. Дағдарыс несие және жылжымайтын мүлік нарығында ғана белгісін тапты.

Еңбек нарығы. Жұмыссыздар саны Қазақстанда, Америкада, Еуропада өсуде. Қазақстанда жұмыссыздар саны 2009 жылғы наурызда 589,6 мың адам болды, бұл 2008 жылғы наурызға қарағанда 15,8 мың адамға көп.

Жұмыссыздық деңгейі 2009 жылғы наурызда экономикалық белсенді халықтың санына 7 % деңгейінде қалыптасты, ал АҚШ-та 240 мың адам жұмыссыз қалды және олардың ішіндегі көп бөлігі тұрмысы жақсы болған адамдар құрады. Бірінші кезекте жұмыссыз қалғандар: менеджерлер, банк жұмысшылары, құрылысшылар.

Мүлік нарығы тоқтап қалды. Келісім-шарттар көлемі азайды. Үй сатылуын ипотекалық несие дағдарыс тоқтатты.Украина мен Ресейде жылжымайтын мүлік 30-50 пайыз жеңілдікпен сатылуда. Эксперттердің болжамы бойынша пәтерлер екінші тұрғын-үй нарығында пәтерлер Беларусияда жаңа жылға дейін арзандай түседі дейді.

Несие нарығы. Банктер қарызгерлерге талаптарын  қиындатып және несие үшін төлемнің қойылымын жоғарылатты. Сонымен қатар, өзінің қаржылық  жағдайын түзету үшін жаңа несиелерге ғана емес берілген несиелері бойынша да қойылымды жоғарылатуда. Банк клиенттері үшін құтқаратын жайт ол заң. Заң бойынша егер қойылымды жоғарылататын болса және несиелік келісім-шартта жазылғандай белгілі бір жағдайлармен қойылымды көтеру керек болса, онда сот арқылышешу керек.

Көлік нарығы. Қымбат көлікті сату көлемі сол қалпында  сақталуда, өйткені өте бай адамдарғадағдарыс әсер ете қойған жоқ. Олар активтерінің бір бөлігін жоғалтқанмен, бірақ артық қаражат бар деуге болады. Мыс: «Дженерал Моторс» ай сайын млрд. доллар жоғалтуда, ал «Форд» және «Крайслер» үкіметтен қаржылық көмек сұрауда. Мәскеуде бизнес-класс көлігінің бағасы 20 пайызға, ал сату көлемі 25 пайызға түсті. Ал қолданылған көліктер керісінше қымбаттауда. Сұраныс жоғары, ал ұсыныс төмен. Себебі, Еуропа мен Америка жаңа көлік шығаруға асықпайды.

Құрылыс жұмыстары нарығы. Құрылыс кәсіпорындары дағдарыс кезінде қатты күйреуде. Бұл жерде екі факторды қарастыруға болады: біріншіден, фирмалар көптеген жобаларды дамытудан бас тартуда; екіншіден, фирмалардың өзіне  қаражаттары жетпей отыр. Үйлердің құрылысын аяқтауға  несиелік ақша және сатып алушылар жоқ.

Күнделікті шығындардың азаюы. Қымбат киім-кешек сатып алу және киноға, шетелдерге саяхатқа шығу, сонымен қатар спирт мен шылым өнімдеріне сұраныс азайды деуге болады [11].

  • Дағдарыс жағдайында әлемдік және ұлттық валютаның бағамының болжамы

Дағдарыс кезінде әлемдік валютаны сатып алу қабілеті 25-26 пайызға түсті.  Әлемдік валютаны сатып алу қабілетінің түсу болжамы екі факторға негізделеді: ақша массасының қамтамасыз етілмеуінің өсуіжәне экономиканың нақты салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруы. Валютаны сатып алу қабілетінің негізгі бөлігінің түсуі азық-түлік тауарларына бағаның өсуі және халықтың қызметінің өсуіне негізделеді. Әлемдік валютаны сатып алу қабілеттілігін болжамдау. 2007 жылы әлемдік ЖІӨ сатып алу қабілеті бойынша 60 трлн. долларға бағаланды. Барлық елдер бойынша мемолекеттік көмек белгіленген. Оның көлемі 2,8 трлн. доллар болды. Әлемде болып жатқан жағдайда көмек қаражатының орта статистикалық айналымы қамтамасыз етілеген деп тұжырымдауға болады. Қосымша ақша массасы әлемдік валютаны сатып алу қабілеттілігі бір жылда 11,8 пайызға төмендеуіне әкеп соқты. Дағдарыс жағдайында экономиканың нақты салаларының өндірісі көлемінің төмендеуі биржалық индекстің түсуімен сәйкес болады. Сонымен қатар, осы факторға сәйкес  әлемдік валютаны сатып алу қабілетілігі 14 пайызға түсіп кетуі күтілуде. Жалпы түсу сонда 25-26 пайызды құрайды. Әлемдік валюта бағамының өзара қатынасын статистикалық талдау жасауға болады. Евро мен доллар бағамының базалық өзара қатынасы 1,4:1,0 көлемде қалады. Бірақ арға-бергі өзгерісі 0,2 доллармен шектеледі. Осыған қатысты евро мен доллардың өзара қатынасы 1,2:1,0 – 1,6:1,0 шегінде ауытқуы мүмкін.

Ресей  рубльін қолдау үшін қазіргі кезде Ұлттық әл-ауқат қоры 40 пайыз бөлді. Күн сайынғы шығыны 50 млрд. рубльді құрасы, онда бұл қаражат жарты жылда шығындалып кетеді.  Сонымен қатар, Ресей сыртқы сауда балансында оң сальдо бар. 2008 жылы бұл сальдосы алдыңғы жылмен салыстырғанда 68,4 пайызды құрады. Ресейде импортқа қарағанда экспорт тез өсуде. Экспорт 51,9 пайыз – 372 млрд. доллар, ал импорт 42,1 пайыз – 21,8 млрд. долларды құрады. Болжам бойынша ресей рубльінің әлсіреуі 2009 жылы 10 пайызға құлдырайды. Келесі жылы рубль бағамы минимум 15 пайызға төмендеуі мүмкін.

Беларусияны алып қарасақ, онда беларусь рубль бағамын қолдауға резерв мүмкіндік берді. 2008 жылы бюджет дефициті 2 пайыз деңгейінде анықталған. Бюджет дефицитін қаржыландырудың маңызды көзі ретінде сыртқы ресурстар болып табылады. Беларусия Ресейден 2 млрд. долларға жуық көлемде несие алды. Олар мемлекеттік және банктік жүйенің мәселелерін шешу үшін үш маңызды сұрақтарды қарастыруда:

  • қарыздық қайта құрылымдық формасын анықтау және кәсіпорындарды қаржыландыру;
  • шетелдік капиталды тарта білу;
  • банктік секторда шетелдік капитал үлесін көбейту мүмкіндігін бағалау.

Қазақстан Республикасына келер болмсақ, Қазақстанда ақша массасын қысқартпай-ақ валюта девальвациясы тез арада және өзінің резервтерін сақтай отырып жүргізілді. Девальвация деп экономикалық саясаттың аралық мақсаты деп экономикалық жүйенің жиынтық сұранысын ынталандыру мақсаттарын қарастырып елдегі айырбастау бағамын төмендету бойынша Үкіметтің мақсатты- бағытталған іс-шарасы [12].

Қазақстанда Ұлттық банктің және Ұлттық Қордың резервтері 48 млрд. долларды құрап, ал сыртқы қарыздары 105 млрд. долларға жетті.

ҚР Ұлттық банктің 2009 жылы 1 ақпанда мәліметтері бойынша  екінші деңгейлі банктер экономикаға 7,45 трлн. теңге несие берген. Ал шетел валютасында берген несиелері 3,3 трлн. теңгені құрады. Сондықтан, ішкі қарыздарды төлеу үшін де валютаға сұраныс мәжбүрлі түрде өсуде.

Валюталық саясатта келесідей мәселелер бар:

  • заңды және жеке тұлғалар жағынан валютаға жиынтық сұраныстың бар болуы. Олар операциондық шығындарын төлеу үшін емес, бағамның айырмасынан пайда табу үшін ғана валютаны тұтынады;
  • сыртқы қарыздардың көптігі (105 млрд.доллар);
  • шетелдік валютада несие алғандардың көптігі және теңгемен несие алған халықтар мен компаниялар АҚШ-тың долларымен тығыз байланысы;
  • импорттық тауарлардың қымбаттау жағдайында халықтың тұтынуын қамтамасыз ететін ішкі өндірістіксектордың жоқтығы;
  • елдің валюталық ағымын басқаратын мақсатты жүйенің жоқтығы.

2 тарау. Қазақстан Республикасының экономикасына әлемдік дағдарыстың әсері.

2.1. Дағдарысқа дейінгі Қазақстан Республикасының даму деңгейі (2006 жылмен салыстыра отырып 2007 жылға талдау)

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жедел деректері бойынша 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өндірісі 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 8,5 %-ға ұлғайды.

Өнеркәсіп өнімін өндіру. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісі нақты көлемінің индексі 104,5 %-ды құрады. Есептік кезеңде 7703,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4365,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2006 жылдың қаңтар-желтоқсандағы деңгейінен 2,6 %-ға жоғары. 2006 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда шикі мұнай мен ілеспе газ өндіру 3,1 %-ға, темір кені – 1,4 %-ға ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібінде 2916,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2006 жылдың осы кезеңінің көрсеткішінен 6,7 %-ға жоғары.

Ауыл шаруашылығы. 2007 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1069,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осы кезеңінен 8,4 %-ға артық, бұл ретте мал шаруашылығы өнімі – 4,0 %, өсімдік шаруашылығы – 12,7 %.

Өсімдік шаруашылығы. 2007 жылы алдын-ала деректер бойынша астықтың жалпы жиналуы қайта өңдеуден кейінгі салмағында 22,0 %-ға ұлғайып, 20,1 млн. тоннаны құрады, оның ішінде солтүстік облыстар үлесіне – 15,4 млн. тонна келеді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 20 %-ға жоғары. Дәнді дақылдар шығымдылығы тұтастай республика бойынша гектарынан 13,3 центнерді құрады.

2007 жылы 6,8 млн. тонна экспорт жіберілді, астыққа эквивалентте – 2,1 млн. тонна ұн экспортталды (ұн – 1,5 млн. тонна). 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда астық экспорттың көлемі 2,2 млн. тоннаға (47,6%-ға),  ұн – 339,9 мың тоннаға (30,3%-ға) ұлғайды.

Мал шаруашылығы. Үстіміздегі жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында мал санының өсуіне қол жеткізілді: ірі қара мал - 3,4 % -ға, қой мен ешкі – 5,2 % -ға, жылқы – 4,4 % -ға, түйе – 3,7 % -ға, шошқа – 6,4 % -ға және құс – 5,7 % -ға. Тірі салмақта ет өндірісінің көлемі 3,9 % -ға, сүт – 3,0 % -ға, жұмыртқа – 6,8 % -ға өсті.

Құрылыс. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1307,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың деңгейнен 15,3 %-ға көп. Тұрғын үй құрылысына 489,6 млрд. теңге инвестиция жіберілді (негізгі капиталға инвестициялар жалпы көлемінің 15,1 %), бұл 2006 жылы инвестициядан 26,2 %-ға көп. Жалпы алаңы 8,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2006 жылы қол жеткізілген көрсеткіштерден 29,8 %-ға көп.

Көлік. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда республикада жүк айналымы 350,4 млрд.ткм құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар-желтоқсаннан 6,7 %-ға көп.

Темір жол көлігінің жүк айналымы 5,1 %-ға, автокөлік жүк айналымы – 14,1 %-ға, магистралдық құбырдың жүк айналымы - 5,4 %-ға, әуе көлігінің жүк айналымы – 28,8 %-ға және өзен көлігінің жүк айналымы 1,3 есе өсті.

 Инфляция. 2007 жылғы желтоқсанда инфляция 2006 жылдың желтоқсанына 18,8 % деңгейде қалыптасты, 2006 жылдың тиісті кезеңінде –    8,4 % болған. Инфляцияның жеделдеуіне оның құрамдас бөліктері бағаларының өсуі негіз болды, азық-түлік тауарларына – 26,6 % (2006 жылғы желтоқсанда -  7,3 %) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 10,5 % (7,1 %). Ақылы қызметтер құнының өсуі 15,4 %-ды (11,6 %) құрады. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда инфляция жылдың мәнде 2006 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 10,8 % (8,6 %) деңгейде қалыптасты.

Сыртқы сауда айналымы. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда  Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 80,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен  салыстырғанда 30,0 %-ға ұлғайды, оның ішінде экспорт – 47,8 млн. АҚШ долл. (24,8 %-ға), импорт – 32,8 млн. АҚШ долл. (38,3 %-ға). Экспорттың жалпы көлімінде ең үлкен үлес – 69,7 % минералдық өнімдерге тиесілі. Асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар    17,1% -ды, химия өнімі 4,0 %-ды, азық-түлік тауарлар және оларды өндіруге арналған шикізат 4,3 %-ды, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппараттар 2,0 %-ды құрады.

Импорттың құрылымында машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар және аппаратар (жалпы импорт көлемінің 46,6 %), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,3 %), минералдық өнімдер (13,1 %), химия өнімі (10,6 %) үлкен үлеске ие.

Негізгі капиталға инвестициялар. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға инвестициялар ­ 3234,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы қаңтар- желтоқсанмен салыстырғанда 8,2 %-ға көп. Негізгі капиталға қаражат салудың негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты (54,4 %) мен шетел инвестициялары (18 %) болып табылды. Бюджет қаражаты 15,7 %-ды, қарыз қаражаты - 11,9 %-ды құрады.

Негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көлемін жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар (60,9 %), сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметін жүзеге асыратын басқа мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілері (23,0 %) игерді. Мемлекеттік сектордың үлесі 16,1 %-ды құрады. Инвестициялық тартымдылық бойынша негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде мыналар басым салалар болып табылады: мұнай және табиғи газ өндіру, осы салада қызмет көрсету – 27,9 %, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар және тұтынушыларға қызмет көрсету – 25,4 %, көлік және байланыс – 13,4 %, өңдеу өнеркәсібі – 10,5 % [13].

Ағымдағы жылдың 12 айында Ұлттық қордың  ақшасын қоса алғанда елдің халықаралық резервтері 15,7 %-ға ұлғайып, 38,4 млдр. АҚШ долларын құрады, оның ішінде Ұлттық қордың активтері – 21,0 млрд. АҚШ доллары.

Валюта нарығы. 2007 жылдың 12 айында теңгенің орташа өлшемді айырбас бағамы бір доллар үшін 122,61 теңге болды. Кезеңнің соңында биржалық бағам бір доллар үшін 120,3 теңге болды. Жыл басынан бері теңге АҚШ долларына номиналдық мәнде 5,28 %-ға нығайды.

Депозит нарығы. Депозиттік ұйымдардағы депозиттер жыл басынан бері 25,9 % өсіп, 2008 жылғы 1 қаңтарға 3873,9 млрд. теңгеге жетті.

Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары    2007 жылдың 12 айында 40,5 %-ға 1432,6 млрд. теңгеге жетті. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 31,5 %-ға өсіп, 904,0 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы депозиттер 59,0 % -ға 528,3 млрд. теңгеге өсті. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 66,7 %-дан 63,1 %-ға дейін төмендеді.

Несие  нарығы. 2008 жылдың 1 қаңтардағы жағдай         бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономикаға несиелік салымдары 12 айда 54,7 %-ға ұлғайып, 7258,4 млрд. теңгені құрады.

Теңгемен берілген несиелердің үлес салмағы 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 51,6 %-дан 57,2 %-ға дейін жоғарылды.

Ұзақ мерзімді несиелердің өсу үрдісі байқалады. Мәселен, ұзақ мерзімді кредиттер қаңтар-желтоқсанда 68,9 % өсіп, 5800,8 млрд. теңгені құрады, ал қысқа мерзімді несиелер 16,0 %-ға өсіп, 1457,6 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 73,2 %-дан 79,9 %-ға дейін жоғарылды.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несиелері 2007 жылы 75,2 % ұлғайып, 1508,2 млрд. теңгені құрады.

Салалық бөлуде экономиканың сауда (41,2 %), құрылыс (20,2 %), өнеркәсіп (7,4 %) және ауыл шаруашылығы (7,2 %) тәрізді салаларына мейлінше көбірек несие берілді.

Еңбек нарығы және еңбек қатынастары. 2007 жылдың төртінші тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 8,3 млн. адамды құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңінен 225,6 мың адамға көп (2,8 %-ға). Республика экономикасында 7,7 мың адам жұмыспен қамтылған. 2006 жылғы төртінші тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 265,5 мың адамға (3,6 %-ға) өсті. Жұмыспен қамтылған халықтың құрылымында негізгі үлесті – 65,6 % жалдамалы қызметкерлер құрады, өзін өзі жұмыспен қамтығандар – 34,4 %.

2007 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар деңгейі 578,8 мың  адам болды және 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,9 мың адамға азайды. Жұмыссыздық деңгейі 7,0 % болды (2006 жылғы 4 тоқсанда – 7,7 %). 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 211,2 мың адам жұмысқа орналастырылды, бұл жұмыс іздеп келгендердің 88,7 % құрады.

Еңбекақы төлеу. 2007 жылғы қаңтар-қарашада бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 51101 теңгені құрады және 2006 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 29,0 %-ға, нақты мәнде – 17,3 %-ға ұлғайды.

Аймақ бойынша экономикалық дамуы. Өнеркәсіп. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қарағанды облысынан басқа республикамыздың барлық өңірлерінде өнеркәсіп өндірісінің өсуі байқалды. Ең жоғары өсу қырқыны Ақмола (19,8 %-ға), Батыс Қазақстан (12,5 %-ға), Жамбыл (9,0 %-ға) және Қостанай (6,3 %-ға) облыстарында, тағы да Астана және Алматы қалаларында (тиісінше 21,7 % және 9,2 %) байқалды. Өнеркәсіп өнімі өндірісінің төмендеуі Қарағанды облысында 0,7 %-ға байқалды.

Ауыл шаруашылығы. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жалпы облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында ірі қара малдың, жылқының, қой мен ешкі санының өсуі байқалып отыр. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылмен салыстырғанда республиканың барлық облыстарында ет өндіру көлемі өсті. Ет өндіру Шығыс Қазақстан (6,4 %), Оңтүстік Қазақстан (5,9 %) Қарағанды (5,8 %) және Жамбыл (4,1 %) облыстарында барынша өсті.  2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, республиканың барлық облыстарында сүт өндірісі ұлғайды. Сүт өндірісі көлемінің барынша өсуі Манғыстау (13,8 %), Оңтүстік Қазақстан (7,6 %), Атырау (4,7 %) және Қарағанды (4,6 %) областарында байқалды. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда жұмыртқа өндірісінің ұлғаюы 2006 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанның 12 өңірінде байқалды. Алматы (19,1 %), Манғыстау және Батыс Қазақстан (әр қайсында 14,3 %), Шығыс Қазақстан (9,2 %) және Қостанай (7,6 %) облыстарында және Алматы қаласында (44,4 %) ең жоғары өсу қарқынына қол жеткізілді.

Инвестициялар. Негізгі капиталда инвестицияның өсуі республиканың 13 өңірінде байқалды. Ең көп өсім Ақмола (2,1 есе), Батыс Қазақстан және Қызылорда (әр қайсында 1,4 есе), Oңтүстік Қазақстан (1,4 есе), Қостанай      (28,9 %) және Алматы (13,6 %) облыстарында тіркелді. Жоғары өсу қарқыны сонымен қатар Ақтөбе (11,5 %) және Солтүстік Қазақстан (11,3 %) облыстарында байқалды. Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі (тиісінше 16,7 % және 8,3 %) ұлғайды. Сонымен қатар инвестиция көлемінің төмендеуі Атырау облысында – 2,3 %-ға, Маңғыстау облысында – 14,5 %-ға және Павлодар облысында – 6,3 %-ға байқалды.

Тұрғын үй құрылысы. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйлерді пайданалуға беру көлемі 2006 жылдың ұқсас кезеңіндегі Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда (төмендеу деңгейден тиісінше 1,1 % және 12,2 %), республиканың барлық өңірлерінде артты.

Астана (өсуі 1,8 есе) қаласында, Атырау (2,0 есе), Қарағанды (1,5 ece) және Шығыс Қазақстан (1,4 есе) облыстарында тұрғын үй салу белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй құрылысы  өсуінің жоғары қарқыны сонымен қатар Маңғыстау (27,8 %), Ақмола (28,7 %) және Қостанай (23,4 %) облыстарында да байқалды.

Тұтыну бағаларының индексі. 2007 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2006 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету бағалары республиканың барлық өңірлерінде өсті.

Бағалардың барынша өсуі Оңтүстік Қазақстан (12,9 %-ға), Шығыс Қазақстан (10,5 %-ға), Жамбыл (10,3 %-ға), Павлодар (10,0 %-ға), Солтүстік Қазақстан (9,9 %-ға), Алматы, Қызылорда және Манғыстау (әр қайсында 9,7 %-ға) облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында (тиісінше       12,6 %-ға және 16,1 %-ға) тіркелді  [14].

2007 жылдың ортасында дағдарысқа дейінгі қазақстандық экономика мынадай көріністе болған:

  • капиталдың көп мөлшердегі ағымы (сыртқы қарыз) және несиелеу қарқынының өсуі;
  • АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс 2007 жылғы несиенің кеңеюі мен қарыз алу толқынының соңын тездетті, бірақ Қазақстанда қаржылық тұрақсыздықтың пайда болу себебі болып табылмайды;
  • шетелдік несие берушілерді несиелік тәуекел аз толғандырды, өйткені олар қазақстандық банктердің ар жағында мемлекеттің мұнайдан тапқан табыстары тұр деп тұжырымдады.

2.2. Дағдарыс жағдайындағы Қазақстан Республикасының даму ерекшеліктері

Экономикалық дағдарыстың тереңдеуі және ресурстарға бағаның түсуіне байланысты Қазақстанның экономикалық жағдайы аса қиындады:

  • Елдің төлем балансының әлсізденуі (және теңге бағамына қысым);
  • Экономикалық өсімнің қарқыны және ішкі сұраныстың төмендеуі (2009ж.басында өсімнің кері көрінісі);
  • Мемлекеттік бюджеттік табыстың анғұрлым қысқаруы;
  • Банктік, құрылыстық және жылжымайтын мүлік нарығ жағдайларының нашарлауы;
  • Әлеуметтік шығындар.

2009 жылдың 1-тоқсанында қарыздардың түсуін есепке алмағанда мемлекеттік бюджеттің түсімдері 797,1 млрд. теңгені құрады және есепті кезеңге арналған жоспардың 103,6 пайызы атқарылды, оның ішінде кірістер 796,3 млрд. теңге немесе 103,5 пайыз  түсті, мемлекеттік бюджеттің шығыстары қарызды өтеуді есепке алмағанда 709,8 млрд. теңгені құрады немесе 815,5 млрд. теңге сомасында есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жоспардың 87,0 пайызға атқарылды. 46,0 млрд. теңге сомасында жоспарланған тапшылық кезінде іс жүзінде 87,3 млрд. теңге сомасында профицит қалыптасты.

Кірістер бойынша. Мемлекеттік бюджеттің кірістері 103,5пайызға атқарылды, 769,1 млрд. теңге жоспарда бюджетке 796,3 млрд. теңге түсті. Қазақстанның экономикасына, жаңа Салық кодексінің енгізілуімен ірі салықтар бойынша ставкалардың төмендеуіне (КТС 10 пайызға, ҚҚС пайызға, тіркелген әлеуметтік салық ставкасы – 11 пайызға) әсер еткен әлемдік экономикалық проблемалардың салдарына (қаржы дағдарысы) қарамастан, мемлекеттік, республикалық бюджеттер кірістерінің – 106,8%, 107,1%, өсуінің аз ғана қарқыны, жергілікті бюджеттер бойынша – 97,8% төмендеуі байқалып отыр.

Бюджеттің кіріс бөлігінің атқарылуы негізінен салық түсімдерін төлеу толықтығына байланысты, оларда анағұрлым үлес салмақты корпоративтік табыс салығы (салық түсімдерінің жалпы көлемінен үлесі 37,7%), кеден төлемдері (21,6%) және іште өндірілген тауарларға салынатын қосылған құн салығы (3,6%) алып отыр.

Бюджетке корпоративтік табыс салығы 194,7 млрд. теңге түсті, 2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 11,9 млрд. теңгеге төмендеді, оған елдегі күрделі экономикалық ахуалда бизнес белсенділіктің баяулауы әсер етті.

Кедендік төлемдер және бюджетке төленетін салықтар бойынша  111,5 млрд. теңге түсті немесе атқарылу 76,2 пайызды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсімдер 20,8 млрд. теңгеге азайды және өсу қарқыны 84,3 пайызды құрады. Құрылыс және экономиканың басқа салаларында импорттың өсу қарқынының төмендеуі жоспардың орындалмауына әсер етті. Айталық, кеден статистикасының жедел деректері бойынша 2009 жылдың  1-тоқсанында сыртқы сауда айналымы 13,9 млрд. АҚШ долларын құрады, 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4 пайызға төмендеді, оның ішінде импорт 5,9 млрд. АҚШ долларын құрады, тиісінше 17,1 пайызға төмендеді, экспорт – 8,0 млрд. АҚШ доллары, 49,4 пайыз.

Іште өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС 40,5 млрд. теңге жоспарда бюджетке 18,3 млрд. теңге немесе 45,2 пайыз түсті. Есепті кезеңде түсімдердің болжамды сомасының орындалмауына экономиканың даму өсімі қарқынының баяулауы және нөлдік ставка бойынша ҚҚС өтелген сомасының өсуі әсер етті. Айталық, 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджеттен 50,5 млрд. теңге сомасында өтелді, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 6,3 млрд. теңгеге көп, жалпы салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 20,5 млрд. теңгеге төмендеді.

2009 жылдың 1-тоқсанында жергілікті бюджеттердің кірістері 400,3 млрд. теңгені немесе жоспардың 104,9 пайызын құрады. Жергілікті бюджеттің кірістері бойынша жоспар Алматы қаласын (83,1%), Астана қаласын (94,1%), Шығыс Қазақстан облысын (99,1%), Оңтүстік Қазақстан облысын (99,2%), Ақмола облысын (99,6%) қоспағанда негізінен барлық өңірлер бойынша орындалды.

Көрсетілген өңірлер бойынша өндіріс көлемінің азаюы және кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер санының азаюы салдарынан салық салынатын базаның төмендеуіне байланысты жеке табыс салығы бойынша жоспар 0,6 млрд. теңгеге және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салық регрессивті шкаласының 13-тен 5 пайзға дейіннен 11 пайыз бірыңғай ставкаға өтуіне және өндіріс көлемінің азаюына байланысты әлеуметтік салық бойынша 2,1 млрд. теңгеге орындалған жоқ  [15].

2009 жылғы сәуірде 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда инфляцияның едәуір деңгейі көтерілген көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (3,4%), Атырау (3,1%), Павлодар (2,9%) облыстарында және Алматы (3,7%) мен Астана (3,2%) қалаларында қалыптасты.

Сонымен бірге 2008 жылдың 4-тоқсанындағы есептеулер бойынша табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға шығындылары үшін ірі түсімдерге және ағымдағы жылы Салық кодексіне толықтыру ретінде енгізілген алауларда газдың жануы кезінде зиянды заттардың шығындылары үшін ставкалар енгізуге байланысты 21,5 млрд. теңгеге қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу бойынша (оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 11,8 млрд. теңгеге, Батыс Қазақстан облысы бойынша 4,7 млрд. теңгеге, Ақтөбе облысы бойынша 3,2 млрд. теңгеге) түсімдер есебінен жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша жоспардың асыра орындалуы байқалады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын дағдарысқа қарсы шаралар нәтиже беріп отырғандығын атап өткім келеді, оларды азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер бойынша байқауға болады.

Осы түсім бойынша болжам Астана қаласы, Ақтөбе және Алматы облыстары бойынша Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша объектілерді салуға байланысты 1,4 млрд. теңгеге асыра орындалды.

Бересі бойынша. 01.04.2009 жылғы бересі 97,8 млрд. теңгені құрады, 01.01.2009 жылмен салыстырғанда 16,9 млрд. теңгеге немесе 20,9  пайзға артты.

Салық органдарының тексеру актілері бойынша соманы түгел есептеуге байланысты бересінің негізгі өсімі корпоративтік табыс салығына (48,8%, бересінің жалпы көлемінің үлесі) және ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС (34,6%, бересінің жалпы көлемінің үлесі).

Өңірлер бөлінісінде бересінің неғұрлым артуы Қостанай облысында 5,5 млрд. теңгеге, Атырау облысы – 5,2 млрд. теңге, Алматы қаласы – 1,7 млрд. теңге байқалады.

Бюджет кірістерінің болжамы ағымдағы жылдың 1 тоқсанына бекітілген бір жылға арналған түсімдер көлемдері негізге алына отырып, жасалды және салықтардың негізгі түрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерді орындамау тоқсан қорытындылары бойынша республикалық бюджет бойынша да, жергілікті бюджеттер бойынша да  тұтастай алғанда жыл бойынша болжамды орындамауды білдірмейді, өйткені республикалық бюджеттің кіріс бөлігі негізінен, Қаржы министрлігінің ұсынысының негізінде түзетілген. Осыған байланысты министрліктің өткен алқасында 1-ші тоқсанның қорытындылары бойынша министрліктің салық және кеден органдарының алдына бюджеттің шығыс бөлігін, оның ішінде Жол картасын уақтылы қаржыландыру мақсатында мемлекеттік бюджетке түсімдердің толық түсуін қамтамасыз ету туралы міндет қойылды.

Әкімшілендіру деңгейін арттыру үшін салық және кеден қызмет салаларында Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік жүргізуді жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы әзірленді, ол Үкіметтің қарауында жатыр. Бағдарламаны іске асыру салық төлеушілердің өздерінің салықтық міндеттемелерін ерікті орындауына арналған жағдайларды жақсартады және әсері салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді жинауды және қамтамасыз етуді арттырудан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудан және жоюдан байқалады. Ол сияқты салықтық рәсімдерді жеңілдету, тұтастай алғанда көлеңкелі экономиканы қысқарту сияқты экономикалық пайданы өзіне қамтитын Салықтық әкімшілендіруді реформалаудың 2010-2014 жылдарға арналған инвестициялық жобасы бойынша Дүниежүзілік банкпен бірлескен жұмыс жалғасуда.

Ұлттық қор туралы: Ұлттық қордың активтері 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 3 328,4 млрд. теңгені құрады, есепті кезең үшін 315,3 млрд. теңге мұнай секторы кәсіпорындарынан алынатын тікелей салық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 69,4 млрд. теңгеге көп.

Қарыз алу жағдайы туралы. 2009 жылғы 1 тоқсанда сомасы 100,3 млрд. теңгеге мемлекеттік эмиссиялық қағаз орналастырылды, оның ішінде:

  • мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар (МЕККАМ), кірістілігі жылдық 7,5 пайыз, айналыс мерзімі 12 ай, сомасы 7,4 млрд. теңге немесе жалпы қарыз алу көлемі 7,3 пайыз;
  • мемлекеттік ұзақ мерзімді бағалы қағаздар (МЕОКАМ), кірістілігі жылдық 8 – 8,7 пайыз, айналыс мерзімі 2,3 және 5 жыл, сомасы 41,8 млрд. теңге немесе жалпы қарыз алу көлемі 41,7 пайыз;
  • мемлекеттік ұзақ мерзімді бағалы қағаздар (МЕУКАМ), кірістілігі жылдық 8,2 – 8,75 пайыз, айналыс мерзімі 7 және 8 жыл, сомасы 19,4 млрд. теңге немесе жалпы қарыз алу көлемі 19,4 пайыз;
  • мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтаушы бағалы қағаздар (МЕУЖКАМ), кірістілігі жылдық 0,01 пайыз, айналыс мерзімі 10, 15 және 16 жыл, сомасы 31,7 млрд. теңге немесе жалпы қарыз алу көлемі 31,6 пайыз.

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында Қаржы министрлігі мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жоспарына сәйкес ішкі қор нарығында қарыз алуды жүзеге асыратын болады.

Шығыстардың атқарылуы бойынша қысқаша. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында шығыстарды орындау өткен жылдардың ұқсас кезеңінен елеулі ерекшеленеді, өйткені Республикалық бюджеттік комиссияның шешіміне сәйкес қаржыландыру тек ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және тез арада қаржыландыруды талап ететін даму бағдарламалары бойынша ғана жүзеге асырылды. Бұл ретте, бюджеттік даму бағдарламалары бойынша міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары әкімшілердің жылдық даму бюджетінің алтындан бір бөлігінен асқан жоқ және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасасу мерзімдері бірінші тоқсаннан екіншіге және ағымдағы жылдың кейінгі тоқсандарына ауыстырылды  [16].

Осыған байланысты мемлекеттік бюджеттің шығыстарын атқару 2009 жылдың 1 сәуіріне (қарыздарды өтеуді есептемегенде) 709,8 млрд. теңге сомасында немесе есептеу кезеңіне арналған төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына 87,0 пайыз қалыптасты, оның ішінде республикалық бюджеттің шығыстары – 606,4 млрд. теңге немесе жоспарға 91,3 пайыз, жергілікті бюджеттер – 338,8 млрд. теңге және 87,7 пайызға атқарылды.

Жоғарыда санамаланған себептерді ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 58,1 млрд. теңге сомасында қаражат игерілмеген. Жергілікті бюджеттердің шығыстары 338,8 млрд. теңгеге немесе 386,3 млрд. теңге сомасындағы есепті кезеңге арналған жоспарға 87,7 пайыз орындалды. Жергілікті бюджеттердің жоспары ұқсас себеп бойынша 47,5 млрд. теңге сомасына орындалмаған.

Бюджеттің нақтыланған көрсеткіштерін ескере отырып, екінші тоқсаннан бастап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және жергілікті атқарушы органдар Жол картасының іс-шараларын орындауды қоса алғанда, бюджеттік заңнаманың нормаларына сәйкес бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі күрделі жағдайларда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдына қойған негізгі міндеті бюджет шығыстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру болуы тиіс.

Сонымен қатар, нысаналы трансферттерді игеру жөніндегі бюджеттік тәртіптің жағдайы туралы және кредиторлық берешек туралы тоқталғым келеді.

2009 жылдың 1 тоқсаны үшін республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға 71,7 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер аударылды, олар жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 55,5 млрд. теңге сомасында немесе 77,4 пайыз пайдаланылды. Қаражаттың игерілмеуі 16,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша 4,0 млрд. теңге және нысаналы даму трансферттері бойынша 12,2 млрд. теңге. Нысаналы трансферттердің аударылған сомасының игерілмеу себебін талдау республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет заңнамасын сақтамайтынын көрсетеді, яғни төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлемінің расталмаған негізінсіз санамаланады. Мысалы, Білім және ғылым министрлігі жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу куәлігінің жоқтығына қарамастан, Астана қаласының бюджетіне 5,0 млрд. теңге аударды; конкурстық рәсімдерді өткізудің және өтпеген конкурстардың ұзақтығына және денсаулық сақтау, көлік және коммуникация министрліктері – 1,2 млрд. теңге сомада орындалған жұмыстардың актілерін ұсынбай және шарттарды кеш жасасуға қарамастан индустрия және сауда, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация министрліктері 2,4 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттерді аударды.

2008 жылғы атқару қорытындысы бойынша Үкіметтің отырысында 9 өңірде жалақыны төлеу бойынша несиелік берешекке жол берілгенін және облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне мониторинг қалыптастыру және барлық бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне жалақыны төленуін бақылауды нығайту туралы тапсырма берілді. Жергілікті атқарушы органдардың есептілік деректеріне сәйкес ағымдағы жылғы 1 сәуірге жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне жалақыны төлеу бойынша несиелік берешек 6,0 млрд.теңгені құрады,  оның ішінде ең көп берешек Алматы облысы бойынша – 2,4 млрд. теңге, Алматы қаласы – 1,2 млрд.теңге, Солтүстік Қазақстан облысы – 1,0 млрд. теңге, Жамбыл облысы – 805,2 млн. теңге, Павлодар облысы – 514 млн. теңге қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылғы сәуірде инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 2,8%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңінен 0,4%-ға (3,4%) төмен. ТБИ (тұтыну бағалар индексі) құрылымында 2009 жылдың сәуір қорытындысы бойынша баға өсімінің көш басында 2008 жылғы желтоқсанына 3,8%-ға қымбаттаған азық-түлік емес тауарлары болды (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%). Ақылы қызметтер 2,3%-ды құрады (2,4%). Азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 2,4%-ды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,3%-ға төмен (4,7%)  [ 17].

2009 жылғы сәуірдегі инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсанына қарағанда және тұтыну бағалары индексін құрайтын бағаның өсуі пайызбен 2-сызбада көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Парламентінің 2-ші сессиясын ашқанда және өткен жылғы 13 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Үкімет алдында Мемлекет Басшысы қойған басты міндеттердің бірі қазақстандықтардың әлеуметтік салауаттылығы болып табылады. Өкінішке орай жалақы бойынша қалыптасқан несиелік берешектің құрылымын талдау жалақыны әлеуеттік саладағы қызметкерлер: мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және әлеуеттік қамтамасыз ету қызметкерлері уақтылы алмайтынын көрсетеді. Осы ретте, жалақы бойынша атқарушы органдарда берешек жоқ, яғни шенеуніктер өздері жалақыны уақтылы алады. Жергілікті атқарушы органдар берешектің қалыптасуының себептерінде төлемдердің төлеу мерзімі болған жоқ деп көрсетеді, бұл кезде Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес мемлекеттік мекемелер жалақы төлеуге төлем шоттарын ай сайын ағымдағы айдың 28-ші күніне дейін қазынашылық органдарына ұсынуы тиіс. Осыған байланысты, мемлекеттік мекемелерде жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету туралы жергілікті атқарушы органдарға тапсырма және қаржыландыру жоспарын бюджеттік заңнамада көрсетілген жалақыны төлеу мерзімдеріне сәйкес келтірілетін болды.

Қазақстанда экономикалық жағдайының қиындауына қарамастан жақсы кездерде көрініс табуда:

  • Ақпанда болған теңге девальвациясы импорттың төмендеуіне және мұнай бағасының түсуінің тұрақтануы елдің төлем балансының позициясына оң әсер етуде;
  • Эксперттердің ойынша, әлемдік экономиканың жақсару жолы ресурстардың құнын жоғарылауы мүмкін;
  • Сыртқы қарыздардың жүктемесінің қысқаруынан кейін банктік сектор жағдай жақсаруы мүмкін;
  • Қашаған жобасы мұнай өндіруін екі еселеуі мүмкін.

3 тарау. Қазақстан Республикасында дағдарысқа қарсы саясат және болашақ дамуы.

3.1. Дағдарыс әсерін жеңілдетіуге арналған мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шаралары және оны жүзеге асыру барысы 

Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет. Осыған байланысты айыптылар мен кінәлілерді іздеу қажетсіз іс. Қазір осындайлық қуатты әлемдік катаклизмді туындатқан жүйенің терең ақаулықтарын анықтауға, ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ.  Ел басы басқа елдерге қарағанда тез арада дағдарысты қолына алды деп айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты халыққа жолдауы болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле­кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола­шағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиыр­ма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті.

Тұрғын үй құрылысына және үлес­керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша ставкалар­ды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, кор­по­ративтік табыс салығы биылғы жыл­дың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласы­ның орнына 11 пайыз көлеміндегі бірың­ғай ставка енгізілді. Инвестиция­ларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді.

Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды.  Бұл әлемдік дағдарыс салдарын ең­серу үшін қуатты ынталандыру екенімен келісерсіз. Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілердің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндет­темелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті.

Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы та­ғы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады.

Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. Бұл ретте 2011 жылы базалық зей­нет­ақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі. Өздеріңізге белгілі болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр.

Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бізге бюджет қара­жатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта­масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз  [18].

Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар­ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған.

Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді, ағайын. Баршаңызға: “Іске сәт!” деп ел басы халыққа жолдауын аяқтады.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Президенті  «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында мәлімдеді. Бұл мақалада  біздің түбегейлі жаңа, әлемдік экономиканың, саясаттың және жаһандық қауіпсіздіктің басқаша құрылған моделін жасау шебінде тұрғанымызды мойындаудың батылдығы болуы керек. Ескі әлемнің жетілмеушілігін еңсерудің бірегей мүмкіндігін тиімді пайдаланып, Жаңа әлем құру керек. Бізге түбегейлі жаңа қисынды құру және әзірге шартты түрде жаһандық Транзит әлемі деп атауға болатын осы өткел бойынша ортақ жаңа “қозғалыс ережесін” әзірлеу қажет болады. Бірақ та алдымен осынау жаһандық дағдарыстың, оның бастауларының алғашқы себептерін белгілеп көрейік.

Жаңа әлемнің біз енді ғана қадам басқан өсу кезеңінің жаңа қасиетін айқындайтын шешуші сөз ретінде “транзит” сөзін алуға әбден болады. Онда ішінара ақаусыз әлемдік валютаға негізделген транзиттік әлемдік байлықтың осынау жаңа түрін біз әзірше “акметал” деп емес, “транзитал” деуімізге келеді. Соған сәйкес транзит уақыты укладының өзін әзірше “акметализм” деп емес, жаңа тұрпаттағы жаңа сападағы әлемдік қаржы инфрақұрылымымен бірге “транзитализм” деп белгілеуге болар еді. Бұл транзиттің басты міндеті мен миссиясы – бүкіл әлемнің ескі жеті есе залалды валютадан әлемдік акме-валютаның жаңа жеті есе ақаусыз жүйесіне экологиялық көшу үшін жағдай әзірлеу.

Ең бастысы – әлемдік салмақты өңірлік ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірліктер үшін өңірлік және континенталдық Эмиссиялық орталықтар жүйесіне бөле отырып, бұл салмақты әлемдік валютаның ескі ақаулы жүйесінен алып тастау (немесе ең болмағанда қайта бөлу). Өңірлік және континенталдық деңгейде тұтастай алғанда әлемдегі заңдар әрекет етеді. Ендігі жерде әлемде ешқандай да ұлттық валюта әлемдік валюта функцияларын тиімді алып жүре алмайтыны секілді өңірлік деңгейде де ешқандай ұлттық валюта ұлтүстілік мемлекетаралық эмиссиялық орталық эмитенттейтін ұлтүстілік мемлекетаралық валюталық-есептік бірлік беретіндей тиімділікті бере алмайды. Сонымен қатар, бұл жерде жеті сұраққа жауап берілді:

  1. Қазіргі де-факто бар әлемдік валюта заңды де-юре болып табыла ма?

Әлемдік валюта туралы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойған және әлемнің көптеген парламенттері бекіткен әлемдік заңның жоқ жағдайында заңдылықтың мұндай деңгейі туралы айтуға әзірге тура келмейтіні белгілі.

Қазіргі бар әлемдік валюта әлемдік заң тұрғысынан оның заңдылығы де-юре анықтала алатын әлемдік заң пайда болғанға дейін де-факто туындағандықтан, оны “заңға дейінгі” ретінде анықтаған дәлірек болар еді. Сондықтан Жаңа әлемнің валютасы әлемнің көптеген елдерінің басшылары қол қойып, әлемнің көптеген парламенттері ратификациялайтын Әлемдік валюта туралы бүкіл әлемдік заңның негізінде жүзеге асуы тиіс. Бұл ретте әлемдік валюта ретінде әлемнің кез келген мемлекетінің ұлттық валютасын пайдалану нәтижесіз болады. Бұл заң оның қағидаттық тұрғыда ұлттықтан жоғары мемлекетаралық мәртебесін және арнайы құрылған бүкіл әлемдік Эмиссия орталығы оның эмиссиясы қағидаттарын нақты да бір мәнді анықтай алар еді. Мұндай жүйе адамзат тарихындағы алғашқы абсолюттік тұрғыда заңды және жария әлемдік валютаның негізі бола алар еді.

  1. Әлемдік валюта эмитентінің қызмет ресімі шынайы демократиялық болып табыла ма?

Әлемнің бір де бір халқы әлемдік валюта эмитентінің шешімдерін қабылдауға да, қызметіне де қатыспайтыны айдан анық. Сондықтан да ескі әлемнің әлемдік валютасы эмитентінің қызмет ресімдері қай жағынан да немесе қай тұрғыдан да демократиялық болып табылмайды. Осыған байланысты жаңа әлемдік валютаны пайдаланушылар – барлық негізгі субъектілер әлемдік валюта туралы заңға сәйкес оның эмиссиясын және қатаң демократиялық ресімдер бойынша әрекет ететін эмитенттерін басқарудың демократиялық органдарын құра алар еді.

  1. Әлемдік валютаның сұранысы мен ұсынысының баланс тетігі бәсекеге қабілетті және еркін болып табыла ма?

Осынау рыноктың барлық қатысушыларының бәсекелі қызмет ережелерін белгілейтін және бақылайтын әлемдік институттар құрылғанға дейін әлемдік валютаның әлемдік рыногы бәсекелі бола алмайтыны және ондай деп мойындалмайтыны анық.

Ал енді осынау міндетті бәсекелестікті арнаулы қадағалау органы, мәселен, Бүкіләлемдік монополияға қарсы валюта комитеті қамтамасыз етіп, қатаң бақылай алар еді. Әлемдік валютаның қазіргі бар рыногы оның мүмкін болатын барлық эмитенттеріне тең құқықты қамтамасыз ете алмайды. Еркін рынокта қандай да бір сатушылар тобы үшін қандай да бір артықшылықтарға, сондай-ақ әлемдік валюта ретінде қызмет ететін валютаның сатып алу қабілеті мен тауар айырбастау қызметіне жария және жария емес шектеулерге үзілді-кесілді тыйым салынатыны белгілі. Мұндайдың байқалмайтыны және мұндай рынок еркін емес болып табылатыны айқын. Әлемдік валюта рыногы шартты түрде алғанда Бүкіләлемдік рынок еркіндігі комитетінің заңы бойынша бағамдала алар еді. Осынау абсолютті түрде еркін рынокта әлемдік валютаның кез келген эмитенттер немесе сатушылар тобы үшін кез келген артықшылықтарға үзілді-кесілді тыйым салынуы тиіс.

  1. Әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табыла ма?

Өркениетті рынокта ойын ережесі оған қатысушылардың барлығының (сатушылар мен сатып алушылардың) ешкімнің жеке мүддесіне нұқсан келтірмейтін ортақ шарты негізінде белгіленеді және сақталады. Әлемдік валюта рыногында мұнда ештеңе байқалмайтыны анық. Демек, бүгінде әлемдік валюта рыногы өркениетті болып табылмайды. Жаңа әлемдік валюта рыногында ойын ережесі заң бойынша белгіленіп, оның барлық қатысушыларының (сатушылар мен сатып алушылардың) ортақ шарты негізінде сақталуы тиіс.

  1. Әлемдік валютаның туындату жүйесі және эмиссиясы оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялардың және азаматтардың) және тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастықтың бақылауында болып табыла ма?

Жоқ, оны негізгі пайдаланушы субъектілердің қандай да бір топтары, тұтастай алғанда әлемдік қоғамдастық ешқандай бақыламайды. Бұл тұрғыда әлемдік валютаның эмиссия жүйесі мүлдем бақылаусыз болып табылады. Жаңа әлемдік валютаның барлық негізгі субъектілерінде – пайдаланушыларында (елдерде, компаниялар мен азаматтарда) оның туындатылуын эмиссиясы мен айналымын аталған заңмен арнайы көзделген тұрақты әрекет ететін бақылаушы құралдарын жасауға құқығы болуы тиіс. Эмитенттің қызметі сондай-ақ биліктің барлық үш тармағының: заң шығарушы да, атқарушы да, сот та тармақтарының бақылау шегінде болуы тиіс.

  1. Әлемдік валютаның туындатушы жүйесі және эмиссиясы оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) және бүкіл әлемдік қоғамдастықтың алдында жауапты болып табыла ма?

Әлемдік валютаның эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің алдында да, тұтастай әлемдік қоғамдастықтың алдында да ешқандай жауапты емес. Бұл тұрғыда әлемдік валюта эмитенттері мүлдем жауапсыз, мұның өзі жаһандық дағдарысты туғызды да. Әлемдік валютаның барлық жария және заңды эмитенттері оның негізгі пайдаланушы субъектілерінің (елдердің, компаниялар мен азаматтардың) алдында және бүкіләлемдік қоғамдастықтың алдында өз әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін толық мәнінде жауапты болуы тиіс, оны заң бойынша іс жүзінде, мәселен, Бүкіләлемдік валюта арбитражы қамтамасыз ете алар еді.

  1. Әлемдік валюта жүйесі тиімді де нәтижелі болып табыла ма, яғни оның жұмысының нәтижелері адамзатты және тұтастай әлемді дамыту мақсаттарына қаншалықты сай келеді?

Әлемдік валюта жүйесі жұмысының іс жүзіндегі нәтижелері өркендеу үстіндегі әлемдік капиталдың және тұрақты әлемдік дамудың (бірыңғай әлемдік валютаның да) болуының өзі бүгінде қатерлі болып отырған жағдайға жеткізді. Бұл оның толық тиімсіздігінің айқын дәлелі. Жаңа әлемдік валюта эмитенттерінің іс-әрекеті әлем мен адамзатты дамытудың шешуші мақсаттары мен құндылықтарына әбден сай келуі тиіс. Жаңа әлемдік валюта жұмысының іс жүзіндегі нәтижесі де толық мәнінде тұрақты даму мен өркендеудің жоғары мақсаттары мен міндеттеріне сай келуі тиіс. Бұл қағидаттар заң бойынша жаңа әлемдік валютаның бүкіл жүйесінің негізіне де, сонымен бірге оның тиімділігін жүйелі өлшеу мен түзетудің жүйесіне де алынуы тиіс  [20].

Өткен ғасырдың ортасынан бастап біздің әлем түбегейлі өзгерді және бұл өзгерістердің қарқыны күн өткен сайын өсіп барады. Тек әлемдік валюта ретінде пайдаланылатын валютаның туындату және айналым тетіктері ғана өзгермей қалып отыр, оның жаңару қарқыны әлемнің өзгеру қарқынынан апаттық жағдайда қалып қойған. Яғни әлемдік валюта жүйесі әлдеқашан және қайтпастай болып ескірген, мұны жаһандық әлемдік дағдарыс та қуаттайды.

Сонымен қатар, жаңа әлемдік валюта жүйесін құру туралы сөз қозғалды. Жаңа әлемдік валюта жүйесінің бүкіл тетіктері ғасырдың, әлемнің және адамзаттың алда болатын сынақтарын озық мониторингтеудің арнаулы негізінің жүйесінде және жоғарыда аталған қарапайым жеті қағидаттың негізінде құрылуы тиіс. Тек осылай ғана әлемдік валютаның жаңа жүйесі әрдайым заманауи және ақаусыз бола алады, жаһандық әлемдік дағдарыстардың емес, әлемнің тұрақты дамуы мен бүкіл адамзаттың өркендеуінің жемісті бастауы бола алады.

БҰҰ қам­қоршылығымен біртұтас әлемдік валюта жасауға кірісу керек. Бар­лық елдердің көзқарасы тұрғы­сы­нан қарағанда, легитимді болып та­былатын есеп айырысудың бір­тұтас әлемдік ақша бірлігіне не­гіз­делген атымен жаңа – жаһан­дық – валюта жүйесіне көшу керек. Оны жасауға, эмиссиялауға және реттеуге барлық елдер қа­ты­суға тиіс. Әрине, жаңа жүйеге кө­шу бірте-бірте жүзеге асырылуы керек. Осы заманғы әлемнің тағы бір маңызды үрдісі дүние құрылымы­ның бір полярлы жүйеден көп по­ляр­лы жүйеге ауысуы болып та­былады. Бүгінде әлемдік аренада дүние дамуына ықпал ететін жаңа орталықтар заңды түрде қалып­тасып келеді. Экономикалық және саяси дамудың сан түрлі модельдері қа­тар өмір сүріп, бәсекеге түсетін жаңа тарихи кезең басталуда. Көп полярлылықтың дамуы­мен қатар өңірлену үдерісі күшейе түсетін болады. Тауарлар мен қыз­меттердің басым көпшілігі өнді­ріле­тін және тұтынылатын өңірлік рыноктар бой түзейді. Құрлықтық ин­теграциялық топтар қалыпта­сады. Бір географиялық кеңістіктің ішінде ұлттық экономикалардың қорғалуы жаһандық дамудың үр­дісіне айналуда. Оның мы­сал­дарын біз Латын Америкасында, Парсы шығанағы өңірінде, Шы­ғыс Азияда байқап отырмыз. Одан бұрын бұл үдеріс Еуро­аймақ­та басталған болатын.

3.2. Дағдарыстан кейінгі Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы.

Экономикалық саясаттың  алға қойған мақсаттары:

  • Экономикалық дағдарыстың салдары халық, резерв және негізгі инвестиция үшін шығындардың аз болуы:
  • макро тұрақтылықты сақтап қалу;
  • ішкі сұранысты ынталандыру;
  • маңызды инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • банктік секторды қайта құрылымдау;
  • негізделген және басқа да міндеттемелерді тиімді басқару.
    • Диверсифицияланған дамуды қолдау кезінде экономиканың болашақтағы арнасынан шығуын болдырмау:
  • Ұлттық Қорды тиімді басқару;
  • Мемлекет қаржылық сектордың жеке тәуекелін сақтандырмауын күтуді жібермеу
  • Бәсекелестік орта мен іскерлік климаты жақсарту үшін құрылымдық бағдарламалар мен реформалар;
  • өндірістік саланы дамытуға қоғамдық ат салысу.

Қазақстан алдағы жылдарда келесідей жағдайларға қол жеткізуді көздер отыр:  әрбір қазақстандыққа шаққанда өндірілетін өнімді жеті жыл ішінде екі жарым есеге арттырамыз. Бұл қазір 3400 доллар болса, 2012 жылы 8-9 мың долларды құрайтын болады. Әрбір қазақстандықтың табысын екі есе көбейтіледі.

Орташа жалақыны екі еседен де асыра көтеріп, 70 мың теңгеден кем болмайтындай деңгейге жеткіземіз. Зейнетақыны екі есе, әлеуметтік жәрдемақылар мен студенттердің стипендиясын екі жарым есе өсіреміз. 7 жыл ішінде 350 мың жаңа пәтер салып, ипотекалық несиелендіру пайызын төмендетеміз. Осы жеті жылда бір миллион қазақстандық жаңа пәтерлерге қоныстанатын болады. Білім мен ғылымға бөлінетін қаржыны үш есеге көбейтіп, 2012 жылы оны 816 миллиард теңгеге жеткіземіз. Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржыны үш есеге дейін арттырамыз. Енді 7 жылдан кейін халықтың денсаулығын сақтауға 600 миллиард теңге жұмсалатын болады. 2012 жылы ТМД-ның бір де бір еліндегі халықтың тұрмыс деңгейі дәл Қазақстандағыдай бола алмайды. Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне көтерілеміз.

Қазақстан 2012 жылы әлемдегі индустриалдық дамыған елдер қатарына қосылады. Жалпы ішкі өнім үш есеге дерлік өсіп, 6,8 триллион теңгеден 17,7 триллион теңгеге артады. Мұндай өсу қарқынын бүкіл жер бетінде бірнеше ел ғана қамтамасыз ете алады.

Экономикамызға салынатын инвестиция мөлшерін 2,5 есе арттырып, 1,8 триллион теңгеден 2012 жылы 4 триллион теңгеге дейін жетеді. Қазақстан осы жеті жылда әлемдегі астық экспорттаушы елдердің алдыңғы бестігіне, мұнайды экспортқа шығарушы елдердің алдыңғы ондығына енетін болады. Ауыл шаруашылығына арналған салымдарды 450 миллиард теңгеге дейін ұлғайтамыз.

Шағын және орта бизнес шарықтап дамитын болады. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 7 жылдан кейін 20 пайыздан 40 пайызға дейін өседі. Жүздеген адам өз ісін ашып, жеке бизнесін өрістететін болады. Қазіргі заманда халықтың ұзақ мерзімді дамуына тек демократиялық құрылым ғана мүмкіндік береді. Біз осы жылдар ішінде “алдымен экономика – содан кейін саясат” қағидасын ұстануымыздың дұрыс екеніне көз жеткіздік. Ол өзіндік жемісін берді. Алдағы 7 жылда біз елімізді одан әрі саяси жаңарту бағытын ұстанады.

Өкілді билік органдарының рөлі мен өкілеттігін күшейтіледі. Жергілікті жерлерде әкімдер сайлауын енгізеді. Жергілікті өзін-өзі басқару, қаржылық, сондай-ақ заңдық тұтқаларды өз қолдарына алады.

Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар серіктестігі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге жәрдемдесетін болады. Мемлекеттік органдар мен сот жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «Бес үлкен іс » атты жоспар дүнйеге келген.  Бұл жоспарда бес басты бағытқа көңіл аударылды. Бірінші бөлімде, «қаржылық секторды тұрақтандыру». Бұл жерде тек қана банктік сектор туралы. Бірақ мынаны естен шығармағанымыз жөн банктік секторға қарағанда қаржылық сектор кең ауқымды. Ал бұл бөлімде жағдайдың қалай орналасқаны туралы сұраққа келер болсақ, онда  өздері қалыптасқан төртбанктің ішінен екі банк (Альянс банк және Тұран Әлем банкі) өздерінің сыртқы міндеттемелерін тоқтатқаны туралы жариялады. Бұлардың үміті мемлекеттің қолдауы, көмегі болып отыр. Банктердің сыртқы міндеттемелері 39,2 млрд. долларды құрады, ал Ұлттық Қордың міндеттемелері 21,6 млрд. доллар болды. Елбасы Қытайдан 10 млрд. доллар көлемінде несие алды. Қазақстан несие туралы Ресей халқынада сұраған, бірақ олар бас тартты. Қытайдан алған қаражат «ҚазМұнайГаз» және Қазақстанның Даму Банкіне беріледі. Қытай несиесіне  «МаңғыстауМұнайГаз» компаниясының жартысын сату айырбасы туралы келісілген. Бұл жағдай Қазақстанда ақшаның жоқтығын білдіреді.

Екінші бөлімге келер болсақ, онда «жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды шешу». Ипотекалық несиелеу бағдарламасы іске қосылған болатын. Бірақ не болды? Сәуір айының аяғында Карим Масимов мемлекетпен ипотеканы қайта қаржыландыруға берілгенқаражатты қайтарыпалу туралы шешім қабылдады, себебі банктер «бұл жұмысты дұрыс жүргізе алмады». Ұлттық банкте несиелерді қайта қаржыландыру үшін 24 млрд. теңге салынды. Ол жерде  5 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын 1700 қарызгерлердің өтініштері жатыр және 135 млн. теңге құрайтын 48 өтінішті қайта қаржыландырды. Ал Альянс банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін мемлекет 14 млрд. теңге салды. Бірақ, олар 1 млрд. 800 млн. теңгеге өтініш қабылдап, оның 629 млн. теңгесін ғана қарастырды. Бұл жерден көріп отырғанымыздай, «жылжымайтын мүлік  нарығындағы мәселері шешуде» ешқандай жылжу жоқ сияқты.

Келесі үшінші бөлім «шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау». Бұл жерде де екінші бөлімдегідей жағдай. Карим Масимов өз сөзінде « банктер 1 мамырға дейін қаражатты іске асырмаса, онда қаражатты қайтарып, басқа салаларға жұмысаймыз»деді. [21].

 Төртінші бөлім «агро өнеркәсібін дамыту». Сүт-тауарлық фермалары құру және көкеніс өндірісін дамыту, агромаркетинг қалыптастыру және т.б. Бұл бөлімді жүзеге асыру үшін көп жыл және қаражат керек. Ал үкіметтің бағдарламасы 2009-2010 жылдарға ғана арналған. Біздің мал шаруашылығымыз төмен, ет және ет өнімдерінің 80 пайызын шетелден әкелеміз.

Соңғы бөлім «инновациялық,  индустриалдық және нифра құрылымдық жобаларды жүзеге асыру». Бұл жерде айтар түк жоқ. Үкіметтің бағдарламасы өз орнын тапқан сияқты.

Қорыта келгенде, эконономикалық дағдарысты жеңу өз қолымызда.

Қорытынды

Бүгінде елдер мен континенттерді тітірентіп тұрған жаһандық әлемдік дағдарыс – бұл адамзат әлі біліп болмаған айрықша құбылыс. Ол әлем тарихында теңдесі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбегейлі өзгертетін құбылыстар санатына жататыны анық. Сондықтан да оны талдауға, ой-елегінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көзқарас қажет. Ең бастысы – оларды толық жою жолдарын іздестіруге жұмылу маңыздырақ.  Ел басы басқа елдерге қарағанда тез арада дағдарысты қолына алды деп айтуға болады.

Қазақстан басшылығы қысқа мерзімде тұрақтандыру жоспарын әзірледі. Нұрсұлтан Әбішұлы «Тап қазір –  біздің елдің және оның азаматтарының бүкіл мәселесін бірлесіп, ортақтасып шешетін уақыт. Экономика мен қоғам алдындағы қиындықты дұрыс қабылдап, жұмыс орындары мен азаматтардың табысы сақталуына бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек. Дағдарыс мәңгілік емес, оның артында өрістеу тұр. Талай жыл бойы маңдай термен жиған байлықты ысырап жасау­ға біздің құқымыз жоқ», – деп атап көрсетті.

Біз қазір іс басындағы кәсіпкерлер, ірілі-ұсақты мекеме-кәсіпорын басшылары түгелелдей бас қосып, күш біріктіруі керек.

Орынсыз шығындардан бас тартып, тек қана ең қажетті салаға қаржы салып, жұмылуға тиіспіз. Мысалы, облыстың 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді даму жоспарын бекітілді. Оның ішінде әлеуметтік саланы қаржыландыру жылдағыдан артпаса, азаймайды.

Ал мемлекеттік басқару шығындары, әсіресе, әкімшілік ғимараттарын салу, қымбат көлік алу секілді мәселелер қысқарту керек.

Экономикалық дағдарысты тұрақтандыру үшін, елдегі ақша айналымын бақылау мен айналымдағы есепті қамтамасыз ету керек. Бұл кезде экономикалық құрылымдарды, оның ішінде мемлекеттік қаржы басқармасын реформалау қажеттіліктері туды. Бүгінде аяғынан нық тұрған қазынашылық жүйе өзін жақсы дамып келе жатқан қаржы институты ретінде көрсете алды. Ол мемлекеттік қаржыны жедел басқарудың, барлық деңгейіндегі бюджеттің атқару үрдісіне қатаң бақылау жасаудың ақпараттық негізі болып табылады.

Қазақстан өз алдына міндеттер қойды. Қуатты ұлт қана өзінің алдына нақ осындай асқақ міндеттер қоюы керек! Табысқа жетуіміз арқылы бүкіл әлемге өзіміздің ұлық болашаққа лайық екенімізді дәлелдедік.

Міне, сондықтан Елбасы «мен барлық қазақстандықтарды бірлесіп, өзінің күшіне деген кәміл сеніммен әрдайым алға ұмтылуға шақырамын!» деген сөзіне бәрімізде қосылуымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Мировая экономика. Ломакин В.К. 1998г., 727стр.
  2. Экономические интитуты капитализма.Уильямино О.И. 1997г., 702 стр.
  3. Долгосрочные ценные бумаги и финансовый кризис. Рахимжанов А.Т. ТООБаспа 2001г., 168 стр.
  4. История кризиса. Гришин Л.Л. Казанский университет. 1991г., 169 стр.
  5. Казахстан журнал. Банки Казахстана. Долговые похмелье. А., 2008г., № 3. 90-92 стр.
  6. Казахстан журнал. Что Казахстан слил за полгода. А., 2008г.,№ 4. 110-113 стр.
  7. Деловой журнал. Казахстан экономические показатели. А., 2008г., № 3(7) июнь-июль. 25-27стр.
  8. Ваши кредиты, депозиты, страхование. В защиту общих интересов. А., 2008г., № 4(4) декабрь. 35-27стр.
  9. Экономические стратегии. Обзор валютного и товарных рынков Казахстана. А., 2008г., № 2(10). 120-124стр.
  10. РБК Централной Азии. В фокусе банкротство. 2009г., март. 44-47стр.
  11. РБК Централной Азии. Новые нулевые. 2009г., март. 25-27стр.
  12. РБК Централной Азии. Кризис бьет рекорды. 2009г. Апрель. 15-16 стр.
  13. National business. Первый фронт. 2009г. Январь- №12/1(62) 25-27стр.
  14. National business.Девальвация. 2009г. Январь- №12/1(62) 29-31стр.
  15. National business. Необходимо запас прочности. 2009г. Февраль- №12/2(63). 42 стр.
  16. Банки Казахстан. Предлагаем антикризисные меры. 2009г. №2., 34-36стр.
  17. Банки Казахстан. Партнерство банков и бизнеса по проедалению влияния мирового кризиса. 2009г. №1., 44-51стр.
  18. Казахстанская правда. Ипотечная корректировка. 17 апреля 2009года., 7-9стр.
  19. Казахстанская правда. Заботой о будущем- сегодня., 24 апреля 2009года., 11-12стр.
  20. Казахстанская правда. Шаги стратегии. 24 апреля 2009года., 6 стр.
  21. Свобода слова. Это правительства с кризисом не справится. 7 мая 2009г. 11 стр.

Похожие материалы