Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Шағын  кәсіпорынның  экономикалық  дамуындағы  алатын  орны  мен  рөлі

Шағын  кәсіпорынның  экономикалық  дамуындағы  алатын  орны  мен  рөлі

Қазақстан  экономикасы  әкімшілік-әміршілдіктен  нарықтық  экономикаға  өтудің  қиын  кезеңінде.  Негізінен  ТМД  елдерінің  үкіметтері  нарықтық  қайта  құруларда  іске  асыру  үшін  қажетті,  мынадай  бағыттарды  ұстануда – мемлекеттік  меншікті  жекешелендіру,  қаржылық,  несиелік  саясат,  құнды  қағаздар  нарығын  құру,  жалпы  нарықтық  инфрақұрылымды  қарастыру.  Кезек  күттірмейтін  шаралар  қатарында  кәсіпкерлік  қызметті  қолдау,  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  мәселелері  тұр.

Экономикалық  дамудың  экономикалық  моделі  қазіргі  заманғы  экономикалық  даму  теорияларының  арасында  ең соңғы  орында  емес,  оның  мәні – экономика  жағдайын  жақсартуда  жаңа  шағын  және  орта  кәсіпорындардың  үлкен  потенциалы  бар  екендігінде.  Осы  теорияға  сәйкес  мемлекет  кәсіпорын белсенділікті  ынталандырудың  жеткілікті  дәрежеде  тиімді  және  оңтайлы  әдістерін  табуы  тиіс.  Өтпелі  экономика  кезеңінде  экономиканы  сауықтырудың  маңызды  факторы  және  дағдарыстан  шығу  жолындағы  алғашқы  қадам  болып  табылуы  мүмкін.

Кәсіпорынды  дамытудың  теориялық  және  методологиялық  мәселелері  отандық,  сондай-ақ  шетелдік  ғалымдардың  еңбектерінде  көрініс  тапты.  Дегенмен,  бұл  салада  жасалған  жұмыстардың  бар  екендігіне  қарамастан,  ол  жұмыстарда  негізінен,  кәсіпорын қызметін  дамытудың  жалпы  экономикалық  көзқарастары  ғана  қарастырылып  отыр.

І тарау. Шағын  кәсіпорындардың  қоғамның  экономикалық  дамуындағы  алатын  орны  мен  рөлі.

Кәсіпорын  процесін  қозғалысқа  келтіретін  іргелі  күштерге  бірінші  кезекте,  фирманы  құрушы  және  негізін  салушы  болып  табылатын  кәсіпкердің  өзі,  бизнесті  жүзеге  асыруға  қолайлы  мүмкіндік  пен  қажетті  қор  жатады.

Тағы  да  ескеретін  маңызды  фактор,  ол – кәсіпорынның  болжамсыздықпен,  қарама-қарсылықпен  және  тұрақсыздықпен  сипатталатын  нақты  әлемде  өмір  сүруі.  Сондықтан  кәсіпорын процесі – бұл  технологиядағы,  маркетингтегі,  менеджменттегі  әрдайым  болып  жататын  өзгерістер  процесі,  сәтсіздіктер  және  қателіктер  арқылы  дұрыс  инвестициялық  шешімдерді  интеративті  іздестіру  процесі.  Жаңа  кәсіпорынның  шешуші  қызметі  тек  қоршаған  әлемге  ғана  емес,  сонымен  қатар  бір-біріне  де  бейімделген  болулары  қажет.  Кәсіпкер  тек  жаңа  бизнес  мүмкіндіктерін  ұғынып  қана  қоймай,  білетін,  жаттыққан  пікірлестер  командасына  ие  болуы  тиіс.  Соңында  олардың  бәрі  фирма  жұмысын  бастау  үшін  және  оның  әрі қарай  жұмыс  істеуін  жалғастыру  беру  үшін  жеткілікті  қорларға  ие  болулары  керек.

Венчурлік  кәсіпкерлер  мен  өте  тәжірбиелі  кәсіпкерлерден,  кәсіпкерлік  табысты  алдын-ала  анықтайтын  5  аса  маңызды  факторларды  түгелдеп  беруді  сұрағанда  олар  мұны   тағы  да  растады.  Олар:  4  рет  кәсіпкер  және  оның  білікті  командасы  содан  соң  барып  маркетингтік  әлеует  деп,  қарапайым  жауап  берді.  Кәсіпкер – бастамашыл  негізде,  толық  экономикалық  жауапкершіңліктен  қорықпай  тәуекелге  баратын  және  келешекте  табыс  әкелетіндей  етіп  басқа  өндірісм  факторларын  ұтысмды  түрде  біріктіруге  қабылетті  ұдайы  өндірістің  субъективті  факторы.

Команда  негізде  және  жетілген  саласына  сәйкес  еңбек  тәжірбиесіне  машықтанған  болуы  керек.  Сөйте  тұра  кәсіпкер  негізгі  жауапкершілікті  өз  мойнына  алуы  керек  және  жақсы  ойластырылған  нарыққа  кіру  стратегиясына  ие  болуы  керек.

Кәсіпорын  процесінің  екінші  қозғаушы  күші – бизнесті  іске  асыру  үшін  қолайлы  мүмкіндіктер.  Бүгінде  бүкіл  әлем  кәсіпорын жарылыс  нәтижесінде  пайда  болған  «үнсіз»  төңкеріс  жайлы  айтуда.  Шет  елдік  ғалымдар  кәсіпорын  түсінігіндегі  негізгі  орынды  ой  және  оларды  іске  асыру  мүмкіндіктері    сияқты  категорияларға  береді.  Ойды  іске  асыру  мүмкіндіктері  деп  ойдың  жүзеге  асу  дәрежесі  мен  ойды  іске  асыру  нарығының  ашық  тауашасының  бар  болуын  айтуға  болады.

Ұзақ  уақыт  аралығы  бойында  пайда  және  табыспен  қамтамасыз  ететін  ашылып  келе  жатқан  нарық  тауашасын  таба  білу  қабылетіне  ие  кәсіпорын  табысты  кәсіпорын  болып  саналады.  Кәсіпорын  қызмет  саласын  таңдауын  тура  келетін  өнімдер  мен  қызмет  көрсету  нарығы  тұрлаусыздықпен,  мәліметтің  жетіспеушілігімен  және  тәуекел  деңгейінің  жоғарылығымен  өзекшеленеді.

Кәсіпорын  процесінің  үшінші  қозғаушы  күші – бұл  қажетті  қорлардың  болуы.  Қорларды  басқаруда  келесі  көзқарасты  ұстану  ұсынылады:  Шағын  көзқарастың  негізгі  өндіріс  қорларының  үлкен  бөлігінің  сатып  алынуымен  емес,  ал  жалға  алынуымен  қамтамасыз  етілетін  ең  аз  мөлшердегі  қорлармен  жоғары  нәтижелікке  жету.

Қазіргі  заманғы  теорияларда  кәсіпорынның  7  концепциясы  бөліп  көрсетіледі,  олардың  әрқайсысы  өз  алдына  мектеп  болып  табылады  және  кәсіпорын  мен  кәсіпорын  процесіне  өздерінің  түсініктемелерін  береді.  Оларға  жататындар:

  1. Кәсіпорынның жеке тұлғалық  қасиеттерді  бағалау  ұстанымындағы  мектебі.
  2. Кәсіпорынның психологиялық  мектебі.
  3. Кәсіпорынныңң классикалық  мектебі.
  4. Кәсіпорынның жетекші  ұстанымындағы  мектебі.
  5. Кәсіпорынның ішкі  мектебі.
  6. Кәсіпорынның маркетингтік  ұстанымындағы  мектебі.
  7. Кәсіпорынның менеджменттік  ұстанымындағы  мектебі.
    • Шағын кәсіпорын  ерекшеліктері.

Нарыққа  негізінен  миллиондаған  айналымы  бар  корпорацияларға  жол  ашық,  ал  шағын  кәсіпорын  құрылымдардың  кіруіне  мүмкіндік  жоқ  деген  пікірлер  бар.  Басты  дәлел – шағын  кәсіпорындардың  жақсы  жетілген  ірі  компаниялармен  бәсекелесе  алмауы.  Шын  мәнінде  шағын  кәсіпорын бірнеше  себептерге  байланысты  ірілермен  сәтті  бәсекелесе  алады.

Көптеген  жылдар  бойы  әртүрлі  елдердің  ғалымдары  шағын  кәсіпорынға  анықтама  беруге  тырысып  келеді.  АҚШ  Конгресс  Комитетіне  шағын  кәсіпорынның  700-ге  жуық  анықтамасы  ұсынылған.  Шағын  кәсіпорынды  сипаттаудың  түрлі  критерийлері  бар,  мысалы  өндіріс  көлемі,  жұмыс  істеушілердің  саны,  дипозиттердің  көлемі,  негізгі  өндіріс  қорларының  актив  бөлігінің  өлшемі,  басқару  аппаратының  өлшемі,  кіріс  мөлшері.

Авторлары,  шағын  кәсіпорындағы  жұмысшылардың  саны,  капитал  айналымы,  өндіріс  көлемі  сияқты  және  т.б.  көрсеткіштер  арқылы  анықтау  көзқарасынан  бас  тартуды  ұсынатын  зерттеулер  де  бар.  Оның  орнына  шағын  кәсіпорынды  ірі  кәсіпорын  принципі  түрде  ажырататын  сипаттамаларға  көңіл  бөлуді  ұсынуда,  атап  айтқанда:  нарық  үлесі,  негізін  салушылардың  кәсіпорынды  басқарулары,  шешім  қабылдау  процесіне  ірі  кәсіпорын  әсерлерінің  жоқтығы.

Анағұрлым  жаңашыл  зерттеулерде  шағын  кәсіпорынның мынадай  сипаттамалары  ұсынылуда:  кәсіпорын  құнды  қағаздарының  ашық  сатылмауы,  кәсіпорындардың  құнды  қағаздар  шеңбері  шектеулі,  негізін  қалаушылар – тәуекелге  бейім  алғашқы  ұрпақ  кәсіпкерлері,  менеджерлер  командасы  толығымен  жинақталмаған,  бизнес  жоғары  маркетингтік  шығындарға  ұшырауда,  акционекрлермен  өзара  қатынас  аз,  жалаң  сипатқа  ие,  бизнес  әртүрлі  компетенция  түрлерін  таңдауда  жоғарырақ  икемділік  дәрежесіне  ие  болады.

Қазақстан  жағдайындағы  шағын  кәсіпорынға  анықтама  бере  отырып,  қолда  бар  шетелдік  тәжірбиелерді  ескере  келе,  шағын  кәсіпорынға  келесідей  сипаттама  беруге  болады.  Шағын  бизнес  кәсіпорындары  деп,  бір  немесе  бірнеше  инвесторлармен  құрылған,  географиялық  шектелген  аймақтарда  жұмыс  істейтін  және  нарықтың  шектелген  үлесіне  ие  кәсіпорындарды  айтамыз.  Бұл  кәсіпорындарда  басқаруды  негізін  салушылар  жүзеге  асырады,  олар  барлық  негізгі  стратегиялық  шешімдерді  қабылдайды,  басқару –нысаншылдықтың  жоқтығы  мен  ұтымды  шешім  қабылдау  сипатымен  ерекшеленеді,  басқару  саласында,  сондай-ақ  өндіріс  саласында  жұмысшылардың  жоғары  өзара  ауыспалылығы  байқалады.

Шағын  және  орта  кәсіпорын,  қазіргі  кезеңде  жұмыссыздықпен  сипатталатын  Қазақстан  экономикасын  қажетті  жаңа  жұмыс  орындарымен  қамтамасыз  етеді.  Дәстүрлі  түрде  ірі  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  жұмыс  істеуі  пайдасыз  болып  табылатын  салаларда  шағын  бизнес  барлық  мүмкін  болатын  қызметтер  мен  қосалқы  жұмыстарды  атқаруда  кең  мүмкіндіктерді  қамтамасыз  ете  отырып,  ірі  фирмалар  мен  компаниялардың  тиімді  жұмыс  істеулері  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасап  отыр.

Сондай-ақ  құрылыста  шағын  және  ірі  кәсіпорындардың  әртүрлі  қызмет  салалары  бар.  Ірілері  үлкен  объектілердің  әсер  ету  жағдайында  сәтті  жұмыс  істейді  және  ірі  тапсырыс  берушілермен  жұмыс  істейді.  Шағын  құрылыс  фирмалары  болса,  құрылыстық – монтаждық  жұмыстарға, бар  объектілерді  модернизациялау  мен  қайта  құруға,  жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  және  жеке  тапсырыс  берушілермен  жұмыс  сітеуге  бет  алуда.  Шағын  кәсіпорын  ірі  кәсіпорынға  қарағанда  анағұрлым  тиімдірек  жұмыс  істейтін  салаларда  өзінің  нарықтағы  тауашасын  сәтті  иеленеді.  Шағын  кәсіпорынның  артықшылықтары  айқын.  Бұл – шағын  кәсіпорынның  динамикалылығы,  икемділігі,  өндірілетін  өнім  мен  көрсетілген  қызмет  түрлерін  тез  ауыстыру  қабылеттілігі,  технология  саласында  сондай-ақ  басқа  жұмыс  істеу  салаларында  жаңалықтарды  енгізу  қабылеттілігі.  Соңында  шағын  фирмалардың  еңбек  ұжымында  тұрақты  емес  қатынас  орнатылады,  үлкен  бюрократиялық  құрылым  жоқ,  жұмысшыларды  басқаруға,  табыстарды  басқаруға  тікелей  қатыса  алады.

Шағын  кәсіпорынның  басты  ерекшелігі – кірістерге  қатысумен  және  жұмыспен  қамтылғандықты  сақтап  қалуға  ынталы  болумен  шартталған,  жұмыстың  ең  жоғарғы  нәтижелілігіне  деген  жалпақ  біріккен  құштарлық,  коллективтік  түрде  еңбек  етуге  және  бригада  болып  жұмыс  істеуге  деген  ұмтылыс.  Қазіргі  уақытта  әлемнің  көптеген  елдерінде  шағын  кәсіпорын  қайтадан  өз  мәні  мен  маңздылығына  ие  болды.  Шағын  кәсаіпорын  шағын  және  орташа  қалалардың  жұмыс істеу  негізі  болып,  ол  жердің  тұрғындарына  тұратын  жерлерінің  қасынан  жұмыс  табуға  жол  ашады.

Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  қорытындылай  келе  келесідей  шағын  және  ірі  кәсіпорынды салыстыру  анализінің  кестесін  құруға  болады,  оның  мақсаты  ірі  бизнестен  мүлдем  бас  тарту  емес,  ал  Қазақстан  экономикасы  үшін  шағын  кәсіпорынның үлкен  артықшылықтарын  көрсету  болып  табылады.  Оның  үстіне,  шағын  кәсіпорын  тек  қана  экономиканы  жандандырушы  фактор  болып  қана  қоймай,  сондай-ақ  оның  экономикалық  дағдарыстан  шығуының  алғашқы  кезеңі  ретінде  де  қарастырылады.

  • Шағын кәсіпорынның  негізін  қалау  жолдары.

Шағын  кәсіпорынның  негізін  қалау  бойынша  бірнеше  көзқарастар  бар:  жаңа  кәсіпорын  бастау,  бүгінгі  күндегі  кәсіпорынды (бизнес)  сатып  алу,  франчайзинг  және  жанұялық  кәсіпорын (бизнес).

Бүгінгі  күндегі  кәсіпорынды  сатып  алу  біздің  экономикамызда  әлі  аз  танымал  құбылыс,  бұл  негізінен  біздің  кәсіпорындарымыздың  тәжірбиелерінің  аздығымен  түсінідіріледі.  Дегенмен,  бұл  шетелде  бизнеске  кірудің  айтарлықтай  тараған  формасы  ретінде  мынадай  бір  қатар  артықшылықтарға  ие:

  • Тәуекел мен  тұрлаусыздық  факторлары  сынға  жиі  ұшырайтын  жаңа  кәсіпорын  ашумен  салыстырғанда,  олардың  деңгейін  төмендетуі.
  • Кәсіпорынның жөнге  келтірілген  инфрақұрылымының  болуы,  себебі  кәсіпорын  әлде  қашан  құрылу  сатысынан  өткен,  жұмыс  істеуде,  кәсіпорынның  басқа  контрагенттерімен  қарым-қатынас  орнатылған.
  • Жаңа бизнесті  бастауда  жүзеге  асырылатын  шығындарға  қарағанда  әлдеқайда  аз  келісім  баға  бойынша  кәсіпорынды алу  мүмкіндігі.

Біздің  Республикамыз  үшін  шағын  кәсіпорынның  негізін  қалау  формаларының  ішінде,  жаңа  бизнес  құрудан  басқа  франчайзинг  пен  жанұялық  бизнес  формалары  ең  өзекті  деуге  болады.  Алғашқы  франчайзингтік  келісім  ХІХ  ғасырда  тігін  машинасын  өндіретін  компания  мен  оның  диллері  арасында  жасалды.  Екінші  дүние  жүзілік  соғыстан  кейін  франчайзинг  принциптері  фармацевтикалық  бизнес,  бөлшек  сауда  және  қонақ  үй  кешені  саласында  кең  қолданыла  бастады.

Франчайзинг  компаниясы  өзінің  франчайзи  мүшелеріне  фирма  атын,  сауда  маркасын,  өнімін,  технологиясын  және  т.с.с.  пайдалану  құқығын  береді. Франчайзинг  жаңадан  бастаушы  кәсіпкерлер  үшін  жаңа  кәсіпорынды  ашу  мен  жұмыс  істеу  тәуекелінің  деңгейін  айтарлықтай  төмендетеді.  Франчайзинг  келісімі  жаңа  бичснаске,  бүгінгі  күндегі  кәсіпорын  мен  оның  жұмысшылары  жинақтаған  үлкен  тәжірбиелдерді  пайдалануға  мүмкіндік  береді,  сондықтан  шетелдегі  12-ші  кәсіпорынның  франчайзингтік  болуы  кездейсоқтық  емес.  Франчайзингтік  қатынастар  жүйесі – тек  қана  бізде  емес,  сондай-ақ  шет  елде  да  айтарлықтай  жаңа  құбылыс,  сондықтан  бұл  түсініктің  терминологиясына  толығырақ  тоқталу  қажеттігі  бар.

Франчайзингтік  қатынастың  3  типі  бар:

  1. Франчайзер - өнім өндіруші  немесе  қызмет  көрсетуші  фирма,  өзінің  өнім  өндіру  немесе  қызмет  көрсету  құқығын  франчайзиға  береді.
  2. Франчайзер – негізгі өнім  өндіруші,  өз  өнімінің  көтерме  сату  құқығын  франчвайзиға  береді.
  3. Франчайзер – көтерме сатушы,  тауарды  бөлшек  сату  құқығын  франчайзи  фирмасына  береді.

Ең  соңында,  шағын  кәсіпорынның  негізін  қалаудың  төртінші  жолы – бір  отбасы  мүшелерінің  күшімен  негізі  қаланып,  жұмыс  істеп  жатқан  отбасылық  бизнес.  Сонымен  бірге  бұл  бизнесті  отбасы  мүшелері  қаласа  толық,  қаласа  жарты  күн  жұмыс  істей  алады.  Әдетте  отбасылық  бизнес  бір  ұрпақтан  екінші  ұрпаққа  өтіп  отырады.  Отбасылық  бизнестің  көбісі – шағын,  бірақ  отбасылық  бизнестің  ірі  кәсіпорынға  айналып,  отбасылық  болып  қала  беретін  мысалдары  да  іс  жүзінде  аз  кездеспейді.

Кез  келген  отбасылық  бизнес – бұл  отбасы  мен  бизнестің  симбиозы.  Оның  әрқайсысының  өз  мақсаты  болады.  бизнестің  мақсаты - өндіріс  жолымен  немесе  тауар  сатып,  қызмет  көрсетіп  пайда  табу.  Отбасылық  бизнестің  басты  артықшылығы – кез  келген  қиыншылықтарға  қарамастан  бизнесті  жүргізуге  көмектесетін  туыстық  байланыстың  беріктігі.  Отбасы  мүшелері  бизнесті  ағымдағы  қажеттіліктері  үшін  өздерінің  еңбек  ақылары  мен  дивиденттерін  құрбан  етеді.  Жұмысқа  берілгендіе,  жоғары  әдептік  нормалар,  тұтынушылар  үшін  тікелей  жауапкершілік – отбасылық  бизнестің  негізгі  критериялары  екендігі  белгілі.

Отбасылық  бизнес  кәсіпорындарды  көлемдері  бойынша,  ұсынатын  өнімдері  мен  қызмет  түрлері  бойынша  әр  алуан болуымен  ерекшеленеді.  Отбасының  бизнеске  қатысу  деңгейі  бойынша  былай  айыруға  болады;

  1. Толығымен отбасы  басқаратын  және  бақылайтын  бизнес.
  2. Отбасы бақылайтын,  бірақ  маман  менеджерлер  басқаратын  бизнес.
  3. Отбасы тарапынан  басқармайтын  бизнес.

Қазақстандағы  бизнес  негізін  отбасылық.  Бұл  қазақ  отбасылырындағы  ұлттық  туыстық  байланыстардың  дәстүрлі  түрде  терең  болуымен  түсіндіріледі.

Шағын  қожалығының  барлығы  дерлік  отбасылық.  Бұл  ең  алдымен  ауыл  отбасыларындағы  адам  санының  көптігімен,  отағасын  құрметтеу  дәстүрімен  жәнен  бір-бірін  өзара  ауыстыру  мүмкіндігінің  бар  болуына  байланысты.  Колхоздар  мен  совхоздар  құлдырап,  ауылда  жұмыс  орындары  жоқ  болу  жағдайында,  негізгі  отбасылық  байланыстарда  құрылған  шаруа  және  ферммер  қожалықтары,  қазіргі  кезеңде  ауылшаруашылығын  дамытудың  баламасы  жоқ  жалғыз  ғана  көзіне  айналып  отыр.

  • Шағын кәсіпорынды  дамыту  проблемалары.

Кәсіпорын  қызметінің  табыс  критерийіне  болып  кәсіпорынның  жеткілікті  пайда  және  табыс  табу  қабылеті  жатады,  яғни  тек  өзінің  шығындарын  жауып  қана  қоймай  өндірісті  кеңейту  мүмкіндігінің  болуы  керек.  Кері  жағдайда  кәсіпкер  өзін  жұмыс  істеуге  қажетті  қаражатпен  әрең  қамтамасыз  етіп,  өмір  сүру  үшін  күресуіне  тұра  келеді.  Әлемдік  тәжірбиеде  көрсетіп  отырғандай,  кәсіпорынның  көбісі  мұндай  жағымсыз  жағдайдан  сәтті  құтылуда,  бірақ  банкротқа  ұшырау  құбылысы  кәсіпорын  әлемінде  сирек  кездеседі  деуге  болмайды.  Зерттеулер  бойынша  алғашқы  жылдар  ағымында  23,7%  алғашқы  4  жыл  ішінде  51,7%,  алғашқы  6  жыл  ішінде  62,7%  банкротқа  ұшырағандығын  көрсетіп  отыр.  Банкротқа  ұшыраудың  негізгі  себептері  мыналар:

  • Экономикалық факторлар – 47,4%,
  • Қаржылық қиыншылықтар – 38,4%,
  • Кәсіпкерлік тәжірбиенің  болмауы – 7,1%,
  • Кәсіпкерлік ниеттің  жаман  болуы – 3,4%,
  • Басқалар – 3,7%.

Банкротқа  ұшырау  себептері  сыртқы  және  ішкі  де  сиптақа  ие  болуы  мүмкін.  Сыртқы  факторларға  жалпы  экономикалық  құлдырау,  процент  ставкасының  өзгеруі,  мемлекеттік  саясаттағы  өзгеріс,  инфляция,  жаңа  бәсекелестіктің  пайда  болуы,  саладағы  өзгеріс,  анағұрлым  жетілген  құрылыс  материалдары  мен  құрылыс  өндірісі  технологиясының  пайда  болуын  жатқызуға  болады.  іс  жүзінде  бұл  сыртқы  әсерлер  барлық  фирмаларға  бірдей,  бірақ  кейбіреулері  оларға  төтеп  беріп,  қызметін  одан  әрі  қарай  тиімді  жүргізе  алуда,  ал  басқалары  сәтсчіздікке  ұшырауда.  Фирманы  банкрот  болуға  алып  келетін  көптеген  себептер  тиімсіз  менеджементпен  байланысты  және  оларды  үш  бағытта  топтауға  болады:

  • Стратегиялық сипаттағы   қателіктер
  • Жалпы менеджмент  проблемалары
  • Қаржы  есептік   жүйе  мен  тәжірибедегі  кемшіліктер.

Осы   бағыттардың  әрқайсысын   1.15   кестеде  жете,  толық   қарастырамыз.

Қазіргі  зерттеулерде    бизнес  сәтсіздігінің  не  екендігі  дәл  түсіндіретін  бір  мәнді   түсінік  жоқ.  Біреулер  бұл  түсінікті  банкротқа  ұшырауымен  байланыстырады,  басқалар  банкротқа  ұшырауымен  қатар  кәсіпорынның  бірігіуі,  басқа   компания  тарапынан  сатып  алынуы  сияқты  әр  түрлі   себептерден  кәсіпорын  қызметінің   тоқтатылуын  да  қосады.

Кәсіпорындардың  банкротқа  ұшырау  себептері.

Кәсіпорындардың  банкротқа  ұшырау  себептері Фирмалардың   баннкротқа   ұшырау  себептерінің  мінездемесі
1. стратегиялық  сипаттағы  қателіктер 1.1. Маркетингтік   мүмкіндіктерді  жете   бағалай  алмау.  Кәсіпорынның  жаңа  даму   стратегиясын  дайындаудың  орнына   пайдалылығы  төмен   өндіріс  қуаттылығын  арттыру.  Нәтижесінде   фирма   өткір  кассалық  бюджет  тапшылығына  ұшырайды. 1.2. Бизнеске  қатысы  жоқ  салаға  әртараптану. Жұмыс   істеп   жатқан   бизнестің   ақша   ағынын  маңызды   негіз  жоқ  бола  тұра  басқа  бизнесті  бастауға  жұмсау. 1.3.  Маркетингтің  тек    жақынды  ғана  көруі.  Бизнестің  нарықтық  мүмкіндіктер  тұрғысынан   емес,  пайда  болған   идеялар  тұрғысына  негізделуі. Бизнесті   ұйымдастырудағы  нақты   мүмкіндіктерге  маркетинг  талдауының  жүргізілмеуі. 1.4. Жобаның  үлкен  болуы.  Компания  ақша   ағынының   көлеміне  көңіл  аудармастан   үлкен  жобаны   бастайды, ал  мұның  жанында   кәсіпорын   қуаттылығының   күшеюі  мен  қосымша   жұмысшы  күшінің  таратылуының  нәтижесінде    ақша   қаражатына  деген  қажеттілік  те   арта  түседі. Фирма  үлкен   жобаны  бастау  үшін  жеткілікті  ақша   қаражатының  бар  екендігіне  көз  жеткізу  қажет. 1.5.  Жоспарлаудағы   кемшіліктер.  Шоттарға  төленетін  төлемдердің  кідіруінен  немесе  тапсырыстардың  қысқаруынан  өндіріс   көлемінің  төмендеп  кетуі  сияқты  күтпеген   жағдайларда   фирма   өзінің   әрекеттерін  жоспарлау  қажет.
2. Жалпы  менеджмент  проблемалары 2.1. Басқарушының  шеберлігі  мен  тәжірибесінің  және  «ноу - хау» - дың  жетіспеушілігі.  Кәсіпорынның  өсу  кезеңдерінде  менеджерлер  өз  стратегияларын  тікелей  басқарудан  менеджерлік  басқаруға  ауыстырулары  қажет. 2.2. Қаржы   менеджментіндегі  жетіспеушіліктер. Жаңа  фирмаларда  ереже   бойынша  қаржылық  міндеттер  жәй бухгалтерияға    қатыстырылады.  Компанияда  ең  басынан  кәсіби  қажыгер  болу  керек. 2.3. Менеджменттердің   негізгі  қызметкерлерінен  айырылуы  көбінесе  сындарды  болуы  мүмкін, әсіресе  қандай  да   бір  өндіріс  әдістері   саласына  ған  тиісті   білімді   қажет   ететін  кәсіпорындар  үшін.
3. Есептік  - қаржы  жүйесі  мен  тәжірибедегі  кемшіліктер 3.1. Баға  қалыптастыруда  салалық   стандаттар  мен  нормативтердің   болмауы   өндірілген    өнім  құнының  дәрежесі  мен  оның   пайдалалық  дәрежесін   алдын  ала  анықтауға    мүмкіндік   бермейді. 3.2. Фирманың  экономикалық  жағдайын  басқару  талдауының  жетіспеушілігі  немесе   мүлдем  жоқ  болуы  (тауар – материалдық  құндылықтардың, жұмыстардың  орындалу  көлемін  және  т.б. талдау) 3.3. Кассалық  бюджетке  көңіл  аударудың  орнына   қателесіп, аудару   тәсіліне  көңіл  аудару, бизнесті  айтарлықтай  қаржы  проблемасына  әкелуі  мүмкін.

Егер  кәсіпорын тапсырыс  берушілердің,  акционерлердің, жұмысшылардың, жеткізушілердің  және  тұтынушылардың   алдында өз  міндеттерін  орындамаса,  онда  ол  сәтсіз  фирмалар  қатарына  жатады  деген  пікір  бар.  Көптеген   зерттеушілер  кәсіпорын  қызметінің  тоқтатылуын  келесі  бағыттар  бойынша  бөліп  қарастыруды  қалайды:

  1. Банкротқа ұшырауымен  байланысты.
  2. алдағы заңдардың  алдын  алу  мақсатымен.
  3. Қажетті нәтижені  ала  алмау  себебіне  байланысты, мысалы,  салынған  капиталдың   пайдалылық  процентінің  төмен  болуы.
  4. Зейнеткерлік жасқа   жетуге  немесе   денсаулық  жағдайына  байланысты  кету,  пайда   табу  мақсатында  немесе  басқа   бизнесті  бастау  мақсатында  бизнесті  сату  сияқты  себептерге   қатысты.

Қазақстан  экономикасының   нарық   қатынастарына  өтуі  ең  басынан  жаңа  кәсіпкерлер  тобының  өз  ісін  ашу  және  жеке   бизнеспен  айналысуға  ұмтылу  сипатына   ие  болады. Бірақ  бүгін  сол  құрылған  фирмалардың  азы  ған  пайданы  және  құрылыс  бизнесін  әрі  қарай  қаржыландыруды  қамтамасыз  етуге  қажетті  өндіріс  көлеміне  шыға  алғанын  айта  кету  керек.

Бұл  келесі  факторлармен  түсіндіріледі:

  • әлеуметтік - экономикалық,
  • саяси,
  • құқықтық,
  • психологиялық,
  • кадрлық,
  • ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік – экономикалық   факторларға  демонополиялау  қарқынының    төмендігі,  мемлекет  иелігінен  алу  және  жекешелендіру, дамыған   нарықтық   инфрақұрылымы  мен   ашық  қаржыландыру  көздері  мен  коммерциялық  тәуекелдерді  сақтандаыру  жүйесінің  болмауы  сияқты  факторлар  жатады.

Саяси  факторларға   кәсіпорынның  дамуына  мемлекеттік  қоланудың  жетіспеушілігін,  бюрократиялық  аппарат   кедергісін  жатқызуға  болады. Әлеуметтік  сауалнама   бойынша   кәсіпорынның  көпшілігі,  реформаны  республикалық  министрліктер  мен  жергілікті  билік  органдары  ұстап  отыр  деп  есептейді.  Құқық  мазмұнындағы   факторларға    бірінші    кезекте  салық  жүйесінің   жетілмегендігі  және   нормативті – құқықтық  базадағы  қарама -  қайшылықтар   жатады.  Заң   базасында   жиі  болатын  өзгерістер  ертеңгі  күнге  деген  сенімсіздікті  тудырады,  осыдан  барып  ұзақ  мерзімдік  болашақ   емес,  бір  күндік  пайдаға  бағдарланушылық  орын  алады.  Өткір  бәселестік   күресте  артықшылыққа  ие  болу  мақсатында  кәсіпкерлік  құрылымдардың  құқық  қорғау  органдарымен   бірігуі  жаңа  кәсіпорындардың  салаға  кіруіне  тосқауыл болып  отыр.

ІІ тарау.  Шағын  кәсіпорынды  басқарудың  жүйелік  тәсілі.

Кәсіпорын  қоғамның   экономикалық  дамуының   негізгі  факторларының   бірі  ретінде    қарастыратын  экономикалық   дамудың  кәсіпорын  моделі   экономиканың  осы   секторындағы    басқару   жүйесінің   тиімділігін  обьективті  бағалауға  мүмкіндік   беретін   тиісті   методологиялық   және   әдістемелік   база  құруды  талап  етеді.  Бұл  зерттеудің    концепциялық    негізі  оны  кәсіпкерлік – жүйелік  тәсілдің   принциптері   негізінде  басқарылатын  күрделі  жүйе  ретінде   қарастыру  болып  табылады.  Жүйелік  тәсілдемеге  сәйкес  кез – келген  жүйе,  соның  ішінде    кәсіпорынды   басқару   жүйесі    де   бір  қатар  белгілермен  сипатталады.

Жүйенің  қалыптастырушы   маңызды   қасиеттердің  бірі -  байланыстылық  пен  тұтастық.  Байланыстылық  дегеніміз  жүйені -  физикалық  немесе   концепциялық  түрде  бір – біріне   өзара   тәуелді    көптеген  элементтердің   тұтастығы  ретінде   қарастыру.  Тұтастық  дегеніміз   әрбір  элементтің,  оның  қасиеттері  мен  қатынастарының  жүйедегі   орнына   тәуелді   болуын  ғана   емес,  сонымен  бірге  тұтас   бірыңғай  мақсаттың   бар  екендігін   де  білдіреді.  Кәсіпорынды  басқару  жүйесін   құра   отырып,   басқарудың    барлық   деңгейлерінде  бизнесті   қолдайтын   тиісті   инфрақұрылым    құру  арқылы    кәсіпкерлік   қызметті   жандандыруды  мақсат   етіп  аламыз.  шағын  орынды   басқаруда   жүйені   құраушы  элементтер  ретінде  кәсіпкердің   өзін  және  басқару  обьектісі   ретінде    кәсіпорынды  құруға    және   жұмыс  істеуге    қажетті  - қорларды   айтуға  болады.

Кәсіпорынды   басқару    жүйесінің  тұтастығы  дегеніміз – жүйе   қасиеттерінің    барлық   уақытта   тек  қана   оның   элементтерінің  қасиеттерінен    тұруын   білдірмейді.  Кәсіпорынды   басқару  жүйесі  тұтас  жүйе  ретінде,  оны   құрайтын   элементтерінің    қасиеттерінен  ерекше   жаңа  қасиеттермен  сипатталады. Барлық   элементтер  тікелей   немесе    жанама   түрде   бір   бірімен   байланысты,  сондықтан   олардың   бірінің   жойылуы  немесе   бір  элементтің  қосылуы  жалпы   алғанда   жүйенің  қалған   элесенттері  арасындағы   қарым – қатынастың  өзгеруіне    алып   келеді.  Әрбір   жүйені  жүйенің   анағұрлым  жоғарғы   ретті  элементі  ретінде  қарастыруға   болады.  кез  келген  жүйенің  элементтері  өз  кезегінде  анағұрлым  төменгі     жүйе  де    бола  алады.   Кәсіпорынды   басқару   жүйесіндегі  жергілікті   басқару   жүйесі   аймақтық   басқару   жүйесінің    элементі  болып  табылады.

Жүйенің   негізгі  ерекшеліктерін  қарастырайық.

  1. Жүйе элементтерінің   арасындағы   өзара   байланыс -  элементтер  арасындағы    байланыстардың    біреуі  болса   да  үзілсе,  жүйенің   өмір  сүру   мүмкіндігі    жойлады,  өзгеріске   ұшырайды.  Кәсіпкерлікті  басқаруды  қамтамасыз    ететін   қосалқы   жүйенің   біреуінің   жоқ  болуы  жалпы   басқару  жүесінің   жаңылысуына  әкеледі.
  2. Жүйе мен  ортаның  өзара    байланысы   - жүйенің   ерекшеліктері   тек  қана   ортамен  өзара  әрекет  ету  процесінде  ғана   танылады. Кәсіпкер  тікелей  әсер  ететін  сыртқы  факторлардың  сондай – ақ  жанама   түрде  әсер  ететін  факторлардың ықпалында  болады.
  3. Сатылық - жүйе  элементтерін  анағұрлым  төменгі  деңгейіндегі  жүйе  ретінде   қарастыру  мүмкіндігі.  Кәсіпкерлікті  басқару  жүйесіндегі    төменгі    басқару   органдарының  жоғарыларға  өзара  бағынышты  сатылық  жүйесі  болып  табылатын   басқарудың  4  деңгейі  бар.
  4. Орнықтылық - жүйенің  негізгі   міндеттерінің  жүзеге    асырылуын  қамтамасыз  ететін,  құрылымдық  дамуға  немесе  сақтауға  тырысушылық. Кәсіпкерлікті  басқару   жүйесінің   орнықтылығы,  басқарудың  қосалқы  жүйелерінің  құрылуы  мен  жұмыс  істеуі  есебінен  кепілдендіріледі.
  5. Автономдылық - ішкі  тәртіптілікті  көбейтуге  тырысу,  «жетіспейтін»  элементтер  мен  міндеттердің  орнын  толтыру.  Кәсіпкерлікті  басқару  жүйесі,  ұйымдық  құрылымдарын,  функционалдық  қосалқы  жүйелерін,  басқару  органдарының  жүйесін,  жүйенің   элементтері  арасындағы  өзара  байланыс  жүйесін  және т.б. қамтитын,  өзінің  жүйе  қалыптастырушы  механизмі  бар  ерекшелендірілген   жүйе  болып  табылады.

Кәсіпорынды    басқару  жүйесі,  құрамына   техникалық  қосалық  жүйелермен  бірге,  адамдар  да  кіретіндіктен,  ұйымдық  тапқа  жатады.  Ұйымдық   жүйе  ретінде,  кәсіпорынды  басқару  жүйесі,  тек  өзіне  ғана  тән  бір  қатар  ерекшеліктермен  сипатталады. Олардың   қатарына  мыналар  жатады: жүйенің  нысаналы  сипатта  жұмыс  істеуі  және   ұйымды  құрушы  элементтердің  сатылы  тәртіптілігі.

Жүйелер  теориясына   сәйкес,  жүйелер  жабық  және  ашық  болады;   күрделі және  үлкен. Кәсіпорынды  басқару   жүйесі   сыртқы  ортамен  тығыз  байланыста  болады  және  ашық  жүйелер  категориясына    жатады.   Кәсіпорынды  басқару  жүйесі   элементтерінің  көбісі,  мысалы,  кәсіпорынды  аймақтық  басқару  жүйесі  өз  алдына  бір  жүйе,  сондықтан  кәсіпорынды  басқару  жүйелерінің  барлығы   күрделі   жүйелер  категориясына  жатады. Кәсіпорынды  басқару  жүйесі, ұдайы  даму   үстінде   болғандықтан  және   барған  сайын  жаңа   элементтермен  толықтырылып  отырғандықтан,  үлкен  болып  табылады.

Аталған  классификацияға  сәйкес   кәсіпорынды   басқару  жүйесіне   келесідей  анықтама   беруге  болады.  Кәсіпорынды басқару  жүйесі -  бұл  болжамсыздық   пен  тұрлаусыздық  элементтерімен  сипатталатын  жаңа  құрылымдар  мен  қасиеттерге  ие  болуға  қабілетті,  сатылық  қосалқы  жүйелерден   тұратын,  сыртқы  ортамен   тығыз  байланысы   бар,  үлкен,   күрделі  және   нысаналы  ашық  ұйымдық   жүйе.  Кәсіпорынды   басқару  жүйесі – бұл  мақсатты  көп  деңгейлі  басқару  жүйесі,  басқару  обьектісіне  кәсіпкерлік  қызмет  жатады, ал  басқару  субьектісі   ретінде   кәсіпорынды  басқару   органдары  жүйесі  орын  алады.

Жоғарыда  айтылғандай,  кәсіпорынды  басқару  жүйесінің   құрылымы  сатылық,  қазір  көрсетіліп  отырған  жағдайда  басқару   құрылымы  үш  деңгейлі. Элементтер  арасындағы   тік  иілімдер  олардың   арасындағы   ақпараттық  байланыстар  мен   бағыну  қатынастарын  көрсетеді.  Элементтер  мен  процесс  арасындағы  тік  иілімдер  осы    элементтердің  процесті  іске  асыруға  тікелей  қатысатындығы  мен  тиісті   ақпараттық  байланыстарды  көрсетеді.  Бағынушы  элементтері бар  элементтер  - басқарушы   элементтер  немесе  орталықтар  деп  аталады. Бағынушы  элементтері  жоқ  және  кәсіпкерлік    процесті  іске  асыруға  тікелей  қатысатын  элементтер -  атқарушылар  немесе  қысқаша  -  элементтер  деп   аталады.

2.1. Бәсекелес  елу  елдің  қатарына  Қазақстанның  ену  процесіндегі  кәсіпорынның  қосар  үлесі.

Бұрынғылар  айтады  екен,  «әреке  кірген  жерде  береке  болмайды»  деп.  Біз  бәсеке  бар  жерде  береке  бар  деп,  бүгінгі  жаңа  Жолдауды  жан-жүрегімізбен  қабылдағанымызды  ашып  айтып,  ашық  көрсетер  едік.  Президенттің  бұл  аса  маңызды  саяси  құжаты  «Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  түсе  алатын  үздік  50  елдің  қатарына  ену  стратегиясы.  Қазақстан  өз  дамуындағы  алға  жаңа  серпін  жасаудың  табалдырығында»  деп  аталады.  Бәсекеге  қабылетті  50  елдің  қатарына  кіру  жолымыз – даңғыл  жол.  Тек  осы  жолда  сөз  аз,  іс  көп  болсын.

Қазақстанның  әлемнің  дамыған  50  елінің  қатарына  енуі,  яғни  Бүкіләлемдік  Экономикалық  форум  сарапшыларының  мұндай  шешімі  еліміздегі  тұрақтылықты  халықаралық  деңгейде  мойындау  болып  табылмақ,  ал  ол  дегеніміз,  қазақстан  экономикасының  дамып  келе  жатқан  салалрына  шетелдік  инвестицияларды  тікелей  тартуға  мүмкіндік  туады  деген  сөз.  Соңғы  жылдардағы  Қазақстанның  тұрақты  түрдегі  даму  тәжірбиесін  ескерсек,  алдағы  10  жылда  әлемнің  бәсекеге  қабылеті  50  елінің  қатарына  ену  жөніндегі  жаңа  Стратегиялық  мақсаты  экономикалық  жағынан  нақты  орындалатын  міндеттер  екендігі  айқын,  өйткені,  ол  жалаң  жерден  туа  салған  мақсат  емес,  мемлекетіміздің  2030  жылға  дейінгі  даму  принциптерінің  негізінде  жасалып  отыр.

Жолдаудың негізгі  үш  бағыты – экономика,  әлеумет,  саясат. Президент  өз  Жолдауында  негізгі  басымдықтарды  ұсынған  болатын.  Солардың  бірі – Қазақстан  экономикасын  тұрлаулы экономикалық  өрлеудің  іргетасы  ретінде  одан  әрі  жаңарту  мен  әртараптандыру.

Ел  экономикасындағы  өрлеудің  тұрақты әрі  серпінді  сипатын  ұстап  тұру  үшін  мемлекет  қазынагерлік,  кредит-ақша  саясатының,  өндірістің  негізгі  факторларын  тиімді  қайта  бөлуді  мемлекеттік  реттеу  тетіктерін  пайдаланып,  жоғары  сапалы  өнім  мен  қызметке  деген  сұранысты  көтермелеп  отыруға  міндетті.

Қазақстан  экономикасын  алдағы  уақытта  одан  әрі  жаңарту  мен  әртараптандыру  мақсатында  нақтылы  тұрғыда  мынадай  бағыттарға  баса  көңіл  бөлу  керек  деп  санаймын.

Кәсіпорынға  кең  ауқымды  мемлекеттік  қолдауды  іске  асыру,  шағын  және  орта  бизнестің  тұғырын  кеңейту  мен  нығайту.

Шағын  кәсіпорынды  дамыту  қоры  халықтың  кәсіпкерлік  әлеуеті  мен  бастамашылығын  іске  асыруға  тырысқан  түрлі  топтары  үшін  қаржы  ресурстары  мен  сараптама  жасаудың  нақты  қайнарына  айналуға  тиіс.  Қордың  өкілдік  желісін  кеңейту,  өңірлердегі  кәсіпкерлікті  қолдауға  бағытталған  жұмысты  күшейту  қажет.

Сонымен  қатар,  металлургияда,  банк  саласында,  сақтандыруда,  химия  өнеркәсібінде  және  басқа  салаларда  сақталып  қалған  «жасырын»  монополияларды  құрту  қажет.  Мұны  монополияға  қарсы  заңнаманы  реформалау  арқылы,  сондай-ақ  отандық  және  шетелдік  жаңа  компаниялардың  экономиканың  осы  секторларына  кіруі  үшін  тартымды  әрі  ашық  жағдайлар  туғызу  арқылы,  яғни  осы  секторлардағы  бәсекелестікті  арттыру  арқылы  жасау  керек.

Бюрократияның  өндірістік  активтерге  бақылау  жасауға  ұмтылған  әрекеттеріне  жол  бермеу  керек.

Өңірлік  әлеуметтік  даму  мен  кәсіпорын  корпорацияларын  құру  есебінен  экономикалық  өркендеудің  өңірлік  «локомотивтерін»  жасақтау.

2.2. Әлеуметтік-кәсіпорын  корпорациялары.

Әлеуметтік-кәсіпорын  корпорациялары – бұл  өз  қызметін  өндірістен  және  тауарлар  мен  қызмет  сатудан  пайда  табу  мақсатында  ұйымдастыратын  тұрлаулы  бизнес-құрылымдар.  ӘКК-ның  коммерциялық  корпорациялардан  басты  айырмашылығы  сонда,  олар  алынған  пайданы  өздері  мүддесін  көздеп  құрылған  сол  өңірдегі  халықтың  әлеуметтік,  экономикалық  немесе  мәдени  мақсаттары  үшін  қайтадан  жұмсайды.

Қазақстанның  түрлі  өңірлерінде  бастапқы  кезеңде  қолдарына  коммуналдық  меншікті,  жерді,  жаңа  кәсіпорын  жасау  үшін  пайдалануға  болатын  жұмыс  істеп  тұрған  рентабельсіз  кәсіпорындарды  беру  арқылы  ӘКК  жасақтауға  болады.

Әрбір  ӘКК  өзіндік  бір  өңірлік  даму  институтына  айналуға  тиіс,  оның  еліміздің  тиісті  өңіріндегі  мемлекеттік  активтерді  басқаратын  холдинг  компаниясы  ретінде  жұмыс  істеуі  мүмкін.

Соден  кейінгі  кезеңде  басқару  тәжірбиесін  жинақтауы  мен  ӘКК-нің  капиталдану  деңгейінің  артуына  қарай  олардың  өңірлік  және  халықаралық  рынокқа  шығуымен  қоса,  «жауапкершілік  аясын»  кеңейту  мен  әртараптандыру  жөнінде  әңгіме  қозғауға  болар  еді.

Бұл  корпарациялардың  қызметі  жаңа  жобалар  тартуға,  шағын  және  орта  кәсіпорынды  дамытуға,  кооперациялануды  күшейтуге  бағытталады.

Сөйтіп  ӘКК  ірі  жұмыс  берушілерге  әрі  ел  дамуынының  жолбасшысына  айналады,  бұл  ретте  ол  мемлекеттік  қызметшілер  санын  өсіріп,  мемлекетке  салмақ  салмайтын  болады.

Кәспкерлік  дегеніміз – адамдар  мен  олардың  құрған  бірлестіктерінің  белсенді,  дербес  шаруашылық  қызметі.  Оның  көмегімен  адамдар  тәуекелге  бел  буып,  мүлікті  жауапкершілікті  сақтай  отырып,  пайда  табу  жолан  көздейді.

Кәсіпорынды  жаңа  тұрғыдан  түсіндіргенде  екі   жағдайға:

  1. коммерциялық бағыт-бағдарға,  тәуекелге  бел  буушылық  пен  дербестікке  бастаған  ісін  аяғына  дейін  жеткізуге,  кездескен  кедергілерді  жеңе  білуге;
  2. экономикада, ұйымдастыру  ісінде  тапқырлық  пен  жаңашылдық  танытуға  ғылыми-техникалық  прогреске  жетуге  тікелей  қатысты.

Шағын  кәсіпорын – ұлттық  экономиканы  дамытудың  маңызды  шарты.  Қазақстан  Республикасың  Президентінің  Жарлығымен  «шағын  кәсіпорынды»   дамытуға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  бекітілді.  Оның  міндеті  оның  мақсатымен  айқындалған,  олар  мыналар:

  • халықтың жұмыспен  қамтылуын  қамтамасыз  ету;
  • қоғамдық бірлестіктің  шағын  кәсіпорынды  қолдау  мен  қорғау  мәселесіндегі  рөлін  күшейту;
  • шағын кәсіпорынның  өндірістік  саласын  басымдылықты  дамыту;
  • шағын кәсіпорынды  ақпараттық  қамтамасыз  ету  жүйесін  жетілдіру  мен  дамыту  арқылы  шағын  кәсіпкерлік  субъектінің  тұрақты  қызметі  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасау  болып  тұжырымдалады.

Кәсіпкерлік,  кәсіпорынның  экономикалық  дамуының  маңызды  факторы.  Сонымен  бірге  ұлттың  экономиканы  одан  әрі  дамытуға  да  аса  басты  ықпал  етеді.  Соңғысын  мына  жағдаймен  түсіндіруге  болады:  кәсіпкерлік  өзінің  мәнін  жете  түсіну  негізінде  шағын  және  орта  кәсіпорынды  дамыту  формасы  арқылы  жалпы  жағдайды  тудырады,  яғни  әрбір  азаматтың  өзінің  материалдық  жағдайын  жақсартуға  талаптануы.

Бәсекеге  қабылетті  50  елдің  қатарына  кіру  жолымыз – даңғыл  жол.  Тек  осы  жолда  сөз  аз,  іс  көп  болсын.  Айтқыш  Қадыр  Мырза  Әли  «Алмас – жерде  қалмас»  лұғат  сөздерінде  бүй  деген:  «Қазақ  басқаға  мұқтаж  болса  да,  мылжыңға  мұқтаж  болып  көрмеген».  Мұқтаждық – біздің  өмірімізде,  Күндей  нұрлы  болашағымызда.  Береке  бәсекемен  келеді.  Елу  елдің  ең  алдында  маңдайын  жарқырап  тұрса,  қалай  мерейің  тасымасын.  Бәсекеде  жеңіп  шығып,  берекені  қолда  ұстап  қалу – бақытымыз.

Қорытынды.

Қазіргі  заман  террияларында  кәсіпорынның  6  концерциясы  бөлініп  көрсетіледі,  олардың  әр  қайсысы  өз  алдына  бір  мектеп  болып,  кәсіпорын  мен  кәсіпорын  процесі  туралы  өз  түсіндермелерін  береді.  Шағын  және  орта  кәсіпорынды  салыстыру  барысында  шағын  кәсіпорынның  бір  қатар  артықшылықтары  айқындалды,  оларға  мыналар  жатады:  серпінділік,  икемдік,  тауар  түрлдерін  тез  ауыстыру  қабылеті,  технология  саласында  болсын,  басқа  қызмет  салаларында  болсын  жаңалықтар  енгізуге  бейім  болу,  еңбек  ұжымында  тұрақты  қатынастардың  орнатылуы,  зор  көлемді  төрешілдік  құрылымдарының  болмауы  және  кәсіпорынды  басқаруға  тікелей  қатысу.

Кәсіпорынды  басқарудың  мемлекеттік  міндеттеріне  мыналар  жатады:  кәсіпорынға  қаржылай  қолдау  көрсету,  кәсіпорынның  тиімді  басқару  жүйесін  құруға  көмек  көрсету,  бизнеске  ақпараттық  қолдау  көрсету,  тиісті  салық  салу  жүйесі  арқылы  кіспкерлік  қызметін  ынталандыру  және  қоғам  арасында  кәсіпорын  ортасын құру.

Қорытынды  ретінде,  Қазақстан  Республикасында  халықтаң  әл-ауқаттылығын  түбегейлі  жақсарту  мен  экономикалық  дамыту  секілді  жетілдіруге  алып  баратын  әрі  кәсіпкерлік  саласын  шабыттандыратын  кәсіпорынды  басқару  ісінің  мақсаты  да  көп  деңгейлі  жүйесін  қалыптастырудың  қажетті  және  өзекті  мәселе  екендігін  атап  өту  керек.

Пайдаланылған  әдебиеттер.

  1. Саяси экономия.  А – 1991 ж-208 б.
  2. Экономикалық теория  негіздері.  А – 1998 ж-479 б.
  3. Я.Ә. Әубәкіров. Экономикалық теория. А – 1999ж.
  4. Осипова Г.М. Экономикалық теория. А – 2002ж.
  5. Я. Куликов. Экономикалық теория негіздері.
  6. Аубакиров Я.А. Нарибаев Н.К. Шеденов У.К.т.б. Экономикалық  ілімдер  тарихы  А – 1997ж.
  7. Қажамқұлов Т. Саяси экономия  негіздері

А- 1991ж.

  1. Шеденов О. Жалпы экономикалық  теория. А – 2002ж.
  2. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов Экономикалық  теория.  А – 2004ж. 194б.

Қосымша  әдебиеттер.

  1. Конотопов М.В. Сметанин С.Н. История  экономики.М – 2001г.
  1. Общая экономическая  теория.  В.И. Видяпина М – 1995г.
  1. М.Н. Чепурина Курс экономический теории. К – 1994г.
  2. А.С. Булатова. Экономика М – 1995ж.
  3. Егемен Қазақстан 1998ж. 17 – қаңтар.
  4. Қазақстан ХХІ ғасырға жол. 2000ж. №2 – 24бет.
  5. Б.Қ. Сәлімбаева, Д.Т. Досхажаев Еңбекті мөлшерлеу.А – 2001ж.
  1. Егемен Қазақстан 1996ж. 9 тамыз.

Похожие материалы