НЬЮ-ЙОРК – АҚШ сыртқы саясатты үйлесімді басқара алмай, не отандық экономикалық күнтәртібін келістіре алмай саяси дағдарысының қызған шағында тұр. Ақ үйде тұрақсыздық орнаған; Конгресс сал болып; және әлем таңқалып және үрейлене қарап отыр. Біз осы тоқыраудан аман қалып және оны еңсергіміз келсе, біз оның себептерін түсінуіміз керек.
Вашингтон, Колумбия округінде екі билік орталықтары бар - Ақ үй мен Капитолий. Екеуінің де жағдайы керемет емес, бірақ себептері әр түрлі.
Ақ үйдің дұрыс жұмыс жасамауы негізінен Президент Дональд Трамптың тұлғасымен байланысты мәселе болып табылады. Көптеген сарапшылар, Трамптың мінез-құлығында, яғни оның өзін-өзі тым керемет санауы, патологиялық өтірік айтуы, кінәсін мойындамауы, маңызды мәселелерге таяз қарауы, паразиттік өмір салты, ырықсыздығы, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті алмауы және қысқа мерзімді неке қатынастарында - нәркестік, тұлғалық бұзылу белгілерін байқады.
Мұның салдары қорқынышты болуы мүмкін. Патологиялық нәркестер күштеп қақтығыстар мен соғыстарға бейім келеді (Линдон Джонсон мен Вьетнам немесе Эндрю Джексон мен байырғы американдықтарды этникалық тазалауды еске алыңыз). Кем дегенде, Трампқа сындарлы басқару үшін қажетті психологиялық қабілеттер жетіспейді, яғни адалдық, қадiр-қасиет, құзыреттілік, эмпатия, тиісті тәжірибе, және жоспарлай білу қабілеті. Кейбір бақылаушылардың айтуынша, Трампта, сондай-ақ тежелген ми қабілеті белгілері байқалады.
Вашингтонда «бөлмедегі ересектер» Трамптың қауіпті үрдістердін бақылап отырады деген үміт бар. Бірақ Трамп әкімшілігіндегі «ересектер» азаматтық тұлғаларға қарағанда әскери қайраткерлерден тұрады, олардың ішінде үш генерал да бар (Ақ үй штабының жаңа басшысы Джон Келли, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Х.Р. Макмастер, және Қорғаныс министрі Джеймс Маттис). Ақылды азаматтық басшылар, әсіресе Американың соғыс машинасы әрқашан қозғалыста екенін ескерсек, бейбітшілік кепілі болып табылады. Куба дағдарысы кезінде соғысты қолдаған Джон Кеннедидің әскери кеңесшілерін, немесе Маттистің Иранға қарсы жауынгершілігін еске алыңызшы.
Екі төтенше шаралар да бар: 25 түзету, онда өз міндеттерін орындай алмағаны үшін президентті орнынан алып тастау және «аса үлкен қылмыс пен теріс қылықтары» үшін импичмент айтылып өткен. Бұл екі шара АҚШ конституциялық ретінде төтенше шаралар болып табылады және олардың орындалуы республикашыл басшылардың келісіміне байланысты болады. Дегенмен, Трамптың психологиялық тұрақсыздығы немесе саяси әлсіздігі соғысты бастауға апарса, бұл шараның бірі қажетті тіпті шұғыл болуы мүмкін.
Конгрестегі саяси дағдарыстың драмасы аздау, бірақ ол да елеулі болып табылады. Онда себеп тұлға бұзылуында емес, ақшаға байланысты. Заң шығарушы билік терең түрде корпоративтік лоббистік және науқан жарналары есебінен бүлінген болатын. Спикер Пол Райан және сенат көпшілігінің көшбасшысы Митч Макконнеллдің іс жүзінде дауыстары байлығы 100 млрд долларға тең, ағайынды өндірісшілер Дэвид пен Чарльз Кох қолында.
Нәтижесінде саяси бүліністер болды. Райан және Макконнелл американдық халық емес, Кох ағайындылары құптаған заңдарды тынымсыз алға итеруде. Президент Барак Обама 2010 жылы қол қойған денсаулық сақтау заңнамасы, Қолжетімді күтім Заңының («Obamacare») күшін жою сайлаушылардың пікірі немесе олардың мүдделеріне қатысы емес, ол тек Кох ағайындылардың (және басқа да республикалық мега-донорлардың) қалағаны болды.
Міне осы себептен осы заңдардың күшін жою жоспары Конгрестің комитетінде қарастырылмай, ешқашан сараптамалық талдауға алынбаған, және соңғы сәтке дейін құпияда сақталды. Заңнаманы жою ол тек жасырын түрде және түн ортасында ешкім жоқ жерде жасалса ғана мүмкін болды. Соңында, үш республикалық сенаторлар Кохтар жағында болмай, Америка халқының жағына ауысып, кемеден секірді.
Трамптың нәркестігі мен Кох ағайындылардың ақшаларының арасында қысылған АҚШ үкіметі күйрей бастады. Вашингтон әлі де екі жақта да көптеген ақылды және дарынды адамдармен толтырылған, бірақ Американың саяси институттары мен ресми процестері құлдырауда. Федералдық үкімет зерттеушілер кетіп немесе құдаланып, зерттеу сараптамасын жоғалтуда, ал мекемелер бюджеттері терең қысқартуларға бағытталған. Тәжірибелі дипломаттар Мемлекеттік департаменттен кетіп жатыр. Лоббистер болса үкіметке достары мен таныстарын тығып жатыр.
Бұл шу арасында жаңа соғыс дабылдарын, әсіресе Иран мен Солтүстік Кореяға ең қатерлі болатын, естуге болады. Бұл спектакль ме әлде нақты қатер ме? Ешкім білмейді. Трамптың сыртқы және әскери саясаты туралы қазір Ақ Үй қызметкерлері немесе аға лауазымды тұлғалар болжамы емес, таңғы туиттер ғана хабар береді. Жағдай қауіпті және нашарлап барады.
Мен үш дереу шара және төртінші ұзақ мерзімді қадамды ұсынамын.
Бірінші қадам - Трампты Туиттерден алып тастау. АҚШ және бүкіл әлем бір адамның қозып жатқан патологиясы емес, кеңестер мен талқылау арқылы іске асатын мемлекеттік саясатты қажет етеді. Америка халқының үлкен бөлігі Трамп туиттері арқылы ұлттық қауіпсіздік және президенттікке үлкен залал келтіреді деп санайды.
Екіншіден, Конгресс басшылары Трамптың соғыс құумарлығын шектеу үшін партияаралық негізінде келісуі тиіс. АҚШ Конституциясының I-бап, 8-бөлімінде соғыс жариялау өкілеттігі Конгресске берілген, және қазір ол осы билікті тым кеш болмай тұрып, қайта хабарлауы керек.
Үшіншіден, әлемдегі ірі державалар - ең алдымен, Американың НАТО одақтастары Қытай мен Ресей АҚШ-тың Иран мен Солтүстік Кореяға жасалған кез-келген біржақты шабуылы бейбітшіліктің елеулi және заңсыз бұзуы болып саналып, бейбітшілік пен соғысқа қатысты мәселелер БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шеңберінде келісілген болуы тиіс деп нақты жариялауы керек. АҚШ жақында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің ұжымдық даналығына құлақ асқанда, онда ол әлі жалғасқан Иракта, Ливия және Сириядағы хаос сияқты бірнеше апаттардан аулақ болып, триллиондаған долларларды және мыңдаған өмірлерді сақтап қалар еді.
Төртінші, ұзақ мерзімді қадам, АҚШ-ты тұрақсыз президенттік жүйеден парламенттік жүйеге, немесе Франция сияқты аралас президенттік-парламенттік жүйеге ауыстыруға мүмкіндік беретін конституциялық реформа болып табылады. Президенттің қуаты - және бақылаудан шығып кеткен төрағалықтың қауіпі - тым үлкен болып табылады.
Науқандарды қаржыландыру және мүдделік қолдау бойынша қатаң шектеулерді енгізу тәрізді АҚШ-та демократиялық заңдылықты қалпына келтіру үшін бұдан да көп іс атқарылуы керек. Бірақ, бірінші кезекте, бізге бейбітшілікті сақтай отырып, Трамптың қауіпті төрағалығынан аман өту керек.
Автор туралы: Джеффри Д. Сакс - Колумбия университетінде тұрақты даму мәселелері профессоры, денсаулық сақтау саясаты және басқару кафедрасының профессоры, және Тұрақты Даму орталығының директоры болып табылады. Ол сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты даму шешімдер желілерінің директоры болып қызмет атқарады.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024