Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 қазандағы доллардың орташа бағамы 344,88 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 343,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 345,37, сауданың аяқталуы кезінде 345,37 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 120 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 230.
Ақша айырбастау орындарында 5 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 346,5 теңгені құраған.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





