Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңғы сессия: 1 доллар — 344,88 теңге

Таңғы сессия: 1 доллар — 344,88 теңге

Алматы. 5 қазан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 5 қазандағы доллардың орташа бағамы 344,88 теңге болды. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 343,90 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 345,37, сауданың аяқталуы кезінде 345,37 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 120 млн 850 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 230.

Ақша айырбастау орындарында 5 қазандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11.05) Алматыда 346,5 теңгені құраған.

Похожие материалы