Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ресейлік банкир түрмеде қаржы пирамидасын құрып, 6 млрд рубль ұрлаған

Москва. 6 қараша. 7kun.kz - Алаяқтығы үшін сотталған ресейлік Востоккредитбанктің директорлар кеңесінің төрағасы  Максим Серкин түрмеде отырып қаржы пирамидасын құрып, төрт жыл бойы басқарып келген. Соңғы төрт жыл бойы ол басқарған несие-тұтунышылық кооперативтер  17 аймақта жұмыс істеген. Осы уақыт аралығында ол 6 млрдтан рубльді жымқырған. Бұл туралы «Коммерсант» жазды.

Ол құрған ұйымдар Орталық банктен лицензиясы болған және тұрғын үй мен бизнес орталықтар салуға қаражар тартумен айналысқан. Клиенттерге  жоғары девиденттер – жылдық мөлшері 16–20% сыйақы ұсынған және сол арқылы адамдардың сеніміне кірген. Алайда  бұрынғы клиенттердің  қаражаты жаңа клиенттердің есебінен жабылып отырған.

Айта кетейік, Серкин 2009-2010 жылдары алаяқтығы үшін 3 жылға сотталып, 500 мың рубль айыппұл төлеуі тиіс болған.  Енді ол тағы 20 жылға сотталуы мүмкін.

Похожие материалы