Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Родчестера универститетінің (АҚШ) магистр дәрежесін алған. Қазір ол "Алтын банк" АҚ басқарма мүшесі, басқарма төрағасы.
Мансабы:
Асқар Сағидоллаұлы өз еңбек қызметін 1998 жылы Қазақстан АБН АМРО Банкте Қазынашылық дилері лауазымынан бастаған.
1998-2005 жж. Қазынашылықтың аға дилері, бас дилер, Қазынашылықтың сауда-саттық бөлімшесінің басшысы, Қаржылық тәуекелдер және операциялық бизнесті дамыту департаментінің бас дилері, Қазақстан АБН АМРО Банк Қазынашылығының қазынашысы лауазымдарын атқарған.
2005 бастап 2007 жж. "Қазақстан Халық Банк" АҚ Қазынашылығының директоры лауазымында болды.
2007 жылғы 9 қыркүйектен бастап "Қазақстан Халық Банк" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалып, ОПЕРБ, Қазынашылық бөлімшелеріне, ақпаратты қорғау ресурстарына, АТ блогы бөлімшелерінің қызметіне жетекшілік етті.
2014 жылғы 28 қарашадан бастап Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024