Энтони Эспина 1948 жылы 27 шілдеде дүниеге келген. Ұлыбритания азаматы. 2013 жылғы мамырдан бастап «АТФБанк» АҚ Басқарма төрағасы.
Энтони Эспина өзінің қызмет жолын 1969 жылы компьютерлік бағдарламашы ретінде бастаған. 1972 жылы Оңтүстік Квинсленд Университетін тәмамдаған. Goldride Securities Limited (Гонконг) брокерлік фирмаларының құрылтайшысы және директоры және Tri-State Securities Inc. (Филиппин) фирмасының акционері болып табылады. 1990 жылы Goldride Securities компаниясының негізі қаланғанға дейін Эспина мырза 1986 жылдан бастап Deloittes, Ross, Tohmatsu консалтингтік дивизионның серіктесі болған. 1982 ж. бастап 1986 ж. дейін ол Arthur Andersen & Co компаниясының серіктесі болды.
Эспина мырза келесі іскерлік және кәсіби бірлестіктердің құрамында:
- Гонконг бағалы қағаздар нарығына қатысушылар қауымдастығының (Hong Kong Securities Association) Директорлар Кеңесінің мүшесі (2001-2013), директорлар кеңесінің төрағасы (2005-2007), тұрақты Құрметті Президенті (2007 жылдан бастап);
- Бағалы қағаздар мен фъючерстер жөніндегі комиссиясының (Securities and Futures Commission) лицензия ұстаушыларды сақтандыру жөніндегі индустриалды жұмыс тобының төрағасы (2003 жылдан бастап), аккредитация жөніндегі Комитет мүшесі;
- Гонконг бағалы қағаздар институтының (Hong Kong Securities Institute) кәсіби білім беру жөніндегі комитет мүшесі;
- Гонконг сертификатталған бухгалтерлер институтының (Hong Institute of Certified Public Accountants) тәртіптік комитет мүшесі (2001 ж. бастап)
- Алматыдағы Банк ісі академиясының құрметті профессоры (2008).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024