Шаяхметова Үміт Болатханқызы - "Халық Банкі" АҚ-ның басқарма төрайымы. 1969 жылы 19 наурызда Алматы қаласында туған.
Отбасы:Тұрмыс құрған. 3 баласы бар.
Білімі: 1993 жылы Ресейдің П.Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін «экономикалық ғылымдар бакалавры» санатымен бітірді, 1996 жылы АҚШ-тың Rutgers университетін (Нью-Джерси) МВА дәрежесімен тәмамдады.
Еңбек тәжірибесі
Банк жүйесінде 1997 жылдан бері істейді. «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ еншілес банкінде (ЕБ-де) құрылымдық қаржыландыру басқармасының маманы (1997-98 жж.), «ABN AMRO Asset Management» Зейнетақы активтерін басқару компаниясы (ЗАБК) Басқармасының төрағасы (1998-2000 жж.), «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ басқарушы директоры (2000 ж.), «Қазақстан АБН АМРО Банкі» ЖАҚ ЕБ Басқарма Төрағасының орынбасары (2000-2004 жж.) қызметтерінде болды.
2004 жылдың қараша айынан бастап 2009 жылдың қаңтар айына дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да Басқарма Төрағасының кредит мәселелері жөніндегі орынбасары болып істеді.
Халық банкінің Директорлар Кеңесінің 2009 жылдың 22 қаңтарында қабылданған шешіміне сәйкес Шаяхметова Ү.Б. Банктің Басқарма Төрайымы болып тағайындалды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстанның гинастика Федерациясының Президенті болып табылады.
2006 жылы «Ерен еңбегі ушін» медалімен марапатталған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024