Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 8 наурызда әйелдер қауымына сыйлық жасады. Осы күні қаланың әйелдер қауымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы "Диапазон" басылымы хабарлайды.
Аймақ басшысы мұндай мәлімдемені 900-ге жуық әйелдер шақырылған салтанатты жиналыс барысында жасады. Жиналысқа көп балалы аналар мен Ақтөбе қаласының тұрғындары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер және спортшылар қатысты. Көп балалы аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" төсбелгісі тағылды.
Сондай-ақ, айта кетейік Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілері 8 наурыз мерекесінде "шаффл" биін билеу арқылы аналарға арнап ерекше сыйлық дайындаған. Би соңында 200-ге жуық жас ұлан жүрек пен сегіз санын жасап шығарды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024