Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

8 наурызда Ақтөбенің әйелдер қауымы автобустарда тегін жүреді

8 наурызда Ақтөбенің әйелдер қауымы автобустарда тегін жүреді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 8 наурызда әйелдер қауымына сыйлық жасады. Осы күні қаланың әйелдер қауымы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Бұл туралы "Диапазон" басылымы хабарлайды.

Аймақ басшысы мұндай мәлімдемені 900-ге жуық әйелдер шақырылған салтанатты жиналыс барысында жасады. Жиналысқа көп балалы аналар мен Ақтөбе қаласының тұрғындары, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер және спортшылар қатысты. Көп балалы аналарға "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" төсбелгісі тағылды.

Сондай-ақ, айта кетейік Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі тәрбиеленушілері 8 наурыз мерекесінде "шаффл" биін билеу арқылы аналарға арнап ерекше сыйлық дайындаған. Би соңында 200-ге жуық жас ұлан жүрек пен сегіз санын жасап шығарды.

Похожие материалы