2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 778 км инженерлік желі салынып қайта жаңартылды
Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz – ҚР инвестиция және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов 2015-2018 жылдар аралығында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 695 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту желісі, 21 қазандық, 70 сорғы станциясы, кәріз жүйесі мен су тазарту қондырғылары және басқа да нысандар салынғанын айтты.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2017 жылы желінің тозуы 63 пайыздан 60 пайызға дейін төмендеді. Ал 2018 жылы бұл көрсеткішті тағы да 3 пайызға дейін төмендету көзделіп отыр. Себебі, 2018 жылы 800 км жылу, сумен жабдықтау және су тарту инженерлік желісі салынады.
«2017 жылы бөлінген 48 млрд теңгеге 103 инвестициялық жоба іріктелді. Енді 1185 шақырым желі мен 5 қазандық салу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде табиғи монополиялар субъектілері игерген қаржының сомасы 36,1 млрд теңгені немесе жалпы соманың 77 пайызын құрайды. Қалған қаражат 2018 жылдың аяғына дейін толық игеріледі (несие механизміне сәйкес уақыт - 2 жыл)», - деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бюджеттік кредиттеу мәселелері бойынша сенім білдірілген өкілі және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында субсидиялау мәселелері бойынша оператор ретінде бағдарламаға қатысатын жобаларды іріктеумен айналысады.