Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасына 60 жыл

«QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасына 60 жыл

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — 2018 жылдың 15 ақпанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының № 416 Акт залында «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасының 60 жылдығына арналған «QAZAQSTAN» еліміздің телеэпопеясы: Ұлттық арнаның даму моделі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Ғылыми шара аясында журналистика факультетінде заманауи техникамен жабдықталған №208 «Qazaqstan» оқу-шығармашылық зертханасы салтанатты түрде ашылады. Зертханада алғаш рет «Qazaqstan» арнасы» журналистері, продюсерлері, репортерларының журналистика факультеті студенттеріне арналған «Тележурналистика негіздері» практикумы шеберлік-сыныптары өтеді.

Ғылыми алқасөз жұмысына «Қазақстан» ұлттық арнасында әр жылдары қызмет еткен Сұлтан Оразалин, Ласкер Сейітов, Құсман Игісіновтер бастаған ардагерлер мен журналистер, халықаралық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады. Конференция қонақтары мен қатысушылары «Қазақстан» ТРК тарихының фотокөрмесі мен «Qazaqstan» ұлттық арнасының тарихына арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады.

«Qazaqstan» телеарнасының 60 жылдығына арналған «әл-Фараби» арнасында тележобаларын дайындаған факультет студенттері қатысқан байқау жеңімпаздарына шәкіртақы табысталады.

Ақпарат: «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы - республикалық «Қазақстан» телерадиокорпорациясы АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна еліміздегі ең ірі медиа құрылым. «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның құрамында бүгінгі таңда 3 республикалық телеарна, 14 аймақтық арна, 4 радио және 36 интернет сайт кіреді. Телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр.

2015 жылдың қазан айынан бастап, ерекше маңызды жаңалықтар легін жедел түрде

kaztrk.kz порталынан арнайы ашылған kaznews.kaztrk.kz сайты арқылы тарата бастады.

«Қазақстан» РТРК Акционерлік Қоғамымен мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тығыз ынтымақтастықта. 2016 ж. «Қазақ радиосының» 95 жылдығы «Шалқар» радиосының 50 жылдығы Университетте аталып өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы