Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz — Қазақстандықтар мемлекет ішінде 23 млрд теңгеге аударым жасаған. Бұл бір жыл бұрынғыдан 0,5 пайызға артық. Ал, шетелге жіберілген аударымдардың көлемі бір жылда 30 пайызға өсті, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстан Республикасындағы ішкі ақша аударымдарының көлемі іс жүзінде өзгерген жоқ. 2017 жылы қаңтар-желтоқсанда бұл сома 23,2 млрд теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артық.
Сонымен қатар, транзакциялардың саны бір жыл ішінде 3,3 пайызға, 223,2 мыңға дейін төмендеді. Бір жыл бұрын да төмендеу болған. Ол кезде бірден 62,3 пайызға, 611,7-ден 230,8 мың транзакцияға дейін қысқарған болатын. Сонымен бірге, бір аударым чегінің орташа бағасы да артуын жалғастырады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 103,9 мың теңгені құрады. Дегенмен, бұл көрсеткіш 2016 жылға қарағанда 3,9 пайызға артық.
Елдегі ақша аударымдары жүйесі бойынша жетекші орында Faster тұр (6,3 млрд теңге). Қазақстандық үлесі 29,7 пайыздан 27,1 пайызға дейін төмендеді.
Одан кейін тізімді кішкене ғана айырмашылығымен Western Union жалғайды (6,2 млрд теңге). ҚР үлесі 22,1 пайыздан 26,9 пайызға дейін өсті.
Үздік үштікті «Золотая Корона» тәмамдайды (5,4 млрд теңге). Қазақстандағы үлесі бір жыл ішінде 15,9 пайыздан 23,3 пайызға дейін артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024