Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ерікті жеке сақтандыру секторындағы төлемдер үлесі 3 пайызға жетті

Ерікті жеке сақтандыру секторындағы төлемдер үлесі 3 пайызға жетті

Алматы. 12 наурыз. 7kun.kz – Қазақстандағы жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан қайтыс болғандар саны жыл сайын азайып келеді. Мәселен, 2016 жылы олардың саны 13,3 мың адамды құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 7,2 пайызға аз, деп хабарлады ranking.kz.

Қалалық тұрғындардың үлесі 54,6 пайызды (жыл бұрын 54,7 пайыз) құрайды. Сол 100 мың адамның ішінде 72 қалалық және 79 ауылдық тұрғын жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттанғаннан зардап шегеді. Қазақстанда тұтастай алғанда 100 мың адамның 75-і жазатайым оқиғалардан қайтыс болады.

Сонымен қатар, қазақстандықтар алдын-ала сақтандыруды қалайды. Жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру сегментіндегі сақтандыру сыйлықақыларынан түскен кірістер 2018 жылдың қаңтарында 50,9 пайызға артып, 733,5 млн теңгені құрады. Бұл ерікті жеке сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының 7 пайызын құрады.

Төлемдер көлемі бір жыл ішінде 2,8 есеге артып, 80,9 млн теңгеге жетті. Ерікті жеке сақтандыру секторындағы төлемдер үлесі бір жыл ішінде 1 пайыздан 3 пайызға дейін өсті.

Қазақстан Республикасының сақтандыру компанияларының арасында «Халық Life» жиналған сыйлықақылар бойынша көшбасшы болып саналады.Соңғы сақтандыру сыйлықақыларына келіп түскен сыйлықақылар көлемі 2018 жылдың қаңтарында 305,1 млн теңгені құрады. Бұл бір жылда 87,4 пайызға артты. Төлемдер көлемі 10,8 млн теңгені құрады. 2017 жылғы қаңтарға қарағанда 13,1 пайызға аз.

Одан кейін 229,6 млн теңге сыйлықақы көлемімен «Еуразия» СК орнықты. Бір жылда өсім 2,4 есе ұлғайды. Сақтандыру төлемдерінің көлемі шамамен 2 млн теңгені құрады.

«Европалық сақтандыру компаниясы» АҚ жазатайым жағдайлардан сақтандыру бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі бойынша үштікке енді. Сыйлықақы көлемі 96,9 млн теңгені құрады. Бір жыл ішінде 35,8 пайызға өсті. Төлемдер көлемі 2,9 есе, 9 млн теңгеге дейін өсті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы