Алматы. 9 сәуір. 7kun.kz - ЕДБ капиталының жиынтық көлемі 2,4 пайызға (655 млрд теңге) артып, 2018 жылғы ақпанда 3 млрд теңгені құрады. Салыстыру үшін, 2017 жылдың ақпан айында өсім 15,7 пайызды (395,4 млрд теңге) құрады, деп хабарлады Ranking.kz.
Активтер портфеліндегі ЕДБ капиталының үлесі үшінші жыл қатарынан өсіп келеді, 2017-2018 жж. ақпан айларында үлес 11,7 пайыздан 12,7 пайызға дейін өсті.
Бірінші құрам бойынша капиталының жылдық өсімі бойынша ЖССБ және Kaspi банк көш басында тұр. Екеуінде де жылдық өсім 26,6 пайызды құрайды. ЖССБ-ның ЕДБ-тегі үлесі 4,3 пайыздан 5,3 пайызға немесе 158,3 млрд теңгеге артты. Ал, Kaspi банктікі 4,4 пайыздан 5,5 пайызға немесе 163,3 млрд теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ, үштікті Халық банкі аяқтайды. Оның жылдық өсімі 25,9 пайыз немесе 810,1 млрд теңге. ЕДБ үлесі 22,1 пайыздан 27,1 пайызға дейін өсті.
Екінші құрамдағы банктердің арасында Астана банкі бірінші орында. Жыл сайынғы капиталының өсуі 34,6 пайызға, 44,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды. ҚР ЕДБ-нің үлесі 1,1 пайыздан 1,5 пайызға дейін өсті. Бұдан кейін Нұрбанк. Оның жылдық өсімі 28,4 пайыз, 61,9 млрд теңге. ЕДБ үлесі 1,7 пайыздан 2,1 пайызға дейін артты. Сондай-ақ, Qazaq Banki-нің жылдық өсімі 23,8 пайыз, 48,3 млрд теңге болды. ҚР ЕДБ үлесі 1,3 пайыздан 1,6 пайызға дейін өсті.
Үшінші құрамдағы банктердің құрамына Kassa Nova, Банк ВТБ және Қытайдың ТПБ кіреді.
Kassa Nova-ның жылдық өсімі 17 пайызды құрады. Ол бір жылда 14,9 млрд теңгеге дейін өсті. ҚР ЕДБ үлесі 0,4 пайыздан 0,6 пайызға дейін ұлғайды. Банк ВТБ меншікті капиталы 15,9 пайызға, 16,8 млрд теңгеге дейін өсті. ҚР ЕДБ үлесі 0,5 пайыздан 0,6 пайызға дейін артты.
Қытайдың ТПБ жыл сайын өз капиталын 12 пайызға, 19,7 млрд теңгеге дейін ұлғайтты. ЕДБ үлес 0,6 пайыздан 0,7 пайызға дейін өсті.