Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге рубльдың соңынан әлсірей бастады

Теңге рубльдың соңынан әлсірей бастады

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық валюта Қазақстан қор биржасында (KASE) долларға қатысты әлсірей бастады, деп хабарлайды LS.

Таңертеңгі сауда-саттық нәтижесі бойынша америкалық валютаның орташа сараланған бағамы 1 доллар үшін (+4,51 теңге) 324,62 теңгені құрады.

Kurs.kz сайтына сәйкес, Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валюта 1 доллар үшін 325-327 теңгеге сатылады.

The ICE мәліметіне сәйкес, Brent маркалы мұнай 10 сәуірде барреліне 69 долларға сатылады.

Бұрын, 9 сәуірде, рубль долларға қатысты 4,28 пайызға әлсіреді және 1 доллар үшін 60 рубльді құрады. Сонымен қатар, Мәскеу қор биржасының индексі 9 сәуірде 8,34 пайызға және РТС бойынша 11,44 пайызға төмендеді.

Похожие материалы