Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - 2018 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 37,8 млрд теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырды. 2 аукцион өткізілді (қаңтарда және наурызда), онда өтеуге тиісінше 8,6% және 8,55% кірістілігімен 15 жылдық және 10 жылдық МЕУКАМ орналастырылды.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің айналымдағы бағалы қағаздарының көлемі 2018 жылғы наурыздың соңына 6 829,9 млрд теңге болды.
Бұл ретте кірістіліктің қисықтың қысқа мерзімді және орта мерзімді секторларының бойымен төмендеуі және оның нысанының біртіндеп қалпына келуі жалғасады.