Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz - Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кірісті. Ол 2018 жылғы мамырда бекітілуі тиіс. Ол жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты.
Ол ипотекалық кредиттерді сатып алу үшін Ұлттық банк арнайы еншілес ұйым құратынын, сондай-ақ, нарықтық талаптармен 1 трлн теңгеден астам қаржы тартатын болады деп атап өтті.
«Осы ақшалардың есебінен Бағдарламаның талаптары бойынша берілген ипотекалық кредиттер салып алынатын болады. Ол банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеден астам екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Д.Ақышев.
Сөзінің соңында ол «7-20-25» Бағдарламасының негізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан артық емес; бастапқы жарна - 20%-дан артық емес; кредит мерзімі – 25 жылға дейін екенін қайталап айтты.
«Басқа талаптар қазір банктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен талқылануда», - деді Д.Ақышев.