Алматы. 15 мамыр. 7kun.kz - 2018 жылы 4 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1%-ға өсті. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіндегі өсім 4,9%, өндеу өнеркәсібінің өсімі 5,9%. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14 аймақта өсіп отыр.
«Тау-кен өнеркәсібінде түсті металдар кенін өндіру көлемі 2,1%-ға және темір кенін өндіру көлемі 3,9%-ға өсті. Өндеу өнеркәсібіндегі жалпы салалар бойынша оң серпін бар. Металлургия өнеркәсібінде 4,1% (қара металлургия 6,1%-ға, түсті 2,4%-ға), химия өнеркәсібінде 14,1%, машина жасауда 10,2%, фармацевтикада 7,7%, құрылыс материалдарын өндіруде 3,8%, жеңіл өнеркәсіпте 2,1% өсім бар»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің пікірінше, негізгі базалық металдар бағасының өткен жылдың деңгейінде сақталуы Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің көлеміне оң ықпал етеді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024